Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
сақтаңдарқайталаңдар анықтаңдар(14-сурет).Мысалы: 
Сурет 14 – Білу деңгейінің тапсырмасы 
Түсіну деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмалар: түсіндір, талқыла, басқаша 
айт(15-сурет). 
Сурет 15 –Түсіну деңгейінің тапсырмалары 
Білімді қолдануға арналған тапсырмалар: қолданукөрсетуорындау(16-сурет). 


140 
Сурет 16 –Жинақтау деңгейінің тапсырмалары 
Жинақтау деңгейіндегі тапсырманың негізіндегі тірек сөздер құр, жаса 
байланыстыр, жинақта. Бағалау деңгейі: қорытынды жасау, бағалау т.б. 
сынды етістіктермен сипатталатын деңгейлік тапсырмалар жинақталған. Бұл 
тапсырмалар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негіз бола алады[221]. 
Сонымен қатар, болашақ мамандар дайындық барысында олар жаңа 
ақпарат көздерімен және материалдармен танысады. Тәжірибедегі студенттің 
міндеті – тапсырманың алынған нәтижеге сәйкестігін және кері байланысты 
бағалау.
Ақпараттық құралдар туралы теориялық білімдер сапалы мультимедиялық 
жобаны жасауға мүмкіндік бермейді. Оның табысты болуы үшін мазмұнына 
айрықша назар аудару керек. Тапсырманы орындау үшін жұмыс тобы құрылып, 
оның құрамына оқушылар, студенттер және нақты пәндер бойынша мұғалімдер 
кіреді.
Телекоммуникациялық қызмет ғылыми-зерттеу жұмысы нысандарының 
бірі болып табылады. Оның барысында ақпараттық құзыреттілік қалыптасады, 
алынған білімдер бекітіледі және шығармашылық үдерістің барлық 
қатысушыларының арасында айрықша орта құрылады.
АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларын түзету педагогикалық тәжірибе кезінде 
ғана емес, арнайы мектептердегі жекелеген пәндік сабақтарда да жүзеге 
асырылады. Осылайша, педагогикалық тәжірибе студенттердің өз кәсіби 
қызметінде АКТ-ны пайдалану құзыреттілігін қалыптастырудың қорытынды 
кезеңі болып табылады.
Оқыту әдістерін таңдап алу оқу курсын дайындау барысында үлкен рөлге 
ие болады. Оқыту әдістері дегенді білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін 
мұғалім мен оқушылардың арасындағы кешенді өзара әрекеттестік үдерісі деп 
түсіну керек [224].


141 
Э.Т.Адылбекова оқыту әдістерін тәлімгердің оқушының танымдық 
қызметіне ықпал ету тәсілдері ретінде қарастырады [225]. Бірақ, біздің 
ойымызша, оқыту әдістері дегенде оқушының белгілі бір білім, дағдыларын 
үйренуі үшін оның танымдық және шығармашылық қызметін басқару үдерісін 
айтқан дұрыс.
Педагогикада заманауи оқыту әдістері айтарлықтай көп, сондықтан оларға 
әртүрлі белгілері: білім беру үдерісінің үлгісі бойынша, танымдық қызметтің 
түрі бойынша, ұсыну әдісі бойынша және т.б. жіктеу жүргізіледі. Оқыту 
құрылымын ұйымдастырудың айтарлықтай көптеген өзекті тәсілдері бар. 
Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырайық. 
Оқытудың репродуктивті түрі алгоритмдік сипатымен сипатталады. Оқу 
үдерісінің барысында оқушылар мұғалімнің түсіндірмелерін мұқият тыңдайды, 
оқулықтар бойынша оқу материалымен танысады және нұсқаулар, ережелер 
және кеңестер бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындайды (осыған ұқсас 
жағдайда қалай әрекет етуге болатынын көрсетеді) [226]. 
Материалды бұдан да табысты игеру және ойлауды қалыптастыру үшін 
танымдық қызметтің құрылымын өзгерткен жөн. Ол үшін оқу материалын өз 
сөзімен айтып беру, оқу бағдарламасына әдеттен тыс жағдайларды, қандай да 
бір мәселе бойынша пікірталастарды енгізу қажет. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар рефераттарды жиі жазып, баяндамалар жасайды, тақырыптық 
конференцияларға немесе оқу-әдістемелік ойындарға қатысады.
Материалды ең терең меңгеру эвристикалық немесе іздеу қызметімен 
сипатталады. Оның барысында белсенді түрде танымдық міндеттердің шешімін 
іздеу ұйымдастырылады. Мұнда оқытудың негізгі нысандары: үдерісті 
үлгілендіру, күрделі міндеттерді шешу, іскерлік ойындар, жеке және ұжымдық 
зерттеулер болып табылады. Олардың барысында ойлау үдерісін іске асыру 
өнімді сипатқа ие болады.
Танымдық қызметті сипаты бойынша жіктеуді И.Я.Лернер ұсынған [227]. 
Оның негізгі идеясы оқыту әдістерін оқушылардың оқыту үдерісінде 
материалды өз бетінше меңгеру дәрежесіне қарай қалыптастыру болып 
табылады.
Педагогикалық ғылымда [228, 229, 230] көп жағдайда оқыту әдістері 
стандартты және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі емес әдіске АКТ-ны 
қолдана отырып оқыту (соның ішінде компьютерлік оқыту) әдістері мен 
жобалар әдісі жатады. Жобалау әдісі – бұл оқу үдерісін мақсатты түрде өз 
бетінше оқуға айналдыру. Педагогика ғылымдарының докторы Е.С.Полат [231] 
атап көрсеткендей, жоба әдісінің негізіне білім алушы үшін маңызды нақты 
мәселе қаланған. Оқушының міндеті – оның шешімін өз бетінше оқу 
барысында алған білімдері немесе мәліметтерінің көмегімен табу.
Міндетті орындау үшін алуантүрлі әдістердің жиынтығын, сондай-ақ 
әртүрлі ғылымдар мен салалардан алып, біріктірілген білімдер мен 
шеберліктерді пайдалану маңызды. Жобалау әдісінің негізіне оқушының 
өзіндік: дербес немесе ұжымдық жұмысы қаланған.


142 
Жобалау әдісін пайдалану кезіндегі оқыту үдерісі оқушының жеке 
қабілеттеріне және оның қарауына берілетін компьютерлік құралдар мен 
ақпараттық мәліметтер базасының болуына бейімделген.
Оқыту үдерісінің мынадай деңгейлері бар: 
1.Ақпараттық ресурстармен танысу, қажетті мәліметтерді іздеу. 
2.Түсіну. Қандай да бір жағдайдағы дұрыс кешенді әрекеттерді 
қалыптастыруды көздейді.
3.Стандартты міндеттерді шешу. Типтік жағдайлардың шешімін бұрын 
ұсынылған нұсқаулық бойынша немесе мұғалім қарастырған алгоритм 
бойынша іздеуді білдіреді.
4.Типтік емес міндеттерді шешу. Бұл – жаңа мәселенің жаңа композитті 
шешімін іздеу шеберлігі.
5.Әртүрлі пәндік саладан алынған білімдерді топтау. Бұл – нақты бір 
міндетті шешу үшін әртүрлі пәндерден алынған білімдерді пайдалану.
Жобалау әдісінің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: 
- оқушының жеке мүмкіндіктеріне бағдар алу; 
- оқу үдерісін басқарудың жанама әдістері (өз бетінше шешім іздеу, 
шығармашылық жобалармен жұмыс істеу және т.б.); 
- ұдайы белсенді танымдық қызмет (дәстүрлі оқыту кезінде оқушылар 
сабақың көп бөлігінде енжар болып табылады); 
- оқытудың әрбір кезеңіндегі кері байланыс (дәстүрлі оқыту кезінде ол тек 
қорытынды бақылау кезінде ғана жүзеге асырылады). 
Бұл тәсіл білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалану мәселелерімен 
айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс 
тапқан. 
Айталық, 
А.П.Орешко 
[232] 
жобалау 
әдісі 
оны 
телекоммуникациялармен үйлестіргенде барынша жоғары тиімділікке қол 
жеткізуге мүмкіндік береді деген тұжырымға келген. Басқа қалалар мен 
елдердегі оқушылармен өзара әрекеттескен жағдайда мотивациялық құраушы 
ұлғая түседі. Бұл жағдайда оқыту компьютер арқылы жүзеге асырылады, бұл 
білім алушылардың белсенділігі мен дербестігін арттырады, сондай-ақ 
ұжымдық рухты қалыптастырады.
Жобалау әдісі педагогтарға да ықпал етеді. Олар оқытуға инновациялық 
технологияларды енгізу, оқушыларға арналған ұжымдық және жеке 
тапсырмаларды қалыптастыруға, оқу үдерісін біріктіруге және оқушылардың 
ойлау деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.
Жобалау әдісін пайдалану кезінде ғаламтордағы ақпараттық ресурстарды 
кеңінен пайдалануға бірден-бір мүмкіндік туады. Бұл қарым-қатынас кезіндегі 
коммуникациялық дағдыларды арттыруға мүмкіндік береді және әртүрлі 
мақсаттағы ақпаратты қолжетімді етеді.
Отандық педагогикада жобалар әдісі тек енді ғана енгізіле бастады. Бұл 
үдеріс негізінен информатиканы оқытуға қатысты.
Жобалау әдісі арнайы пәнді өту барысында басқа пәндер аясында алынған 
білімдерді бекітуге мүмкіндік береді. Жобалау әдісін енгізу білім беру саласын 


143 
уақыт талап етіп отырған нақты бір жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді. 
Нәтижелері 17 кестеде көрсетілген (17-кесте). 
Кесте 17 – Ақпараттық-коммуникациялық жобаларды болашақ педагогтердің 
білім беру үдерісінде қолдану 
Кезеңнің 
сипаттамасы 
Оқытуды ұйымдастыру 
нысаны 
Табыс өлшемдері 
1 кезең– 
компьютерлік 
сауаттылық 
Қашықтықтан оқыту және 
арнайы курстарда 
компьютерде жұмыс істеу 
дағдыларын меңгеру 
Ғаламтор ресурстарымен 
өз бетінше жұмыс істеу 
2 кезең– онлайн 
режимінде 
жобаларға қатысу 
Ғаламтор жобасына 
қатысу 
Ғаламтор жобасының 
құрылымы және жұмыс 
схемасы ұғымы 
3 кезең–ғаламтор 
жобаларының ең 
маңызды 
тақырыптарын 
таңдай білу 
Ғаламтор жобасы 
аясындағы жеке жұмысын 
таныстыру, басқа 
қатысушыларға көмек 
көрсету 
Оқу орны аясындағы 
нақты бір жоба бойынша 
жергілікті 
қауымдастықты құру 
4 кезең–ғаламтор 
қауымдастықтарына 
белсенді қатысу 
Чаттардағы пікірталастар, 
форумдарда 
тақырыптарды талқылау 
Тұлғаның өзін-өзі 
дамытуы 
5 кезең–нақты бір 
оқу материалы 
бойынша жобалық 
ой идеясын 
қалыптастыру 
Жобаның мақсаттары мен 
міндеттерін бөліп көрсету, 
телекоммуникациялық 
құралдарды таңдап алу 
Өз жобасын жасау, оқу 
орнынан тыс серіктес 
іздеу 
6 кезең –жобаның 
тиімділігін
қамтамасыз ету 
Жобаның жоспары мен 
бағдарламасын түзу 
Жобалық қызмет 
Г.А.Кручинина [233] білім беруді ақпараттандыруды арттыру үшін квест-
жоба тәрізді белсенді оқыту әдісін пайдалануды ұсынады. Олар жеке жұмыста 
да, ұжымдық жұмыста да пайдаланылуы мүмкін.
Квест-жобалар белгілі бір мақсатқа жетуді көздейтін компьютерлік 
ойыннан тұрады. Оқушылар өздері жұмыс істегісі келетін әдеттен тыс 
жағдайды өздері таңдап, өздері үшін оңтайлы жұмыс қарқынын, бағытын және 
көлемін белгілей алады.
Квест-жоба дегеніміз – тек оқыту әдісі ғана емес, сонымен қатар оқушылар 
өзара әрекеттесетін белгілі бір орта екендігін де түсіну қажет. Ойыннан өту 
барысында олар дербестік, ойлау икемділігі, типтік және әдеттен тыс 
жағдайларды шеше білу шеберлігі, әртүрлі салалардан, соның ішінде Ғаламтор 


144 
арқылы алған білімдерін қолдану және т.б. дағдылары мен жеке қасиеттерге ие 
болады.
Педагогтарға арналған квест-жобалар мотивацияны қалыптастыруға, 
материалдың меңгерілу дейгейін арттыруға, ақпараттық іс-әрекет дағдыларын 
дамытуға, танымдық іс-әрекетке деген оң көзқарасты қалыптастыруға, нақты 
мәселелерді шешу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Заманауи білім беру өз бетінше шешім қабылдайтын жаңа буынды 
тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Квесттер тәжірибелік құраушысы бар пәндерді 
оқыту кезіндегі ең жоғары тиімділікті көрсетуде.
Г.И.Муратова [234] білім беруді ақпараттандырудың негізгі әдісі ретінде 
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін бөліп қарастырады. Ол жобаның тақырыбын 
таңдаудан бастап тәжірибеде алынған нәтижелерді сынақтан өткізуге дейін 
қатаң түрде белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылады. Білім алушы өз 
қызығушылығына қарай, болашақ мамандығының зерттеу тақырыбын өз 
бетінше айқындай алады.
Жобалық жұмыстардың тақырыптарының таңдалуын талдау кезінде 
педагогикалық оқу орны студенттерінің қызығушылықтарының санқырлылығы 
байқалды. Мысалы: «Инклюзивті білім беру мектебінің қызметін 
бағдарламалық жасақтау», «Әлемдегі инклюзивті білім беруде АКТ-ны 
пайдалану мәселелері», «АКТ-ның көмегімен оқушылармен қарым-қатынас 
жасаудағы қиындықтарды жою жолдары» және т.б.
Ғылыми-зерттеу жобасының құрылымы классикалық алгоритм бойынша 
қалыптасады. Жұмыс аяқталған соң, студенттер оны қорғау үшін клип, 
таныстырылым дайындайды және веб-сайт жасайды. Зерттеу жұмыстары 
барысында үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу мен талдау жүзеге асырылады, 
АКТ-ны пайдалану тәсілі қалыптасады және т.б. Жұмыс аяқталған соң, қоғам 
үшін құнды еңбек пайда болады. Зерттеушілік және шығармашылық қызмет 
педагогикалық мамандықтар студенттерінің бойында оларға кәсіби қызметінде 
пайдасы тиетін дағдыларды қалыптастырады.
Арнайы пәнді жобалау үшін біз оқыту әдістерін білім алушылардың 
танымдық қызмет түрлері бойынша бөлуді пайдаландық. Бұл нұсқа кездейсоқ 
таңдап алынған жоқ – білім беруді ақпараттандыру аясында педагогтарға 
қойылатын талаптарға дәл осы жіктелім жауап береді. Осыған ұқсас ұстаным И. 
В. Роберттің еңбектерінде де кездеседі. 
И.В.Роберт [141] қоғамды және оқу үдерісін ақпараттандыруға 
байланысты білім беру құрылымын өзгерту туралы алғашқылардың бірі болып 
сөз қозғаған. Білім алудың белсенді әдістері бейтарап әдістерді ығыстырып 
шығаруда, бұл білім берудің өз бетінше оқуға бағытталуы туралы пайымдауға 
мүмкіндік береді.
А.К.Мынбаева [56] да білім берудің оқытудың белсенді әдістерін 
пайдалануға өтуін атап көрсетеді. Әдісті таңдау кезінде оның тәжірибеде іске 
асыру кезіндегі табыстылығын оқу үдерісінің нақты мақсаттарымен 
салыстырған жөн. Олар нақты бір пән материалының ерекшелігін ескеруі және 


145 
таңдап алынған оқу орнындағы үдерістің ортақ ерекшеліктеріне сәйкес келуі 
керек.
Инклюзивті білім беруде АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктері бойынша 
арнайы пән тәжірибелік сипатқа ие, сондықтан оны іске асыру үшін 
зертханалық, ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, іскерлік ойындар, чат-конференциялар 
және т.б. белсенді әдістерді таңдау қажет. Т.А.Минькович [235] тиімділікті 
арттыру үшін студенттерге АКТ-мен шешуге болатын нақты педагогикалық 
міндеттерді көрсету керектігін атап көрсеткен. Мысалы: «АКТ нысандары және 
оның инклюзивті оқу үдерісіндегі рөлі» тақырыбы бойынша материалды бекіту 
үшін студенттерге ақпараттық құралдарды қолдана отырып өтетін сабақың 
немесе сабақан тыс дәрістің сценариін өз бетінше жасау ұсынылады. Оларды 
жасау кезінде бұрын тәжірибеде алынған білімдерді пайдалануға мүмкіндік 
беретін пәнаралық байланысқа айрықша көңіл бөлінеді.
Педагог материалды игеру үшін ең тиімді болып табылатын оқыту 
әдістерін белгілеуі қажет. Пәннің кәсіби бағыты әрдайым студентердің 
қызығушылығын тудырады. Технологияны дұрыс таңдау – бұл күрделі міндет, 
себебі қолда бар оқыту нысандарын нақты бір пәннің ерекшеліктеріне 
бейімдеуді талап етеді. Арнайы пәнді оқыту барысында оқу үдерісін 
ұйымдастырудың тәжірибелік әдістерін таңдаған дұрыс, себебі ақпараттық 
құралдармен жұмыс істеу мақсаты мен қолданбалы дағдыларын дәл солар 
қалыптастырады.
Осылайша, «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 
мамандығы бойынша білім алушыларға арналған «Бастауыш білім беруде АКТ-
ны қолдану» арнайы курсының бағдарлама үлгісінің тұжырымдамасы болашақ 
педагогтарды АКТ-ның көмегімен сараланған сыныппен тиімді жұмыс істеудің 
теориялық-тәжірибелік мәселелеріне кезең-кезеңімен, үздіксіз оқытуға 
негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет