Омыртқа жотасы, омыртқа жотасының бөлімері, кеуде омыртқаларының анатомиялық және морфологиялық ерекшелігі


Арқа омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері



бет5/5
Дата14.10.2022
өлшемі1,41 Mb.
#43125
1   2   3   4   5

Арқа омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері

  • Омыртқа желісінің кеуде тұсындағы ерекшелігі оның қалыпты жағдайда артқа қарай иіліп-бүгілуінде. Егер омыртқа желісінің мойын мен бел тұсындағы алға қарай иілуіне байланысты ең көп салмақ омыртқааралық дискінің арт жағына қарай өтетін болса, арқа омыртқаларына түсетін салмақтың дені дискінің алдына қарай түседі. Сондықтан да арқа омыртқалары остеохондрозға шалдыққан жағдайда остеофиттер (өсіктер) көбіне омыртқаның екі жағы мен алдына таман пайда болады. Омыртқааралық дискілердің кеуде тұсында болатын остеохондроздың белгілері көбінесе төменгі омыртқаларда жиі кездеседі. Мысалы, бірінші-бесінші арқа омыртқаларында остеохондрозға байланысты өзгерістер өте сирек кездесетін болса, алтыншы-сегізінші арқа омыртқаларында жиірек, ал тоғызыншы арқа омыртқадан төмен қарай, әсіресе, он бірінші арқа омыртқасында мұндай өгерістер жиі кездеседі.
  • ● Арқа радикулиті кезінде екі жауырынның арасы ауырады, кеудеге құрсау салып тастағандай сезіледі. Денеге ауыр күш түскенде немесе адам бір қалыпта ұзақ жатып қалған жағдайда ауыру қатты білінеді.
  • ● Сондықтан сырқат адам ара тұра қозғалып, денесінің қалпын өзгертуге мәжбүр болады. Көбінесе жауырын асты, жауырынның ортасы күйіп бара жатқандай ашып, сыздап немесе солқылдап ауырады.
  • Бел омыртқалары остеохондрозының невралгиялық белгілері:
  • Бел омырталарының шеткі сабақтары қабырға рудименті болып есептеледі де алға қарай иіліңкі тұрады. Осы шеткі сабақтарда омыртқа артериясы және нервтер өтетін тесіктер бар. Остеохондрозға ұшыраған кезде пайда болатын өсіктер остеофиттер осы тесікті тарылтады да, сол арқылы өтетін нервтер мен тамырларын қысады.
  • Омыртқа желісінің бел тұсында болатын патологиялық өзгерістерге байланысты кездесетін невралогиялық өзгерістердің ең жиі тараған түрі – бел-сегізкөз радикулиті. Поликлиникаларда істейтін невропатологтерге қаралып, емделіп жүрген науқастардың 40-50% бел-сегізкөз радикулитімен ауыратындығы қазіргі уақытта көпшілікке мәлім.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    • Омыртқа — Уикипедия (wikipedia.org)
    • https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D1%88%D0%B0%D2%9B
    • https://kazmedic.org/archives/1563
    • http://www.myshared.ru/amp/1326278/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет