Ү тарау. Туған өлкенің геоэкологиясы, менің елім Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан мемлекетімен шектесіп жатуы, қоңыржай климаттық белдеуінде орналасуы, табиғат зоналарының ішінде шөл зонасында орналасуы қамтылған. Табиғат ерекшеліктері жөнінде мәлімет бере отырып жер қыртысы мен жер бетінің геоэкологиялық дамуындағы өзгерістер туралы түсінік беріледі.
ҮІ тарау. Жер ресурстарының экологиясы. Топырақтың ластануының басты себептеріне (жел, лас су, химиялық зиянды затты пайдалану арқылы егін егу) тоқталу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының жер кодексіндегі заңдарды түсіндіру.
ҮІІ тарау. Ішкі сулардың экологиясы. Биосферадағы судың тіршілік үшін маңызы, Шардара қоймасындағы судың ластануының басты себептері (тұрмыстық қалдық сулар, жел, құстардың орын ауыстыруы) жайында түсінік беру.
ҮІІІ тарау. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Өз өлкемізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері мен таныса отырып өсімдіктер мен жануарлардың адам іс-әрекетінің нәтижесінде азайып бара жатқандығын және оларды қорға жолдары көрсетіледі.
ІХ тарау. Шымкент қаласының геоэкологиясы. Шымкент қаласының геоэкологиялық жағдайы тарауында, Шымкент қаласының ластығы жөнінен облыстар арасында алатын орны, қаладағы зауыт, фабрикалар көлік тұмыстық қалдықтардың әсері қаланың экологиялық әл-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүргізілеін іс-шаралармен танысу. Туған өлкеміздің экологиялық жағдайы толғандыратын жағдайлардың бірі болғандықтан; қалада орын алып жатқан экологиялық жағдайларға тоқталуды жөн көрдім. Шардара жеріне ең біріншіден әсер ететін экологиялық апатты жағдай Қызылорда маңынан келетін Арыстанды-Қарабас желінің әсері. Экологиялық жағдайдың туындауына бірінші себебін тигізеді. Сонымен қатар Арал теңізінен келетін құстардың орын ауыстыруына байланысты, өзенге саңғырықтарын тастап өтуі де, өз әсерін тигізіп жатса, қалада тұрып жатқан халықтардың күл-қоқысты қалай болса солай өзен жағасына тастауларына байланысты сондай-ақ жаздың күндері көптеп адамдардың өзен жағасына келіп, сауық-сайран салып керексіз болған заттарын суға тастауы. Сонымен қатар өзеннің тұрмыстық қалдық заттардың әсерінен де ластанып жатқандығы т.б. келеңсіз жағдайлар мен қатар өз туған өлкеміздің экологиялық әл-ахуалын, жақсарту мақсатында жүргізілетін іс-шаралармен танысу.