2. Педагогтар мен қызметкерлердің
жұмыс уақыты және оны қолданылуы
2.1. Балабақшаның жұмыс
апталығы 6 күндік және 5 күндік белгіленген, жалпы жұмыс
уақыты ұзақтылығы 40 сағаттан аспайды.
2.2. Жүктеменің көлемі, ережеге сай, оқу жылының
барысында тұрақты.
2.3. Директордың, әдіскердің, психологтың, шаруа жөніндегі директордың орынбасарларының
жұмыс
уақыттары 8 сағаттан асуы мүмкін.
2.4. Қызметкерлер жұмыстың басталуына дейін 15 минут бұрын келулеріне міндетті.
2.5. Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым
салынады:
- өзінің көзқарасына қарай жұмыс кестесін өзгертуге;
- балаларды топта, музыкалық залда, серуенде жалғыз қалдыруға.
2.6. Қызметкерлер сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда алдын-ала
ескертуге міндетті.
Осы
Ереже бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер тәртіпті орындауларына міндетті.