Өмірзақ айтбайұлы


аКаДемИК Нығмет СаураНбаеВ



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата20.01.2017
өлшемі1,46 Mb.
#2304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

аКаДемИК Нығмет СаураНбаеВ 
(1910-1958)
 Қазақ тіл білімінің барлық саласында өшпес ізі қалған, 
оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын 
қаласуға үлесін қосқан санаулы саңлақтардың бірі – Нығмет 
Тінәліұлы  Сауранбаев.  Оның  қазақ  тілі  дамуының  өзекті 
мәселелерін  шешуде  байқалатын  ғылыми-теориялық  өресі 
күні бүгінде де жолбасшылық бағытынан төмендемей келе 
жатқанын көреміз. Өрбітілген ой-пікірінің өміршеңдігі мен 
құндылығын тіл білімпаздары әлі күнге сезінуде. 
Өзгеше  талапшылдықпен  өмір  бойы  оқу  іздеп,  білім, 
ғылымның өріне талпынған ғалымның өмір жолы мен шы-
ғармашылығы  өнегелік  мәнге  толы.  Ол  1910  жылы  шілде 
айында  Қордай  асуындағы  Ырғайты  өзенінің  бойында  ор-
наласқан  Шарбақты  селосында  (бұрынғы  атауы  «Бірлік») 
дүниеге келген. 
Нықаң  жас  шағында  ауыл  молдасынан  ескіше  сауат  
ашқан  деседі.  15  жасында  Қасық  селолық  орта  мектеп-
те  оқиды,  негізгі  білімді  осында  алады.  Ол  алған  білімін 
жалғастырғысы келіп, Алматыға аттанады. 1925 жылы Жо-
ғарғы ағарту институтының дайындық курсына түсіп, онда 
3  жыл  оқиды  да,  1928  жылы  сол  институттың  негізгі  кур-
сына ауысады, яғни оның шын мәнісіндегі студент ретінде 
қабылдануы  осы  жыл.  Жас  талаптың  білімге  деген  ынта-
ықыласын осыдан-ақ айқын аңғаруға болады. 
Келесі 1929 жылы институт Қостанайға көшеді. Н. Сау-
ранбаев ұжыммен бірге көшіп, сол институтты ол 1932 жы-
лы 22 жасында бітіріп шығады. Міне, осы жылдан былай 
қарай  оның  қоғамдық-педагогикалық  өмір  жолы  баста-
лады.  Ол  әуелі  Халық  Ағарту  Комиссариатында  инспек-
тор болып қызмет атқара бастайды (1932-34). Бұдан соң 

69
ол  Винница  қаласында  әскери  борышын  өтейді.  Сонда  
жүргеннің  өзінде  ол  тынымсыз  ізденумен  болады.  Білі- 
мін  жетілдіре  түсу  мақсатымен  сырттай  дайындалып, 
Мәскеудің  Герцен  атындағы  Мемлекеттік  педагогикалық 
институтының  филология  факультетіне  сырттай  түсіп 
оқиды. Әскери міндетін де мүлтіксіз атқарады. Тіпті пуле-
метшілер взводының командирі ретінде 1937 жылы кіші 
лейтенант әскери атағына ие болады. 
Н. Сауранбаевтың еңбекқорлығына таңданасыз. 1935 жы- 
лы аталған институттың І және ІІ курстарының екеуіне қа-
тар  емтихан  тапсырып,  ІІІ  курс  студенті  болады.  Дәл  осы 
жолы ол РСФСР Оқу-ағарту Комиссариатының жанындағы 
Ғылыми-зерттеу институтының Ленинград бөлімшесіне ас-
пирантураға түседі. 
Ол  осылай  оқумен  арпалыса  жүріп  қазақ тілінің  қилы-
қилы  мәселелеріне  көңіл  бөле  бастайды.  Қараңыз,  ол 
1939  жылы  Халық  Комиссариаттар  Советінің  жанындағы 
терминологиялық Комитеттің ғылыми хатшысы болып қыз- 
мет  атқарады.  Бұл  қазақ  әдеби  тілінде  жаңа  өмір  талабы-
на  орай  туындап  жатқан  сан  алуан  сөзжасам  мен  сөзқол-
даныстардың  қаптап  туындап  жатқан  кезеңі  болатын.  Жас 
маман  Н.  Сауранбаевтың  бұл  процестен  тыс  қала  алма- 
ғаны аян. 
Республикадағы  оқу  ісін  жақсартуға  байланысты  жұ-
мыстардың  қай-қайсысы  да  Н.  Сауранбаевтың  назарында 
тұрды. Әсіресе, орта мектеп пен педучилищелердің оқу жо-
спарлары бойынша жасалып жатқан оқулықтарға араласты. 
Ал  бұл  оқулықтардың  құрылыс  материалы  –  атау  сөздер, 
терминдік атаулар әлі жүйе есебінде қалыптаса қоймағаны 
мәлім.  Н.  Сауранбаевтың  бұл  мәселелерге  атсалысуы  та-
биғи қажеттілік еді. 
Жалпы  Н.  Сауранбаевтың  өмір  жолы  қоғамда  болып 
жатқан процестермен қатарласа қисындаса дамып отырған 
тәрізді.  1941  жылы  Кеңестер  Одағы  Ғылым  академиясы-
ның Қазақ филиалы ұйымдастырылды. Сол филиалдың Тіл,  
әдебиет  және  тарих  институттарының  тұңғыш  директо-

70
ры  болып  Н.  Сауранбаев  бекітілді.  Ал  жаңа  ұйымдасып 
отырған  бұл  ғылыми  мекеменің  атқарылар  ісі  ұшан-
теңіз  болатын.  Осы  тірлікке  ол  бар  мүмкіндігін,  қажыр-
қайратын  жұмсады.  Тіл,  әдебиет,  тарих  ұлттың  ұлттық 
болмысының  үш  тағаны,  үш  негізі,  яғни  үш  тірегі  емес 
пе? Осыны терең түсінген Н. Сауранбаевтың сол кездегі 
атқарған  істерін  саралап,  бағалап  шығу  тіпті  де  оңайға 
түспейді. Ең алдымен бұл салалар бойынша кадр іріктеу, 
жүйелі  де  іргелі  ғылыми  жоспарлар  түзу,  олардың  сапа-
лы жұмыс істеуі тәрізді қыруар шаруаның басы-қасында 
болған Н. Сауранбаевтың бұл кездегі атқарған істері зор еді. 
Жаңа бел алып жатқан зерттеу жұмыстарының сапасын 
арттырып,  мазмұн-мәнін  тереңдету  үшін  қаншама  күш-
жігер ортаға салынып, жоспар түзілді, бағыт-бағдар жасал-
ды. Осы іс-тірліктің жүйелі жүргізілуіне септігі мол болған 
«СССР Ғылыми академиясы Қазақ филиалының Хабаршы-
сы» атты ғылыми журналдың «Тіл және әдебиет» сериясын 
ұйымдастырып,  оның  дер  кезінде  қажетті  материалдардың 
жүйелі  шығып  тұруын  қадағалаған,  басшылық  жасаған  
Н. Сауранбаев. 
1936  жылы  қазақтың  Ұлт  мәдениеті  институты  ұйым-
дастырылып, оның құрамына тіл мамандары, әдебиетшілер 
және  тарихшылар  енгізілген  болатын.  Жоғарыда  аталған  
институт  негізінде  құрылған,  ал  кейін  1946  жылы  Тарих 
институты өз алдына жеке мекемеге айналады да, Тіл мен 
әдебиет  өз  алдына  институт  болып  шаңырақ  көтереді.  Тіл 
мамандары  мен  әдебиетшілер  1961  жылы  ғана  жеке-жеке 
институт болып бөлініп шықты. 
Жоғарыда  айтылғандардан  біз  Н.  Сауранбаевтың  ізде- 
ніс  жолдары  мен  ғылыми  ұйымдастыру  жұмыстарын  кө-
реміз.  Сонымен  қатар  ол  ғылыми  зерттеу  жұмыстарымен 
де  үздіксіз  айналысып  отырған.  Оның  ең  алғашқы  айтулы 
еңбегі  ретінде  1940  жылы  жарияланған  «Қазақ  тіліндегі 
кө-семшелердің семантикасы мен функциялары» дейтін кө-
лемді кітабын атауға болады, еңбек орыс тілінде жазылған 
тұңғыш  монография  еді.  Ленинградтағы  Н.Я.  Марр  атын- 

71
дағы Тіл мен ойлау институты Н. Сауранбаевқа осы еңбегі 
үшін филология ғылымының кандидаты деген ғылыми дә-
реже  береді.  Қолжазба  негізінде  «Қазақ  тіліндегі  көсем-
шелер» деген атпен 1940 жылы жарияланады да, ол кейіні-
рек 1944 жылы орыс тіліне аударылып қайта басылған. 
Н.Т.  Сауранбаев  ғылыми  ізденісті  одан  ары  тереңдете 
түседі.  1943  жылы  «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер 
жүйесі»  деген  тақырып  бойынша  докторлық  диссертация 
жазып бітіріп, оны қорғап шығады. Сонда қазақ тіл білімі-
нен  докторлық  қорғаған  топтың  бастауында  осы  Нықаң 
тұрғаны анық. 
Ғылымның дамуы қоғамның дамуына орай өрбитіні бел- 
гілі. Қазақстан жағдайында да осы құбылысты үздіксіз бай- 
қап отыруға болады. Республиканың ғылыми-мәдени өмірі 
дами  келе  1946  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясын 
құруға алып келді. Н. Сауранбаев тәрізді зерделі ғалым бұл  
ғылыми  өмірден  тыс  қалмағаны  мәлім.  Академияның  ал-
ғашқы  сессиясында  ол  академияның  толық  мүшесі  бо-
лып  сайланды.  Ұлттық  академияның  құрамына  енген  сол 
кездегі  тұлғалардың  төртеуі  қоғамдық  ғылым  өкілдері  еді. 
Атап  айтқанда,  жазушы,  әдебиет  зерттеушісі  М.О.  Әуезов, 
композитор,  музыка  зерттеушісі  А.Қ.  Жұбанов,  лингвист 
түркітанушылар Н.Т. Сауранбаев және С.К. Кеңесбаев. 
Осыдан  алпыс  бес  жылдай  бұрын  ашылған  Ұлттық 
Ғылым академиясы республика тарихында тарихи мәні ай- 
рықша  ірі  оқиғаның  бірі  болып  қалды.  Міне,  осы  тарихи  
оқиғалардың  басы-қасында  Н.Т.  Сауранбаевтың  болуы, 
оның қаншалықты ірі тұлға екенінен хабар берсе керек. Ол 
қоғамдық  ғылымдар  бөлімінің  академик-хатшысы  (кезін-
дегі атауы төрағасы) қызметіне тағайындалады. Әрі прези-
диум мүшесі ретінде қоғамдық ғылымдар саласы бойынша 
сан алуан тірліктің бастамашысы болды. Нақтылы жұмыс- 
тар  мен  келелі  міндеттер  туралы  мақалалар  жазды,  тал-
қылаулар өткізді, ойға жетелер сөздер сөйледі. Күні бүгінге 
дейін  үзбей  шығып  келе  жатқан  «Қазақ  ССР  Ғылым  ака-
демиясының  Хабаршысы»  (Қоғамдық  ғылымдар  сериясы)  

72
сол  кезде  Н.Т.  Сауранбаевтың  жетекшілігімен  шыға  баста- 
ған  болатын.  Қоғамдық  ғылымдар  саласы  бойынша  ат-
қарылар қаншама жұмыстар осы журнал бетінде жарияла-
нып  отырды.  Сөйтіп  қоғамдық  ғылымдардың  даму  арна- 
лары қалыптаса бастады. 
1951  жылы  Н.Т.  Сауранбаев  Қазақ  ССР  Ғылым  акаде-
миясының  вице-президенті  болып  сайланады.  Республика 
аумағындағы  қоғамдық  ғылымдар  ауқымындағы  зерттеу 
жұмыстарының  бәрі  академик  Н.Т.  Сауранбаевтың  бас- 
қаруына  өтеді,  яғни  бұл  кезде  жасалған  жұмыстардың 
бәрінде Н. Сауранбаев қаламының табы жатыр. 
1956-58 жылдары Н.Т. Сауранбаев қазақ тілінің әлі он-
ша  зерттеле  қоймаған  тіл  тарихы  мен  диалектологиясына 
зейін қоя бастағанын көреміз. Осы екі сала бойынша зерт-
теу  жүргізіп,  маман  тәрбиелеу  мақсатымен  бөлім  басқара-
ды.  Аталған  мәселелерге  арнап  келелі  мақалалар  жазады. 
Бөлім  қызметкерлерін  күрделі  мәселелерді  қарастыруға 
жұмылдырады. 
Н.  Сауранбаев  негізінен  ғылымды  ұйымдастырушы 
нағыз  ғалым  ретінде  қалыптасқанын  байқаймыз.  Сонымен 
бірге оның ұстаздық өнегесін де естен шығаруға болмайды. 
Ол бұл кәсібін 1932 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін 
үзбей  жалғастырған.  Ең  әуелі  ол  мектеп  оқушылары  және 
оқытушыларға  арнап  оқулықтар  жазады.  Педагогикалық  
мекемелер кеңестерін басқарады. Ал 1938 жылдан жоғары 
оқу орындарында дәріс оқып, доцент, профессор қызметте-
рін атқарады, кафедра меңгереді. 
Ол  ғылыми  педагогикалық  қызметті  атқара  жүріп,  қо- 
ғам  өміріне  белсене  араласуға  да  уақыт  табады.  Н.  Сау- 
ранбаевтың  осындай  қайраткерлік  қабілетінің  байқалға-
нынан  болуы  керек,  ол  1950  жылы  Бүкілодақтық  бейбіт-
шілікті  жақтаушылар  комитетінің  мүшесі  болып  сайлана-
ды.  Бейбітшілік  жақтаушылардың  Үндістанда  өткен  кон-
ференциясына  қатысып  (1947),  қазақ  халқының  атынан 
сөз  сөйлейді.  Үндістан  халқының  өмірі  жайында  кітапша 
жазады.  Ол  Дели  мен  Аграда,  Аллахабад  пен  Калькуттада 

73
жұртшылық алдында сөз сөйлеп, Мадрас, Хайдарабад Бас-
ра т.б. жерлерде болып, қазақ елінің жағдайын баяндайды. 
Иран, Ирак елдерінде де болады. 
1954 жылы Н. Сауранбаев шығыстанушыларының Лон-
донда  өткен  бүкілдүниежүзілік  ХХІІІ  конгресіне  қатысып, 
баяндама жасайды. Ол республикадағы ғылым мен білімге 
қатысты өткізіліп жататын шаралардың бірде бірінен қалыс 
қалмаған.  Әлденеше  ғылыми  кеңестердің  мүшесі  ретінде 
күнделікті  ғылыми  өмірдің  бәріне  қолма-қол  араласып  
отырды. Терминологиялық комитеттің жұмысына қатынас-
ты. Бірнеше газет, журналдың редакция алқасында болды. 
Замандастары Н. Сауранбаевтың жоғары мәдениеттің 
адамы  болғанын  айтады.  Әсіресе  оның  ішкі  мәдениеті 
мен  эрудициясына  И.И.  Мещанинов,  Н.К.  Дмитриев,  
С.Е.  Малов,  Н.В.  Юшманов  тәрізді  орыстың  әйгілі  ға-
лымдары  тәнті  болғанын  еске  алады.  Н.  Сауранбаев  ұс-
танған этикалық норманың жоғары екенін оның барынша 
әділ, турашыл болғанын байқаймыз. Ол жас мамандарға 
кеңес  беруден  жалықпайды  екен.  Талқылау,  пікір  алысу 
жиналыстарына жиі қатысып, әрдайым қадағалап отыра-
тын болған. Ол үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білген 
жан.  Жолдастарына  адал,  қатардағы  адамның  біріндей 
қарым-қатынас жасайтын қарапайым қалпынан айнымай 
өткен жан болса керек. 
Н.Т.  Сауранбаев  1958  жылы  қараша  айында  небәрі 
48  жасында  дүниеден  өтті.  Оның  артында  өлмес  мұрасы, 
ұмытылмас үлгі, өнегесі, оны қадір тұтып, қасиет санайтын 
шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері қалды. Оның ғылыми 
мұрасын  бағалай  білетін  қаншама  мамандар  бар.  Н.  Сау-
ранбаев  мұрасын  қастерлей  білудің  бір  дәлелі  –  ол  кісінің  
таяуда100  жылдығының  аталып  өтуі.  Ендеше  қазақ  тіл  бі-
лімі өркендеп тұрғанда Н.Т. Сауранбаевтың есімі ұмытыл-
мақ емес. 

74
қазақ аКаДемИЯлық тіл біліміН 
қалыПтаСтырушы
Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қалас-
қан  құрылтайшы  ғалым,  аты  әлемге  әйгілі  түркітанушы, 
қазақ  академиялық  тіл  білімін  қалыптастырушы  бірегей 
тұлға  Ісмет  Кеңесбайұлы  Кеңесбаевтың  туғанына  биыл 
жүз жыл толып отыр.
І.К. Кеңесбаев қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Со-
зақ  ауданындағы  Сызған  ауылында  1907  жылы  15  ақпан 
күні  дүниеге  келген  болатын.  Жас  шәкірт  әуелгі  кезде 
ауыл  молдасынан  сабақ  алып,  мұсылманша  хат  таныған 
соң, 1921 жылы Ташкент қаласындағы Қазақ ағарту ин-
ститутына оқуға түседі. Бұл оқу орны 1926 жылы Қазақ 
педагогикалық  институты  болып  қайта  құрылады.  Осы 
институттың екі курсын тамамдаған соң, 1928 жылы қазір- 
гі  Санкт-Петербург  қаласындағы  Шығыстану  институты-
ның түркология бөлімшесіне ауысады. Сөз болып отырған 
Шығыстану  институты  сол  кезеңде  өз  саласы  бойынша 
әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірінен саналатын-
ды.  Ғылымның  осындай  дәрежесі  биік  ордасында  білім 
алып жүрген кезінде жас талапкер сол кезеңдегі тіл білімі 
мен  түркітану  ғылымының  жарық  жұлдыздары  санала- 
тын  А.Н.  Самойлович,  И.Ю.  Крачковский,  В.В.  Бартольд, 
Б.Я. Владимирцов, Н.Я. Марр, С.Е. Малов, И.И. Мещани-
нов,  Л.В.  Щерба  тәрізді  ғұлама  ғалымдардың  дәрістерін 
тыңдап, терең білім алады.
1931  жылы  оқуын  тамамдап,  елге  оралған  соң  жас 
маманның  жан-жақты,  көп  қырлы  шығармашылық  еңбек 
жолы  басталады.  Ол  1931-34  жылдары  өзінің  алғашқы 
ұстаздық  қызметін  қазақ  жоғары  оқу  орындарының  қара 
шаңырағынан – Педагогикалық институттан бастайды. Осы  
оқу  орнында  қазақ  тілінің  мұғалімі  ретінде  жұмыс  жа-
сап,  тәжірибе  жинақтаған  жас  маман  ендігі  кезекте 
(1933-36)  Қазақ  мемлекеттік  медицина  институтын-
да  жаңадан  ашылған  тілдер  кафедрасына  меңгеруші  бо-

75
лып  тағайындалады.  Үлкен  ғылыми  ордадағы  ұлағатты 
ұстаздардан тәлім-тәрбие көріп, ғибрат алған зерек те зер-
делі,  білімді  әрі  білікті  студент  елге  келіп,  аталмыш  оқу 
орындарында  жұмыс  жасаған  жылдары  өнегелі,  сырбаз  
да  сұңғыла  ұстазға  айналады.  Осы  жылдары  ұстаздық 
қызмет пен ғылыми-зерттеушілік жұмысын, ғылыми ізде- 
ністерін  ұштастыра  дамытып  отырады.  Бір  мезгілде  Ор-
талық  атқару  комитеті  жанындағы  Ұлт  мәдениетін  зерт- 
теу институтында ғылыми қызметкер, ССРО Ғылым ака-
демиясы  Қазақ  филиалындағы  Тіл  және  әдебиет  секто-
рында аға ғылыми қызметкер болып істейді.
Аталған  оқу  орындарында  қызмет  жасап  жүрген  ке-
зінде  ол  мектеп  бітіріп  келген  жас  шәкірттердің  қазақ 
тілі  бойынша  біліктерінің  жақсы  жақтарымен қатар, кем- 
шін  тұстарын  да  аңғарады.  Сөйтіп,  елдегі  бастауыш, 
орта  мектептер  үшін  арнайы  жазылатын  оқулықтардың 
тапшылығын  айқын  сезінеді.  Бұл  жағдай  жас  ғалымның 
алғашқы  ғылыми  ізденістерін  педагогика  саласында  оқу-
лық жазу мақсатына арнауына себепкер болады. 1934 жы-
лы оның бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қазақ 
тілі» оқулығы жарық көреді. Оқулықтағы қазақ тілі грам-
матикасы  мен  емлесінің  негіздері  оқытудың  бастапқы 
деңгейіне  сәйкестендіріліп  түзіледі.  Оқулық  бірнеше 
мәрте  басылым  көріп,  қазақ  тілін  оқуды  жаңадан  бастаған 
жас бүлдіршіндер үшін аса қажетті оқу-білім құралына ай-
налады.  Келесі  кезекте  1938  жылы  жас  ғалым  бастауыш  
мектеп  сыныптарында  қолдануға  арналған  «Әліппе»  оқу-
лығын жарыққа шығарады. Ал келесі 1939 жылы жоғарғы 
сынып  оқушыларына  арналған  «Қазақ  тілі  грамматикасы» 
атты еңбегі жарық көреді. Бастауыш және орта мектептерге 
арналған  қазақ  тілі  оқулықтарын  жаза  отырып,  сол  кезең-
дегі  елдегі  оқу-білім  саласына  өлшеусіз  зор  үлес  қосады. 
1939 жылы соңғы аталған «Қазақ тілі грамматикасы» атты 
оқулығы  үшін  оған  филология  ғылымдарының  кандидаты 
атағы  беріледі.  Қорғау  сол  кездегі  Ленинград  қаласында 
орналасқан Тіл және ойлау институтында өтеді. 

76
Жас  ғалым  сол  жылдары  оқулықтар  жазумен  бірге  қа- 
зақ  тіліндегі  әліпби,  графика,  орфография  салаларының 
ғылыми  мәселелерімен  де  шұғылданады.  Алайда  оның 
ғылымдағы басты назарында қазақ тіл білімінде мүлде зерт-
телмеген  тың  сала  –  қазақ  тілінің  фразеологиялық  жүйесі 
болады.  Өткен  отызыншы  жылдардан  бері  өзі  жинасты-
рып,  жүйелеп,  зерттеп  келе  жатқан  фразалық  тіркестерді 
ғылыми-теориялық  жақтан  тереңдете  зерделеуді  мақсат 
етеді. 1944 жылы зерттеу еңбегін тамамдап шығып, «Қазақ 
тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» деген тақырып бойынша 
докторлық диссертация қорғайды. Еңбекте қазақ тілінің екі 
мыңнан  астам  фразалық  тіркестері  мен  төрт  жүзден  астам 
қос сөздері ортағасырлық шағатайша түркі жазба тіліндегі 
шығармаларда,  қазіргі  қырғыз,  қалмақ,  татар,  ұйғыр, 
түркімен,  өзбек  тілдерінде,  сондай-ақ,  құрылымы  бөлек  
араб,  парсы,  моңғол  тілдерінде  кездесетін  баламаларымен 
салыстырыла, салғастырыла отырып зерттеледі. Ғалымның 
ресми оппоненттері қатарында қазақтың заңғар жазушысы 
М.О.  Әуезов,  Бүкілодақтық  түркітанушылар  комитетінің 
басшысы,  одақтық  Ғылым  академиясының  корреспондент-
мүшесі  С.Е.  Малов,  араб  тілдерінің  аса  көрнекті  маманы, 
одақтық  Ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі  
Н.В.  Юшманов  болады.  1945  жылы  ғалым  филология  ғы-
лымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін,  профессор  ата-
ғын алады.
1946  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  құрылған 
кезде  төл  академиямыздың  алғашқы  құрылтайшыларының 
бірі  болады.  Академияға  толық  мүше  (академик)  болып 
сайланған  ғалым  академияның  құрылған  кезінен  бастап 
1951  жылға  дейін  вице-президент  қызметін  атқарады. 
1946  жылдан  бастап,  академияда  вице-президент  бола  жү- 
ріп,  қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  универ-
ситетінде ұстаздық қызмет атқарады.
Ғалым  1947-51,  1957-61  жылдар  аралығында  Тіл  және  
әдебиет  институтына  басшылық  етеді.  1961  жылы  жаңа-
дан құрылған Тіл білімі институтына директор болып таға-

77
йындалады  да,  1978  жылға  дейін  осы  институтты  басқа-
рады. Одан кейінгі жылдары Қазақ ССР ҒА Қоғамдық ғы-
лымдар  бөлімінде  академик-секретарь,  кеңесші  қызмет-
терін атқарады. Бүкіл саналы ғұмырын отандық ғылым мен 
білім  игілігіне  қызмет  етуге  арнаған  алып  азаматтың  биік 
тұлғасында, табиғатында үш қасиеттің – зерделі зерттеуші 
ғалымдықтың, тәлімгер ұстаздықтың, парасатты ұйым-
дастырушылықтың бірлігі, бүтіндігі анық байқалатын.
Ең  алдымен,  академик  і.К.  Кеңесбаев  –  ғұлама  ға-
лым. Ол қазақ тіл білімінің, түркітану мен алтаистиканың 
алуан  түрлі  салалары  бойынша  құнды  зерттеулер  жазды. 
Қазақ  тілінің  фонетикасы  мен  фонологиясы,  зерттелу  та-
рихы,  қазақ  әдеби  тілінің  өзекті  мәселелері,  қазақ  тілінің 
грамматикалық  құрылымы  мен  лексика-фразеологиялық 
жүйесі,  қолданбалы  тіл  білімі,  инженерлік  лингвистика 
мә-селелері  ғалым  еңбектерінде  егжей-тегжейлі  сөз  бола-
ды.  Фонетика  мен  фонология  мәселелерін  зерттеуді  ғалым  
XX  ғасырдың  отызыншы  жылдарында  бастаған  еді.  Ол 
кезеңде,  әсіресе  қазақ  жазуын  кемелдендіруге,  оның  әліп-
биін,  графикасы  мен  орфографиясын  жетілдіруге  қосқан 
үлесі зор. Одан кейінгі кезеңде қазақ тіліндегі фонемалар-
дың  құрамы  мен  құрылымы,  екпін  мен  буын,  орфография 
мен орфоэпия мәселелері ғалым назарынан тыс қалған жоқ. 
Қазақ  фонологиясындағы  зерттеудің  экспериментті  тәсі-
лінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі өз алдына бір төбе. 
1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығының 
фонетика бөлімі бүкіл түркі тіл білімінде жоғары бағалан-
ған  іргелі  зерттеу  болды.  Қазіргі  кездегі  фонетика  саласы- 
ның білікті мамандары І. Кеңесбаев еңбектерінің өз құнды-
лығын бүгінгі таңда да жоғалтпай отырғандығын айтады.
Академик  І.К.  Кеңесбаевтың  қазақ  фразеологиясын 
зерттеудегі еңбегі ересен. Сонау 1930 жылдардан бері тілдегі 
тұрақты сөз тіркестерін тірнектеп жинау, жүйелеу мен зерт-
теу ісі зор нәтиже берді. Жоғарыда айтылғандай, 1944 жылы 
«Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» деген тақырыпта 
докторлық  диссертация  қорғады.  Бұл  –  фразеология  сала-

78
сы  бойынша  бүкіл  түркі  әлеміндегі  тұңғыш  докторлық 
еңбек  еді.  Ғалымның  қазақ  тіл  білімінде  лексикография 
саласының  қалыптасып,  жетілуіне  қосқан  үлесі  мол.  Ол  
Тіл  және  әдебиет  институтындағы  академиялық  сөздік  бө- 
лімінің  меңгерушісі  болып  отырған  1953  жылдан  бастап  
«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігін»  түзу  ісіне  басшы-
лық  етті.  Сөздік  жасаудың,  жекелеген  сөздер  мен  сөз 
топтарының  мағынасын  ашудың  ғылыми  негіздерін  жаса-
ды. Картотекалық қорды молайтуға, сөздікші ғалымдардың 
сөздік түзудің ғылыми-практикалық тәсілдерін меңгеру ісін 
ұйымдастыруға,  маман  сөздікшілерді  даярлауға  қатысты 
іс-шараларды  жігерлі  түрде  жүзеге  асырып  отырды.  1953 
жылы  түсіндірме  сөздік  түзудің  Нұсқаулығы  жарық  көрді. 
Сөздіктің  шығуынан  алты  жыл  бұрын,  алдын  ала  жасал-
ған бұл Нұсқаулықтың сөздік түзу ісіндегі маңызы зор бол-
ды.  Қазақстанның  мәдени  өмірі  үшін  аса  қажетті,  мәнді 
еңбекті  түзуге  қажетті  іс-шараларды  дер  кезінде,  сапалы 
түрде атқарудың нәтижесінде бастапқы жоба бойынша жос-
парланған  бір  томдықтың  орнына  екі  томдық  түсіндірме 
сөздік дүниеге келді.
Ғұлама  ғалымның  фразеология  мен  лексикография  са-
лаларында  жасалған  айтулы  еңбектерінің  бірі  –  «Қазақ  ті- 
лінің  фразеологиялық  сөздігі».  Ғалымның  фразеология  са-
ласында  жарты  ғасырға  жуық  уақыт  бойы  жүргізген  ғы-
лыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеулерінің 
нәтижесі іспетті бұл туынды 1977 жылы басылым көрген.
Бұл сөздіктің қазақ тіл білімінде сол кезге дейінгі кезең-
де  жарық  көрген  өзге  де  жанрлық,  салалық  сөздіктерден  
басты  айырмашылығы  –  оның  б
астан-аяқ  ғылыми  еңбек  
болуында,  ғалымның 
ғылыми  зертханасынан 
зерделеніп 
шыққан  туынды  болуында  еді.  Он  мыңнан  астам  фразео-
логизмді қамтыған еңбектің теориялық бөлігі сөздік бөлігі-
мен бірбүтін, тұтас полотно құрайды. 
Қазақ фразеоогиясының кемелдене дамуы жолында бұл  
еңбектің атқарған рөлі туралы әлі айтылар сөз көп. Бұл ең-
бектің  ізденгіш  кейінгі  ұрпақтың  талайына  өмірлік  азық  
болары хақ. 

79

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет