Оралбекова алия курбановна


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ



Pdf көрінісі
бет24/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
МҰҒАЛІМДЕРІН 
АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУҒА 
ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау әдістемесінің мазмұны 
Оқыту үдерісіне информатика мен заманауи ақпараттық технологиялардың 
жаңа әдістерін енгізу үдерісі елдегі білім беруді ақпараттандыру стратегиясына 
сәйкес жүзеге асырылуда. Оқу орындарын компьютерлік техникамен 
қамтамасыз 
ету 
бағытында 
белсенді 
жұмыстар 
жүргізілуде. 
Оқу 
аудиторияларының (сыныптардың жалпы санының 68%-ға жуығы) сапалық 
жағынан ескіруі ақпараттандыруға кедергі болып отыр. Бұл білім беру 
үдерісінде заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануға 
мүмкіндік бермейді. Біздің Алматы қаласындағы 32 жалпы білім беру 
мектептерінің ақпараттық құжаттарына (кездейсоқ таңдау әдісімен) жүргізген 
талдауымыздың барысында оқу орындарының басым көпшілігі штаттық 
информатика анықталды. Оқыту бағдарламаларының көпшілігінде дамуында 
ерекшеліктері бар балалардың ақпараттық ресурстардың құрылғыларын, 
әдістері мен алгоритмдерін пайдалануына тиісті рөл берілмейді (информатика 
аясында да, басқа пәндер аясында да).
Оқу үдерісінің АКТ-мен жеткілікті қамтылмауының негізгі себептері 8 
суретте көрсетілген (8-сурет). 
Сурет 8 - АКТ-ны оқу үдерісіне жаппай енгізуді тежейтін негізгі себептер 
Оқу үдерісінде АКТ-ны пайдаланудағы қиындықтарды анықтау 
мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
52%
12%
11%
1%
15%
6%
3%
компьютерлік техниканың 
сапалық жағынан ескіруі
компьютерлік бағдарламалар 
сапасының төмендігі
оқушылардың компьютермен 
жұмыс істеуге дайындығының 
жеткіліксіздігі
оқытушылардың компьютерлік 
технологиялар саласындағы 
дайындығының жеткіліксіздігі
оқытушылардың АКТ-ны оқу 
үдерісіне енгізуге 
қызығушылығының болмауы
компьютерлік техникаға 
қолжетімділіктің жеткіліксіздігі
компьютерлік бағдарламалардың 
кемшіліктері


109 
студенттерінің арасында сауалнама жүргізілген. Оған 60-тан астам болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдері (соңғы курс) қатысқан. Зерттеу барысында 
студенттер «Отбасы және компьютерлік технологиялар» сауалнамасының 
сұрақтарына жауап берді.
Сауалнама алынғандардың 75%-ында жеке дербес компьютері болуына 
қарамастан, сауалнама нәтижелері педагогикалық ЖОО студенттерінің 
арасындағы ақпараттандыру айтарлықтай төмен деңгейде екенін көрсетті. 
Сауалнама алынғандардың көпшілігі (58,2%) өздерінің АКТ туралы білімді 
мектепте алғандарын көрсеткен.
Тек 33%-ы ғана педагогика саласында компьютермен жұмыс жасай 
алатынын және информатика негіздері бойынша ең төменгі білімге ие 
екендіктерін айтқан. Қалған 48% респондент компьютерді тек өздері үшін білім 
беру Ғаламторлық ортаға шығу үшін ғана қолданатынын атап көрсеткен. 
Студенттердің 12%-ы компьютерді пайдаланбайды, оның орнына оқу 
мақсатына ұялы құрылғылардағы ғаламтор желісін қолданғанды дұрыс көреді, 
ал 7%-ы - педагогикалық қызметті оқып, үйрену мақсатында компьютерді де, 
басқа құрылғыларды да пайдаланбайды, оның орнына қағаз әдебиетті қолайлы 
көреді (сурет-9). Инклюзивті білім беру жағдайында компьютерді қалай 
пайдалану керектігін бірде-бір студент білмейді. Сөйте тұра студенттердің 
басым көпшілігі (75,6%) АКТ-ны педагогикалық үдеріске енгізу оның 
тиімділігін арттырады деп есептейді (9-сурет).
Сурет 9 - Болашақ педагогтардың компьютерді педагогикалық 
құзыреттілігін арттыру мақсатына пайдалануы
Респонденттердің 81,5%-ы оқу орнында оқу барысында АКТ-ны 
пайдаланатын пәндерді көбірек енгізу қажет деп мәлімдеді. Бұл білім беру 
33%
48%
12%
7%
кеңінен пайдаланады 
тек ғаламтор үшін 
пайдаланады
пайдаланбайды, оның 
орнына цифрлық 
құрылғылары қолданады
мүлдем пайдаланбайды


110 
үдерісінде ақпаратты өңдеу мен ұсыну құралдарын, әдістері мен тәсілдерін 
пайдалану мүмкіндіктерін арттырады.
Дербес компьютерде жұмыс істеу білімі, шеберлігі мен дағдыларына деген 
қажеттілік 13,5%-ында сақталған. Сауалнама алынғандардың көпшілігі 
өздерінің компьютерлік техникамен жұмыс істеу білімі мен білігі өте аз деп 
есептейді.
84 сауалнамаға қатысушы инклюзивті білім беруді ақпараттық қамтамасыз 
ету саласында білім, білік, дағдылардықажет ететінін атап көрсеткен. 
Студенттер компьютерлендіру мен заманауи АКТ-ның жетістіктерін табысты 
пайдалану заманауи білімді адамның қажетті ерекшелігі екенін түсінеді.
Сауалнама алынғандардың 62%-ы білім беру үдерісіндегі компьютерлік 
технологиялар баланың дамуында оң нәтижелерге және тіпті оның тұлғалық 
өсуіне алып келеді деген ортақ пікірге келген. Алайда, барлық дерлік 
респонденттер (82%) педагогтар мен ата-аналар баланың дербес компьютердегі 
жұмыс барысын ұдайы қадағалап отыруы керектігін атап көрсеткен.
Алынған нәтижелер негізінде студенттер материалды жеткізу кезінде АКТ-
ны пайдаланудың бар маңыздылығын түсінеді деп тұжырымдауға болады. 
Олардың көпшілігі ақпараттық құралдарды оқыту үдерісіне енгізу білім берудің 
тиімділігін арттыра алады деп есептейді.
Болашақ мұғалімдердің «ақпараттық құзыреттілік» ұғымын түсіндіруі бір-
бірінен қатты ерекшеленеді. Бұл аталған терминнің айтарлықтай кең мағыналы 
екендігімен байланысты. 10 суретте осы мәселе бойынша сауалнама нәтижелері 
көрсетілген (10-сурет). 
Сурет 10 - Болашақ педагогтардың «Педагогтің ақпараттық құзыреттілігі» 
ұғымын түсіндіру нәтижелері (педагогикалық қызметте АКТ-ның пайдалану 
құзыреттілігі), %-бен 
Алынған нәтижелер болашақ педагогтердің қатарында «ақпараттық 
құзыреттілік» терминінің бірыңғай түсінігі жоқтығын көрсетеді. Сауалнама 
26.1
22
38
4.2
1.1
8.6
ақпараттандыру туралы білім қорының 
көп болуы
ақпараттық ресурстарды пайдалану 
шеберлігі
практикалық ақпараттық міндеттерді 
шешуге бағытталған қажетті теориялық 
білімдердің үлкен қоры
ақпараттық қарым-қатынасты 
ұйымдастыру шеберлігі
бұл ақпараттық жаңалықтардан хабардар 
болу мүмкіндігі
басқа пікірлер


111 
алынғандардың басым бөлігі оны кәсіби іс-әрекетбарысында тәжірибелік 
міндеттерді шешуге қажетті теориялық білімдердің қомақты көлемімен 
теңдестіруге болады деген қорытындыға келген.
Оқу үдерісін ақпараттандыру кезінде жұмыс істеп тұрған оқытушылық 
құрамды қайта даярлау қажет етіледі. ҚР білім беру жүйесіндегі басшы және 
ғылыми-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық 
институттың мәліметтері бойынша, оларға бағдарламалық және компьютерлік 
құралдардың қыр-сырын оқытуға жұмсалатын шығындар оқу орындарын АКТ-
мен 
жабықтау 
бюджетімен 
бірдей[198]. 
Педагог 
компьютер 
мен 
мультимедиялық жабдықты меңгеріп қана қоймай, оның негізінде өз білім беру 
бағдарламаларын жасауы, оқу үдерісі мен оқушылардың АКТ-ға деген 
көзқарасын өзгертуі тиіс. Болашақ педагогтарға сонау педагогикалық білім алу 
деңгейінде білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық құралдарды 
пайдаланудың 
ерекшеліктерін 
оқытпайынша 
оқыту 
үдерісін 
толық 
ақпараттандыру мүмкін емес.
Педагогикалық білім алу барысындағы мамандардың ақпараттық 
құзыреттілігі екі негізгі бағыт бойынша қалыптасуы тиіс: 
1. Ғылыми-педагогикалық. Ол болашақ педагогтардың білім беру саласы 
қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай теориялық білімдер мен 
дағдыларды игеруін көздейді. Оқу орнындағы білім беру еңбек қызметін іске 
асырудың шынайы жағдайларына барынша жақындатылған болуы маңызды. 
Ғылыми-педагогикалық бағыттың негізгі құндылықтары мыналар: 
- басым ақпараттық-педагогикалық міндеттердің нысаналы мақсатта 
шешілуі; 
- өз ғылыми-педагогикалық міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру, 
АКТ-ны пайдалана отырып, басымдықтарды орындау кезінде оларды дұрыс 
орналастыра білу; 
- ақпараттық міндеттерді саралау және басым міндеттерді бөліп алу 
кезінде көп мөлшердегі өлшемдерді талдауды пайдалану; 
- стандартты немесе біртекті міндеттерді шешудің бағдарламалық тәсілдері 
мен әдістерін меңгеру; 
- педагогикалық үдерісте ақпараттық ресурстарды өңдеу мен жүйелендіру 
әдістерін таңдаудың негізгі өлшемдерін қалыптастыру. 
Яғни әңгіме оқу үдерісінде АКТ-ны оқу үдерісінің және оқушылардың 
пәнге деген қызығушылығын арттырудың тиімді құралы ретінде пайдалану 
мақсатын қалыптастыру туралы болып отыр. Еңбек қызметі тиімді болуы үшін 
педагогтан, атап айтқанда, дамуында ерекшеліктері бар балаларға көмектесетін 
арнайы қызметтері бар АКТ саласындағы жаңа білімдерін үнемі дамытып, 
толықтырып отыру талап етіледі.
2. Кәсіби-шығармашылық. Оған мыналар кіреді: 
– АКТ-ны жедел меңгеру және игерілген дағдыларды инклюзивті білім 
беру үдерісіне енгізу арқылы көрінетін педагогикалық іскерлікті қалыптастыру; 
– педагогикалық іс-әрекеттерді табысты іске асыруға қажетті теориялық 
білімдер мен тәжірибелік дағдылардың деңгейін ұдайы арттырып отыру; 


112 
– дамуында ерекшеліктері бар балалар пайда болған жағдайда шұғыл 
педагогикалық міндеттерді шешу үшін тез қайта бейімделе білу; 
– ақпаратты өңдеу, оны талдау мен жүйелендірудің әралуан әдістерін 
үйрену және белсенді пайдалану; 
– педагогикалық мақсаттарды қалыптастырып, мектепке және басқа да оқу 
орындарына ақпаратты мәдениетті енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар 
дайындай білу; 
– оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудегі күрделі аймақтарды анықтау 
мақсатында педагогикалық үдерістегі зерттеу қызметінің әдістемелерін 
белсенді пайдалану. 
Педагогикалық ЖОО студенттерінде АКТ пайдалануға деген қажеттілікті 
мақсатты түрде қалыптастыру біздің алдыңғы шағын бөлімде ұсынған 
ақпараттық құзыреттілік деңгейлеріне сәйкес келетін бірнеше кезеңдерде 
жүзеге асырады (11-сурет). 
Сурет 11 - Педагогикалық үдерісте АКТ пайдалануға кезең-кезеңімен 
дайындалу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет