Оралбекова алия курбановна


Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет26/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

 
2.2 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау әдістемесін тәжірибеден өткізу
 
Кез-келген технологияны кіріктірудің алдында педагогикалық тұрғыда 
дамыған тұлғаның қалыптасуына негіз болатын білім беру ортасын үлгілеу 
үдерісі жүреді. Ақпараттық білім беру ортасы дегеніміз – білім алушы мен 
педагогтың АКТ-ның көмегімен өзара әрекеттесуі үшін қолайлы жағдайлардың 
жасалуы. Өз кезегінде, мұндай оған оқушылар, білім беру үдерісінің мақсатты 
оқыту бағдарламасы мен әдістері, тәлімгерлер және ақпараттық құралдар 
тәрізді өзара байланысты элементтер тән. 
Бұдан бұрын алынған қорытындылардың негізінде біз «Бастауышта оқыту 
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Бастауыш білім беруде 
АКТ-ны қолдану» арнайы курс бағдарламасының тұжырымдамалық үлгісін 
жасадық.
Оқу бағдарламасы дегеніміз – нақты пәнді өту барысында белгілі бір 
мамандық студенттерінің игеруі тиіс білімдері мен тәжірибелік дағдыларының 
ең төменгі мөлшері мен оқыту жоспарын айқындайтын нормативтік құжат 
[214]. 
Оқу бағдарламасына мынадай негізгі бөлімдер кіреді: 
- пәнді оқыту мақсаттары; 
- теориялық және тәжірибелік міндеттерден тұратын оқу жоспары; 
- пән бойынша қосымша оқыту; 
- оқыту барысында пайдаланылатын негізгі әдістердің сипаттамасы; 
- студенттердің артта қалушылығы немесе пәнді жеткілікті игере алмауы 
кезіндегі түзетуші іс-шаралардың сипаттамасы. 


123 
Нормативтік құжатқа әрдайым оқыту бағдарламасынан көрінетін белгілі 
бір талаптар қойылады [215]. Олардың негізгілері: пәннің мақсаттары, оқыту 
пәнінің мазмұны, оқытуға арналған материалды таңдап алу қағидалары, 
сабақтарды уақыты және күнтізбе бойынша жоспарлау, типтік тапсырмалар, 
материалдарды бекіту үшін өз бетінше білім алуға арналған тапсырмалар, 
терминология, білім алушылардың алған білімдерін бағалау әдістері, әдебиет 
көздерінің тізімі, оқыту бағдарламасынан күтілетін нәтиже. 
Студенттерді АКТ-мен жұмыс істеуге оқыту жөніндегі арнайы курстарды 
құру үш бірыңғай мақсатты көздейді: 
- таныстыру – ақпараттық ағындарды жоспарлау; 
- психологиялық – тұлғаны педагогикалық дамыту, АКТ-мен жұмыс істеу 
мақсатын қалыптастыру; 
- ұйымдастырушылық – ақпараттық құралдардың көмегімен білім 
алушылардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің тиімді схемасын құру.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы бойынша оқу 
бағдарламасын жасау кезінде оның негізгі оқыту мақсаттарына қайшы келмеуі, 
әмбебап және икемді болуы тәрізді стандартты талаптарға жауап беруі 
маңызды[216
].
Оқу бағдарламасын жасау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс: 
а) оқу үдерісін алдын-ала құру және оны нақты бір оқу орны аясында 
сынақтан өткізу; 
ә) курс аясында АКТ-мен жұмыс істеуге үйретудің мақсаттарын дәл 
қалыптастыру; 
б) оқу курсының өзекті мазмұнын қалыптастыру (бағдарламаға заманауи, 
ескірмеген ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге бағытталған тәжірибелік 
сабақтарды енгізу); 
в) оқу үдерісінің тұтастығы, яғни ақпараттық құралдармен жұмыс істеу 
жөніндегі теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жүйелі түрде беру. 
Жоғарыда сипатталған факторлардың негізінде біз «Бастауыш білім беруде 
АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері» арнайы урсы бойынша оқыту бағдарламасын 
қалыптастыру алгоритмін жасап шығардық. Оны жан-жақты қарастырайық.
1. Нормативтік құжаттың мақсаттарын қалыптастыру. Басым мақсаты — 
студенттердің бойында өз кәсіби қызметінде АКТ-мен жұмыс істеу мақсаты 
мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету төмендегі 
міндеттерді жүйелі түрде шешуді талап етеді: 
– студенттерге дидактикалық материалдар негізінде АКТ-мен жұмыс 
істеудің тәжірибелік дағдыларын оқыту
– болашақ педагогтарды инклюзивті білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізуге 
байланысты міндеттерді өз бетінше шешуге дайындау; 
– білім алушылардың нақты бір оқу орнында және жалпы білім беру 
саласында 
білім 
беру 
үдерісін 
ақпараттандыруға 
дайындығын 
қалыптастыру[217
].
Бұл міндеттерді шешу студенттердің алуан түрлі іс-әрекет нысандарын 
пайдалануын талап етеді: 


124 
1. Репродуктивті. Ол оқу материалын қайталауды және бекітуді көздейді. 
2. Репродуктивті-шығармашылық. Бұл – білім беру үдерісінде 
пайдаланылатын материалды талдау, оны басқа құбылыстарға ауыстыру, 
ақпараттық құралдарды тек қалыпты балалармен ғана емес, дамуында 
ерекшеліктері бар балалармен де жұмыс істеу кезінде қолдануға деген 
қажеттілікті қалыптастыру. 
3. Шығармашылық. АКТ-ны нақты жағдайларды үлгілеуге және типтік 
және типтік емес міндеттерді шешуге белсенді пайдалану. 
Репродуктивті, репродуктивті-шығармашылық және шығармашылық 
қызметтердің үйлесімі тұлғаның тәжірибелік міндеттерді шешу үшін АКТ-ны 
пайдалануға кешенді бағытталуына көмектеседі. Сондай-ақ кешенділік әсерінің 
арқасында студент оған педагогикалық стратегиялардың ұдайы өзгеріп 
отыратындығын ескере отырып, кәсіби іс-әрекетте ақпараттық құралдарды 
жемісті пайдалануға мүмкіндік беретін білімдерді игереді. 
Осылайша, АКТ-ны пайдалану дағдыларын оқытатын арнайы пәнді 
енгізудің мақсаты педагогикалық іс-әрекетте ақпараттық құралдарды 
қолданудың өзекті теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын алу болып 
табылады. Мұнда АКТ-ны қолданатын қандай да бір оқыту әдісін жобалық 
үлгілеу мен оның табыстылығын жаңылыс есептеуге айрықша көңіл бөлінеді.
2. «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдау» арнайы курсының теориялық 
бөлігі үшін материал жинау студенттердің заманауи ақпараттық-
коммуникациялық құралдар туралы жалпы білім алуына мүмкіндік беретін 
әмбебап пән болып табылады. АКТ-ны пайдалану мақсатын қалыптастыру 
үдерісі кезең-кезеңімен жүруі қажет болғандықтан, теорияның 3 модулін бөліп 
қарастыруға болады[218, б.349
]

1 модуль – ақпараттық-коммуникациялық құралдар туралы жалпы түсінік. 
Сабақ барысында АКТ терминологиясы, жіктелімі келтіріледі, ақпараттық 
құралдардың инклюзивті білім беру үдерісіндегі рөлі туралы әңгімеленеді. 
Инклюзивті білім берудің дамуы мен қалыптасуы тарихы. ҚР болашақ 
бастауыш сынып мұғалімінің инклюзивті білім беру жағдайында әсіби 
дайындық мәселесі. Инклюзивті білім беру жағдайында АКТ-ны қолданудың 
халықаралық тжірибесі. Заманауи АКТ-ны, олардың арнайы қызметтерін және 
олардың нақты тәжірибеде қолданылуын талдауға айрықша көңіл бөлінеді.
2 модуль – Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық құзіреттілігі. АКТ 
қолдана отырып білім беру үдерісінің ерекшелігі қарастырылады. Оқыту 
бағдарламасының бұл бөлігі білім алушылардың АКТ-ны қолдану кезіндегі 
өзара әрекеттестік нысанын сипаттайды. Нақтыпән мен ақпараттық құралдарды 
қолданудың әмбебап әдістемесінің үйлесуіне бөлек көңіл бөлінеді. 14 кестеде 
арнайы пәннің бейіндік пәндермен негізгі өзара байланысы көрсетілген (14-
кесте).
Кесте 14 - Арнайы курс аясында алынған теориялық білімдердің жалпы 
педагогикалық құндылықтармен және стандарттармен байланысының үлгісі


125 
Курс тақырыбы 
«Бастауыш білім беруде 
АКТ-ны қолдану» 
Байланыстырушы 
буындар 
Арнайы курстардың 
тақырыптарын 
қарастыратын бейіндік 
пәндер 
АКТ ұғымы: пайда болу 
тарихы, жіктелуі, 
құрамдас бөліктері 
«Педагогикалық 
технология», «Оқыту 
технологиясы», 
«инклюзивті білім 
берудің құраушы 
технологиялары» 
ұғымдары 
Педагогика 
Материалды беру 
сапасын арттыру үшін 
оқу үдерісін АКТ-ны 
қолдана отырып 
ұйымдастыру
Оқыту үдерісін 
ұйымдастыру нысаны, 
сабақтың құрылымы 
Педагогика 
АКТ-ны білім 
алушылардың сабақтан 
тыс қызметінде 
пайдалану 
Сыныптан тыс 
сабақтарды 
ұйымдастыру, сыныптан 
тыс сабақтардың 
құрылымы 
Тәрбиелеу теориясы мен 
әдістемесі 
АКТ-ны ғылыми-зерттеу 
қызметіне пайдалану 
Ақпараттық құралдарды 
ғылыми-зерттеу 
қызметіне пайдалану
білім алушылардың 
білімдерін тексеруге 
арналған жұмыс түрлері 
(рефераттар, курстық, 
тәжірибелік жұмыстар) 
Студенттердің оқу-
зерттеу жұмысы 
3 модуль–АКТ-ны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдері. Интербелсенді 
тапсырмаларды құруға арналған бағдарлмаларды қолдану негіздері. арнайы 
пәндерді оқыту кезіндегі АКТ. Ақпараттық құралдарды пайдалану оқушыларға 
оларды қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану кезіндегі психологиялық 
кедергіні жеңуге мүмкіндік береді. АКТ оқуға, жазуға, сөйлеуге үйрету, 
лексика, грамматика, фонетика, т.б. оқыту кезінде қажет. Қажетті нормативтік 
құжаттар мен әдістемелік әдебиетке қолжетімді ететін телекоммуникациялық 
құралдарды пайдалануға көп уақыт бөлінуі тиіс. Пәнді өту барысында алынған 
білімдердің нәтижелілігін бағалау кезеңінде студенттердің зерттеушілік және 
әдістемелік қызметтер барысында АКТ-мен жұмыс істей білу шеберлігіне 
талдау жасалады.
3. Оқу пәнінің тәжірибелік бөлігін қалыптастыру. Пәннің дәл ақпараттық 
құралдармен жасалатын дене жұмысына көп уақыт бөлуді қажет ететін 
тәжірибелік бағытын атап өткен жөн. Тәжірибелік бөлік студенттерге екі бағыт 


126 
бойынша берілуі тиіс дәрістік материалды игеруді көздейді, олар: стандартты 
оқытудағы ақпараттық құралдар және дамуында ерекшеліктері бар балаларды 
оқыту кезіндегі ақпараттық құралдар. Тәжірибелік бөлім оқу орнының арнайы 
ақпараттық құралдармен жабдықталуы ескеріле отырып, теориялық бөліктің 
негізінде жасалады.
4. Теориялық және тәжірибелік сабақтарды күнтізбе мен уақыт бойынша 
жоспарлау. Пәннің қандай да бір блогының маңыздылығы негізінде қандай да 
бір сұраққа берілетін сағаттар саны көрсетіле отырып, оқу жоспары жасалады. 
5. Терминология. «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы 
төмендегі ұғымдар мен терминдерге негізделген: 
- инклюзивті білім беруді ақпараттандыру; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 
- бағдарламалық-әдістемелік курс; 
- педагогикалық жүйені үлгілеу; 
- оқыту сценариі. 
Ұғымдар бүкіл оқу курсының бойында теориялық және тәжірибелік 
сабақтарды тиімді меңгеру үшін кезең-кезеңімен енгізіледі.
6. Студенттердің білімін бақылау. Студенттердің әртүрлі материалдарды 
игеру деңгейін бағалау үшін алуантүрлі әдістер қолданылады. Оқу курсының 
соңында қорытынды білім қиығы жүргізіледі. Оның нысандары: реферат жазу 
немесе инклюзивті білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалануға қатысты 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Зерттеу жүргізуден бөлек, студенттер өз 
жобасын қорғауы қажет. Бұл теориялық білімдері мен дағдыларын жақсырақ 
бекітуге мүмкіндік береді. Қорытынды жұмыстың негізінде болашақ 
педагогтардың өз кәсіби қызметінде АКТ-ны қолдану саласында алған 
құзыреттілігінің деңгейін пайымдауға болады. Шығармашылық жұмыстар 
барысында студенттерде тек оқуда ғана емес, күнделікті өмірде де қандай да 
бір мақсатқа жету үшін ақпараттық құралдарды жүйелі түрде пайдалануға 
бейімділік қалыптасады.
Арнайы курс бойынша бағдарлама педагогикалық мамандықтардың 
студенттерін кәсіби қызметте АКТ-ны пайдалануға жүйелі және үздіксіз оқыту 
қағидасына, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық 
университетінің студенттерімен жұмысы барысындағы жеке тәжірибесіне сай 
болуы керек.
Оқыту бағдарламасы «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен 
әдістемесі» мамандығына бейімделген. Ол бітірушілер оқу орнын бітіргенде 
алуы тиіс білімдер мен дағдылардың ең төменгі мөлшерінен тұрады. 
Стандартты тақырыптық оқыту жоспары 15 кестеде көрсетілген (15-кесте). 
Кесте 15 - Арнайы курстың оқу-тақырыптық жоспары 
Тақырыптар 
Сағат саны 


127 
дә
рі
с 
семи
на
р 
СО
Ө
Ж
СӨ
Ж
1. 
АКТ: инклюзивті білім беруге енгізудегі қиындықтар 
мен мүмкіндіктер 




2. 
Бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде АКТ-ны 
пайдаланудың маңыздылығы 




3. 
«Ғаламтор желісі: оқу және кәсіби іс-әрекетүшін 
артықшылықтары, мүмкіндіктері, болашағы». 




4. 
Ғаламтор арқылы ақпаратық іздеу стратегиясы, 
жаһандық желінің стандартты сервистерімен танысу 




5. 
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде 
АКТ-ны пайдалану кезіндегі психологиялық кедергіні 
жою 




6. 
АКТ мен дамуында ерекшеліктері бар балаларға 
арналған арнайы құралдардың көмегімен оқу, сөйлеу, 
лексика, фонетика дағдыларын жетілдіру 




7. 
«АКТ-ны қолдана отырып жекелеген пәндерді оқыту 
бағытындағы өзіндік және ұжымдық жұмыстарды 
ұйымдастырудың 
ұйымдастырушылық 
және 
психологиялық қырлары» 




8. 
Ақпараттық құралдарды пайдалана отырып оқытуды 
ұйымдастыру 




9. 
Тілдік пәндерді оқыту кезіндегі АКТ 




10. 
Тілдік емес пәндерді оқыту кезіндегі АКТ 




11. 
Фонетиканы жетілдіру кезіндегі АКТ 




12. 
Лексиканы оқыту үшін АКТ-ны пайдалану 




13. 
Грамматиканы оқыту кезінде АКТ-ны қолдану 




14 «Педагогикалық басқару саласы мен мұғалімнің 
шығармашылық қызметіндегі АКТ-ның рөлі». 




15 «Инклюзивті мектептің бастауыш сыныптарында 
тілдік пәндердегі оқытудағы АКТ-ның рөлі 




Барлығы 
15 15 30 30 
Кестеде көрсетілгендей, арнайы курс көлемі – 90 сағатқа (3 кредит) 
есептелген, оның 15 сағаты дәріс, 15 сағаты семинар сабағы, ал 30 сағаты 
СОӨЖ, 30 сағаты СӨЖ-ге арналған. 
Пәннің тақырыптық жоспарын жасау кезінде біз D.Kleinжүргізген 
зерттеудің нәтижесіне сүйендік. Оқу жоспары студент оқу барысында 3 
кезеңнен өтетіндей етіп жасалған, олар: лекцияда теориялық білім алу – 
алынған материалды тәжірибелік сабақта бекіту – алынған білімдерді 


128 
шығармашылық барысында іске асыру (семинарлар, тақырыптық ойын, 
конференция). Материалды берудің бұл үлгісінің тиімділігі Кембридж 
университетінің білім беруді ұйымдастыру тәжірибесінде дәлелденген.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы бойынша 
теорияны ұсыну кезінде дәрістер мен тәжірибелік сабақтар пайдаланылады. 
Олар студенттердің АКТ және оның білім беруді ақпараттандыру үдерісіндегі 
рөлі туралы түсінігін қалыптастыруға, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды 
қалыптастыру кезіндегі табысты арттыруға бағытталған. 
Пәннің тәжірибелік бөлігі әдістемелік ойындар, ғаламтор желісіндегі 
жұмыс, ғаламтор-конференциялар, АКТ-ның арнайы құралдарымен танысу 
үшін арнайы (түзетуші) мектептерге бару арқылы жүзеге асырылады. Ол 
болашақ педагогтардың бойында кәсіби іс-әрекетте АКТ-ны пайдалануға 
жүйелі дайындықты қалыптастырады. АКТ-мен жұмыс істеуге үйрету 
үдерісінің табыстылығы таңдап алынған әдістердің сайма-сайлығына 
байланысты. Пәннің тақырыптық жоспарын қалыптастыру кезінде біз күрделі 
жағдайлар, рөлдік ойындар, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау тәрізді оқыту 
нысандарын пайдаландық. Тәжірибелік бөлімде біз студенттерге өз кәсіби іс-
әрекетінде АКТ-ны пайдаланудың артықшылығын көрнекі түрде көруге 
мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасындағы педагогикалық үдеріске 
ұқсатуға маңызды орын береміз.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы біріктірілген 
болып табылады. Ол АКТ-ны пайдалана отырып нақты пәндерді оқытудың 
әртүрлі салалары мен әдістемелерінен алынған білімдерді біріктіреді. 
Оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеп алу басым міндеттердің бірі болып 
табылады.
Арнайы курстың аясында оқыту нысандары дәрістен бастап ғылыми-
шығармашылық зерттеулерге дейін – әртүрлі болуы мүмкін. Соның негізгілерін 
қарастырайық. 
Дәрістер оқытудың негізгі нысаны болып табылады, себебі ол үлкен 
дидактикалық материалдан тұрады. Теориялық мәліметтерді беру үшін 
көбінесе компьютерлік таныстырылымдар пайдаланылады. Олар білімдерді 
бекітудің табыстылығын арттырады, себебі байланыстың көзбен көру арнасын 
пайдаланады. Мысалы: Ғаламтор желісінің оқушыларға «Дүниетану» пәнін 
оқыту әдістемесіндегі рөлін айқындау кезінде студенттер үшін жақсы 
әдістемелік 
құраушысы 
бар, 
көмекші 
сайттармен 
(https://iqsha.ru/uprazhneniya/okruzhajuschij-mir/, 
http://pedsovet.su/load/241, 
http://сезоны-года.рф/окружающий%20мир.htmlжәне т.б.) танысу сабағын 
өткізуге болады. АКТ-ны пайдалану әдістерін қарастыру кезінде нақты бір 
мектеп сабағында дамуында ерекшеліктері бар бірнеше баламен ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды қолдануды үлгілендіру жөніндегі тәжірибелік 
сабақтарды өткізуге болады. Бұл көзі нашар көретіндерге арналған мониторда 
берілетін материалдың көлемін ұлғайту қызметін пайдалану, құлағы нашар 
еститіндерге арналған арнайы құлаққаптарды пайдалану және т.б. болуы 
мүмкін. Білім беру үдерісін ақпараттандырудың ұйымдастырушылық 


129 
мәселелерін шешу кезінде факультатив сабақтарда, белгілі бір үйірмелерде 
және сабақтың жекелеген құрылымдық бөлімдерінде АКТ-ны қолданудың 
пайдасын көрсету маңызды.
Тәжірибелік сабақтар СОӨЖ, СӨЖ, семинарлар мен жаттығулардан 
тұрады. Біз олар пәнді бекітуге қажет деген Е.Д.Лидің [219] ұстанымын 
қолдаймыз. Тәжірибелік сабақтар барысында кәсіби қызметте АКТ-ны 
пайдалану дағдылары мен жүйелі тәсілдері қалыптасады. Тәжірибелік 
сабақтардың басты мақсаты – дәріс барысында алынған АКТ туралы білімді 
тереңдету және талдап тексеру.
Семинар – бұл студенттердің оқытушымен бірге өтетін топтық сабақтары. 
Олар білім алушылардың қандай да бір жағдайда өз бетінше шешім 
қабылдауына бағытталған. Семинар АКТ эволюциясы мен пайдаланылуын 
зерттеу жөніндегі сабақтан тыс жұмыстың деңгейін көрсетеді. Оқытудың бұл 
нысаны инклюзивті білім беру үдерісіндегі АКТ мүмкіндіктері жөніндегі 
ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдауды көздейді. Аудиториялық сағат 
барысында оқушылардың рефераттары тыңдалады, сосын оларға талдау 
жасалады. 16 кестеде компьютерді пайдалану негіздерін оқыту жөніндегі 
семинарлардың негізгі тақырыптары көрсетілген (16-кесте). 
Кесте 16 - Білім беруді компьютерлендіру мәселесі жөніндегі семинар 
тақырыптары 
Тақырыбы 
Аудиториялық сағаттар 
Бағдарламалық 
жасақтаманың, 
ақпараттық 
бағдарламалардың арнайы құралдарының және 
іс-әрекеттерінің жіктелуі 

Инклюзивті 
оқу-педагогикалық 
үдеріске 
арналған 
бағдарламалық 
жасақтаманың 
ерекшеліктері 

Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі АКТ

АТК-ның 
көмегімен 
инклюзивті 
мектеп 
оқушыларының 
үлгерімін 
бақылау 
ерекшеліктері

АКТ-ның көмегімен әртүрлі оқушылармен 
дәрістік 
және 
сабақтан 
тыс 
жұмысты 
ұйымдастыру 

Жаттығу ойындарының негізгі бағыты микрооқыту болып табылады. Ол 
АКТ-ны қолдана отырып педагогикалық және тәжірибелік міндеттерді шешу 
дегенді білдіреді. Сабақтардың негізгі мақсаты – студенттерге ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды әдеттен тыс жағдайларда пайдалануға және 
пәнді өту барысында алынған білімдерді бекітуге үйрету.
Шығармашылық жобаның жеке немесе ұжымдық дайындығы – АКТ-ны 
пайдалануға оқытудың тағы бір нысаны. Жұмыс барысында студенттер жобаны 


130 
жасаумен айналысады, сосын оны қорғайды. Бұл ақпараттық құралды таңдау 
туралы шешімді қабылдау кезіндегі дербестікті қалыптастырады. Қорғау 
барысында оқушылар әрдайым пікір таластырады.
Пікірталас әрқайсысының қарастырылып отырған тақырыпқа деген 
көзқарасын анықтауға және тренингте өтетін нәрсе мен нақты білім беру 
үдерісінің арасында жарыспа ендік құруға мүмкіндік береді. «Бастауыш білім 
беруде АКТ-ны қолдану» пәні аясындағы ең кең таралған пікірталас тақырыбы 
– әрбір бала оқу үдерісіне қосылуы үшін АКТ-ны белсенді қолдана отырып 
қандай сабақ тақырыптарын оқытқан дұрыс?
Шығармашылық топтардағы жұмыс – бұрын берілген өлшемдер бойынша 
белгілі бір жобаны құру дегенді білдіреді. Оқытудың бұл нысаны тек нақты бір 
студенттің ғана емес, жалпы шығармашылық ұжымның да кәсіби 
құзыреттілігін арттыруға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар барысында 
педагогикалық болжаушылық – алуантүрлі педагогикалық міндеттерді шешу 
қабілеті қалыптасады. Арнайы пәннің аясындағы педагогикалық міндеттерге 
мыналарды жатқызуға болады: 
- артта қалған студенттер үшін түзету іс-шараларын жасау; 
- арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға үйрету үшін 
студенттермен жеке-дара кездесу; 
- ғаламтор арқылы жұмыс істеуді ұйымдастыру. 
Курстық жұмыс дегеніміз – студенттің өзіндік жұмысы, оны әзірлеу 
барысында ғылыми ойлау, талдай білу, үлкен көлемдегі ақпараттан негізгі 
идеяны таңдап алу, алынған нәтижелерді жүйелендіру қабілеттері қалыптасады. 
Курстық жұмыстар шығармашылық бастамашылдықты арттыруға мүмкіндік 
береді. Өзіндік жұмыс кезеңінде студенттер өздері курстық жұмысты жазу 
кезінде бетпе-бет келген мәселелерді талқылау үшін арнайы мектеп 
педагогтарының арасынан таңдаған тәлімгерлерінен жиі кеңес алып отырады.
Білімді тексерудің тағы бір нысаны – дипломдық жұмыс. Ол белгілі бір 
тақырып бойынша талдаудан тұрады. Оның теориялық бөлігінде лекциялар, 
конспектілер мен сабақан тыс дәрістерден алынған ақпараттар пайдаланылуы 
мүмкін. Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеуді өңдеу құралы ретінде 
компьютерге айрықша орын беріледі.
Курстық жұмыстардың тақырыптары нақты оқу орны мен мамандығына 
бейімделген болуы тиіс. Мысалы, «5В010200-Бастауышта оқыту пеагогикасы 
мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне төмендегі тақырыптарды 
ұсынуға болады: 
1.Тілдік пәндерді оқыту сабақтарында АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктері.
2.Ғаламтор коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру құралы 
ретінде.
3.Грамматика, фонетика, лексика бойынша іс-шаралардың нәтижелілігін 
арттыру үшін ғаламторды пайдалану.
4.АКТ инклюзивті білім беру үдерісінде: мотивациялық және 
коммуникациялық құраушылар. 


131 
5.«5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 
студенттерінің бойында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы ғаламтор 
ресурстарының рөлі.
Студенттермен жеке-дара өткізілетін кеңестер кері байланысқа қол 
жеткізіп, қосымша жұмыс істеуді қажет ететін тұстарын анықтауға мүмкіндік 
береді. Олардың барысында нақты бір компьютерлік бағдарламалармен танысу, 
құжатты мәтіндік редакторда түзу, таныстырылымдармен және есептеу 
сервистерімен жұмыс жүзеге асырылады.
Студенттердің 
өзінің 
кәсіби 
іс-әрекетінде 
кәсіби-педагогикалық 
дайындығының маңызды буыны педагогикалық тәжірибе болып табылады. 
Оған студенттердің өз мамандандырылуына сай белгіленген жұмыстарды 
орындауы кіреді. Сабақтар әрбір келесі сабақты өткен сайын күрделене түсуі 
тиіс, бұл студенттердің білім деңгейін бағалап қана қоймай, оларды әдеттен тыс 
жағдайларда жедел әрекет етуге үйретуге де мүмкіндік береді. Мысалы: 2 
курстың студенті үшін біз төмендегідей тәжірибеге арналған міндеттерді 
әзірледік: 
а) арнайы (түзетуші) мектеппен (мектеп әкімшілігімен және педагогикалық 
құрамымен оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалануына қатысты) танысу; 
ә) оқыту бағдарламасымен және оқу жоспарымен танысу, сабақта және 
сабақтан тыс уақытта АКТ-ны пайдалануға қатысты құжаттамаларды талдау; 
б)оқушылардың компьютерде орындалған шығармашылық жұмыстарымен 
танысу; 
в) компьютерлік сыныптың жұмыс кестесімен танысу
г) оқушылармен мектепте және үйде АКТ-ны пайдалануы туралы сөйлесу; 
ғ)мұғалімнің материалды ұсыну үдерісінде АКТ-ны пайдалануына 
қатысты бірнеше сабақы талдау; 
д) инклюзивті білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізу мүмкіндіктеріне 
байланысты сабақтан тыс дәрістерді дайындау. 
Педагогикалық тәжірибе барысында 3 курс студенттері арнайы мектеп 
аясында төмендегі міндеттерді шешуі қажет: 
 сабақ барысын АКТ-ны қолдана отырып дайындау; 
 АКТ-ның көмегімен материалды ұсынуға қатысты оқу және 
әдістемелік әдебиетке талдау жүргізу; 
 оқушылардың ақпараттық құралдармен өз бетінше жұмыс істеуін 
ұйымдастыру; 
 оқушылардың тәжірибелік немесе шығармашылық қызметтері 
барысында АКТ-ны пайдалануының табыстылығын бақылап отыру; 
 мұғалімнің сабаққа дайындалу және мәліметтерді беру үшін 
ғаламтордан алынған материалды пайдалануының дұрыстығын анықтау. 
Барлық нәтижелер есепке енгізілуі тиіс. Педагогикалық тәжірибе – бұл 
студенттердің бойында өз кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға бейімділігін 
қалыптастырудың ең жақсы әдістерінің бірі.
Тәжірибеден өту кезінде студенттер мектеп оқушыларымен АКТ-ны 
пайдалану есебінен оқу материалының көрнекілігін арттыру және оны меңгеру 


132 
сапасын жақсартуға қатысты сабақта және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу, 
сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды іске асыруы және курстық (дипломдық) 
жұмыстарды жазумен айналысуы қажет. Студенттердің тәжірибедегі міндетті 
іс-шараларының тізімі 14 суретте көрсетілген 
Сурет 14 - Студенттердің педагогикалық тәжірибе аясындағы қызмет 
түрлері 
Сабақ кезіндегі іс-әрекет дамуында ерекшеліктері бар балалардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында АКТ-ны қолдана отырып 
материалды ұсынудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Көп жағдайда 
ұсынылатын ақпараттың көрнекілігі үшін (кезек-кезек, сау балалардың көру 
қабілетін ескере отырып) мәтінді ұлғайтқыш/кішірейткіш, дыбыс өткізгіш, 
зейіні шашыраңқы балалар үшін ақпаратты ұсыну уақытын реттегіш және т.б. 
қызметтері бар компьютер, проектор қолданылады. Компьютерлік құралдарды 
қолдану оқытуды қарқындатуға және оқытудың эстетикалық, эмоционалдық, 
Тә
жіри
бе
де
гі і
с-
ша
ра
ла
р 
Дәріс
АКТ 
қолданылатын 
сабақтар 
Компьютерлерд
е тестілеу 
Үй тапсырмаларын 
электронды 
поштаға жіберу 
Сабақтан тыс іс-әрекет 
Ғаламторлық 
жобаларға 
қатысу 
Оқушыларға 
кеңес беру 
АКТ қолдана 
отырып сыныптық 
сағат ұйымдастыру 
Әдістемелік іс-әрекет 
Дидактикалық 
материалды 
дайындау 
Қолда бар 
бағдарламалық 
жасақтаманы 
талдау 
Бағдарламалық 
жасақтаманы 
түзету 
Зерттеушілік іс-әрекет 
Курстық жұмыс 
үшін материал 
жинау 
Зерттеу 
жүргізу 
Инклюзивті білім берудегі 
АКТ-ның рөліне қатысты 
конференцияға дайындық


133 
ғылыми сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Компьютер қолданылатын 
барлық сабақтар оқушылар үшін жарқын және ұмытылмастай болып өтеді. 
Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, үй жұмысын орындайтын 
тапсырмаларды беруге болады. Мұндай тапсырманы оқушының өзінің еркімен, 
қалауымен жасалуы тиіс, пайдаланылатын дереккөздер мен сілтемелердің саны 
шектелмеген, негізгі шарт болып үй тапсырмасын білім алушы сыыптың 
алдында қорғап шығуы тиіс, сонымен қатар үй тапсырмасы көрнекі 
материалдарымен ерекшеленетін, және жаңашылдығымен көзге түсу керек. 
Берілетін ақпарат көлемі ауқымды болмауы тиіс және тапсырма қорғаушыға 
сынып тарапынан сұрақ қою мен оған жауап беру маңызды болып табылады. 
Осылайша, біз, бастауыш сыныпта оқитын кіші мектеп жасындағы 
балаларға білім мазмұнын АҚТ құралдарын қолдана отырып, сабақтың 
тиімділігін артатынын байқадық. Ерекше назар аударарлық жағдай бұл 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тым көп қолданылмауы, 
сабақтың әрбір кезеңінде компьютерлік технологияларды қолдануға болмайды 
және қажет емес. Сабақты жоспарлау алдын оқу іс-әрекеттеріне мен оқу 
мақсаттарына сәйкес электронды оқу материалдарын қолданған жөн дегіміз 
келеді[220, б. 228]. 
АКТ-ны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдану барысында мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқыту барысында бірқатар ерекшеліктер болатынын ескеру 
керек. Сабақты, сабақ жоспарларын ұйымдастыру мен бірқатар әдістемелік 
тәсілдерді жүзеге асыру барысында назарға алынатын әртүрлі психологиялық 
және педагогикалық аспектілер болады. Олар: 
– сабақты ұйымдастыру барысында балалардың білім беру әрекетіне 
араласуын ескеру керек; 
– толеранттылық немесе жоғары ұйымдастырылған шыдамдылық 
әртүрлі мүмкіндігі бар балаларға білім беру барысында өте маңызды факт 
болып табылады; 
– жеке тұлғалық қасиеті мен баланың тұлғасына құрметпен қарау; 
– оқушылардың мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен қабілеттерін 
ескеру. 
АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабаққа немесе сыныптан тыс 
сабақтарға дайындық барысында мұғалім мына алгоритмдерді ұстанады. 
1. Мемлекеттік стандарт талаптары мен бағдарламаларын зерттеу, 
сабақтың мақсаты мен міндетін қалыптастыру; 
2. Оқулық пен қосымша оқу құралдарының материалдарын зерттеу; 
3. Техникалық мүмкіндікті бағалау (құралдардың болуы, кабинеттердің 
жұмыс жасау тәртібі, компьютер мен олардың бағдарламаларының жай-күйі); 
4. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, 
компьютердің арнайы және жалпы мүмкіндіктерін қолдану; 
5. Қолданыстағы компьютерлік бағдарламаларды сабақтың мақсаты мен 
міндеттеріне сәйкес таңдау; 


134 
6. Қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жеке 
тапсырмалар мен жаттығуларды құрастыру, ол үшін мамандар мен 
оқытушыларды қатыстыру; 
7. Сабаққа дейін таңдалған материалды қарап, оқып шығып, сабақтың 
сценарийін жасау керек. 
Ең бастысы – сабақ барысында АКТ құралдарын пайдалана отырып, 
мұғалім сабақтың АКТ құралдарымен шектен тыс жүктелуі жұмыс уақытын 
тиімді еместей етіп бөлуге, оқушылардың белсенділігі мен оқытудың 
тиімділігін төмендетуге алып келетіні туралы жайттың маңызы зор. 
Сабақты жүргізу барысында нәтижесі оң болған бірқатар аспектілерді 
байқадық. Айталық, АКТ-ны қолдану сабақтарды жүргізуге сеп болады: баланы 
таным үдерістерінің жалпы дамуында алға бастайды; қиындықтарды жеңуге 
көмектеседі; баланың өміріне жақсылық пен қуаныш әкеледі (мәселен, АКТ-ны 
ойында пайдаланғанда); оқытуды жақын даму аймағына жетуге көмектеседі; 
оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсіністікті жақсарту үшін қолайлы 
жағдайлар жасайды; сабақты жоғары эстетикалық және эмоционалды деңгейде 
жүргізуге көмектеседі; жоғары көрнекілікті қамтамасыз етеді (егер сыныпта 
саңырау балалар болса); дидактикалық материалдардың санын көбейтеді; 
сабақта 
орындалған 
жұмыстардың 
көлемін 
көбейтеді; 
оқытуды 
дифференциялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді (мүмкіндігі шектеулі 
балалармен әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды, мысалы жеңілдетілген түрдегі 
тапсырмаларды қолдана отырып, жеке жұмыс істеу). 
Мүмкіндігі шектеулі балаларда оқуға деген мотивация төмен болады. 
Бүгінгі таңда бұл мәселені шешу үшін Microsoft Office PowerPoint, Windows 
Movie Maker ортасында орындалатын презентациялар қолданылады. Экрандағы 
дыбыс, қозғалыс және түс – баланың назарын сақтап тұрғатын, оқыту үдерісін 
әлдеқайда саналы ететіндей факторлар. 
Сабақты жүргізіп, АКТ-ны қолданғаннан кейін біз бірқатар оң нәтижелерді 
байқадық. Міне, солардың бірқатары: сабақ эмоционалды түрде бай және 
толыққанды, көрнекті болды; оқушылардың білімін бақылау мен тексеру үшін 
бөлінетін уақыт қысқарды; ойлау әрекетінің тәсілдері қалыптасты, оқушылар 
бақылау мен өзін өзі бақылау дағдыларына үйренеді; оқулықтың шекарасы 
кеңейеді; сабаққа деген қызығушылық байқалады (сүйкімділігі мен көрнекілік 
есебінен, мәселен презентацияны көрсеткенде т.б.). 
Көріп отырғанымыздай, сабақтың барлық кезеңдерінде АКТ-ны 
қолданғаннан кейін бірнеше оң жағдайлар көп. Сабақ үстінде АКТ құралдарын 
қолдану барысында балалардың денсаулығына ерекше назар аударылады. 
Сабақ жоспарына физикалық және динамикалық кідірістер, көзге арналған 
жаттығулар, денсаулық сақтау технология элементтерін қолдану секілді 
элементтер кіреді. 
Білім алушылардың сабақ барысында оқу жетістіктерін бағалау 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған бағалау 
критерийлеріне сүйене отырып жасауға болады. Олар: 2016-2017 оқу жылында 
1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын 


135 
жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. 
Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу 
жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім 
алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың 
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір 
білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде 
олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 
білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және 
олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың
жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, 
есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере 
отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда 
бағалануы керек:
− 
арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру 
бұзылыстары бар балалардың Л.Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс 
баспалы шрифтпен жазу мен оқу;
− білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша 
коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; 
математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың 
өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;
− әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай 
алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс 
заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің 
болатынын және болмайтынын түсіну.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында 
бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген 
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады. 
АКТ құралдарын қолдану оқыту үдерісін белгілі бір деңгейде жақсартуға 
септігін тигізеді. Бастауыш мектепте ойын әрекеттің ең басты әрі маңызды түрі 
саналады. Ойнай отырып, оқушылар қиын ұғымдарды, дағдылар мен 
шеберлікті еріксіз меңгеріп, есте сақтайды. Мультимедиялық бағдарламаларды 
оқыту барысында қолдану мына мәселелерді шешуге септігін тигізеді: 
– оқуға деген ынталанушылығын жоғарылату; 
– жекелеп оқытуға қол жеткізу; 
– үй тапсырмалары мен басқа да тапсырмаларды тексеруге берілген 
уақытты қысқарту; 
– сабаққа деген шынайы қызығушылық. 
– танымдық және оқу белсенділігіне қызығыушылығын жоғарылату; 
– жекелеп оқытуды жүзеге асыру, көлемін, қиындық деңгейін, 
материалды беру темпін, оның динамикасын бақылау; 
– материалды кезеңмен беруді үздіксіз бақылауда жүргізу 


136 
– білім алушылардың өзіндік жұмыстарын белсендіру, өзін-өзі бақылау 
дағдыларын дамыту; 
– жаттығуларды шексіз түрлендіру ету мүмкіндігі 
– үй және тағы да басқа тапсырмаларды тексеру уақытын үнемдеу; 
– материалды басқа түрде беру арқылы сабаққа деген қызығушылығын 
арттыру 
Бірқатар 
авторлық 
ұжыммен 
бірлесе 
отырып 
(С.М.Кеңесбаев, 
А.К.Оралбекова, Н.Т.Сартаева, М.А.Данабаева) 2017-2018 оқу жылына 
«Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» оқу-әдістемелік кешені
(байқау нұсқасы) пилоттық білім беру ұйымдарына ендірілді[221]. Оқу-
әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру 
деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық коммуникациялық 
технологиялар (АКТ)»оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына[222] 
сәйкес әзірленді. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына – оқулық, оқушы дәптері, 
оқу әдістемелік нұсқаулық енген. «АКТ» пәніне оқытудың мақсаты 
оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін, қазіргі 
ақпараттық технологияларының негізгі білімімен, жұмыс жасау дағдылары 
және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. «АКТ» оқу-әдістемелік 
кешені саралау тәсілінің тұғыры негізінде жасалған. Саралау тәсілі – 
оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін 
белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға,
мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі.
Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, мұғалімге де, 
оқушыларға да әртүрлі білім беруші және көрнекі бағдарламалар, үлгілер мен 
ойындарды құру керектігі – маңызды фактінің бірі. Мұндай тиімді 
нұсқаулықтар оқушылардың оқуға деген оң қарым-қатынасын қалыптастырып, 
оқушыларға білім берудің қарқынын таңдауға мүмкіндік береді. Айталық, Hot 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет