Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
 
 
 
 
 
 
 
 
 
209 



ҚОСЫМША Г 
 
Вильямстың креативті тестілер жиынтығының бейімделген нұсқасы 
 (САР) 
Эксперименталдық әдістемеге сипаттама. 
Вильямстың креативті тестілер жиынтығының бейімделген нұсқасы (САР) үш 
бөліктен тұрады. Бірінші бөлік – Дивергентті Ойлау Тесті, өткізу формасына қарай 
бейнелі болып табылады, өткізу үшін 20-25 минут қажет етіледі. Өткізілу тәсілі – 
топтық (бұл тест креативтілікпен байланысты когнитивтік құраушыны өлшеуге 
бағытталған). 
Тестілер жиынтығы оны өткізу мен алынған мәліметтерді өңдеуге көп уақыт 
пен күш жұмсауды қажет етпейтіндей етіп құрастырылған. 
Дивергентті ойлау тесті. 
Тесті өткізуге басшылық. Тестілік тапсырмалар.
Тестілеу топтық формада өткізіледі. Тестілеу кезінде балалар партада немесе 
үстелде бір-бірлеп отырған дұрыс.
Одан соң тестілеуді өткізу үшін қажетті тестілік дәптердің толтырылмаған 
бланкілері таратылады.
Тестілік дәптер А-4 стандартты форматтағы 3 жеке беттен тұрады, қағаздың әр 
бетінде ішінде стимулды фигуралар бар 4 шаршы бейнеленген. Шаршының үстіне 
фигура нөмірі қойылып, қол қоятын орын белгіленген.
Нұсқаулық. Өткізу тәртібі. 
Тестілеу топта өткізіледі, ол уақытпен шектеулі: жоғары сыныптар үшін (4-11 
сыныптар) – 20 минут, төменгі сыныптар үшін (1-3 және балабақша балалары үшін) 
– 25 минут. Бастауыш сыныптарда балалар сурет тұсына қойылатын қолды ауызша 
айтуына болады, мұғалім оны жазып алады.
Тестілеуді бастамас бұрын дивергентті ойлау тестінің нұсқаулығын оқу қажет. 
«Бұл тапсырма сенің сурет арқылы өзіңді шығармашылық көрсете алуға 
қаншалықты қабілетті екеніңді анықтауға көмектеседі. 12 сурет беріледі. Жылдам 
жұмыс жасаңдар. Басқа ешкім ойлап таба алмайтын ерекше сурет салуға 
тырысыңдар. Сендерге сурет салу үшін 20 (25) минут беріледі. Шаршыларда 
ретімен жұмыс жасаңдар, бір шаршыдан екіншіге ретсіз секіріп кетпеңдер. Сурет 
салу кезінде әрбір шаршы ішіндегі сызықтар мен фигуралады қолданыңдар, оны 
суретіңнің бір бөлігіне айналдыр. Сендер шаршының ішіне кез келген жеріне сурет 
сала аласыңдар. Суреттер қызықты және ерекше болуы үшін әр түрлі түсті 
қолдансаңдар болады. Әрбір суретпен жұмыс жасау аяқталған соң қызықты атау 
беру жөнінде ойланыңдар және оны сурет астындағы жолға жазыңдар. Дұрыс 
жазылмады деп уайымдамаңдар. Ерекше атаудың туылуы жазу үлгісі мен 
орфографияға қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Берген атауларың суретте не 
бейнеленгенін білдіріп, оның мағынасын ашатындай болуы қажет». 
Эксперимент мәліметтерін өңдеу.
Дивергентті ойлаудың келесі берілетін 4 когнитивтік факторы тұлғаның 
шығармашылық танытуымен (оң жарты шарлық, визуалды, ойлаудың синтетикалық 
стилі) арақатынасты орнатады. Олар сөздік қорды жинақтауға қабілеттілікті 
210 



сипаттайтын 5-фактормен қоса бағаланады. Нәтижесінде өңделмеген ұпайлармен 
көрінетін 5 көрсеткішті аламыз:
- шапшаңдық (Ш); 
- икемділік (И); 
- ерекшелік (Е); 
- өңделгендік (Ө); 
- атауы (А). 
1. Шапшаңдық — өнімділік, баланың жасаған суреттерінің мазмұнына 
қарамастан, олардың санын санау арқылы анықталады.
Негіздеме: шығармашылық тұлғалар өнімді жұмыс жасайды, бұл ойлау 
шапшаңдығының дамуымен байланысты. Мүмкін ұпайлар диапазоны 1-ден 12 
ұпайға дейін (әр сурет үшін 1 ұпай). 
2. Икемділік — бірінші суреттен бастап сурет категориясының өзгеру саны. 
Мұнда 4 мүмкін категория бар:
- тірі (Т) — адам, гүл, ағаш, кез келген өсімдік, жемістер, жануарлар, 
жәндіктер, балықтар, құстар және т.б.
- механикалық, пәндік (М) — қайық, ғарыш кемесі, велосипед, машина, құрал-
жабдық, ойыншық, құрал-сайман, жиһаз, тұрмыстық бұйымдар, ыдыстар және т.б.
-символикалық (С) — әріп, сан, атау, елтаңба, ту, символикалық белгі және т.б.
- түрге, жанрға қарай (Т) — қала, көше, үй, аула, парк, ғарыш, тау және т.б.
Негіздеме: шығармашылық тұлғалар бір жол мен бір категорияны сылбыр 
ұстанғаннан гөрі бір нәрсені өзгертуге бейім болады. Олардың ойлауы бекітілмеген, 
ол үнемі қозғалыста. Мүмкін ұпайлардың диапазоны 1-ден 11-ге дейін, ол біріншіні 
есепке алмағанда сурет категориясын қанша рет өзгертуіне байланысты.
3. Ерекшелік (Түпнұсқалық-оригинальность) — сурет салынатын орын 
(стимулдық фигураға қатысты іштей не сырттай). Әрбір шаршы ішінде стимулдық 
сызық немесе фигура болады, олар шығармашылығы аз адамдарға шектеу ретінде 
қызмет етеді. Берілген стимулдық фигураның ішіне не сыртына салған сурет 
мейлінше ерекше болып табылады.
Негіздеме: шығармашылығы аз тұлғалар стимулдық фигураны елемей, суретті 
оның сыртына салады. Яғни сурет тек сырттай салынады. Креативті тұлғалар жабық 
бөліктің ішінде жұмыс жасайтын болады. Креативтілігі өте жоғары тұлғалар 
барлығын жинақтап, біріктіретін болады, оларды ешқандай жабық шеңбер тоқтата 
алмайды, яғни сурет стимулдық фигураның ішіне де, сыртына да салынады.
1 ұпай – тек сыртына салады. 
2 ұпай – тек ішіне салады. 
3 ұпай – сыртына да, ішіне де салады (жинақтау). 
Ерекшелік жөнінен (Е) жалпы өңделмеген ұпай - барлық суреттердің осы 
факторлар бойынша ұпай санына тең болады.
4. Өңделгендік — сурет бөліктерінің симметрия-асимметриялы орналасуы.
0 ұпай – сырттай және іштей кеңістіктің симметриялығы. 
1 ұпай – жабық шеңбер сыртындағы асимметрия (2 үлгі).
2 ұпай – жабық шеңбер ішіндегі асимметрия (3 үлгі). 
3 ұпай – толықтай асимметриялы (4 үлгі).
211 



Өңделгендік жөнінен (Ө) жалпы ұпай - барлық сурет бойынша өңделгендік 
факторының ұпайлар саны.
5. Атау — сөздік қор байлығы (атауда қолданылған сөздер саны) және 
суреттегі бейненің мәнін бейнелі түрде жеткізуге қабілеттілік (тікелей сипаттау 
және жасырын мағына, астарлы сөз). 
0 ұпай – атау берілмеген.
1 ұпай - анықтамасыз берілген бір сөзден тұратын атау.
2 ұпай – суретте не бейнеленгенін көрсететін сөз тіркесі немесе бірнеше сөз. 
3 ұпай – суретте не бейнеленгенінен де артық мағына беретін бейнелі атау.
Атау беру үшін (А) жалпы өңделмеген ұпай - әр сурет үшін алған осы 
факторлар бойынша ұпайлар саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет