Омыртқасыздар зоологиясы



бет5/5
Дата24.05.2023
өлшемі288,63 Kb.
#96466
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зоология жоба

Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері – синустарға құйылады.Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрылысы метамерлі: ол –
әрбір сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы созылатын түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). Бірақ Cladocera-да (Phyllopoda
Отряды) жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар,қапшық деңгейіне дейін қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда
да ұзын түтікті жүрегі бар формалары болады (Amphipoda және ауызаяқты Шаяндар – Stomatopoda отряды). Онаяқтылардың (Decapoda отряды), мысалы өзен шаянының, үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін қарастырайық. Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі қан тамырлары тарайды: алдыңғы аорта (қолқа); антеннальды артериялар;Жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары; нерв асты артериясы. Осы қан тамырлары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа сұйықтығы миксоцель қуысына құйылып ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін таратады. Дене қуысынан веналық қан (көмірқышқыл газына бай) венозды қан тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жерде гемолимфа оттегіне қанығады да, желбезек – жүрек тамырлары арқылы перикардийге, одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.

4-сурет.Шаянтәрізділердің жалпы құрылысы


2.4 Шаяндардың маңызы.

Корек тізбегінде маңызды рөл атқарады. Ірілері (таңқышаян, асшаян, омар, озеншаян) құрттарды, ұлуларды, балықты, өсімдіктерді қорек етеді. Ал ұсақтарын (дафния, циклоп) балыктар жем етеді. Араларында балықтардың паразиттері бар, циклоптар адам құрттарының аралық иесі болып табылады.



Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-га дейін майы бар жогары сапалы диеталық және дәмді ет алуга мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген мойындары мысалы ретінде беріледі.

3. Қорытынды
Біз зерттеген шаянның құрылысы өте күрделі екенін білдік.Көбеюі мен тіршілігі біршама ерекше болып табылады.Табиғатта маңызы өте зор.Шаяндарды тағамға пайдаланады.Шаянтәрізділердің отряд және отряд тармақтарының көп болуына сәйкес сипаттамалары да әртүрлі болып табылады
Зерттеу барысында шаяндардың ұрпақтарына қамқорлық жасайтынын анықтадық.Яғни жұмыртқаларын аяқтарына байлап жүреді.Бұл біз үшін ерекше ақпараттардың бірі болды

4)Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1)Қазақ энциклопедиясы,3 том
2)Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – 3) Ә. ДӘУІТБАЕВА МЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ Алматы 2004

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет