Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Аманжан: – Түн ортасында оятқаның не-ей, жау шапты 
ма? 
Бақытжан: – Кішкене ұйқтай тұрайыншы, әкри. – 
Былқсылқ етіп әрең тұр. 
Нұржан: – Ұйқтауға болмайды. Үсіп өліп қаламыз. – аяқ-
қолдары дуылдап, ашығанын енді ғана сезген екі жігіт 
Нұржанның ырқына көне бастады. 
Олар енді аласұрып жаттығу жасауға кірісті. Нұржан 
команда беріп жүр. 
– Тұрыңдар! – Тұрады. 
– Отырыңдар! – Отырады. 
– Тұрыңдар! 
– Отырыңдар! 
– ал енді тракторды шыр айналып жүгірейік. – 
Тізелерінен қар кешіп жүгіре бастайды. 
– ал енді беті-қолымызды қармен ысқылайық. 
– ал енді айқайлап күлейік. Қане, күлейікші бір, 
жолдастар.
Күлейік! Күлейік! Бүкіл әлем күңіренсін... Ха-ха-ха... 
– Ха...ха...ха... 
– Ха...ха...ха... 
Бүкіл әлем «ха-ха-ха-ға» айналып кетті. 
Үшеуі есі ауысқан адамдай кеңірдек жырта сақылдап 
қарқылдап, қар тепкілеп күлді-ай... – өмір үшін, өмір үнін 
естірте қасақана күлді... 
– Не деген тамаша өмір? Ха-ха, – деді аманжан 
арпалысып. – Күлген адамның бәрі бақытты емес, ха-ха... 
аюдай қорбаңдап, ай астында жанталасқан жігіттерді
көрген көлденең көз болса, жын ұрған екен деп ойлар еді. 
– Қане, жігіттер, – деді Бақытжан екі досының қолынан 
тартып.– Билейікші бір айызды қандырып. Өзіміз үшін. Сүйіп 
қосыла алмаған қыздарымыз үшін. 


215
аткөпір қарды тепкілеп, арсыл-гүрсіл билей бастады. 
– ал енді, жігіттер, енді құшақтасып, ыстық-ыстық 
сүйісейік, – деді ентігін зорға басқан Нұржан. – Бұдан кейін 
қолымыз тие ме, тимей ме? Тіпті бұдан соң бір-бірімізді дәл 
қазіргідей қимас көңілмен жақсы көре аламыз ба? 
Үшеуі жүз жылдан соң жолыққандай құшақтары айқасып 
сүйіседі. 
– Сүйіскеннің бәрі махаббат, құшақтасқанның бәрі адал 
дос емес, – деп, аманжан былш еткізіп түкіріп, биялайымен 
аузын сүртіп тастады. – Өне бойым бір түрлі жыбырлап, 
қышындыра бастады. 
– Таң атқанша шыдайық, – деді Бақытжан. 
– Таң атқан соң қайын жұрағатыңның үйіне барасың 
ба?.. 
– Дегенмен күн шығады ғой. 
– Ой, сол күніңді! – деп аманжан тісін қайрады. 
– Күнге тіл тигізуге болмайды, – деді Бақытжан. – Саған 
керек жоқ болғанымен, өзгелерге керек. 
– Тұрмаңдар, қимылдаңдар, – деп Нұржан екі жігітті 
итеріп-итеріп қалды. Қызық, серейіп тұрған аманжан 
екпінімен ұшып түсті. Бірақ Нұржанға ашуланған жоқ. 
Орнынан қайтадан қарғып тұрды да, көзі шатынып, аузынан 
бу бұрқыраған қалпы қолын сермеп: – Ел үшін алға! Ура, 
жолдастар! – деді жан даусы шыға. 
– Совхоз 
үшін! 
Отделение 
үшін. 
Жасасын 
управляющий! – деді елірген Бақытжан. 
– Бәрібір үлкен башпайымда жан жоқ, – деді аманжан 
ентігін басып. Өне бойы бірте-бірте қызына бастағандай. 
– мен аман секілдімін, – деді Бақытжан алқынып. 
– Сен семізсің, суық майыңнан өткенше көктем 
шығады-ау,– деп қалжыңдады Нұржан. Үшеуі айызы қана 
тағы күлді. 
алайда аманжанның халі бәрінен де мүшкіл еді, қол-аяғы, 
тіпті бүкіл денесін біртіндеп үсік шала бастаған сықылды. 
Сақылдап күліп тұрды да, бір уақытта өз-өзінен бұлқынып, 
үстіндегі киімін асығыс шеше бастады. алғашында Нұржан 
қалжыңдайтын шығар деп мән бермеді де тонын, сонан соң 
пиджагын шешіп, енді көйлегін сыпыра бергенде ұстай алды. 


216
– аманжан деймін, не болды саған?! 
– Ештеңе емес, ана қараңдаршы, костер жанып тұр... Фу, 
атаңа нәлет... ыстықтадым, – деп Нұржанның қолынан 
жұлқынып шығып, секіріп билей бастады. – О, жарықтықтың 
лапылдауын-ай... Келіңдер қане, отты айналып армансыз бір 
билейік, достар. лаула, костер! лаула, қар үстінде жанған от! – 
Сақ-сақ күліп, ырғып ойнай берді. – Сендер де шешініңдер! 
– Ұстайық, – деді Нұржан. – Ұстап алып, денесін қармен 
ысқыламаса болмайды. 
– Ұстай алмайсыңдар,– деді аманжан мазақтап. – айна- 
лайын жарық от! Күйдірші! Өртеші! Өртеп жіберші, анау қар 
бетінде қаптаған қара мысықтарды – (екі жігіттен бастап 
санайды)... бір мысық, екі мысық, үш мысық, мың-миллион 
мысық... Жер бетінің бәрі мияулаған мысықтар... 
Бақытжан жыламсырап қоя берді: – алла, тағалам-ай, не 
жазып едік саған... қор болдық-ау... 
– Тұр орныңнан! – деп айғай салды Нұржан. – азамат 
емеспісің. 
Ептеп есі ауыса бастаған аманжанды екеуі екі жағынан 
шап беріп ұстап алып еді, қарулы жігіт біразға дейін бой 
бермеді. Бұдан соң тракторды от алдыратын қайыс белбеуді 
алып келіп аяғын тұсап барып, бірі кеудесіне мініп отырды да, 
екіншісі аманжанның өн бойын қармен ысқылай бастады. 
– Әттең, қаздың майы болар ма еді. Қолдырай бастаған 
өне бойын сылап тастайтын, – деді Бақытжан. 
– Қоя беріңдер! – деді жұлқынып. – Жаурадым. 
Құтырып кеттіңдер ме. Шешіңдер аяғымды. Өзім-ақ... 
Әйтседе үсті-басы қолдырап үсіне бастаған аманжанды 
тырп еткізбей басып отырып, етін ұзақ ысқылап барып әрең 
босатты. Бұдан соң шапшаң киіндіріп, ана екеуі бір-біріне 
лақтыра итеріп, қызу қимылға түсірді. арпалыспен бірер сағат 
уақыт әп-сәтте өте шықты. аман- жан үсік шалған денесіндегі 
мұздай бастаған қан лүпілдеп қайта қозғалысқа түскен соң, 
расында да, бусанып терлеген. Қайратты жігіт ес-ақылын да 
әп-сәтте жинап үлгеріп еді. 
– рақмет, достарым, – деді жүріп, – сендер болмасаңдар 
жынданып кете жаздадым-ау. Қызық, тап ортамызда 
лапылдап от жанып тұрғандай елестеп кетті. ал киімдерімді 
қалай шешкенімді өзім де білмедім. 


217
– Енді әрқайсымыз бір-бірімізге сақ болайық. Біреуіміз 
шешіне бастасақ болды, қарға екпетінен салып, құйрығынан 
шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша ысқылай- 
мыз, әкіри, – деді Бақытжан секіріп жүріп. 
– Сен бәрімізді алдыңа салып барып үсисің, – деді 
аманжан. – Терің киттің терісінен бір кем емес. 
Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық 
дүние... Түпсіз ал қара көк аспанда мың-миллион жұлдыз, 
жамбасқа ауа бастаған ай, батыс көкжиекке сусып түсе 
бастаған шоқ үркер ай сәулесімен аймаласып жатқан, құмары 
әлі тарқамаған, мауқы әлі басылмаған тойымсыз. Қорқатын 
сол қардың көйлегінің дал-дұлын шығарып, ырқына көнбей, 
дегенін істемей, қашып құтылудың амалын іздеп арпалысқан 
адамдар – ай сәулесінің астында секіріп ойнап, сеңдей билеп 
құтырған үш жігіт... өмірдің мәнін түсініп, махаббаттың, шын 
бақыттың не екенін парықтамаған жас буын – енесін іздеп 
зарлаған жас бота... 
Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол суық әлемнің бір 
пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын 
жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; 
қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ, өз-өзінен 
жынданған, өзөзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің 
үш солдаты... үш қояншық, үш есалаң – үш батыр... 
Қаңтардың ұза-а-қ түні таусылар емес. мәңгі қозғалысқа 
түсіп, шапшаң қимылмен шаршаса да, шапқылай берген соң 
жігіттердің тоңдана бастаған денесіне жылу тарап, 
маңдайлары жіпсиін деген. Тоқылдап қатқан пималарын 
шешіп жіберіп, бір-бірінің аяғын қармен ысқылап еді, енді 
башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген. Бойлары 
жылығанмен, ыстықты аңсаған ішкі сарайы сол – салқын 
қалпында, темір құбырдың аяз сорып, жел кеулеп 
уілдегеніндей құлазыңқы. Көңілдегі түйткіл мұз ери 
қоймаған... Ертеңгі суішкіліктеріне аса сенімді емес. 
Жиырмасыншы ғасырдың аш қасқыры тіпті жақыннан 
ұлығандай... 
– ана қара! – деді Бақытжан ышқына айғайлап. – ананы 
қараңдар, бес-алты ит тұр. 
– атаңның басы, – деді ауыр мінезді аманжан бәрібір 
сас- пай. – Иен тауда ит жүр деген. Ол – қасқыр! Біздің 


218
жаназамыз- ды шығаруға келген, дәретіңді алып, иманыңды 
үйіре бер. 
расында да, шана ағытылып қалған жоғарыда құлақтарын 
тіге селтиіп-селтиіп бір үйір қасқыр тұр еді аңдып. Нұржан 
тұңғыш рет зәресі ұша қорықты. Бірақ жолдастарына сыр 
білдірген жоқ: 
– Сіріңке жақ! – деді аманжанға. Содан соң өзі трактор 
каби- насындағы темір қобдидан май сіңді шоқпыт алып, 
солярка ағызып еді, түтіктері қатып қалған екен, тамбады. 
Әдемілеп тұрып балағаттады да, әлгі май-май шүберектің өзін 
тұтатпаққа әрекет жасаған. Жарты қорап сіріңкені түгесіп 
барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды былғап 
айғайлап-айбар 
жасағанда, 
шоқиып-шоқиып 
отырған 
қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды. 
– Бәрібір тракторға жолай алмайды, – деп жұбатқан 
Бақытжан өзін-өзі. – Темірден қорқатын шығар, әкіри. 
– атаңның басы, – деді аманжан шырт түкіріп. – 
ашыққан қасқыр сені түгіл, тракторыңның өзін асап қояр. 
Баяғыда Қара далада пәсепте жүрген кезімізде бір шелек 
автолымызды ішіп кеткен. 
– Сен де соғасың! – деді Нұржан. – адам даусынан 
үркетін болу керек. Қосылып тұрып, баяғыда, мектептің 
көркем- 
өнерпаздар 
үйірмесіндегі 
хорда 
айтқандай 
шырқайықшы бір. Келіңдер! Шырқайық... шырқайық (өне 
бойы дірілдей бастаған еді, әлде қорқыныштан, әлде 
тоңғаннан). 
– Қасқырды өлең айтып қуғанды қай атаңнан көріп ең. – 
Бұл сөзді аманжан ашу шақыра айтып еді. 
– Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін болдық.
мен барып билет сатып келейін, – деп батырсынды Бақытжан. 
Олар қасқырдан көз алмай іштерінен ептеп ыңылдай 
бастаған. Бір уақытта Бақытжан жан ұшыра бақырып жіберді: 
– Әне, әне, әкіри. Бізге қарай жақындап келеді. – Зар 
еңіреп жылап жіберді. – Ойбай! апа! 
– Шырқайық! 
– Шырқасақ шырқайық! 
Ән басталды. Еш адам ұғып болмайтын, қызық ән 
басталды: бірдің басы, бірдің аяғы түсініксіз, ішіп алған удай 


219
мас кісінің сандырағы секілді иір-иір, үзік-үзік қожыраған 
сұрықсыз әуен, балдыр-батпақ сөз әрі тамаша сөз. 
Нұржан қасындағы сөнуге айналып, түтіндеген шүберекті 
қасқырларға қарай лақтырып жіберіп, өз омырауын өзі 
сабалай шертіп, азандап қоя берді: 
...Өлсем орным қара жер – сыз болмай ма... ...мыңмен 
жалғыз алыстым, кінә қойма... 
аманжанның әні: 
аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... аппақ қар, аш қасқыр, оу,
оу... аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... 
Бақытжанның әні: 
апам-ай, апам, апам-ай... Жалғызың қор боп қала ма-ай. 
апам-ай, апам, апам-ай... Енді қайттім қорқам-ай... 
Қорқып-үрку сезімдері өлген, іштеріндегі ең ер жүрек, ең 
қатал аманжан қолғабын шешіп стақан жасады да өтірік арақ 
құйып, тост көтерді. 
– ал енді, жолдастар, қасекеңдердің бізді ұмытпай, ел 
аралап, 
шаруашылықпен, 
халықтың 
тұрмыс-халімен 
танысқаны үшін, жас өспірім жастарға жасаған әкелік 
қамқорлықтары үшін; осы қасекеңдер болмаса таңымыз атар 
ма, күніміз шығар ма еді, өзімізді ап деп асап қоярын біле 
тұра мақтамасқа амалымыз бар ма? ал, ағалар, сіздер үшін 
алып қоялық! 
Шығыстан, айыртаудың оңтүстігінен таң білінді! 
Шығыстан, қыземшектенген қарлы төбелердің ар жағынан 
сызат берген айналайын таң, құланиектене ағараң тартты. 
ағараң тартып, түн пердесін сыпырғанша, тамағы кеберсіп, 
дауыстары қарлыққанша ән салған үш жігіт бір үйір аш 
қасқырды хормен шығарып салған. Сонда жігіттер қаз-қатар 
трактор табанына шығып тұрып айтқан ең соңғы трио ән 
мынау еді: 
Болдық қой бар өнерді тауысқандай; мерт болдық айға 
шауып арыстандай, ат жалын тартып мінген бұла шақта, 
Шықылықтап көзге түстік сауысқандай, уа, сауысқандай, 
трата-та, ха-лал-ай, сауысқандай немесе арыстандай... 
– Интересно,– деді Бақытжан.– Бүгінгі қасқырлар 
жемейді, бірақ масқара қорқытады. 
– Ура, таң атты! 


220
Бәрі құлақшындарын аспанға атып, уралайды. 
– Бәрібір батыр атағын бермейді, – деді аманжан 
мұңайып. 
– Өйткені біздің ерлігімізді көріп тұрған ешкім жоқ, – 
деді Бақытжан. 
– Көріп тұрса да бермейді, – деді аманжан. – Өйткені 
біздің де, трактордың да қанаты жоқ, жоқ... ешқашан да ұша 
алмаймыз. Ұшу үшін туатындар бар. Біз – бауырымен жорға- 
лаушылармыз. 
Иә, таңның атқаны даусыз еді. Түні бойы жемтік 
аңдығандай қыдиып жігіттердің зәре-құтын алған аш бөрілер 
құйрықтарын бұтына қысып, таудан асып, қаша ұзай кеткен. 
Дегенмен аш қасқырдың да пайдасы тимей қалған жоқ. 
алтайдың қырық градус суығында қасат қар, ақырған аязда 
үсікке шалдырмай, таң атқанша арпалыстырып, ән салдырған. 
Пенде дегенің итжанды емес пе, «адам үш күнде көрге де 
үйренеді» деген осы, таудың қақаған суығы мен тілі 
жалақтаған бөрісінен кезек қорғанып, тағы бір күнді қарсы 
алған. Бірақ алда әлі де ұшы-қиырсыз күрес күтіп тұрған-ды. 
Түндегі дүрдараздықты қасқыр жеп кетті де, тек сол бір өзара 
түсінбеушіліктің куәсі іспетті, аппақ қардың бетінде 
мұрындарынан аққан қыпқызыл қан қатып жатқан. Көзге 
күйік қылып, көңілге қаяу салдырмайын деді ме, Нұржан 
аяғымен теуіп-теуіп, қармен көміп тастаған. Әрине, алғашқы 
сөз: «Енді не істейміз» деген сұрақтан басталды. Қырау басып, 
мұздап тұрған трактордың шынжыр табанын тепкілеп, әр 
тетігін шұқылап, бас-басына шыр айналып шықты. 
– Қарным ашты,– деді Бақытжан әдетінше. Оның 
ойланбай айта салар әр сөзі шаншудай тиер аманжан мырс 
етіп, мысқылдай күлді де: 
– Шошқа өлгелі жатса да, қорс еткенін қоймайды, – деп 
темекісін тұтатты. Нұржан сым темірдің басына шүберек 
байлап, алау жасап әлек. 
– Тракторды қыздыру үшін екі кубометр отын, сақылдап 
қайнаған екі-үш шелек ыстық су керек, – деді. 
– ауылда, үйдің іргесінде тұрғанда құдайдың зорына от 
алдырушы еді. Итаяқ болып қалды деші.– Бақытжан уайым 
білдірді. 
– Солярканы жылытып алсақ бірдеме болар еді... 


221
– Құр сөзбен трактор қыздырылмайды. Давайте іске 
кірісейік.– аманжан май жүретін жез түтіктерді ұстап, жабы- 
сып-жабысып тұрған қарын сыпырып тазалап, алақанымен 
жылыта бастаған. Дүниедегі жамандық пен жақсылықты 
жұрт- тан бұрын көретін көреген Бақытжан тағы да айқайлап 
жібер- ді. 
– ананы қараңдар! Тал өсіп тұр!– Ол нұсқаған жаққа 
жапа-тармағай жалт қарағанда кеше апақ-сапақта байқамаған 
екен, бұлар қонып шыққан таудың теріскейінде тарбая өскен 
талды көреді. Бұл «Ішкері жаққа» өткелі алғашқы кезіктірген 
ағаш еді, сүреңсіз өмірдің көз сүріндірер тұңғыш қарайғаны 
болған соң ба, қысқы жолаушылардың есі шыға қуанғаны рас-
ты. Тәулік бойы нәр татпай, сілікпесі шыға шаршаған, зықысы 
кетіп жаураған жігіттер дәл қазіргі сәтте әр ербиген бұта, 
ербең етер жан-жануар көрсе, мың жасары хақ еді. Тіпті біле 
білген адамға түндегі қасқырдың өзі ес болды. Жарықтық 
күннің құлағы айыртаудың иығынан қылтиғанда бұлауға 
түсіп қалжа жегендей, әлгі қалжыраған жігіттеріміз қағанағы 
қарқ риза көңілмен алақайлап еді. 
– айналайын, Күн! 
– Жүр, Баке, – деді аманжан қолына балта алып, – жүр, 
қасат қардың бетімен еңбектеп барып, анау талды отындыққа 
қиып әкелейік. 
– Үйден шыққанда тракторист едік зіңгіттей-зіңгіттей, 
одан Қоңқай мемлекетінің тұтқыны болдық, одан түні бойы 
қасқырларға концерт қойып, артист болдық, енді міне 
альпиниске айналдық... – деді Бақытжан. 
– Енді бір күн далада қалсақ, кері маймылға айналып 
кетеміз, саспа, – деп арқасынан қақты аманжан. 
– Тіпті соның өзі жақсы. Кейде адам болып 
жаралғаныма өкінемін де. 
– адам болып жетістіріп жүргенің шамалы еді. айда, 
кеттік. Бақытжан барғысы келмей қипақтап аз-кем тұрды да, 
досының алая қараған көзіне көзі түсіп, әлгі ойынан лезде 
айныды. Боран соғып, әбден беріштеп, шегеленіп қалған қар 
бетімен тау басына қарай жорғалай жөнелген екеуінің 
соңынан үнсіз қарап ұзатқан Нұржан: – Жақсы, жігіттер! – 
деді күбірлеп. Өзі трактор кабинасын ақтарып, асай-мұсайын 
әзірлей бастады. Қар бетінде қарайған екеудің жылжығанынан 


222
тайғанақтап төмен сусығаны көп. Жел үріп, жылтырата 
қатырған тайғақ тым қатыгез, тым қазымыр еді. алда келе 
жатқан аманжан бейне бір альпинистер секілді балтамен ойып 
шұңқырлап, басқыш жасайды да, табанын тіреп, ізін басқан 
Бақытжанға белбеуін лақтырады. Ол қатарласқан соң, тағы да 
алға, құзар тауға шабуылдайды да итпектеп өрмелейді... Екеуі 
де алты айрығынан тер сорғалап ыстықтады. Өне бойынан 
бұрқырап бу шығады. Ойдан қараған кісіге өртеніп тұрғандай-
тын. Картерді шұқылап, екі досының қимылынан көз жазып 
қалып еді, бір нәрсе дәл жанынан төмен қарай сонау шатқалға 
зу етіп ағып өтті. Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше, 
жоғарыдан дауыс естілді. 
– Қолаба, лаухи, ынжық. Жат солай сай табанында!
аманжанның лақтырған белбеуін қақши берем деп оқыстан 
айрылып қалған Бақытжан айнадай жарқыраған қар бетіне 
жұп-жұмсақ құйрығы тиген соң, қол шана тепкендей сырғанап 
кеткен екен. анау оған қарап алаңдамады, дұрыстап тұрып 
балағаттады да, өзі өрмелей берді. Бұдан соң өр жақтан тағы 
да дауыстады. 
– Нұржан, ау, Нұржан, сен оған назар аударма, өзі 
келеді ит болып, бойында шыбын жаны болса. 
Балтаның даусы естілді. Ол талға есен жетіп, қия бастаған 
екен. Бұдан соң буда-буда бұтақты құшақтаған ол оқтай 
зымырап кеше трактор шиырлап қазып тастаған қазан 
шұңқырға гүрс ете қалды. Нұржан серігінің ептілігі мен 
қапшағай шапшаңдығы- на таң қалды әрі шын көңілінен риза 
болды. «Есірік болмай, ер болмайды» деген сөздің жаны бар. 
Тоңазыған жас тал бықсып тұтана қоймады. Үстіне ептеп 
еріп, мөлт-мөлт тамып тұрған солярка тиген соң ғана 
жылбысқылана жанғансымақ болған. Әлгі отты трактордың 
құйрық жақ астындағы бакқа қойып, мыжырайған май-май 
шелекке толтыра қар нығады да, әлгі болар-болмас 
түтінденген оттың жанына тақады. 
– мұнымыздан түк те шықпайды, – деді аманжан. 
– Солярка жібіген соң үстіне құйып, менің пиджагымды 
жағайық. Сендердікінен гөрі ескілеу ғой, – деді Нұржан. 
– анау ляухидің тонының ішіне киген желеткесі бар, 
соны қоса өртеу керек, әйтпесе бір шелек қарды қайнатып, 
салқындатқышқа құю мүмкін емес. 


223
– Ең әуелі оның өзін шақырып әкелу керек. 
– Келеді өзі! – Зілдене айтты. Бақытжанды не себептен 
суқаны сүймейтінін Нұржан білмейді. Түнде ретін тауып, 
сабап та алды. 
– Дегенмен сен барып шығарып әкел, – деді. – Тосып 
отырамыз ба осылай. 
Орнынан керенау көтеріліп бара жатып: – Барсам да тек 
желеткесі үшін барамын,– деді. Содан соң қолына сүймен 
алып, секіріп барып қатқан қарға жалп етіп отыра кетіп еді, 
етекке қарай сырғанай жөнелді. От жаға алмай күйбеңдеген 
Нұржанның құлағына сай жақтан баж-бұж еткен дауыс тағы 
естілді. Бақытжан алда, аманжан соңында, сүйменді таяныш 
қыла өрмелеп келеді. Бақытжанның не себептен жан даусы 
шыққанын түсіне алмады. Трактор жанына келіп жеткенде 
желкелей нұқып, ұшырып түсірді де: – ляухи, неғып 
бүгежектеп жатып алды десем, бізден жасырып құрт жеп 
отыр. 
Нұржан рас па дегендей оған қарап еді, ұрты томпайып, 
сілекейі шұбыра жалмаң-жалмаң еткенін көріп шындап 
түңілді. 
– Ұят екен, – деді. – Соғыс болса немесе ашаршылық 
болса қайтер едің. Қасқыр да қас қылмайды жолдасына деген 
қайда? апаң қалтаңа салып берген бір уыс малта қыстан 
шығарады дедің бе? 
– Қызғанғандарың осы болса мә, алыңдар, талап жеңдер, 
тіпті қарындарың ашып бара жатса мені сойып, қақтаңдар, – 
деп қалтасынан алған малтаны шашып жіберді. Бірақ Нұржан 
да, аманжан да міз бақпады. аппақ қардың бетінде бір уыс 
малта бытырай шашылып жатты. Ешқайсысы еңкейіп алмады 
да. 
– Шеш желеткеңді, – деп әмір берді. Бақытжан үнсіз 
шешіне бастады. Жанармай жіпсіген соң пиджак пен желет- 
кенің үстіне малшыта құйып, лап еткізіп тұтатты. Өмір оты 
лаулады! Тіршілік басталды! От тиген жігіттердің бетінен қан, 
от тиген жез түтіктерден май жүгірді. Бірер шелек қар 
қайнатып, салқындатқыштың мұз қабыршықтанған өңешіне 
құйды. Картердің майы жібіді! Жанармай тиген соң бағанағы 
шылқыған жас тал да сытырлай жанды! Күн жарықтық арқан 
бойы көтеріліп, жанарыңды жалайтын сәулемен мұқым маңай, 


224
айнала – аппақ қар әйнектей жарқырады-ай. Шыңылтыр 
аяздың астында шыны уатып тастағандай шағылыса 
ойнайды... Өзінің қыңыр қылығына өкініп, сең боп қатқан 
ұяты ол да жібіді білем, Бақытжан мұрны қанағанша дедектеп 
жұмыс істеді. Қайыс белдікті дөңгелек от алдырғышқа орап 
әкеп, түйіншегін ілгішіне іліп, кезек-кезек тарта берген соң ең 
алдымен пускаш тырылдап іске қосылды да, ақыреттей 
жайылып, суық жүзбен сыздана сазарған ақшағыл тауларды 
жаңғырықтырып, трактор от алды. Біразға дейін көксау 
тигендей қақалып-шашалып бабы болмады. Нұржан барып 
газдың тұтқасын басып қалып еді, өкіріп-өкіріп түні бойғы 
өксігін құсып тастап, баяғы әуеніне басып, әлеулей әнін 
шырқады-ай... Жасасын, өмір! Жасасын, жастар! Жасасын, 
жасасын, жасасын!.. 
Жігіттер оны-мұны, керек-жарағын темір қобдиына 
бақшалап тұрып салды, отырғыш пен арқалықты қар үйшіктің 
астынан аршып алып, орнына қойды. Кабинаға қарғып мініп, 
«жолымызды оңғара көр» деп күбірлеп сапарға, тіршілік 
жорығына аттанды әне! Не болса да тәуекел жасап, мынау 
таудың балағындағы өзекшені құлдап, мынау мекен болған ақ 
тауды шыр айнала орап, келген іздерімен жоғарыда қалған 
шананың қыр желкесінен түспекке ниет білдірді. 
Бірақ Нұржаннын бұл ұсынысына аманжан үзілді-кесілді 
қарсы болды. 
– Есіміз барда – елімізді табайық,– деді ол. 
– Сен қалай ойлайсың? – деді аманжан. 
– Сен қалай ойласаң – солай ойлаймын, – деді 
Бақытжан. 
– Түу... ит арқасы қияннан күн демей, түн демей бар 
ауыртпалықты арқалап шыққанда, жол ортадан қайтып кетуге 
дәтім шыдамайды. Ел-жұрттан ұят. – аға трактористің бұл 
сөзіне аманжанның күлкісі келді. 
– Пах..., хи-хи... шіркіннің елден ұяла қалғаны-ай... 
Ұлыған қасқыр, ұйтқыған боранға бесіктен белі жаңа шыққан 
біздерді алдап-арбап айдап салғанда, сол елің... ұялмайды, біз 
ұялуымыз керек! айда, былжырақты қойып тракторға 
мініңдер. Күн барда етекке түсіп алайық. – Өзі қарғып 
трактордың табанына шықты. 


225
– асықпа, жігітім, дауысқа саламыз, – деді Нұржан. – 
Одыраңдама соқырым, баланы басып кетесің деген екен бая- 
ғыда біреу. 
– Пах! Бейне бір кинодағыдай. Комсомол жиналысын 
ашамыз деші. 
– ар-ұят жиналысы. 
– Хватит! – деп айғай салды аманжан.– Шалтай-
балтайды қойыңдар. Екі тәулік алысқанда ар-ұятымнан 
айрылып қалғанмын. ал қарыз алуға әркімнің өз қара басына 
жетпей жүр. – мойнының тамырлары білеудей болып ісініп 
шыға келді. адамдардың мінез-құлқы қызық қой: қазір былай, 
қазір олай. ал аманжан өз айтқанына көнбесең, басын кесіп 
алсаң да ұстанғанынан таймайтындардың бірі-тін. Суық қатты 
қысқанда торс-торс айрылатын қара жердің өзі іспетті, жан 
дүниесіне, психологиясына сай келмейтін нәрсе болмаса 
ешкімнің айтқанына көніп, айдағанына жүрмейтін ол, қазіргі 
дау-дамайда сөзсіз жеңем деп ойлады. Екі күн бойы өлім мен 
өмірдің қақпақылы болып, қар-қатынның тұтқынынан енді 
босандым ба дегенде, жалғыз шана шөп үшін ажалға бастарын 
тігу – барып тұрған ақымақтық деп ойлады. Жо-жоқ, 
патриоттық рух, жауапкершілік сезімі аманжанда да сөнген 
жоқ, бірақ көзсіз ерліктің заманы емес қой бұл. Не істесең де 
ақыл, айла керек. 
Ол әсіресе кешеден, шалмен арбасудан кейін қатты өзгеріп 
кетіп еді. Неге екенін кім білсін, Бақытжан бағанағы бір құрт 
мәселесінен кейін, өз-өзінен ол да өзгеріп сала берген. Әсіресе 
Нұржанның кеудесіне тонның ішінен киген пиджагын шешіп 
отқа тастап, дірдектеп тұрған кейпін көрген сәттен бастап, 
жан дүниесіне тамаша сәуле тарап еді. Күпірлікке толы 
күндерімен мүлдем қоштасқандай, адамгершілік, достық, 
қимастық деген түсініктердің мәнін шындап парықтағандай 
болған. Бір бағытқа – бір мақсатпен аттанған адамдар 
арасында қара суды бөліп ұрттар қоян-қолтық ынтымақ 
болмайынша, ілгерілеу мүмкін еместігінұққан. анау үзеңгілес 
келе жатқан достарының тотыққан мыс түсті шаршаңқы 
дидарына ұзақ үңіліп, оларды енді ғана танығандай, олармен 
енді ғана шындап достасқан- дай балаша қуанған. Әрі өзінің 
кеше түнде оңбай таяқ жегеніне тіпті өкінген жоқ, қайта 
«өзіме де сол керек» деп өз-өзін табалаған. Ер-азамат не 


226
майданда, не жорықта сыналады деген осы. Ол – Бақытжан 
осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін 
де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты – өзін 
ашты... 
Қоңқай шалмен арадағы қақтығыстан соң, мінезі күрт 
өзгерген аманжан ғана. Не көрінді? 
– «ляуқисың, ұйқышылсың, тамақсаусың», – деп мені 
келемеждегенде патефондай сайраушы едің, бір бармағымды 
бүгіп жүрдім деші... Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қоғам малы 
тұр маңырап.– Бақытжанның бұл жалынды сөзі, шынында да, 
әбес естіліп еді, әсіресе ақ қар, көк мұздың ортасында, 
тістісіне тимей бүрсеңдеп, екі тәулік нәр татпаған ішектері 
итше ұлып жатқанда... аманжан, ішін басып қатты күлгені 
соншама, трактордың шынжыр табаны солқылдап кетті. 
– Пах-пах, шіркіннің патриотын-ай, ха-ха у-у-ішегім-
ай... Павка Корчагин ортамызда жүр екен ғой... – Күлкісін 
шорт тыйды да, арс етіп жекіді. – ляуқи неме, қоғамға мал 
керек болғанда, адам керек жоқ па?! а! аштықтан, 
лажсыздықтан бір-бірімізді тірідей жегелі тұрып, жалынды 
сөздер айтамыз. Жалынды сөз жанымызды алып қала 
алмайды, жарқыным. Насихатшым мен лекторым жанымнан 
табылып рақат болдыау. Құлағымның етін қоғамтанудан 
беретін ызылдақ мұғалім жеп еді... енді міне... 
Дем алған сайын ауыздарынан будақ-будақ бу шыққан үш 
жігітке сонадайдан қарап тұрып, іштері өртеніп тұр-ау деп 
ойлауға болушы еді. ал олардың сырты қалтырағанмен, жан 
дүниелері лапылдап жанып жатқаны рас-ты. аманжанның 
ашуланып айтқан сөзінен соң, не істерін білмей біраз 
ойланып, үнсіз қалған. Қазіргі жағдайды салмақтап қараса, 
аманжанның сөзін де теріс дей алмас еді. Не істеу керек 
мұндайда? Жан бағып ауылға тайып тұрса, неге келдің деп 
айыпқа тартпас. 
Қар шағылдардың арасынан, Қар қызының сыңсыта салған 
мұңлы әні естілгендей... 
– ауылға бір айыр болса да пішен апармай, кері 
оралмай- мыз. Қазір тауды шыр айналып, анау шананың 
желкесінен түсеміз. Осы пікірге қосылам дегендерің қол 
көтеріңдер, – деп кесіп айтты Нұржан. ары тарт, бері тартпен 


227
ырылдасып тұра берсе, қыстың келте күні қазір-ақ батып 
кетер. 
– Ол үшін тағы да екі тәулік керек. Ондай жас жұтар 
тәуекелге сенің қарның, трактордың майы шыдамас, – деді 
аманжан. 
– Егер сенің барғың келмесе, осы жерде қала бер. 
маневрді біз өзіміз-ақ жасап келеміз. 
Нұржан мен Бақытжан қол көтерді. Осы кезде аманжан 
тракторды сөндіріп жіберді де, екі мықынын таяна талтайып, 
гусеницаны солқылдата ойнап, тісі ақсиып тұра қалған. 
– Бұға берсе – сұға беруге әбден үйренгенсіңдер, – деді 
қарға шырт түкіріп. – ал енді тырп етіп көріңдерші. Ең әуелі 
екеуіңді, содан соң өзім қан болайын.– Қалтасынан бәкісін 
суырып алды. Екі жігіт шошына қарап қалған. Басқа-басқа, 
дәл осыны күтпеп еді. Бір жасынан бірге өскен дос, замандас, 
ағайындас... тағысын, тағылар – бәр-бәрі быт-шыт, бәр-бәрі 
бекер, әншейін қайғы-мұңсыз ерігіп жүргенде айтылар 
шартты ұғым екеніне Нұржанның көзі тұңғыш рет жеткен еді. 
Ендеше, анау ауылда іздеп барар кімі қалды? Қай екі туып, бір 
қалғаны бар. Шешесі ме, қарындасы ма? Олар өз күнін өзі, 
Нұржансызақ көре береді. Тәңірім-ау, Нұржанның осы екі 
жігіттен басқа кімі бар еді? «аманжан, сен... осындай ма 
едің?.. Пышақ жұмсағаны несі... Жо-жоқ, ауылға енді қайтып 
бармау керек екен. Не болса да осына қар-елінде, адамдары аз 
кеңістікте өлу лазым екен...» 
– Надоели вы мне, надоели! – деп кеңірдегін созып 
бақырған аманжанның өрескел үні оның ойын бұзды. 
Бұлардан сәл биікте, шынжыр табанда тұрған оның көзі от 
шаша бағжаң еткенде, Нұржанның алдында бірге өсіп, біте 
қайнасқан жан досы емес, Қоңқай шал тұрғандай жүрегі дір 
ете қалды. – Вот так надоели мне все люди. Все человечество! 
– мынаның орысшасы ничауа екен, а Нұржан, – деп 
Бақытжан әзілге шаптырып еді, аманжан тебініп: 
– ыржақтама, – деді. – Боқ-жыныңды ақтара салармын. 
Упрай әкеңе қош деуге шамаң келмей қалар, ойнастан туған 
шата неме!.. 
– а-а! – деп аңырып тұрып қалған Бақытжан денесін тоқ 
соққандай әсерде басын қос қолдап қысқан қалпы, 
осыншалық ауыр сөзді көтере алмағандай шөкелеп отыра 


228
берді. Екі көзіне қан тола бастаған. «Шата» дейді-ау. Осы бір 
қаңқау сөз үшін өзінен ары намыстанып, талай баланың 
мұрнын дал қылған аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, 
беті былш етпей өзі айтып тұр. Нендей бір тылсым күш, 
орнынан тік көтерді де, арсылдап тұрған алып аманжанға 
қарай атып жіберді. Әлемде менен мықты ешкім жоқ деп 
әспенсіп тұрған жігітгің ең әуелі қолындағы пышағы шыр етіп 
ұшып, қарға сіңіп жоқ болды да, өзі кескен теректей сұлап 
түсті. міне керемет! Соққы қай жерінен тиді, оны аманжан да, 
тіпті осы әрекетті баққан Нұржан да байқамай қалып еді. 
Жалғыз-ақ сәтте жеңіске жеткен Бақытжан трактор табанына 
қарғып шықты. Қарғып шықты да: – Үндемегенге үрулеріңді 
қоймадыңдар. Сендерден келген кереметті көріп алдым, – деді 
саспай сөйлеп. – Қоңқай шалдан қорық, қасқыр мен аяздан, 
аштықтан қорық, енді аманжаннан шошып сүрген өмірдің 
ішін ұрайын. Ей, Нұржан, тракторға от алдыр. Шанаға 
барамыз. ана қабаған ит жатсын солай бұралып. моншада 
берген антты бұзған адамның тартар жазасы – осы. – Кішкене 
қайыс жіпті Нұржанға лақтырды. 
– Жеңдік деп тұрсыңдар ғой. мә, мә... – деп саусағын 
шығарды аманжан. Тұрайын деп екі-үш рет талпынып еді, 
бүйірі удай ашып көтертпейді. «атаңа налет қай жерімнен 
ұрған» деп ыңырси күбірледі.– Бәрібір ажалдарың менен... 
бүгін болмаса ертең, ертең болмаса – арғы күні. 
Трактор дырылдап ала жөнелді. Қанша төзімді, кең пейіл, 
жүрегі жұмсақ болғанымен, Нұржан біржола түңілгендей еді, 
ДТ-ға қарғып мінді де, моторды жылдамдыққа қосып, 
рычагты тартып қалды. 
– Кеттік! – деді жанына жайғасқан Бақытжанға. 
– Кеттік! – деді ол да. апай-топайы шыққан жентек-
жентек қардың үстінде белі кеткен сиырдай кирелеңдеп 
аманжан қалды. Бірақ ол: «Тоқта, мені ала кетіңдер»,– деп 
жалынбады. Көзі қанталаған қалпы, қақпанға түскен 
қасқырдай мәңгілік кекпен, арлан ашумен қалды. Денесінің 
ауырғанына, суықтың өткеніне қараған жоқ, сол құлап түскен 
қалпында – мызғымай, өжет бітім, бітіспес өшпенділікпен 
қалды. Трактор етекке құлдап, ұзап кеткен соң, қорлана 
жылады. Сай-сүйегі сырқырап, қолқасы қопарыла еңкілдеді. 
Көз жасы ақша қардың бетіне мұзмоншаққа айналып түсіп 


229
жатыр. Басқа-басқа, дәл Бақытжаннан осындай соққы жеймін 
деп ойлады ма. мұрны пысылдап, қалғып-шұлғып отыратын 
боқ қарын емес пе еді. Жо-о-оқ, бұл ойлағандай емес екен. 
Түйе бойына сеніп құр қалыптының кері осы да... Суықтан 
домбығып, қызарып кеткен саусақтарын жеңімен сүртіп 
үрледі де, қойнына тықты. Сон-ау-оу ойға мойнын созып 
қарап еді, белуардан қар кешкен трактор түтіні будақтап, 
саймен 
ылдилап 
шырқап 
барады 
екен. 
Тоқтаусыз 
зырылдайды. мына екпініне қарағанда жалғыз-ақ сағаттың 
ішінде тауды шыр айналып, қарға қақалып жатқан шананың 
қыр желкесіне жетіп келер түрі бар. аманжан достарына ермей 
қалып қойғанына, өзінің оңбай қателескеніне өкінді. Енді 
онда жалғыз-ақ амал қалып еді. Ол – анау екі жүз метр 
жоғарыда жатқан шанаға өрлеп барып, екі жігітті тосып 
отыру. Кешірім өтіну. Оған аманжанның намысы жібере 
қойса... Сонда не істеу керек? ызғарлы тыныштық. Тырс еткен 
үн жоқ. Дүниеде өлі тыныштықтан қорқынышты не бар екен? 
Кеше бұлар топшылағандай сай табаны сор, қойтасты 
кедірбұдыр оппа емес екен. Ол да болса алғашқы сәттіліктің 
басы еді. Шынжыр табаннан асып, қабыршықтана 
беріштенген қар сеңін қақ жарып, жүзе жөнелген. Кешегі 
көкіректерін ыңғырудай кеулеген жат сезім, жабайы қылық 
сейіліп, ұлы бір майданға аттанғандай түстері әрі түйілген, әрі 
өзі күшіне имандай сенген қайсарлы, әрі қасіретті. Шындай 
өшіккен адамның қасақана жасар ерегеспе долылығы бар. 
Түңіліп барып, үмітін үзіп барып, өз тілеуін өзі ғана тілер-
жалғыздықтың, жанашырсыз жетімдіктің зарын тартып, 
запысын шеккен қайран көзсіз ерлік-ай, өлімді тек осылайша, 
осындай көкпері, асау мінезбен ғана жеңе аласың... 
айнала аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық
дүние. 
– Нұржан, – деді Бақытжан томаға-тұйық трактор 
жүргізіп отырған мұңлылау жүзіне қарап. 
– ау. 
– Үсік шалынған адам ыстықтап, үстіндегі бар киімін 
шеше бастайтыны рас-ау деймін... Түнде менің бойым енді 
ғана жылып, күйіп-жана бастаған шағымда, Қол шатырлы қыз 
келіп, жетелей жөнелді. Сен сирағымнан жұлып ояттың, 
әйтпегенде бүгін серейіп қатып жатар едік. 


230
Олар біразға дейін тағы да үнсіз отырды. анда-санда қар 
астында жасырынып жатқан ұры тасқа табаны шақ ете қалған 
ДТ-54-те мін жоқ, зырлап-ақ келеді. Кеше әзер деп асқан 
тауды шыр айналып орап, өз іздеріне қайта түскенде қыстың 
қысқа күні еңкейе беріп еді. 
– Тоңған жоқсың ба? – деді Нұржан пиджагы мен 
желетке- сін солярка құйып жаққандары есіне оралып. 
– Қалтырағаным болмаса, қыж-қыж қайнап отырмын,– 
деді Бақытжан күліп.– Таңертеңгіден қалтамның түбінде бір 
малта қалып қойыпты, ұят болмаса бөліп кемірсек қайтеді. 
Нұржан оның қипақтаған мүсәпірлеу кейпіне қарап күліп 
жіберді. – Несіне қыбыжықтайсың, әкел. 
Қалтада жүре-жүре әбден саталақтанған малтаны екі жігіт 
кезек-кезек кеміре бастады. мақау да дүлей таудың мазасын 
алып, зәресін ұшырған ДТ-54 күні кеше ғана дәл осы мезгілде 
өзі салған орма жолмен қайқая өрлеп бара жатты. 
Қасаттанған қарға батып, қатыңқырап қалған ағаш шананы 
айналып өтіп шегінді де, солқ етіп тоқтады. Трактор 
тоқтартоқтамастан жерге қарғып түскен Бақытжан қолымен 
ымдап; әлі де шегіне түс деген белгі жасап үлгерді. ал өзі 
шананың зілдей ауыр темір мұрындығын мықшыңдап көтеріп, 
ілгешек тесігіне дәл келтірді. Қарды тепкілеп тиекті іздеп еді, 
таппаған соң, дауыстады: – Гусеницаның палцысын 
әкелмесең, тиек жоғалып қалыпты, – деді. Нұржан лақтырған 
саусақ темірді тесікке тығып, балтамен ұрып кіргізді. Одан 
соң, көз ілеспейтін шапшаңдықпен кабинаға қайта секіріп 
мініп: – Бісмілла, ал аттандық! – деп көзінен от шаша алға 
қарады. 
Кешеден бері ит әуреге түсірген кері баққан шананы 
сүйреген ДТ-54 еңіске қарай құйрығына шелек байлаған атша 
зымырай жөнелген. Тәулік бойы өлім мен өмірдің арасында 
өткен асқаралы күреске мойымағандар... жеңіске жетті. 
Олардың ендігі мақсаты – айыртаудың арғы етегіндегі 
Огневка аулына ілігу. Сонда түнеп шығып, жөн сұрап, күзден 
қалған шөптің негізгі жобасын табу. Сөйтіп, бір мая шөпті 
шанаға ыңырандыра тиеп, асу арқылы емес, ауыл-ауылдың 
арасын қосып жатқан күре жолмен шеңбер жасап айналып, есі 
барында елін табу. Әрине, ұзақ та болса – қысқа жол тек сол 
болмақ. 


231
Шананы аман-есен тіркеп алып, көңілдері хош қалпымен 
жоғарыдан төмен құлдилағанда аманжан бағанағы орнында 
әлі жатыр еді. Сонадайдан қарағанда, қар үстінде қарайған 
адамды тірі деп, топшылау мүмкін емес. алғашында ашумен, 
қырсығып жатқан шығар деп мән бермеп еді, тіпті тура 
қасына келгенше қыбыр етпеген соң, шошынысып қалған. 
– мертігіп қалмасын, – деді Нұржан. 
– Сүйек сындырар соққы менің қолымнан қайдан келсін.
монтансып жатқан шығар. 
ДТ-54 – тапалап кетердей болып, тұмсығының алдына 
келіп тоқтағанда да аманжан тырп етпеген. Сол, алысқа... қар 
басқан таулардан жоқ іздегендей, қадала қарайды. Кабинаның 
есігі ашылып, Нұржанның басы қылтиды. 
– Тұр енді, астыңнан суық өтеді. Кеттік, – деп 
дауыстады. аманжан үндеген жоқ, бедірейген қалпы – сұп-сұр 
болып жата берді. Трактордан қарғып түсіп, қасына келген 
Нұржанға назар салмады. Қолынан тартып: – Жүр деймін. 
Өкпеге қисақ та, өлімге қиямыз ба бір-бірімізді. ағаттық сенен 
де, бізден де кетті. Кінәласар тұс бұл емес. 
Бұл кезде Бақытжан да шыдай алмай жетіп келіп қалып 
еді. 
– Битке өкпелеп тонымды отқа салмаймын, – деп керги 
тұрды орнынан. Бірақ аманжанның, осыншалық, аяғының 
басын қайқайтып кімге бұлданатынын екі жолдасы түсіне 
алмады. Сондықтан да әлгі бір ауыр сөзі көңілдеріне келмеді. 
Үйден үшеу болып шығып, екеу болып оралу мүмкін емес, 
ертең аманжан олай-бұлай болып кетсе, тағы да екеуі жауап 
беретіні шәксіз. Ендеше, аманжан бұлданбағанда – кім 
бұлданады. Бірақ аққу, шортан, шаяндай әрқайсымыз әр 
жаққа тартып, шалқасынан түсер шатаққа баруға құқымыз бар 
ғой. Тым құрығанда осыны түсінбегені ренжітіп еді 
Нұржанды. Өзінің жүрегі бос, тым-тым көңілшек, ақша 
қардай тазалығына тұңғыш рет жыны келді. аманжан 
тракторға керенау көтеріліп, үйреншікті орнына
шалқалай жайғасты да, көпке дейін әңгімеге араласпай 
томағатұйық оңаша отырды. Ең алғашқы сұрағы да түйеден 
түскендей еді. 
– Ей, ляуқи, – деді Бақытжанға. Бұрын аяқ алдында, 
темір жәшіктің үстінде бүрісіп, қалғып отыратын оны 


232
аяғымен бүйірінен түртіп қалушы еді, бағанағы соққы есінен 
әлі кете қоймаған секілді... – Сен... оқтай атылған 
шапшаңдықты, кереметтей ауыр соққыны қайдан үйрендің?.. 
мойнын ішіне алып, трактор ырғағымен басы изектеп
отырған Бақытжан мырс етіп күліп жіберді. 
– Қайдағыны сұрайсың-ау. Қалай атылғанымды, қалай, 
қай жеріңнен ұрғанымды өзім де білмеймін. Сенің аузыңнан 
өмір бақида естімеген сөзің шыққанда, миым ып-ыстық болып 
кетті де, бір тылсым күш орнымнан жұлып алып, лақтырды да 
жіберді... 
– Сенбеймін, – деді аманжан темекі іздеп, қалтасын қар- 
манып. – Бәрібір сенбеймін. Нұржан үйреткен шығар. Екеуің 
маған жабылу үшін ертеден дайындалып жүргендеріңді 
сезуші едім. 
– Ондай арам пиғылға барма, – деді Нұржан. – Сенде 
бес – бересі, алты – аласымыз бар ма. Жоқ болмаса, әкемізді 
сен өлтіріп пе едің... 
– рас-ау,– деп қалды Бақытжан қопаңдап.айнала аппақ 
қар. Қақаған аяз. ДТ-54 – еңіске қарап, табанынан қар 
боратып зырлап келеді. алыстан, қар шағыл- дардың 
арасынан... сыңсыта салған, мұңлы ән еміс-еміс естіл- 
гендей... 
айыртаудан батыс жақ сайлауына ілінгенде сонадайдан 
қараңдай жүрген адамның сүлдесі болжанды. Үшеуінің де 
көздеріне жас ала қуанған сәті осы еді. ақ қар, көк мұздың 
ортасында адасып, сергелдеңге түскен азапқа толы күндер мен 
түндердің алғашқы адамын аймалап, сүюге бар. 
– Ура, әкіри! – деді жас балаша мәз болған орнынан 
қарғып тұрып. Басын кабинаның аласа төбесіне тоқ еткізіп 
соғып, тілін тістеп алса да ауырсынбады.– Құмардан шыға бір 
рет сорар шайы бар болса, не арман... Өкінішсіз көз жұмар 
едім. 
– Әй, қайдам, шылымыңды езуге қыстыра сала тамақ, 
қыз іздер ме едің. – Бақытжан бұл болымсыздау қалжыңыма 
ашуланып қалмады ма деп бетіне жалт қараған. Бірақ оның 
тоттанған қара күрең жүзінде майда ғана жымиыс бар екен. 
– Ол да ғажап емес, пенде дегенің мәңгі қанағатсыз ғой, 
– деді салмақпен. Нұржан болса трактор құлағымен алысып 


233
отырып, екі досының жалғыз-ақ күнде күрт өзгерген мінезіне 
қайран қалды. 
Жігітгер жақындағанда тотияйындай көкпеңбек шөпті 
күрт-күрт жеп, кәперсіз тұрған ат қос құлағын тіге осқырынып 
еді, иесі қолындағы күрегін тастай бере ұмтылып, тізгінге 
жармасты. Қардың астында жұмыртқадай жұмырланып 
жатқан отау шөптің қарын жартылай ашып, шанаға бірер айыр 
тастап үлгеріпті. Трактордан қарғып-қарғып түскен соқталдай 
үш жігіт жарыса: 
– ассалаумағалейкум! – деп жамырай амандасты. 
алпысты алқымдаған мұртты адам алғашында көктен 
құлағандай сап ете қалған жолаушылардан сескеніп қалғаны 
рас еді. Жау емес, ұрымтал келген ұры емес, уыздай ғана жас 
қазақ балалары екеніне көзі жеткен соң, қарсы жүріп, қолын 
беріп есендесті. 
– Иә, жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсіңдер? 
– Сіздерге 
көрші 
Қарағай 
ауданының 
жұмысшыларымыз, Фадиханы асып, күзден қалған пішенді 
алып қайтуға келеміз. 
– Жөн, жөн,– деді ол күрегін қайта алып. – Бірақ 
қыстыгүні Фадихадан тура тау асып түсер жол жоқ еді. Қалай 
ғана қамалып қалмай шықтыңдар? 
– Ендеше, сол жолды біз салдық, ақсақал, – деді 
аманжан. 
Шынында да, бұларың ерлік екен, – деді ол. алақанына 
шырт түкіріп, маяның қарын тазалауға кірісті. – Бұл жолмен 
қыстыгүні бұрынды-соңды ешкім жүріп көрген жоқ. 
– Түнде қонған үйдің иесі: «Осы айыртаудан асуға 
болады; жол сайрап жатыр, мен алдыңғы күні ғана-ақ қарап 
келдім»,– деп жөн сілтеген соң жол қысқартайық деп 
тәуекелге басып едік, адаса жаздағанымыз рас, ақсақал, – деп, 
Нұржан шынын айтты. Шал мұртын сипап, басын шайқады. 
– Жөн сілтеген адамның аты-жөнін білесіңдер ме? 
– Білмегенде. Ол кісі бізді таң атқанша тұтқында 
ұстады. Есімі – Қоңқай. 
– Әй, атаңа нәлет-ай! – деді шал бір күрек қарды 
құшырлана лақтырып жіберіп. – Осыдан үш-төрт жыл бұрын 
тағы бір қызды алдап, анау құзардың шатқалында ат-
шанасымен қатып қалып еді. мысық тілеуінен айнымаған 


234
деші. Қонған кісіден ақы алатын ауруы да қалмаған шығар. 
Ол жалмауыздың маңдайына адамды алжастыруды жазған. 
Қоңқай адастырады, мен тауып аламын. Өзіне өкіметтің де, 
құдайдың да тісі батпай-ақ қойды. 
– Беріп едік алмады,– деді Бақытжан. Бұдан соң, 
трактордан өз күректерін әкеліп, шалға көмектесе бастады. 
Енді шалдың күрегіне Нұржан жармасты.– «Жақсы» кісі 
екен... 
– рақмет, шырақтарым. Ол шалға құдай бірдеңе берейін 
деген екен... – деп белін жазған ол әлі де Қоңқайдың иттігіне 
налыған сыңаймен: – асудың дәл аузында жалғыз үй боп 
отырып алады да, әрі-бері өткен жүргіншілерді теспей сорады. 
маған салса баяғыда атып тастар едім, құтырған иттей 
қыңсылатып. Сендер шөп үйген жерден сәл қиыс, батысқа 
ойысып кетіпсіңдер,– деді көзін сығырайта тауға қарап. – 
Бүгін біздің үйге еру болыңдар, ертең ерте өзім ертіп 
апарамын. мықынын таянып тұрған аманжан: – Ей, шал, 
темекің бар
ма?– деді.
– Жоқ, шырағым, насыбай атсаң берейін.
– «Боқ жаман емес, жоқ жаман» депті қарға, – деді де 
шалдың шақшасына қол созды. 
– Әй, шырағым,– деді шал жап-жас жігіттің тік 
сөйлегенін жақтырмай. – Қызымды алмасаң, алма, бірақ 
жамандама деген сөз және бар.
– Оның сондай – әкесіндей адаммен қалжыңдасатын 
әдеті бар. Әсіресе шалдарды көрсе, көзі қанталап шыға келеді. 
– Бақытжан жуып-шайған болды. 
– Әзілің жарасса, атаңмен ойна. Көңіліме дік алып 
тұрған жоқпын... Е, қалай екен, бәлем. Енді ішің өткенше 
түшкіресің... мұрнына атқан насыбайды сіңбіріп, түшкіріп-
пысқырған аманжанға бәрі мазақтай зілсіз күлді. 
– Насыбайы құрысын, – деді ол тынышы кетіп.– 
Танауым қаңсып түсіп қалса да, жолайтын дүние емес екен. 
– Өзіңе де сол керек, әкіри, – деді Бақытжан. – Кешегі 
менің есемді ақсақал қайтарды. ақылың енді кірген шығар. 
– ата, (бұл сөзді Нұржан айтқан) ат-шанасына 
шоқайтқанша бір отау пішеніңізді трактор шанасына бір-ақ 
тиесек, әуре болып қайта-қайта келіп жүресіз бе? 


235
– Қайдан білейін, қарағым, өздерің жол сорып, аяз 
сорып шаршап келесіңдер. 
– Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек. – Бұл сөзді 
есін әрең жиған аманжан айтты; Қарап тұра беруді әбес көрді 
ме, ол да амалсыз күрек алды қолына. 
– Жақындат тракторды, – деді Бақытжан шіреніп. – 
Ұрыста – тұрыс жоқ. 
Сойталдай үш жігіт және шал бір отау шөпті трактордың 
бөренеден қиып жасаған дәу шанасына әп-сәтте тиеп алды. 
айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық
дүние... 
алыстан, қар шағылдардан естілетін мұңлы ән, бірте-бірте
жақындай түскендей... айыртауды етектеп қыстаққа келіп 
жеткенде көз байланған. Шанадағы шөпті қораға түсіріп, 
трактордың суын ағызып, жалғыз бөлмелі сығырайған 
терезесі бар ағаш үйге кіргенде, қас қарайып, көз байланған, 
бұл үй үш жігітке кең сарайдай көрінді. ықтасынға салынған 
қыстақта жұпынылау өмір болғанымен, үлкен жүрек, кең 
пейіл аңғарылған. 
Бұл жердің құлаққа ұрған танадай тыныш тірлігін тек 
ұзыннан-ұзақ созылған жабық қорадағы мөңіреген сиыр мен 
бұзаудың азан-қазан үні бұзады екен. Бұл жердің тағы бір 
ерекшелігі – қыстақ жанынан буы бұрқырап, жылып ағар 
бұлақ, бойы тал-терекпен көмкерілген және оңтүстіктегі биік 
таудың теріскейі – ағашты, тегінде, алтайдың қалың орманы 
осы тұстан басталатындай. Егер дәл осы қыстақтан тұп-тура 
солтүстікке бет түзесеңіз, атақты ХаТыНЬ өзеніне ат басын 
тірейсіз, ар жағы россия. «Ішкері жақ» деп аталар бұл өңірдің 
ала-бөтен ерекшелігі де сол – алтайдың басқа жерлеріндей 
емес, әзірше құйқасы бұзылмаған тың: аяз аз тиген, ағашы мен 
аңы да әзірге аман. Қысы қатал, жазы жайсаң таудың тағы 
табиғаты техника ырқына көніп, бағына қойған жоқ. Соңғы 
құрғақшылыққа ұшыраған үш жылда сонау Бұқтырма бойын 
жайлаған тамам ел қиындығына қарамастан мал азығын 
дайындап, шамасы жеткенше тасып әкетіп жүр. Келімді-
кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сөндірмей, 
осына шалғайдағы алтайдың сыңсыған жынысы талай рет 
өртке шалынды. Өткен жазда мұқым тегіс жанып, жүздеген 
солдат келіп әрең өшірген. Дегенмен соңғы бес жылда 


236
жарықтық ішкі алатайдан да күй кете бастап еді. алқа-қотан 
қоғамдаса дастарқанға отырғанда үй иесі шал
айтты: 
– Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. 
Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз 
отырмыз. Бізден ары ел жоқ – иен. Ел жоқ дегенде мүлдем 
адамсыз емес, таулы алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар 
кездеседі немесе бұл жердің табиғатын қызықтап жүрген 
туристер жаз айында шұбырып жатады. 
ағаш үйдің тері қаптаған есігін сықырлатып кіріп-шығып
шәй жасап жүрген кемпір аса пысық адам емес секілдіау. 
Бәлкім, қарттықтан ба, мүмкін, салақтықтан ба, түтіні 
басылмаған ескі жез самаурынды әрең дегенде қайнатып 
әкеліп еді. Ішіп-жемнің берекесі де онша болмады. Бір жарым 
тәулік нәр татпай, үсіп-жығылып келген үш жігіт жылы үй, 
құртірімшік қосқан ыстық шайдың өзіне масайып, терлеп-
тепшіп өлердей сораптаған. Әрі-беріден соң, манаурап, 
ұйқылары келе бастады. Әсіресе мұрнының үсті шып-шып 
терлеген Бақытжан қалғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп 
ала жаздайды. 
– адам 
баласы 
көрге 
кіргенше 
не 
көрмейді, 
шырақтарым,– деп, шал шалқалап жүкке арқасын тірей 
отырып насыбайын баппен атады,– бәрі де тіршіліктің қамы, 
үйреніп кеткендіктен бе, мал бақпасақ отыра алмаймыз. 
Қолына қарап, асырапсақта деп бұлданып жатып алар ұлымыз 
жоқ, жалғыз қызымыз бар, оған да обал болды, шырғалап бізді 
тастап ешқайда кете алмайды. Оған да обал... 
Иә, өлмейін деп өкпе жеген заман да... Әй, кемпір,– деді 
сонсоң дауыстап,– алмажан бүгін кешікті ғой, жас бұзаулар- 
мен алысып жүр-ау, жалғызым. 
Тек Нұржан ғана болмаса, ана екеуі шалдың әңгімесін 
зауықсыздау тыңдады. Бақытжан бағана жантайып жатып 
қалған. аманжан, ол да шұлғып, екі көзі қанталап, үсік денесін 
ашыта ма қыржиып мазасы болмай отыр. Бұрыш жақтағы 
темір пештің оты маздай жанып, екі бүйірі нарттай қызарып 
кеткен. Болар-болмас сәуле шашқан шаңырақсыз шамның 
жарығы ала көлеңке үйдің мұңлылау шырақшысы. Іргеде ескі 
ағаш төсек тұр. Сол төсектің басына қыздың киім-кешегі 
ілінген. ал әлгі төсек тірелген қабырғада ақ матаға кестеленіп 


237
салынған көк кептердің суреті қағылған. Нұржанның ойын 
айтпай-ақ оқығандай шал: – алмажанның көгершіні ғой, – деді 
қанатқа қағылған суретке қарап. – Жарығым, өзі де тордағы 
құс секілді жалығады. Әйтеуір, бар ермегі – кітап, күндіз-түні 
бас алмай оқи береді. Қыста туған он шақты сауын сиыр бар, 
сүтін сауып, анау ойдағы Огневкаға шанамен апарамыз. 
Соның бәрін алмажанның жалғыз өзі атқарады. Былтыр 
мектепті бітірген соң, тиын-сиынды жиып берейік, қалаға 
оқуға бар десек, көнбеді. «Сендерді кімге тастап кетем», – 
дейді, жарығым... 
– Дегенмен, қиындау, ақсақал, қиындау. Жас жүрегі екі 
жастың біріне келмей құсаға толады ғой, – деді Нұржан. 
– Енді қайтеміз... Үлкен жерден қаға беріс, тау арасында 
жатырмыз. Кейде ақымақ болса да адамдарды, көрсоқыр 
болса да көрші-қолаңды сағынасың. Осыншама саяқ тартып 
жүре берсек, Қоңқайға айналып кетерміз деп шошынамын. 
Нұржан айтты: – Үлкен жерді аңсап та керегі жоқ-ау. Өйт- 
кені үлкен елдің – үлкен дауы болады... ал Қоңқайдың тірлігі 
басқа ақсақал. Ол кісі жалғыздығым – еркіндігім деп, алдына 
келсе тістеп, артына келсе теуіп ешкімді маңайлатпайды. 
Сиыршы шал насыбайын құшырлана иіскеп отырып 
айтты: – Оттапты. Көпшіліктен қорқады ғой, қорқады 
қорқауың... Ол да бір көзге шыққан сүйел. Он екіде бір гүлі 
ашылмаған қыздың обалына қалды. 
Жігіт елең ете түсті: – Сол оқиғаның анық-қанығын айтып 
беріңізші? – деп шалға қолқа салды. – Біздің жақта әркім әр 
саққа жүгірткені болмаса, шындығын ешкім білмейді. 
Екі жігіт пысылдап ұйқтап жатыр. Кемпір кіріп-шығып 
жүр. 
Үй иесі әңгімесін бастады:– Балам, ол бір қорқынышты 
оқиға. Осыдан екі-үш жыл бұрын, он сегіз жасар жолаушы 
қыз жөн сұрап Қоңқайға жолығады. Қыстақтағы шешесі қатты 
ауырып, ат-шанасымен Үлкен жердегі ауруханаға апарады да, 
қайтарында әлгі жалмауыз шалдың жалғыз үйіне тап болады: 
Шалдан: «ата, асуда жол бар ма, тау айналып жүргенше тіке 
тартып кетейін деп едім. асығыспын, ата, қорада қамаулы қой 
қалып еді», – деп ақыл күтеді. Бұғының қанын ішіп, көзі 
қарайып отырған шал әлгі қызды тарпа бас салып, жұлмалай 
бастайды... Түн ішінде шырылдап әрең дегенде жалаңаш, 


238
жалаң аяқ қашып шыққан қыз... ақ қар, көк мұздың арасында 
адасып, тіпті ызым-ғайым жоқ болған. Не бөрі жегенін, не 
үсіп өлгенін күні бүгінге дейін ешкім білмейді. Кейбіреулер 
айтады: «Ол қыз қарға айналып кетіпті. Қыста осы тауды 
шарлап ән салып жүреді екен де, жаз шыға жер астына түсіп 
кетеді екен». анау бір күні біздің кемпір айтады, өтірік-шынын 
қайдам (кемпір далаға шығып кетті.) Қораның сыртына дәрет 
сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, 
бейне бір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ, қыз тұр. Шошынып 
шалқамнан құлап қалдым дейді. Ол да мені көріп 
қолтығымнан көтеріп орнымнан тұрғызып, жанары мөлдіреп 
қарады да: «Елге, адамдарға сәлем айт, апа, енді мен ешқашан 
да адам болғым келмейді», – деп, зым-зия жоқ болып кетті. 
Жүзін анық байқай алмай қалдым. Бетінде ақ торғын пердесі 
бар дейді бәйбішем. Әрине, мен сенбедім. ал, кемпірім: 
«Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп 
ант-су ішеді. 
Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кірді. Шалының сөзшең 
болып кеткенін жақтырмады білем: 
– Қақсамай, балаларға ұйқы бер, – деді. 
– Былтыр қыста елікке қақпан құрдым. Құдайдың 
құдіреті, қақпанға түскен елікті белгісіз біреу босатып 
жіберіпті. адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ. Егер 
түн ортасы ауа далаға шықсаң, біреу ән салып жүргендей 
сыңсыған дауыс естисің... Қызық, әйтеуір. Өз қызымызды да 
түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық. анау... 
төр алдындағы бейнесі жіппен өрнектелген сол – Қар қызы. 
алмажанның ойлап тауып жүргені ғой... 
Нұржан қар қызының төрдегі суретін жаңа байқап, таңыр- 
қай қарады. 
– Шынында да, ертек сынды ғажап дүние екен. Сол 
жұмбақ қыз менің де түсіме кіріп жүр. 
– алмажан да «түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып 
кеттім», – дейді. ал менің түсіме бір рет те кірген емес, 
шырағым. 
– мен бір нәрсеге қайран қаламын,– деді Нұржан майда 
қоңыр үнмен. Шаршаңқы тартқан жүзі ала көлеңкелі үйде 
анық ажарын болжатпағанмен, осынау жас жігіттің 
ойшылдығын, әр нәрсенің байыбына бармай тынбайтын 


239
мазасыздықтың нышандарын сезуге болушы еді. Насыбайын 
атып, малдас құрып отырған шалдың көкейін тескен 
Нұржанның жасына сай келмейтін көшелігі, сыпайы 
ашықтығы, балаша аңқау тазалығы-тын. «Әттең, осындай 
ұлым болса», – деп арман қылар азаматың осындай-ақ болар. 
Сиыршы өз-өзінен күрсін- ді де, жігіттің сөзіне ден қойды. – 
Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың 
ортасында екі адам мекен етесіздер. айыртаудың күнгей 
бетінде – Қоңқай, теріскейде – Сіз. Екі түтін – екі басқа мінез, 
екі басқа тірлік... Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас 
мүлдем жат бөтендік арасын тау бөліп жатқан алтайды қойып, 
қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында қаншалықты 
мол десеңізші... мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-
тамаша қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы 
қиян айдалада отырғаныңыз. Қоңқайдың жөні бір басқа. 
– мен, шырағым, Қоңқай үшін отырмын, – деді сиыршы. 
– Түсінбедім ғой. 
– Түсінбейтін не бар. Ол адастырады, мен тауып 
аламыи. монданақтай жердің бетін, бір жақсы, бір жамандық 
жайлаған. ал егер мен осы айыртаудан көшіп кетсем, Қоңқай 
зәлімнің жеңгені ғой. Осылайша аңдысып өмір жалғасады. 
Тегінде, сенің де өз Қоңқайың бар. Басқалардың да... 
– Қызық пікір екен, – деді Нұржан ойланып. алабарқын 
үйде күреңіткен жүзінде тағдырдың көп-көп қойнау, 
қалтарыстарын түсіне алмай, өз-өзінен көндігу, мезгілсіз 
жүдеу бар. 
– Жатып, дем алсаңдаршы. Әй, шал, ертегің аяқталса 
балаға маза бер,– деп кемпірі алая бір қарады да, ыдыс-аяқты 
жинастыра бастады. Екі жігіт кәперсіз ұйқтап жатыр. 
– Қазір-қазір, бәйбіше. Төсегіңді қамдай бер, мен сенен 
бір нәрсе сұрайын деп едім, ұлым, – деді Нұржанға, – анау 
жігіт неше жаста? 
– Қайсысы? 
– анау, ұзын бойлы, сүйегі ірісі. 
– Ә-ә, аманжан ба?.. менімен жасты, жалпы, осы 
үшеуміз де даңқұрдаспыз – жиырма үштен астық. Қартайып 
барамыз, ақсақал. 
– Қарттықтың аулы сендерді қойып, маған да алыс... 
Шешесі тірі ғой ана жігіттің?


240
– Тірі. Бірақ аурушаң. Көп сөйлемейтін тұйық кісі. 
– Құдайдың құдіреті, сол жігітті алғаш көргенде, жа- 
сарып кеткен Қоңқай екен деп қалдым. Тура аузынан түсе 
қалғандай... 
– Сіз де қайдағыны айттыңыз-ау, ата. Кісіге кісі ұқсай 
бермей ме... айталық, Бақытжан біздің ауылдың бастығынан 
айнымаса, бағана мені сізге ұқсайсың дейді жігіттер. Куәға 
тартар әкеміз жоқ, үндемей көне береміз, – деді күліп. 
– мен сендердің ауылдарыңда екі-ақ рет болғанмын... 
Иә, адамға адам ұқсай береді... Бірақ менің ойыма осыдан 
жиырма төрт жыл бұрынғы бір оқиға түсіп отырғаны... Иә-иә, 
ол 1945 жылдың жаз айы болатын. 
– Әй, заржақ шал, түн ортасы болды, жатсаңдаршы енді, 
– деді кемпірі біржола кейіп.– арғы бетте қалған ұлыңды енді 
іздеп отырсың ба?.. 
– Қазір, бәйбіше, қазір... Күбір-күбір сөйлесер кісі таба 
алмай зерігеміз, ұлым. Жылқы екеш-жылқы да күмбір-күмбір 
кісінесіп, сауырынын қасысар үйірін іздейді. азбан болып 
кетсек те Үлкен жерге қарап азынайтынымыз қалмаған.
– О не дегеніңіз, ата, айта беріңіз. мен тіпті тегіннен 
ұйқыға жоқпын. 
– Ол жақсы әдет. О дүниеде мәңгі ұйқтайтын болған 
соң, бұл дүниеде аз ұйқтаған лазым. Сонымен осыдан 24 жыл 
бұрын кержақ аулы Огневкадан бір қыз жоғалды. Бәріміз ат 
сабылтып іздеп таба алмағанбыз. Онда да дәл осындай 
қақаған қыс еді. Бір-екі жыл өткен соң, өліп қалдыға жорып 
қойдық. Бірақ кейін бір сыбыс естілді. Қоңқай үйіне қыстатып 
шығарған екен де, екі қабат болған соң, «Қоңқайлар ұрпағы 
көкек секілді, өз баласын өзгеге асыратып өсірмесе, жұрт 
тұқымын құртады» деп, арғы беттегі ауылға апарып тастаған 
екен. Тіпті, Қар қызы туралы аңыз сол кезден бері ел 
аузында... 
Ұйқыдағы аманжан тісін шықырлата қайрап ары аунап 
түсті. 
– Қызық екен... – Нұржан аманжанға үрке қарады. 
Үй іші қоңыр, жаяу шам бірде өртейтіндей екіленіп, енді 
бірде өшетіндей әлсіреп жанып, шалқып тұр. Бөренелі 
бөлмеде жібектей іңірлік сәт бар. Тау қуысындағы қыстақ 
жалпақ жаһанның ұмыт қалдырған жетім қозысындай бұйығы, 


241
ұйқы құшағында еді. Бәкін-шүкін шаруасын тамамдаған 
сіріңке қара кемпір жатар орын қамдады. 
– ал, балалар, – деп қолын таянып, орнынан тұрды шал. 
– Шаршап келдіңдер, жатып демалыңдар. 
Кескен теректей сұлап қалған екі досын түртіп оятып, 
далаға ертіп шықты. айыртаудың кепештігінен сығалаған ай 
нұр шаша бастапты. Түн суық. Үшеуі бірдей «ища-ай» деп 
тітіренді. Достары сып етіп, ит қабатындай үйге қайта кіріп 
кеткен соң да Нұржан сыртта көп тұрып қалған. Қызық, бір- 
түрлі ұйқысы келер емес, шаршағаны да білінбейді. аяңдап 
қарауыта созылған қора жаққа барғысы келді. Бірақ жүрек 
құрғыр дауаламаған. аяз қарыған тракторды бір айналып 
шығып, тағы да жас бұзаудың мөңіреген үні шыққан қора 
жаққа қарады. Ербең еткен адамсыз жым-жырт дүние... айнала 
аппақ қар. Таудың теріскейіндегі барағы – орман қор- 
қынышпен түнереді. ағаш үйдің терезесінен жылтылдаған 
әлсіз сәуле әне, жалп етіп сөнді. Тегі, кемпір керосині 
таусылып қалар деп сөндіріп тастаған болу керек. Нұржан 
ертеңгі сапарларын ойлады. Шалдың айтуына қарағанда тым 
алыс емес, осы ашамайлы өзекпен өрлей берсе айыртаудың 
арғы тұмсығында ғана екен. Күзді күні жер қарада келгенде 
бәр-бәрі мүлдем басқаша сықылды еді. Онда олар мынау 
Бекалқа деген қыстақты көрмеген. Басқа жолмен жүріпті. 
Нұржанның бұдан әрі мелшиіп тұра беруге шыдамы жетпеді. 
Күрең қабақпен түнерген тау арасынан қуалап үзіліп-үзіліп 
соққан суық жел өне бойын қалтыратып жіберіп еді. Кеше, 
иен таудың басында қалайша үсіп өліп қалмағандарына 
қайран қала есікке беттеген. Есіктің тұтқасынан енді ғана 
ұстай бергенінде өліктей сұлаған қора тұстан созылта 
шырқаған ән естілді. Сол тұтқаны шеңгелдеп ұстаған күйі 
қалт тұрып қалған ол ән әуеніне еріксіз құлақ түріп еді. ай 
астында күміс нұрға шомылған еңселі таудың үрей ұялаған 
қойнауынан суырыла шыққан қыз даусы нәзік те еркін 
самғаумен түнгі ауада бозторғайдай шырылдап, іліне, 
мәңгілікке қатып қалғандай еді. Үміт пен қауіп кезек жеңіскен 
әннің қаяулы шырқаушысы кім? Әлде транзистор ма ойнап 
тұрған, әлде әлгінде ғана әкесі күрсіне еске алған сауыншы 
қыз алмажан ба? Кім болса да жалғыздықтан, өгей өмірден 
мұңдықты күй кешкен жанның жалыққанда, тілдесіп 


242
сөйлесер, сыбырласып сырласар адам іздеп шарқ ұрған 
көңілін әнмен әлдилеген, сабыр сақтап, сапсап жүрегім деген 
өз-өзін жұбатуы, өз-өзін уатуы. Тербетер кісі табылмай, өзін-
өзі шайқап, ырғалып, өксіп барып ұйқтап қалар сәбидің әлсіз 
әрекеті секілді. Осына оқыстан туған таңсық күй еліктіріп, 
солай қарай жетелегендей еді, бірақ табиғатынан салмақты 
жігіт, алыстан тыңдап, аяғын аттап баса алмады. Сәл 
қимылдаса, жаңа ғана басталған әсем әннен айрылып 
қалардай, қаздиып көп тұрды. Неге екені белгісіз, оның көз 
алдына кеше түнде «тұр-тұрлап» оятқан Қар қызы елестеді. 
Әлде ән салып, аппақ нұрда жүзіп жүрген сол – Қар қызы 
шығар. Ән толастап, үйге кіріп, төрге төселген төсекке жатқан 
соң да, әлдекімді тосқандай елегізіп, көз шырымын ала 
алмады. Екі досы мен шал-кемпір мұрындары пысылдап, 
терең ұйқыға кеткен. Темір пешке жатарда ғана толтырып 
отын салып қойған секілді; маздап, шоқ атып жанады. Үй іші 
алагеуім. Іргедегі көгершіннен «кілемі» бар ағаш төсек бос 
тұр. Нұржан дәл сол ағаш төсектің түбінде еденде жатыр еді. 
Шалдың осы ертекке бергісіз әңгімесін тыңдағанда, 
Нұржанның жүрегін «әттең, сол Қар қызын бір көрсем» деген 
қиял тербеген, әрі өзінің жебеушісі санаған. Іштей аңқау 
көңілмен иланған да. «Егер өтірік болса, мені үсікке 
шалдырмай түнде түртіп оятқан қыз кім?» 
Қазір, сол Қар қызын сағынғандай арманды ойда жатыр. 
«Бәлкім, әлгінде ән салған алмажан емес, ол Қар қызы 
шығар... Ол да мүмкін,– бұл жалғанда мүмкін емес нәрсе бар 
ма?.. Бәлкім, шалдың Қар қызы деп сандырақтап жүргені 
жалғыздыққа шыдай алмай күйіп-жанған соң, жалаң аяқ, 
жалаң бас, аппақ іш көйлегімен далаға атып шығып, тізеден 
қар кешіп, алаулаған ыстық жалынын мұздатып, ән салатын өз 
қызы – алмажан шығар... Ол да мүмкін; бұл әлемде мүмкін 
емес нәрсе бар ма, тәйірі. Өң мен түстің, ұйқы мен ояудың 
арасындағы жұмбақ хал... пештің оты маздап жанады, шал 
оянып кемпіріне күбірледі: – алмажан бүгін кешікті ғой, 
жарығым. алмажан кешікті ғой... 
алма-а-жан... айнала аппақ қар... Тізеден қар кешіп, ән сал- 
ған Қар қызы. Нұржан елегізеді, сағынады. Жоқ, 
сағынбайтын, сағымдай ұстатпайтын әлденені іздейді, 
үміттенеді; жүз жыл өтер, мың жыл өтер, Нұржан, әйтеуір, сол 


243
Қар қызын іздеп таппай қоймайды... Трактормен бүкіл 
алтайдың қарын тазалап шықса да табады... Ол енді Қоңқай 
атты шалды қарғап-сілей бастады. «Бәсе, көзі жаман еді, 
жылт-жылт еткен, енді бір рет жолым түсіп бара қалсам, ДТ-
мен жаман үйіңді түйіп құлатармын... Қайтарда күре жолмен 
қайтамыз, ол өтірікші шалға енді қайтып жолыға алмаспыз. 
Қар қызы... Ол қандай екен?.. Бармысың бұл өмірде, 
жоқпысың?.. Жылы жерде еріп кететін шығар, қызық... 
Жаздыгүні жер астына түсіп кететіні рас па екен. алмажан 
кешікті ғой, ал-ма-а-жан, ол қандай екен?.. Ертең ерте тұрып 
көрермін... Жалғызсыратпай, ала кетсем ауылға, әй, әке-
шешесі бәрібір жібермейтін шығар». 
мұқым өмір: аппақ қар, сеңдей сірескен ақ сіреу суық 
дүние, тізеден қар кешкен жалаң аяқ, жалаң бас безектеген қар 
қызы... дірілдеп тоңады, ыстықтап ән салады, даусы қандай 
ғажап, кісінің жылағысы келеді, кісінің жылағысы келеді; 
құлағына күмбірлеген әлдебір үн келеді: «алмажан кешікті 
ғой, қайда жүр», – дейді; Нұржанның көз алдына аппақ қардан 
жаратылған ақ сүмбіле қыз елестейді; «алмажан, қайда жүр... 
алмажан кешікті... алма-жан... ал... ма-жан...» осынау дауыс 
ызың-ызың қайталанды-ай, құлағын тас қып бітеді, бәрібір 
естиді; май шам өлеусірей жанады; мұрынға өзгеше: шамның 
ба, темір пеште қоздай жанған оттың ба, әйтеуір, қаңсық иіс 
келеді; киіз тұтқан есік ашылғандай болды; әлдекім кірді; 
сыртқы киімдерін шешті; теріс қарап отырып сылпылдатып 
тамақ ішкендей болды; Нұржан енді көрпенің шетінен ақырын 
жасқана сығалады, бірақ келген адамның еркек-әйелін айыра 
алмады; өйткені: жүзін әлі көрген жоқ; ол енді тағы да 
шешінді: сонда ғана топ-толық ақ балтырға көзі түскен; ол 
май шамды ақырын үрлеп сөндірді де, төсегіне беттеді; ол дәл 
Нұржан жақ іргедегі сықырлауық ағаш төсекте жатады екен; 
пештің аузынан саулаған сәулеге балтыры шағылысып, 
жігіттің басын басып кетердей өте жақындап төсекке келді де, 
аяғын салбыратып, әрі-бері отырды: күрсіңді; сосын жатты; 
Нұржан өп-өтірік пыспыс етіп ұйықтады; сосын көзін 
сығырайтып болар-болмас ашады да, ақ балтырға қызыға 
қарайды; шаршаған көңілге ойда жоқта құйылған жұмбақты 
нұр аяз қарыған сезімін жылатады; қыбыр-қыбыр тіріле 
бастаған сезім тұла бойын маздатады; ол енді ыстықтады; 


244
мұрнын тартып, жөткірініп, ояу жатқанын жасырудан қалды; 
ал қыздың жиі-жиі алған демі бетін шарпығандай болды; олар 
осылайша іштей арбасып, темір пештегі от сөнгенше жатты, 
бетін бір нәрсе жыбырлатқандай болды; ақырын ұстап еді 
төсектен құлаған қыздың қолаң шашы екен: өне бойын қытық 
билеп, жүзін көрмеген сауыншы қыздың шашынан сипады, ол 
үндеген жоқ: бірдеме десе қазіргі өзінің де, мынау жас жігіттің 
де жүрегін билеген әдемі әрі аяулы халін үркітіп алардай, ал 
үркітіп алса енді жүз жылда да, мың жылда да таба алмасын, 
ғұмыр бойы зар жұтып іздеп қана өтерін, осынау жұлдызды 
түнді жамылып келіп, қонған жалғыз түндік бақыт құсын 
(бәлкім, махаббат құсы) мәңгіге ұшырып алармын деп ойлады 
білем; ол тылсым күшпен Нұржанды өзіне жақындата түсті, 
өзі де құлап кетердей болып төсектің шетінде жатыр, ол 
мынау іргесінде жатқан жігітті білмейді, осы жасына дейін өңі 
түгіл, түсінде де көрген жоқ, бірақ дүниедегі ең қимасындай, 
ертеңді-кеш зарыға күткен, жылдар бойы іздеген адамын 
тапқандай, таңғажайып қуанышпен келіп, сиырдың сүті мен 
қыстың аязы жарған қатқылдау алақанын бетіне басты, 
Нұржан да шыдай алмады-ау, ол да трактордың рычагы 
қажаған күс-күс қолын қыздың ып-ыстық қойнына апарды; ол 
енді жігіт бетіндегі саусақтарын жылжытып, кір басып 
білтеленген шашын салалады; әлемде осына тарақ тимей 
ұйпаланған шаштан керемет, осына жанармай мен күн нұры 
сіңген, суық сорған беттей әдемі нәрсе жоқ шығар оған; 
өйткені Нұржан да осылайша шексіз бір құштарлықтың, көзсіз 
ынтызарлықтың құшағында еді (сезім ортақ болса керек) енді 
ол күс-күс алақанымен түн қызының, бәлкім, Қар қызының 
көзін ақырын ғана сипады; құдай-ау, екі көз, ол өмір бақида 
көрмеген жұмбақты жанар ағыл-тегіл жасқа толы; ол 
ағылтегіл жылап жатыр, әлгінде қос анарына қолы тигенде от 
көсеп алғандай болған денесі аса салқын қандылықпен 
ақылға, аяушылыққа, қыздың да, өзінің де адасқан арманшыл 
жүрегін мүсіркеуге көшті; екеуінің қазіргі халі: ұзақ жолдан – 
аппақ қар басқан қысқы адырда арып-ашып бір-бірін іздеп 
келе жатқан екі жастың бұл дүниемен қоштасар сәтіндегі ең 
алғашқы, уа ең ақырғы жалған жолығуындай-тын; олар қар 
жамылған асқардан аса алмай ұзақ тырмысқандай, көктемді 
көксеген жүректі алқындыра күресті; бірақ маңдайға екі 


245
сызылмайтын тағдыр соқпағы тек осы айыртауды-Қоңқай 
асуын басып өтпейінше табыспайтындай еді; міне, олар сол 
құзардың ұшпа басында тұр: айғайлап бір-бірін шақырады – 
үндері шықсашы, қолдарын созады – саусағы енді жанаса 
бергенде, сырғып төмен құлағандай... мүмкін, енді мың жылда 
да аппақ қарды сықырлатып, қол ұстаса қатар сапар шеге 
алмайтын шығар... бәлкім, ол екеуі тек қана арғы дүниеде, 
мүлдем тоқтаған тіршілікті әрмен қарай жалғастырып, 
рақаттың мұздан жасалған бесігіне бірге бөленетін шығар, иә, 
сонда ол екеуін ақ киімді, ақ шылауышты Қар – ана ұзақ 
тербеп ұйқтатады... Оның пейіштен ескен лептей әсем әлдиі 
жер бетінде бір-бірін іздеп өтер ғашықтардың жерастында 
табысып, жұмақтан айтар сәлеміне айналады... Шашын 
салалаған ып-ыстық алақанға ернін басып, есінен айрыла ұзақ 
сүйді... 
Нұржанның дел-сал талаусыраған масаң тыныштығын 
қыздың ақырын айтқан қоңыр үні бұзды: – Сіз кімсіз, аға?! 
Ол да сыбырлап: – аппақ қардың үстімен бос шана сүйрет- 
кен боздақпын... – деді жүрегі дірілдей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет