Омыртқа жотасы, омыртқа жотасының бөлімері, кеуде омыртқаларының анатомиялық және морфологиялық ерекшелігі



бет2/5
Дата14.10.2022
өлшемі1,41 Mb.
#43125
1   2   3   4   5
Байланысты:
омыртқа жотасы Сұлтанова Дариға КЯЛ-201

Бел омыртқасының ерекшеліктері:

  • Ерекшеліктері:
  • 1. Омыртқалардың ішіндегі ең ірі омыртқалар.
  • 2. Арқа өсіндісі, қысқалау және жалпақтау болып сагиталды жазықтық бойында орналасады.

    3. Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз қайқындалған қосымша өсінді орналасқан, яғни көлденең өсіндінің қалдығы болып саналады

    4. Қабырғалық өсінді, ол құрсақтық даму кезінде пайда болған қабырғалық сүйектік нүктеден дамыған.

    5. Буын өсінді, сагиталды жазықтық бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндінің буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын өсінінің буын беттері сыртқа бағытталған. Жоғарғы буын өсінділерінің ұшында емізік тәрізді қосымша өсінділер айқын байқалады. Бұл өсінділер бұлшықеттердің бекуінен дамыған.

Арқа омыртқасы:

  • Көкірек (арқа) омыртқалары (vertebrae thoracicae; лат. vertebra — омыртқа, thoracica — көкірек) — төссүйек және қабыртқалармен бірге көкірек керегесінің қаңқасын құрайтын омыртқалар. Бұл омыртқалар денелерінің тұрқы қысқалау келеді. Омыртқа денелерінің алдыңғы және артқы екі бүйірінде қабыртқалардың бастарымен буынды байланыстар түзетін жұп краниальды және каудальды қабыртқа ойыстары болады. Көрші екі омыртқаның аталған ойыстары бірігіп, бір қабыртқа басымен буынды байланыс жасайтын шұңқыр құрайды. Көлденең өсінділердің де қабыртқа төмпешіктерімен байланысатын буын беттері болады. Көкірек омыртқалардың алдыңғы ұзын жоталық өсінділері каудальды бағытқа қарай қисая орнала- сып, жануарлар дене шоқтығының сүйектік негізін құрайды. Жоталық өсіндісі тік орналасқан көкірек омыртқасын көкеттік (диафрагмальдық) немесе антиклинальдық (жантаюға қарсы) омыртқа деп атайды. Бұдан кейінгі көкірек омыртқаларының жоталық өсінділері, керісінше, краниальды бағытқа қарай жантая орналасады.

Сегізкөз

  • Сегізкөз (лат. sacrum — сегізкөз, құйымшақ) — құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек.
  • Бұл сүйек адамда сегізкөз, жануарларда құйымшақ деп аталады. Құйымшақты құрайтын омыртқалардың саны әртүрлі жануарларда түрліше болады. Сегізкөз бел және құйрық омыртқаларының аралығында орналасып, омыртқа бағанын құрауға қатысады. Сегізкөздің қан тамырлар мен жұлын жүйкелері шығатын адамда — алдыңғы және артқы, ал жануарларда — жоғарғы және төменгі тесікгері болады. Олардың саны сүйекті құрайтын омыртқалар санына байланысты.
  • Сегізкөз 17-25 жасқа келгенде 5 сегізкөз омыртқалары үшбұрыш пішінді бір сүйекке бірігіп өседі: жоғарғы жағына оның негізі (basis ossis sacri), ал төменгі жағына ұшы қараған. Әйелдерде сегізкөз қысқа, жалпақ және тегіс болып келеді. Бұл жамбастың ішкі бетінің тегіс болуына септігін тигізеді және туу кезінде нәрестенің жақсы өтуі үшін керек. Еркектердің сегізкөзі тарлау, ұзын және кіші жамбас қуысы жағына қарай иілген.
  • Жамбас бетінде сегізкөз омыртқалары денелерінің бітіскен іздері — көлденең сызықтар көрінеді. Олардың шеттерінде алдыңғы сегізкөз тесіктері орналасқан. Ал бүйірлеріңде латералді бөліктер, яғни бірігіп өскен көлденең өсінділер және сегізкөз омыртқа қабырғаларының рудименттері жатады.
  • Дорсалді бетінде 5 көлденең қырлары бар. Жұпсыз ортаңғысы қылқанды өсінділердің бірігіп өсуінен түзілген. Латералді жағында жұп аралық қыр — буындық өсінділердің бірігіп өскен іздері жатады және сегізкөз жиегімен жұп латералді қыр өтеді. Ол сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділерінің бірігіп өсуінен түзілген. Артқы сегізкөз тесіктерінің 4 жұбы жақсы көрінеді. Сегізкөз ішінен жамбасқа және аяқтарға баратын маңызды нерв сабаулары орналасатын сегізкөз өзегі өтеді.

Сегізкөз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет