Өндірістік практика есебі Жоспар


, 2.2. Кәсіпорында практика өту барысы: жолдама сату



бет4/12
Дата05.05.2023
өлшемі65,16 Kb.
#90238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ндірістік практика есебі Жоспар

2.1, 2.2. Кәсіпорында практика өту барысы: жолдама сату.

Практика өту барысында демалыс орындары жайлы, туризм жайлы көптеген ақпарат алдым. Ол мәліметтермен мен интернеттен, каталогтардан, журналдардан, брошюралардан қарап таныстым. Сөйтіп телефон арқылы қоңырау шалған туристерге, офиске келген туристерге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, кеңес беріп, оларға көптеген ақпарат бердім. Практикамның соңғы күндерінде бірнеше жолдама жасауға жолым болды. Сәуле апай «Жолдамаларды өзің жасап көр» дегенде өте қатты шошып кеттім, қорқынышты еді. Алдында тек Сәуле апайға жолдамаларды толтыруға көмектескенмін, енді міне өзіме тапсырыс қабылдауға рұқсат етілді.


23-маусым күні күндегідей телефон қоңырауларына жауап беріп, келген туристердің сұрақтарына жауап беріп отырдым. Түске таман бір турист келіп Павлодар облысының Баянауыл ауданына барғасы келетіндігін айтты. Мен ол кісіге Баянауыл жайлы айтып бердім.
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл мемлекеттік парк Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68452,8 га құрайды. Орман және аңшылық комитетінің шешімімен «Қызылтау қорығы» БҰМТП қорғауға бекітілді, жалпы аумағы 60000 га құрайды.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

  1. Баянауыл орманшылығы - 19188 га,

  2. Жасыбай орманшылығы – 22904га,

  3. Далба орманшылығы – 8 596га.

Кенейтілген парк аумағы-17764,8 га
Жалпы паркте 108 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады. Ұлттық парк директоры – ҚасенТемірболат Мұбаракұлы 2003 жылдан бастап мемлекеттік табиғи паркті басқарып келеді. Білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылық институты мамандығы бойынша – ғылыми агроном.
Баянауылдың қатпарлы, текшелеп жинағандай сандық тастардан құралған шоқыларына, сұлу Ақбет тауына, мөлдіреген, қысы-жазы қатпайтын Жасыбай көліне, суы шипалы Әулиебұлаққа қарасаң көзің тоймайды.
Баянауылдың тауларында Бөгенбай, Олжабай батырлар бекініс құрып, осы жерде Баян, Жасыбай батырлардың Халден-Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген, жоңғарларды жеңген жеңіс тойын өткізген Сабындыкөлдің Абылайдай бабамыздың табаны тиген қасиетті жер.
Ертеден халық аузында келе жатқан Кемпіртас атты тас мүсіннің биіктігі соншалық, бас киімің түскенше шалқайып, тастың құпиялы шыңына көз саласың. Тіссіз кемиек аузы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, өзің қоса күлесің. Тасқа айналып қалмауың үшін көп күлуге, қасында ұзақ тұруға болмайды. Одан әрі, Торайғыр көлінің түстік жиегінде найзадай үшкір басты биік шың – Найзатас тұр.
Ашық беті көлге қараған су үстіне асыла біткен үлкен Үңгіртас үңірейеді. Ақбет тауының түбінен сарқырап ағып жатқан Әулиебұлақтың суынан үш рет ұрттаған адам бойындағы аурудан сауығып кетеді деседі. Бұлақ суының құрамында қажетті мөлшердегі йод, фтор, натрий бар көрінеді.
ЖШС «Райс-стар» Баянауылдағы «Баянтау» және «Ата-Баян» демалыс үйлерімен ынтымақтастық келісім шартында тұр. Сол себепті мен туристке осы екі демалыс үйінің бағаларымен таныстырдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет