Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
сынып мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығы деп тұлғаның маңызды кәсіби 
сапаларының қалыптасуы мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар 
балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық 
білім беру ортасына кіріктіру арқылы инклюзивті жағдайда оқытуды, 
тәрбиелеуді, дамытуды жүзеге асыруының оңтайлы және тиімді етіп 
пайдалану алу іскерлігі мен қабілеттілігідеп өзіміздің анықтамамызды береміз. 
Сонымен жүргізілген педагогикалық талдаудың нәтижесінде инклюзивті 
білім беру ұғымы жан-жақты қарастырылғанымен оның теориялық-әдістемелік 
негіздемесі толыққанды өз шешімін таба алмай жүргенін байқауға болады, 
сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ мұғалімнің АКТ-
ды қолдану дайындығының шарттары мен жолдары жеткіліксіз қарастырылған, 
болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындауда АКТ-ның рөлі мен 
позициясы анықталмаған десек те болады. 


91 
1.3Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
Педагогті кәсіби қызметке дайындау оқу орнында білім алу барысында 
қалыптасады және болашақ маманның кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші болып 
табылады. Әсіресе, бастауыш білім беру аясында жұмыс жасайтын педагогтер 
үшін бұл аса маңызды, өйткені баланың білім алу үдерісінің алғашқы 
қадамдары мектептің бастапқы сатысында қалыптасатыны белгілі. 
Алдыңғы бөлімде инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш 
сынып 
мұғалімдерді 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдануға даярлаудың қазіргі жәйі, мазмұны, даярлықтың педагогикалық, 
психологиялық ерекшеліктері айқындалды. 
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау моделін әзірлеу анықталған әдіснамалық негізге сүйеніп жүзеге 
асырылатыны белгілі. 
Модель объектіні біртұтас құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Модель – бұл «... зерттеу объектісін бейнелеп немесе жарыққа шығара отырып 
оны меңгеру бізге осы объект туралы жаңа ақпарат алатындай етіп түсінудің 
орнын алмастыруға септігін тигізетін ойша ұғындырылатын немесе материалды 
жүзеге асырылатын жүйе» [183, б.10]. Үлгінің көмегімен объектінің 
құрылымдық бөліктерінің өзгерістерін алдын ала болжауға болады. Сөйтіп, үлгі 
бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау үдерісін көз алдымызға айқын 
елестетуге септігін тигізеді. 
Модельдің мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісін жүзеге асыруға 
теориялық негізді құрастыру.
Болашақ педагогті кәсіби даярлауда үлгілеудің әртүрлі тәсілдері бар 
(Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович). Біз солардың ішінен екі 
компоненті: құрылымдық (үдерістің мазмұны, мақсаты мен нәтижесі) және 
функционалды(ұстанымдар, кезеңдер, критерийлер, деңгейлер т.б.) біріктірілген 
үлгіні таңдап алдық. 
Модельдің мазмұнында инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш 
сынып 
мұғалімдерді 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдануға дайындау үдерісі үшін барынша тиімді болып табылатын тәсілдер 
көрініс тапты. Бастауыш сынып мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетте оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісіне 
оң ықпал ететін тәсілдің бірі – құзіреттілік тұғыр. 
В.М.Авдеев құзіреттілік тұғырды «білім беру үдерісінің мақсаты, мазмұны 
мен логикасын айқындайтын, хабардар болу, дағды, мағыналық бейімделу, 
бейімделу мүмкіндіктері, өзгермелі іс-әрекеттің тәжірибелері мен тәсілдерінің 
жүйелі кешенін дамытуға бейімделген жалпы ережелердің жиынтығы» деп 
түсіндіреді [184, б.239]. Құзіреттілік тұғыр педагог кадрларды дайындау 
барысында студенттерге білім беру үдерісінде арнайы қасиеттердің – 


92 
біліктіліктердің жиынтығын қалыптастыруды білдіреді. Алайда бұл қасиеттер 
«білімді игеру» тұжырымдамасына қарама-қайшы болып көрінеді. Шын 
мәнінде, құзіреттілік – білім алушылар әртүрлі типтегі дағдыларды игеріп, 
болашақтағы кәсіби, тұлғалық және қоғамдық өмірдегі туындаған әрқилы 
жағдайларда тиімді әрі дұрыс әрекет етуге мүмкіндік беретін ақпараттар 
жиынтығы болып табылады [185, б.17]. 
А. Мұхамбетжанованың пікірінше, «Модель – материалдық нысан түрінде 
құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да 
қарастырылатын нысанның жұмыс жасауын зерттеу үшін қолданылады. 
Модельге койылатын негізгі талап – оның қасиеттерінің негізгі нысанға сәйкес 
келуі, яғни барабарлығы». 
Педагогтің кәсіби біліктілігін қарастыруда Н.А.Бессмертнаяның: «... 
педагогтің білім беру үдерісіндегі әртүрлі мәселелерді шығармашылық
тұрғыдан шеше білуге әлеуметтік-психологиялық дайындығын білдіретін 
жүйелі білім, дағды және шеберліктер, тұлғалық қасиеттер, көзқарастар мен ой-
пікірлердің, тәжірибелердің жиынтығы болып табылатын компоненттердің кең 
диапазонынан тұратын күрделі интегративті білім» – деген анықтамасына 
сүйенеміз [186, б.18]. 
Осылайша, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындаудағы құзіреттілік 
тұғыр бітіруші түлектің қарқынды өзгеріп отыратын жағдайларда туындайтын 
кәсіби мәселелерді шешу үшін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларының құралдарын пайдалана отырып, инклюзивті білім беру 
жағдайында АКТ құралдарын қолдану дайындығын қалыптастырады. 
Қазіргі таңдағы жоғары білім беру жүйесі айқын гуманистік бағытта дамып 
келеді. Бұл өзара қарым-қатынас жасаудағы авторитарлы сипаттан шығып және 
болашақ бастауыш сынып мұғалімі тұлғасының белсенділігі мен құндылығын 
мойындауға, жеке тұлғалық білімге деген қажеттілік мен тұлғалық дамуға деген 
қажеттілікті қанағаттандыратын тек білім мазмұнына бағдарлы дайындықтан 
ауытқудан көрініс береді.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру психология (П.П.Блонский, 
И.С.Кон, Д.Б.Эльконин және т.б.) және педагогика (В.А.Сухомлинский, 
В.А.Сластенин т.б.) бойынша ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 
Педагог кадрларды дайындаудың тұлғалық-бағдарлық үдерісі білім 
алушылардың өз бойындағы тұлғалық әлеуетін ашу, дамыту және басқаларға 
көрсетуіне ықпал етуге бағытталған (Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко). 
Өз тұлғасының әртүрлі жақтарын терең түсіну –болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің ерекше білім алуға деген қажеттілігі бар балаларға адамгершілік 
қарым-қатынасына қажетті алғышарт, педагогикалық іс-әрекет барысында 
туындаған қиындықтарды жеңу үшін мүмкіндіктерді жұмылдыру болып 
табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беруде бастауыш 
сынып мұғалімінің кәсіби дағды мен білім секілді жоғары тұлғалық қасиеттері 
аса қарқынды сұранысқа ие болып отыр (Т.Л.Корженевич, Л.А.Ястребова т.б.). 


93 
Аксиологиялық тұғыр болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
жалпыадамзаттық 
құндылықтарға 
бағдарынан 
байқалады, 
адамды 
жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайтын қабілетті ең жоғарғы құндылық 
деп мойындау және оның тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру.
Қазіргі таңдағы педагогикалық-психологиялық ғылымдарда жалпы 
рухани-адамгершілік тәрбие парадигмасы өзгерістерге ұшырады, адам 
тұлғасын жетілдіруге негізделген модельден биологиялық және әлеуметтік 
деңгейлерге, болмыстың рухани деңгейінің тіршілік етуін мойындайтын
адамды тұтастай түсіну моделіне көшу орын алды (Б.С.Гершунский, 
Ш.А.Амонашвили, В.И.Волынкин, В.П.Зинченко, Д.М.Маллаев, М.Щетинин, 
Е.В.Бондаревская, Т.И.Петракова және т.б.). 
Ізгілік педагогикасы бойынша Мәскеу қаласында өткен (2012 ж.) 
«Мұғалім, мені шығармашылыққа шабыттандыр!» атты 11-ші Халықаралық 
педагогикалық оқуларда Ш.А.Амонашвили өзінің баяндамасының өзекті 
мәселесі етіп «рухани ізгілік» ұғымын енгізудің маңыздылығына тоқталды: «Өз 
санамызға руханилықтың өлшемін қабылдап, соның негізінде ойлау өте 
маңызды. Материалистік философия ойлау негіздері ретінде үш өлшемді 
құптайды – уақыт, материя, кеңістік. Ұлғайған сана осы өлшемдердің алдына 
тағы бір өлшемді – руханилықты қояды, оның өзегі жоғары бастауға деген 
сенім болып табылады. Рухани өлшем педагогиканы даналықпен толықтырады 
және болашаққа бағыттайды. Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік. 
Ол бүкіл білім беру жүйесі арқылы өтіп, оның негізі болуы тиіс. Руханилық, 
ізгілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, игілік ұғымдарының негізінде 
педагогикалық сананы өзгерту ғана білім берудегі кедергілерді – қоғамдағы 
рухсыздық пен өнегесіздікті жеңуге мүмкіндік береді» [240] 
Ғалымдар педагогика ғылымында қазіргі заманғы білім берудің жаңа 
парадигмасы тәжірибеде аксиология тұғыры бойынша адамның ішкі әлеміне 
бағдарланып, оның құндылығын, түрткісін, еркін сезінуге әсер етеді.  
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға 
кәсіби 
даярлауында, сол секілді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетте қолдану білім 
алушылармен өзара қарым-қатынас жасаудың тұлғалық-бағдарлы стилі дегенді 
білдіреді. Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілермен тұлғалық бағдарлық 
қарым-қатынас оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларының 
мүмкіндіктерін іс-әрекеттің педагогикалық түрінде толыққанды жүзеге асыруға 
қабілетті.
Іс-әрекеттік 
(П.Я.Гальперин, 
А.И.Леонтьев, 
С.Я.Рубинштейн, 
Д.Б.Эльконин) және тұлғалық бағдарлы тұғырлар өзара тығыз байланысты. 
Білім алушы оқу іс-әрекетінің субъектісі болып табылады. Ол осы іс-әрекетті 
жоспарлап, ұйымдастырып, түзетіп отырады. Сондай-ақ, адам баласы 
тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы тұлғалық дамып отырады. Бұны ғалым 
С.Л.Рубинштейн сана мен іс-әрекет байланысы ұстанымы деп атады. Осыдан 
келіп педагогика мен психологияда іс-әрекеттің субъективтілігі туралы 


94 
ұстаным 
қалыптасты 
(К.А.Абдульханова-Славская, 
В.В.Давыдов, 
А.В.Петровский). 
Оқу әрекетінің субъектісі – болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің жеке 
тұлғалық белсенді іс-әрекеті арқылы әлеуметтік, педагогикалық іс-әрекеттік 
тәжірибе жинақтайды. Іс-әрекет барысында оның кәсіби қабілеттері дамып, 
кәсіби іс-әрекеттің біртұтас құрылымы қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет