АврелийАвгустиннің ілімінде сұлулық құдайдың нұрының көрінісі ретінде түсіндіріліп, оның рухани қыры бірінші орынға шығады.
Аврелий Августиннің ілімінде сұлулық құдайдың нұрының көрінісі ретінде түсіндіріліп, оның рухани қыры бірінші орынға шығады.
Фома Аквинский де сұлулықты құдай тәртібінің көрінісі деп қарастырады. Осылайша, эстетикалық сананың негізі Құдай болып табылады, ал оның өзі құдайды танудың түрі ретінде қарастырылады (әлемнің үйлесімділігі арқылы Құдайдың үйлесімділігі танылады).
Иоанн Дамаскин – Қасиетті бейне туралы теорияның негізін қалаушы, икона салу өнерінің ережелерін ресми түрде бекіткен:
- Әулие адамның суретін салуға болады, бірақ символдық және аллегориялық түрде.
- Әулиенің өмірінде шын болған (Қасиетті кітапта баяндалған) оқиғаларды бейнелеуге болады және керек.
- Христосты жер бетінде, адамдар арасында жүрген түрінде суретке салуға болады, бірақ Құдай-Әкені бейнелеуге болмайды.
- Әулиелердің бейнелері адамдарға керек – олар шіркеуді әсемдейді, сауатсыздарға кітаптың орнын толтырады, Құдайға сенім үшін көрсетілген ерлікті еске салып тұрады. Біз иконаны көргенде суреткердің шеберлігіне емес, суреттелген қасиетті «алғашқы кейіпке» құрмет көрсетеміз
- Иконалар ғажайып іс жасайды, өйткені оларда суреттелген әулиенің құдіретті күшінің бір бөлігі бізге өз әсерін тигізеді