Өндірістік практика есебі Жоспар


Кәсіпорынның басқару құрылымы



бет3/12
Дата05.05.2023
өлшемі65,16 Kb.
#90238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ндірістік практика есебі Жоспар

1.3. Кәсіпорынның басқару құрылымы.


Кәсіпорынның басқару құрылымы



Туристік фирма қызметскерлері 3 адамнан тұрады, олар: директор: Капарова Галятай Елеусызовна, туризм менеджері: Бектасова Сәуле Бауыржановна және бухгалтер: Ибраева Санымгүл Сержановна.


Директордың қызметі


Диретор – басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскер.
Басқару кадрларын әр түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар.
Директор – бұл ұжымға басшылық етуші адам, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестіруші, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағалауды және реттеуді жүзеге асыруышы. Басшыға алуан түрлі, бірін бірі толықтыратын қызметтерді орындауына тура келеді.
Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, қолданылып жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс әрекеттерін үйлестіреді. Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.
Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.
Басшының тәрбиешілік қызметінің де мағызы зор. Жақсы жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта жігерін арттыра түседі, экономикалық және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару, бұл әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.
Басқару тәсілдері. Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына ықпал етуге негізделген.


Бухгалтердің қызметі

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша (15-бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. №1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2-2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.


Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық – құқық сақтандыру келісім-шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішімен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқт тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және тағы басқа сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші маусымындағы №211-II (22.02.02. ж. №296-II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:

  • Негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);

  • Ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).

Бұған қоса олар БЕС 30 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттемеленіп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңына белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы –материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім шартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.


Туризм менеджерінің қызметі

Негізі «менеджмент» деген «басқару» деген мағынаны береді, яғни туризм менеджері ол директордан кейінгі басқарушы адам. Туризм менеджері дегеніміз басшының қабылдаған әрекеттері мен шешімдерін жүзеге асырып, орындалуын қадағалауы тиіс. Ұйымның (турфирма) басты мақсаты түсетін пайда мен шығындар белгілі тауарлармен қызмет жасау.


Мақсаттары:

  1. басты мақсат құраушыларға бөлінеді

  2. өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру

  3. өндірісті жан жақты интенсификациялау

  4. ғылыми техникалық процесті жылдамдату

  5. еңбек өнімділігн арттыру

  6. ресурстарды үнемдеу, өңдеу

  7. пайданы ұлғайту

  8. ұжымның әлеуметтік дамуы

  9. ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз ету

Менеджер ұйым қызметін басқару және басқару процесін қалыптастыруы тиіс. Ұйымдастыру қызметін жоспарлап және жұмысқа байланысты барлық функцияларды анықтап орындауы керек, ұйымдастыру құрылымын толық жүйе ретінде әрбір ұйымның тиімді қызметін және пайда табуын, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы арқылы бизнесті дамыту және басқаруы тиіс. Басқару адамның кәсіптік қызметі. Ұйымның, ұйымдағы әр адамның, жеке адамның біріккен еңбек жұмысындағы процесіндегі мақсатына жүйелі ықпал етуі. Ұйымдастыру кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының процесі.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы орта факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым». Менеджер ұйымдастырып қана қоймай бақылап та отыруы керек. Бақылау бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, өызметкерлердің ынта жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты мәндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі өнеге көрсете алатын адамдар ғана бақылай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет