Оның әрбір кезеңде тіл білімінің әр алуан мәселелерін шешіп, қосқан үлесі, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойын­ша шешімдері қазақ тіл білімінде аса маңызды рөл атқарады



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі94,53 Kb.
#129053
1   2   3   4
Ғалым Қ. Жұбанов «грамматика өз алдына ғылым деп танылған соң жəне ол бірнеше ғылымдардан құралып пайда болған деп білгесін, алдымен грамматикаға кіретін ғылымдардың бəріне ортақ жалпы қасиетін ашып алу керек еді; əрі мұның бəрін де осы жалпы қасиет желісімен матастырып, өзара біріктіріп басын қосу керек еді; сондайақ тіл ғылымының басқа тарауларымен грамматика пəндерінің арасында қандай айырмашылық барын ашу керек еді» деген тұжырым жасай отырып, грамматиканы «тіл формаларын тексеретін тіл ғылымының бөлімі», «түрлі сөздердің жақын-алыстығын тергей, əр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы» деп түсіндіреді. Ғалымның пайымдауынша, грамматика процесті қарайды. Грамматика ғылымы морфология жəне синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінетіні баршамызға мәлім. Морфология сөздердің морфологиялық құрылымы мен түрлену жүйесін, лексика-грамматикалық топтарын, морфологиялық ұғымдардың арақатынасын, морфема жəне оның түрлерін қарастырса, синтаксис сол сөздердің сөз тіркесі мен сөй лем құрамындағы қолданысы мен қызметін, тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Грамматиканың бұл екі саласының арасындағы қарым-қатынас морфема, сөз, сөз тіркесі жəне сөйлем тəрізді грамматикалық бірліктердің өзара байланысы арқылы айқындалады. Морфема сөздің морфологиялық құрамының мағы налық бір бөлшегі ретінде қызмет етсе, сөз түрлену жүйесі, грамматикалық мағынасы, морфологиялық құрылымы мен формасы, лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан жеке қолданылмай, сөз тіркесі мен сөйлем құрамында грамматикалық бірлік ретінде қолданылады. Ал сөз тіркесі мен сөйлем күрделі атауыштық жəне коммуникативтік қызметі тұрғысынан сөзден ерекшеленгенімен, онымен тығыз байланыста болады. Грамматикалық бірліктердің арасындағы мұндай қарымқатынастан морфология мен синтаксис салаларының арасындағы байланыс шығады. Қазақ тілі морфологиясының жалпы мəселелері 19-ғасырдың екінші жартысында Н. И. Ильминский, М. Терентьев, П. Мелиоранский, В. Катаринский сияқты ғалымдардың еңбектерінде жеке сөздердің құрамы мен жұрнақтар арқылы жасалуы жəне жалғаулар арқылы түрленуі тұрғысынан сөз етілгенімен, жеке сөз таптарының сөз табы ретіндегі ерекшеліктері мен лексикаграмматикалық сипатына баса назар аударылмады. Ал қазақ тілі морфологиясының негізгі мəселелері, оның ішінде сөз тұлғалары Қ. Жұбановтың 1936 жылы жарыққа шыққан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет