1-Жүргізуші. Армысыздар кемелі биік, қиялы ұшқыр, зияты жоғары колледжіміздің білім алушылары. Бүгінгі «Жас ғалым- жарқын болашақтың баспалдағы» форумын ашық деп жариялаймыз!!!
2-Жүргізуші. Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!
Наурыз Құмархан 20-Сж-1 Керімқұл Алуа 20-Ббт-1 «Қазақ елі»
1-Жүргізуші. Бүгінде ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсетін ғасыры. Ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, мемлекет өскелең ұрпағына шәкірт біліміне зор ықылас танытып отыр.
2-жүргізуші: Ажырамай колледжден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берілсін құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, ғылым шамшырағын алаулатқан білім алушыларымызға жылы лебізін білдіру үшін сөз кезегін директордың ғылыми зерттеу жұмыстарды үйлестіру бойынша орынбасары Жакашев Ринат Макенұлына береміз.
1- жүргізуші. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Жастық-адам баласына екінші рет бермейтін кезең. Себебі сен сол кезеңнен өткенен кейін ол шаққа қайтып бара алмайсың. Ол қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ аспанға тек бірақ рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз.
2- жүргізуші. Қазақстан жастары үшін болашақтың бастауы жаһандағы дамыған оқу-тоқуы жетілген мемлекеттер есігін ашқан болашақ бағдарламасынан бастау алады: 1993 жыл 5 қараша 1094 қаулы.
1-Жүргізуші. Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Тетігін тапта бар қалан.
«Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам Сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Сондай жігерлі де талапты, шығармашыл да кретивті жастарымздың қатарынан біздің колледжіміздің білім алушылары да орын алған. Бүгінгі форумға жиналған ізденімпаз жас ғалымдарымызға Қош келдіңіздер дейміз!!!
Дана Абай атамыз айтпақшы «Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсан арқалан» ,-демекші қазір сұраныс білімді мен өнертапқыш жастарда.
2-Жүргізуші. Адамдық борышың - халыққа еңбек қыл. Жаңа Қазақстанның жаһандық өркениетте қарқынды дамуы азаматтарының, әсіресе, жастарының еңбекқорлық қағидатын ұстануы. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман маңызды серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Әрине жастар. Ақыл-ойдың дамуы - жасанды интеллект, инновация - технологиялар, цифрландыру. Сөз кезегін жастарға берсек.
1-жүргізуші.
«Ойната отырып ойланту-геймификация» - өз жобасындағы жаңашылдықпен бөлісу үшін сөз кезегін 20-ИМ-1тобының білім алушысы Мұқанова Ділназға береміз. (5мин)
«Көп тілді меңгеру заман талабы» - Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Сөз кезегін Серік Маржан 20-ШТ-1 тобы білім алушысына беріледі.
«Пәндерді кіріктіріп оқытудағы коллаборация»Мұқанова Жанерке 20-ББ-2 тобы білім алушысына беріледі
«Лэпбук салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы» Бидахметова Балжан 20-Мд-1 тобы білім алушысына беріледі
2-Жүргізуші. Жас мұраты білім-тәлім талабы, өнер-оқу жастың қару жарағы дегендей, білімнен асар байлық жоқ дейсіз. Ойқозғау. Осы тақырып төңірегінде қандай ой айтар едіңіздер? Сіздер қалай ойлайсыздар?
2. Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да. Мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек пе? Ғылыммен байланысы қандай?
3. Шығармашылық: тәжірибие, жаңа бейне, заттар және әрекеттер. Бұл тұжырымммен келісесіз бе?
4. «Білген сайын келеді біле бергім.» осы жетістіктерді жетілдіру қажет пе?
1- жүргізуші. Өз заманында ақын М.Жұмабаев «Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Мен жастарға сенемін!»,- деп, жалынды жастарды xалықтың күшті болашағына теңеді. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында, – деп еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан еді. Президенттің бастауымен «Жаңа адамдар» қозғалысын құруды ұсынды.
2-жүргізуші: Жастықты біз ізденуге арнайық,
Білімдарлық танытайық, талмайық.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлейік, өркендейік, самғайық!
1-жүргізуші: Парасатты жүрегің нұр төгеді,
Болдың міне абыройлы, мәртебелі
Қыран қонған биіктен көріне бер,
Асқар тау, туған елдің нар түлегі.
Жасампаз елдің жас қырандары, дей отыра бүгінгі форумымызды аяқтаймыз. Алдияр әні «Біз біргеміз».
Достарыңызбен бөлісу: |