1.1,1.2.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және мақсаттары
Мен, -----, өндірістік практикамды 2009 жылы 15 маусымнан 27 маусымға дейін Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Райс – Cтар» туристік фирмасында өттім. Орналасқан жері: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, №9 офис. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2000 жылдан бастап №ТАСО15 №00262777 лицензия негізінде жұмыс істеп келеді. «Райс – Cтар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі серіктестіктің құрылтай келісімшартына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес құрылған. Туристік фирма өз міндеттемелері бойынша тек қана өз мүлкі шегінде жауапкершілік атқарады. Заң актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, кәсіпорын қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Серіктестік құрылтайшылардың (қатысушылардың) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестікке қатысушы Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Серіктестік қызметіне байланысты шығындарын шегу қаупіне өз салымдарының құны шегінде жауапты болады.
Туристік фирма қызметскерлері 3 адамнан тұрады, олар: директор: Капарова Г.Е., туризм менеджері Бектасова С.Б. және бухгалтер: Ибраева С.С. Мен бұл фирмада практика өту барысында туризм менеджері қызметін атқардым.
Туристік фирма келесі қызметтерді ұсынады:
Элиттік турлар (шетел мемлекеттері);
Ішкі туризм (яғни, емді-курортты жерлер, демалыс үйлері және Қазақстан Республикасы бойынша лагерь, балаларға арналған демалыс орындары);
ТМД елдері бойынша туризм;
ҚХР визаларын жасау (топтық, жеке, жарты жылдық және жылдық);
ҚХР-на шоп-турларды ұйымдастыру (Үрімші қаласына автобус арқылы 8 күндік саяхат);
әуе және темір жол билеттерін брондаумен айналысады.
Жұмыс орындары жұмысқа өте ыңғайлы, қолайлы: интернет желісі қосылған, туризм түрлері бойынша көптеген әдебиеттер мен каталогтар, бейне фильмдер, видео кассеталар мен дискілер бар. Фирма менеджері клиентке қызметтерін ұсыну барысында туристтің таңдаған демалыс түрі мен орны бойынша толық ақпарат беріп, буклет, брошюра, журналдар мен бейне фильмдерді ұсынады. Барлық мәліметтер, әдебиеттер, каталогтар жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл мәліметтерді туристік фирма интернеттен және көрмелерден алады. Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі жылына 2 рет ярмарка өткізеді. Бұл ярмаркада Қазақстан Республикасының барлық туристік фирмалары, ТМД және шетел туристік фирмалары қатысады. Бұндай кездесулерде олар бірлестік ынтымақтастыққа келісім – шарт құрады, әдебиеттермен (буклет, журнал, брошюралар мен видео кассеталар, дискілермен) алмасады және ынтымақтастық жайлы пікір алысады. 1 жылдық келісім-шаттар электронды түрде де қабылданады. Барлық келісім-шарттар арнайы журналда тіркелген және жеке папкаларға тігілген. Әр келісім-шартта бағалар парағы бар, яғни демалыс және ем үшін көрсетілетін қызмет бағалары, сонымен қатар көру материалдары бар.
Мен тәжірибе барысында туристік фирманың құжаттары, келісім-шарттары, каталогтары, буклеттері, брошюралары, журналдарымен таныстым. Кәсіпорын көптеген туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартында тұрады екен. Мысалға:
Санья қаласы: «HAIKOU AIRPORT», «weidongtour» индустриалды кәсіпорны, «Пэнгли Гольф» басқару кәсіпорны: Қытайдағы Хайнань аралына саяхат жасауға арналған;
«ХАЙНАНЬ-СОЛНЕЧНЫЙ ТУР» туристік кәсіпорны;
ЖШС «Дафне Трэвэл Интернэшнл» (Daphne Travel International), директоры Мете Шарлак, Алматы қаласы;
ЖШС «КазТур», директоры Омарова Айсулу Исатаева, Алматы қаласы;
«Voyage Tours» Эмират Дубай, БАӘ;
Алматы қаласындағы «Tez Tour» (Тез Тур), директоры Даиров Талғат Жалғасбаевич;
«Al Khalidiah Tourism», президенті Мурадян Сирак Самвелович, БАӘ-де қызметтер көрсету үшін ынтымақтастық келісім-шарты жасалған, Дубай, Абу-Даби қаласы. Шарджа, Фуджейра, Аджман, Умм-аль-Кувейн, Рас-аль-Хейма қалалары бойынша саяхаттар жүргізеді;
«Гульнар Тур» туристік кәсіпорны (ҚР-ндағы ең ірі компания), басты офисы Алматы қаласында, филиалдары ҚР бойынша таралған;
ЖШС «Рахмановские ключи», Өскемен қаласы, директоры Квиндт О.А.;
ЖШС «Сплинтер», Өскемен қаласы;
ЖШС «Орленок», Щучинск қаласы;
«Есхат» фирмасы Қытайға, яғни Үрімші қаласына шоп-турлар ұйымдастырады;
Астана қаласы және облысы бойынша саяхатқа шақыратын ААҚ «Ақмолатурист» туристік кәсіпорны;
«Бұлақ» атты көрікті таулы шатқалда орналасқан емдік ағарту кешені «Тау – Тұран»;
ЖШС «Дом отдыха Кокшетау» (Park Hotel Kokshetau) кәсіпорны, Щучинск қаласы, директоры Хан А.Г.
ЖШС «Ульбинские горы», директоры Запекина Светлана Павловна, Өскемен қаласы;
ЖШС «Жемчужина Алтая», директоры Чиликин Александр Алексеевич, Өскемен қаласы;
ЖШС «Basic», директоры Чиликин А.А., Өскемен қаласы;
ЖШС «Жекебатыр», директоры Дюсенбаев Нурлан Магжанович, Көкшетау қаласы.
Сонымен қатар балаларға арналған демалыс орындары бар. Олармен де кәсіпорын келісім-шартта тұрады:
«ТЭСО» туристік фирмасы: «Школа» атты Мәскеу Халықаралық көрмесінің, Мәскеу үкіметінің «Пилар» және «Персона Грата – 2003» конкурстарының лауреаты;
«Континент» балаларға арналған сауықтыру орталығы;
Балалар демалысына арналған орталық «Огонек»;
«Звездный» балаларға арналған сауықтыру орталығы;
Бұқтырма су қоймасындағы «Морские львы» лагері;
«Голубой залив» туристік лагері;
«Альбатрос Тур – НС» жастар ақпараттық орталығы;
«Изумрудный Алтай» туристік фирмасы;
«Изумрудный город» жазғы туристік лагері;
«Простор» балаларға арналған сауықтыру орталығы;
Мектеп жасындағы (5 – 11 сынып аралығындағы) балаларға арналған «Аюдинка» атты жазғы сауықтыру лагері;
«Морячок» балаларға арналған сауықтыру орталығы;
Жастарға арналған демалыс орны «Взбодримся»;
Балалар демалыс орны «Саят»;
«ЮТЕМ» туристік фирмасы.
Бұл келісім-шарттарда әркімнің міндеттері мен қызметтері өте жақсы жазылған, сонымен қатар кім агент болып табылатыны, кім оператор болып табылатыны, қашан келісімге қол қойылды, қай мерзімге дейін келісім-шарт жарайтындығы көрсетілген. Бұл келісім-шарттардың кейбіреулерін үлгі ретінде қосымшалар бөлімінен көре аласыздар. Мысалға Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі ЖШС «Гульнар Тур» туристік кәсіпорнымен жасаған келісім-шарт, ЖШС «Рахмановские ключи» келісім-шарты, «Орленок.к» ЖШС-мен жасаған келісім-шарттары бар.
Негізі ЖШС «Райс-Стар» туристік фирмасы көбінесе Қытайдағы Үрімші қаласына шоп-турлар жиі-жиі ұйымдастырып отырады. Дегенмен мен бұнда тәжірибе өтіп жатқанда Үрімші қаласында ұйғырлар мен қытайлықтар арасында келіспеушілік болып, соғыс басталып кетті. Сол себепті Үрімші қаласына осы екі жұмада ешкім бара алмады. Ал телефон шалып, офисқа келіп сұрастырғандар өте көп болды. Оған қарамастан Сәуле апай шоп–тур жайлы қысқаша айтып берді.
Шоп-турлар ұйымдастыру үшін туристік фирма ең алдымен бір топ адамдарды жинайды. Бір топта 5 немесе одан да көп адам болуы мүмкін. Фирма менеджері туристерді шоп-турдың шарттарымен таныстырады, туристің қалауы бойынша паспорт қабылдап, туристпен келісім-шартқа тұрады. Бұл келісім-шартта қызметтерді ұсыну шарттары, екі жақтың міндеттері, келісім-шарт мерзімі, қызметтердің құны, екі жақтың келісім-шарт бойынша қызметтерін атқару сапасы, жүктердің склад арқылы, қолмен жеткізілуі және жеткізу мерзімдері көрсетіледі. Сонымен қатар туристік фирма туристерді жеткізу үшін автобуспен келісімге тұрады. Туристерді жеткізуге болатын құжаттарды, көліктің сақтандырылу құжатын тексереді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы бойынша туристерді қауіпсіздікпен қамту үшін күзет агенттігімен келісімге тұрады. Туристік фирма міндетті түрде өз туристерін шоп-тур барысындағы уақытқа сақтандырады.
Үрімші (қытайдың Дихуа) – Ұйғыр автономды ауданы – Синьцзянның әкімшілік, экономикалық және мәдениет орталығы. Тань – Шань тауының солтүстік етегінде, Үрімші өзенігің алқабында орналасқан. «Үрімші» көне монғол тілінде «джунгар», яғни «ғажайып өріс» деген мағынаны береді. Жалпы аумағы – 11,9 мың шаршы шақырым. Үрімші туристік ресурстарға бай. Көне Жібек жолында мұнда маңызды елді жер болған. Үрімші – нағыз туристік қала. Ол өзіндік табиғатымен және ұлттық дәстүрлерімен ерекшеленеді. Үрімшіде мыңдаған базарлар бар, бірақ кейбіреулері ғана сапалы заттар сатады. Үрімші арзан бағаларымен туристерді өзіне тартады, оған қоса бағалары қаншалықты арзан болғанымен бағаларын төмендетуге тырысса, сатушылар тіпті кейде екі есеге төмендетулері мүмкін.
Үрімші кеденінің статистикалық мәліметі бойынша сыртқа шығарылатын тауарлардың жалпы көлемі 3,45 млрд. долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 90,4 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштердің өсу қарқынына қарағанда Синьцзян мемлекетте бірінші орынға ие болған.
Кедендіктердің айтуы бойынша қаңтар – наурыз айларында экспорттың жалпы көлемі 2,99 млрд. долларды құрап, екі есеге өсті. Импорттың көлемі – 460 млн. доллар, яғни 21,2 пайызға өскен. Сауда балансының активті сальдосының жалпы көлемі 2,54 млрд. долларға жетті, яғни ана жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өскен.
Достарыңызбен бөлісу: |