Бүгінгі жобада біз зерттеген бірнеше түрлеріне тоқталатын боламыз:
Желбезекаяқты шаяндар отряды – Anostraca
Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы – протоцефалонҚұрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас.Бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер,11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды.Жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 – сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айырша мен аяқталады.Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық.Түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары:Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ашыланған түзды су қоймалары – лиман, ащы көлдерде мекендейді Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде,Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам
тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.
Қалқанды шаяндар отряд тармаеы – Notostraca
Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа,мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті,алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары болады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады
Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы-Cladocem
400-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1-5 мм, шалшықтардан бастап ірі көлдерге шейін барлық суларда және кейбіреулері теңіздерде тіршілік ететін
планктонды ұсақ шаянтәрізділер. Басым көпшілігінің денесі қосжақтаулы, мөлдір, жұқа карапакс қабатымен (бақалшақпен) жабылған. Антеннулалары
қысқа, ал антенналалары ұзын, екі бұтақты, көптеген қылқандармен жабдықталған, жылжу мүшенің қызметін атқарады, осылар арқылы суда секіріп қозғалады (су бүргелері деп атауы да осыдан). Басында науплиус көзі мен күрделі көздерінің қосылуы нәтижесінде пайда болған үлкен фасеттік
көзі болады . Кеудесі қатты қысқарған 4-6 сегменттерден ғана тұрады. Кеуде аяқтары жапырақ тәрізді, көптеген қылқандармен жабдықталған, олар сүзгінің ең басты бөлімі (қорегін судан сүзіп алатын),
арбір аяқтарында арнайы тыныс алу мүшелері – желбезек қалақшалары бар.Daphnia туысына жататын түрлерінің аяқтары бір минутта 300-ге дейін
ырғақты тербеліс жасайды және жануар сол аяқтарымен тыныс алады және ұсақ қорегін ұстап алады. Құрсағы буындалмаған, алға қарай бүгілген 2
т ырнақша тәрізді тікенекпен көмкерілген. Детритпен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |