Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

сар
ап
тамалы
қ
 
 
талд
ам
ал
ы
-
сарап
там
ал
ы
қ 
блок
 
Қоғам тапсырысы – ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы 
кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті жоғары санатты мамандарды даярлау 
білім алушылардың ерекше білім алуға деген сұранысы 
Мақсаты - инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау 
мазм
ұн
дық
 
Тұғырлар 
Құзіреттілік, жүйелілік, аксиологиялық, 
тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, 
тәжірибелік-бағдарлық, модульді 
 Ұстанымдар 
Оқытудың өмірмен және кәсіби 
дайындық ерекшелігімен байланысы, 
ғылымилық, қолжетімділік, жүйелілік, 
сабақтастық, көрнекілік, мотивациялық 
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курс пен арнайы курс 
бағдарламасы 


99 
Оқыту формалары: 
жаппай (проблемалық дәріс, әңгімелеу), топтық, жұппен, жеке жұмыс, семинарлар, 
тақырыптық ойын, практикалық жаттығулар мен тапсырмалар, ғаламтор-
конференция, квест-жоба, жағдаяттар және т.б.) 
Белсенді оқыту әдістері: 
Проблемалық дәріс, АКТ-мен дәріс, миға шабуыл, жобалау әдісі 
Оқыту құралдар: 
Компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне жазбалар, Ғаламтор желісінің 
қорлары, АКТ 
ди
аг
н
ос
ти
к
алық
 
Компоненттер: 
-мотивациялық 
-когнитивтік 
-еріктілік 
Деңгейлері: 
-элементарлық 
-функционалдық 
-жүйелілік 
Нәтиже – инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығының деңгейі жоғарылаған болашақ бастауыш 
сынып мұғалімі 
Сурет 7 - Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға 
даярлау моделі 
Тұлғалық-бағдарлық тұғырдың маңызын ескере отырып, біздің зерттеу 
жұмысымызда мақсатты компонент білім алушылардың сұраныстарына, 
қажеттіліктеріне (сауалнама жүргізілді), тәжірибелік мекемелердің материалды 
жағдайына (бақылау мен талдау тәсілдері қолданылды) ескере отырып, 
қалыптастырылды. 
Мақсатты айқындайтын міндеттер мыналар: 
- инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпарттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлықтың қазіргі жәйін анықтау;
- инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпарттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлықтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау;
- инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлығын қалыптастыру. 
2 Мазмұндық блокБастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану»арнайы 
курсы сипатталған. Арнайы курс модулды тұғыр теориясына сәйкес 
құрастырылған. Модулды тұғыр шағын оқу курстарын меңгеруде дайындықтың 
жоғары нәтижелеріне қол жеткізудің ең тиімді жолы болып саналады. Модулды 
оқыту кәсіби іс-әрекеттің тәжірибелерін жүйелеу, толықтыру үшін барынша 
қолайлы жағдай қалыптастырады. Модулды оқыту сұранысқа ие заманауи 


100 
педагогты, оның сыни ойлау қасиеттерін дамытып, білім алушылардың 
шығармашылық қабілеттерінің көрінуіне септігін тигізеді. 
Модулдық ұстаным даярлық бағдарламасына мынадай талаптар қойды: 
– оқытуды бағытының мазмұны мен оның құрамдас бөліктерін (тараулар 
мен тақырыптарын) анықтау; 
– ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен жұмыс жасауындағы 
базалық деңгейіндегі даму біліктіліктерін ескере отырып, студенттерді оқытуда 
дифференциалды бағдарламасын құрастыру; 
– ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен жұмыс жасауындағы 
базалық деңгейіндегі даму біліктіліктерін модульдердің мазмұнына бейімдеу, 
білім алушылардың білімге деген сұраныстарын ескеру; 
– білім алушылармен кері байланыс орнату; 
– кері 
байланыс 
каналдары 
бойынша 
өзгерістер 
ендіру 
үшін 
бағдарламалардың ашық әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету. 
Кері 
байланыс мазмұны екі 
бөліктен 
құралады: 
ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдана 
отырып, 
даярлықты 
қалыптастырудың бағалау критерийлері мен осы технологиялар негізінде білім 
алушылардың білімге, дағды мен тәжірибеге деген қажеттілігі.
Модулдық бағдарламаны жобалау барысында мынадай сұрақ туындайды: 
«Оқу бағдарламасының мазмұны қандай кәсіби мәселелерді шешуге 
дайындайды?». Сұраққа жауап – маманның кәсіби іс-әрекеттеріне талдау жасау. 
П.А.Юцявичене ақпарат модулдерін қалыптастыруға мынадай талаптар 
ұсынды: 
– оқу материалын ұйымдастыру білім алушылардың дидактикалық 
мақсаттарға қол жеткізуін (кәсіби мәселелерді шешу) қамтамасыз етеді; 
– әрбір модулдың теориялық-әдістемелік материалы дидактикалық 
мақсаттарға сәйкес болып, ақпараттардың бірыңғай блогының мазмұнын 
көрсетуі керек; 
– жекелеген модулдер аяқталған бірлік болып, мазмұнды жеке тұлғалық 
білім алуға деген қажеттіліктерге сәйкес етіп құрастыруы керек; 
– модулдың мазмұны құрамындағы компоненттерге қарай біртұтас, 
аяқталған құрылым болып қоймай, бағдарламаның бөлігін құрайды. Ақпараттар 
модулы мынадай бөліктер енеді: мақсатты бөлігі, теориялық-әдістемелік оқу 
ақпараттары, модулды өтудің әдістемелік нұсқаулығы бойынша ақпараттар, 
бақылау-бағалау бөлігі; 
– модулды тәсілді жүзеге асыру дегеніміз – дәстүрлі ғана емес, ақпараттық 
тәсілдер және дайындық формаларын және олардың интеграциясын білдіреді; 
– модулдың мазмұны пәнаралық байланысты жалпыкәсіби және пәндік 
дайындық блоктарымен байланысына негізделген. 
Білім алушылар инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдана отырып, белгілі бір кәсіби 
мәселелерді шешу тәсілдерін толық игерсе ғана, модуль толық өткен болып 
саналады. Бақылау тапсырмаларының кешені дайындық үдерісі мен оның 
нәтижесінің арасындағы кері байланысты құрастыру үшін жұмсалады. Ол 


101 
студенттің модулды өткеннен кейінгі қол жеткізген жетістіктерін дереу 
бағалауды қамтамасыз етеді. Бақылау тапсырмаларының кешені білім 
алушыларды дайындауды бақылау мен оның өзін-өзі бақылау дағдысының 
қалыптасуына септігін тигізеді. 
Арнайы курсты оқыту барысында кәсіби бағыт пен жалпыға бірдей білім 
беру бағытындағы оқу пәндерінің арасындағы пәнаралық байланысты 
қалыптастырылды. Жаңа материалды меңгеру студенттер «АКТ-ны оқыту 
әдістемесі», «Бастауышта информатиканы оқыту әдістемесі», «Информатика» 
пәндері бойынша алған жалпы теориялық және тәжірибелік білімдер негізінде 
жүзеге асты. Бұл білімдер, дағдылар кәсіби мәселелерді шешудің тәжірибесіне 
ауысты. Оны қамтамасыз ету үшін кәсіби мәселелер дамуында ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытудың тәжірибесінен алынған 
формаларға алмасты. 
Арнайы курс ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
даярлығының қажетті формалар, әдістер мен құралдарын айқындайды. Жұмыс 
түрлері білім берудегі тұлғалық-бағдарлық тұғырына сәйкес таңдалды. 
Дәстүрлі жаппай жұмысының өзара әрекеттесу формасы шектеулі. Бұл жұмыс 
формасындағы оқытушының көзқарасы мен іс-әрекетін жаңа ақпаратты жеткізу 
(проблемалық 
лекциялар, 
ақпараттық-коммуникативті 
технологияларды 
қолдана отырып, лекция оқу, тапсырмалар мен жаттығуларды жасау) үшін 
қолдануға міндетті етті. 
Басты жұмыс түрі – шағын топтармен жұмыс жасау болды. Мұндай 
форманың маңыздылығы инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың даярлығын 
жалпыпедагогикалық бағыт деңгейінде студенттерді дайындауда бір-бірімен 
тығыз өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Студенттер топтарға бөлініп, бір-
бірімен ынтымақтастық барысында жеткіліксіз білімі мен дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік алды. Шағын топтармен жұмыс жасаудың тағы бір 
себебі – даярлықтың мазмұны мен оның кәсіби бағыттылығы мәселесіндегі 
айырмашылықтарды анықтау. 
Жұмыстың жеке тұлғалық бағдарланғандығы білім алушының өз 
қарқынында әрекет етуіне және қалыптасқан біліктіліктерін толыққанды 
көрсетуіне септігін тигізді. Жұмыстың тағы бір маңызды формасы –жекеленген 
– 
оқытушының 
ақпараттық-коммуникативті 
технологияны 
қолдану 
жағдайындағы рөлдеріне негізделді (кеңесші, серіктес). 
Басты тәсілдер ретінде белсенді оқыту тәсілдері таңдап алынды. Бұл 
тәсілдер дәстүрлі, бірақ қазіргі заман қоғамының талаптарына сәйкес барынша 
жетілдірілген тәсілдермен (айталық, проблемалық дәріс, проблемалық семинар 
т.б.) бірге қолданылды. Соған байланысты, әрбір модулдың мазмұнын таңдау 
үдерісінде проблемалық жағдаттар анықталды. Оларды шешуге болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдердің белсенділігі бағытталды.
Проблемалық жағдаяттарды құрудың тәсілдері мынадай:
– проблемалық сұрақтар құру,
– стандартты емес кәсіби міндеттерге ұсыныс жасау т.б.


102 
Проблемалық жағдаяттың мәні – қарама-қайшылықта (қажет етілген мен 
ақиқаттылық, мақсат пен құралдар т.б. арасындағы). 
Құзіреттілік тұғырда кәсіби мәселелер білім мазмұнының бірлігі болып 
саналады. Кәсіби мәселелердің жиынтығы кәсіби дайындаудың мазмұнының 
«өзегін» құраса, кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу кезеңдері мазмұнды «күшейте 
түсудің» логикасын анықтайды. Кәсіби мәселелер материалды меңгерудің 
әртүрлі деңгейлеріне сәйкес келеді: жалпы түсінік, меңгеруді тереңдету және 
кәсіби іс-әрекеттің стандартты ситуацияларында шешім қабылдай алу, 
меңгеруді тереңдету мен стандартты емес ситуацияда жаңа тәсілдерді қолдану 
арқылы шешім қабылдау. Кәсіби мәселелерді шешу үдерісінің мұндай 
сипаттамасы оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын 
қолдануға даярлық деңгейін айқындауға септігін тигізеді. 
Бұл жұмысымызда жағдаяттарды (белгілі бір жағдай, қалыпты құрайтын 
шарттар мен ережелердің сәйкестігі) емес, педагогикалық жағдаяттарды 
қарастырамыз. Соңғысы «баланың қалыптасуында педагог тәрбиелік мақсатта 
қолданатын педагогикалық (соның ішінде дидактикалық) шарттарының 
жүйесі» ретінде анықталады [192, б.181].
Педагогикалық жағдаяттың айырмашылығы – ондағы педагогтың рөлінде. 
Педагогикалық жағдаят – ерекше білім алуға деген қажеттілігі бар 
тәрбиеленушінің даму ортасы. 
Кәсіби мәселелерді шешу дегеніміз көбінесе, проблемалық педагогикалық 
жағдаятты білдіреді. Себебі бұл мәселелердің туындауының шарты жаңа тәсілді 
қолдануды талап етеді. И.Я.Лернер шығармашылық әрекет тәжірибесі тек қана 
проблемалық типті ситуацияны шешу барысында қалыптасады [193].
Проблемалық сипаттағы міндеттер мен жағдаяттар жаңа білім, дағды және 
тәжірибені қалыптастыруға ғана емес, қалыптасып қойған білім мен шешім 
қабылдау дағдысын шығармашылықта қолдана білуге септігін тигізеді. 
Проблемалық педагогикалық жағдаяттарда игерілген білім мен дағды саналы 
түрде қалыптасып, жүйелілік сапасына ие болады. 
Модулдерді кәсіби мәселелермен толықтыру моделдің мақсаттарына сәйкес 
келеді деген қорытынды жасаймыз. Кәсіби мәселелер проблемалық 
педагогикалық ситуация арқылы көрініс береді. 
Оқыту құралдары – сыртқы қоршаған әлемнің таным үдерісін жеңілдететін 
негіздері 
болып 
табылады. 
Оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларыинклюзивті білім беру жағдайында туындаған мәселелерді 
шешу үшін қолданғанда – кәсіби дайындықтың маңызды құралына айналады. 
Сонымен қатар, біз технологияларды қолдана отырып жүргізілген сабақардың 
бейнежазбасын да пайдаландық. 
Оқытудың ақпараттық технологияларына негізделген білім беру 
технологиялары екі топқа бөлінеді: 
1) локалды компьютерлерге негізделген технологиялар (компьютердің өзі 
және оның бағдарламалық қамтылуы, оқу құралдары, дидактикалық 
материалдар); 


103 
2) локалды желі мен жаһандық Internet желісін қолданатын желілік 
технологиялар (оқу құралдарының электронды нұсқасы, дидактикалық 
материалдар, аудио-, бейнематериалдар). 
Аудиториялық дәріс сабақтарында бірінші топтағы технологиялар негізгісі 
болып табылады (көрнекіліктер т.б.). Тәжірибелік сабақтарда екінші топтағы 
технологиялар жиі қолданылған, себебі компьютерлерді локалды желіге қосу 
уақытты үнемдейді. Internet желісі ресурстардың көп бөлігіне қолжетімді етеді. 
Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау құралы 
ретінде қолдану барысында, біз үлгінің құрамына дидактикалық ұстанымдарды 
ендірдік – оларды қолданудың тиімділігін арттырудың маңызды шарты [193]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет