Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сайтан көпір. Оралхан Бөкей

Пицунда, 1981 ж. 
МЫНАУ АППАҚ ДҮНИЕ НҰрлаН 
«..Он ни в чем не виноват! 
Прошу вас, верните ему 
Свободу» 
Луиза 

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына он жыл 
толып, елдің ырсиған арқасы, тыртиған қабырғасына шыр 
бітейін деп қалған кез еді. Бүгінде мықтап тойынып көз еті өсе 
бастаған жұрттың тәубесі әлі бойында,ертеңді-қаракеш 
итырықтатқан жұмыстан зәрезеп болып шаршау, жүйке 
тоздырып жалығу дегенді білмейтін жанкешті уақыттың өз 
қызығы – өзінде: бала секілді аңқау алданыш, ессіз иланғыш; 
ие-ие, жүректің соғыс салған жарасы ептеп жазыла бастаған-
ды. Кіршең көңілдің қайтып ағармастай болған, қайтып 
жаңармастай болған жаулығы уақыт желіне қайта желбіреп, 
батсайыдай құлпырған, қызыққа толы шуақты да шаттықты 
шақтарының бірі еді. Соғыстан соңғы он жыл – осына тым аз 
әрі ұзақ мезгілдің еншісіне, қираған, бүлінген дүниені 
қалпына келтіру ғана емес, жылап-сықтаған жетім мен 


320
жесірдің баяғыда, сол орны толмастай болған, ауыр қайғының, 
аһлап-уһлеген өкініштің өксігі басылып, уануы да тиген. Жау 
салған жара тыртыққа айналды, жыртылған жеріміз жамалып, 
аузымыз аққа ілінді. Сонау аза мен қазаға толы 
жылдардағыдан гөрі айналайын табиғат та жасап-жасарып, 
түлеп-түрленіп тотықұстай сыланған. Қар ерте еріген; көктем 
ерте шыққан; көк тез көктеген; жылдағыдай емес 1955 
жылдың құсы тым-тым ерте оралған; ал, тау басының қары әлі 
еріген жоқ, күні кешелері ғана дүмбілез жатқан қыстың 
ызғарын еске салғандай күн сәулесімен ойнап, айнадай 
шағылысады әне. 
Биыл Бұқтырма өзені шанағынан асып, долданып, қатты 
тасыды. ауыздығымен алысқан ақ езу тентек, көбік түкірген 
толқындар жағалауды бар пәрменімен ұрғылағанда асау 
тепкіге шыдай алмаған жарқабақ гүрс-гүрс омырылады. 
Әсіресе, құла түспен шоқтығы еңселене мөңкіп аққан тау 
өзенінің жал-жал толқынына жармасып, қалқып бара жатқан 
бейшара салындылардан: қайың,терек-талдардан су беті 
көрінбейді – аткөпір. Енді-енді ғана бүршік атып, жапырағын 
жая 
бастаған 
ағаштың 
түп-тамырымен 
қопарылып, 
тіршілікпен мүлде қоштасуы, мәңгі солып, семіп, жағалауда 
қуарып қалары аянышты еді. Қар қалың жауған жылы 
Бұқтырма байып, мәйектеніп жетісіп қалатын. ал, тау өзенінің 
тасығанын көру – әлдебір улы-шулы күй тыңдағандай айызың 
қана қуаттанып, көңіліңе желік пайда болып, ағызып-ағызып 
алар арғымақ іздегендей елегізіп, тақымың қышыры және рас. 
Сонымен 1955 жылдың көктемі келді. май мерекесін 
ұланасыр тойлап, енді Жеңіс күніне қам жасаған Шыңғыстай 
ауылы үлкен бір қарбаласта. Әсіресе бірінші майды жақсы 
қарсы алды. Қолына қызыл ту ұстап қаздай тізілген 
колхозшылар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары бүкіл 
ауылды айналып, де- монстрацияға шықты. Құндыздай 
шұбаған қызылды-жасылды шерудің соңынан ала ауылдың 
тамам бала-шағасы еріп, қыл- аяғы қайқы құйрық итіне дейін 
еркелеп ермек тапты. Ән айтылды: Отан туралы, Ұлы жеңіс, 
Бірінші май туралы. Бұдан соң ағаштан қиып салынған ескі 
клубтың алдында, ашық аспанның астында жойқын митинг 
өтті. ауданнан келген кительді, хром етікті аппақ сазандай 
сұлу өкіл сөйледі, сонда өкілдің қағазға қарамай тез-тез 


321
сөйлеген сөзін шыбынның ұшқаны білінбестей тыныштықпен 
ұйып тыңдады: артынан ауыл жастарының күшімен 
дайындаған концерт болды. Тіпті сол күні соғыстан қайтқан 
солдаттардың да арқасы қозып, Солтақан деген елудегі азамат 
алтайды жаңғырықтырып, ән шырқады. Бозторғайдың үніндей 
шырылдап шығатын жіңішке дауыс көкпеңбек аспанда 
дірілдеп, ілініп тұрып қалғандай, жалғыз ноқат болып мәңгіге 
қатып қалғандай еді. Бұдан соң қабырғасы қаусаған жаман 
клубтың шіріген еденін тепкілеген «Қырықаяқ», «Саратов», 
«Полька» деген би басталған. Ұзын көйлекті, тік иықты 
қыздар шалбарының балағы жер сызған, шашын шалқайта 
қайырып, жып-жылмағай қырынған жігіттермен ұзақ билеген. 
айлы аспанның астында ұзақ қыдырып, сыбыр-сыбыр 
сырласқан. Бұл күні әр үйде қазан көтерілген, шырмауық 
салып, қолдан ашытқан бал сыраны өлердей ішіп, мас болған 
және осынау мастық өздеріне соншалық жарасқан. Өйткені 
ешкім ешкімнің жағасына жармасып, ата-бабасынан түсіп 
балағаттамаған едіау. Бар болғаны аздап өтірігін қосып, 
соғыста немісті қалай қырғандарын, тырқырата Берлинге 
дейін қуғандарын, жеңіске қалай жеткендерін жыр қылып 
айтысқан... ол кезде айтар әңгіме қандай көп еді... 
Сол күні Нұрлан да таң атқанша көз ілмеген: әуелі елмен 
бірге демонстрацияға шыққан, содан кейін аппақ сазандай 
өкілдің сөзін аузын ашып тыңдаған, содан соң сахнаға иегін 
тіреп қойып ойын көрген, би басталғанда сықсима терезеден 
сығалап тұрған, бұдан соң ауыл ғашықтарының түнгі оңаша 
жорығын аңдыған, жортуыл таң қылаң бере аяқталып, жау 
түсіріп келгендей төсегіне жығылған; шешесі ұрысқан, 
ұрысып жүріп үстіне өзінің шапанын жапқан, жан-жағын 
қымтаған, маңдайынан сүйген: «азамат болып қалды, 
құлыным» деп сүйсіне күбірлеген. Табалдырыққа келіп қалған 
бозбалалық шақ Нұрланға да өзінің алаңсыз күндерін ала 
келген. Қызыласықтан қар кешкен, қанды жылдардың 
ауыртпалығы бәлкім ересектерден гөрі балаларға көбірек 
батты десек, тойып тамақ ішіп, жарытып киім кимеген қара 
домалақ қазақ ұлдарының бірі Нұрлан-тын. Есеймей тұрып ес 
кірді, мынау дүниенің ащысы мен тұщысын үлкендермен 
бірге татты. Еразаматынан айырылған әр үй «тілеуі теріс 
жалмауыз, әкесін құртқан қу жетім» деп таяққа жықты. 


322
Күнмен бірге шығып, күнмен бірге батқан мүгедек балалық 
шақ әсіресе әкеден айырылғандар үшін қош-қошын ерте 
айтқан еді. Нұрланның өзге құрдастарынан анау деген 
айырмасы бақытына орай ма, «әкесін жұтқан қу жетім» деген 
сөзді естіген жоқ. Жаман әкесі басы қалқайып от пен оқтың 
ортасынан 
есен-сау 
оралды. 
Есенсау 
оралғанымен 
ауырғыштай береді, қорықшылығына бір күн шықса екі күн 
төсек тартып жатады. Ескі жара – әлі алынбаған оқ сыздатады 
білем, қыңқыл-сыңқылы күн өткен сайын көбейіп барады. Кей 
түні көрер таңын көзімен атқызып ыңқылдайды, тісін 
қайрайды, «алға» деп аласұрады. Ондай сәтте Нұрлан шыдай 
алмай, сыртқа шығып кетеді. Жар жағасындағы жалғыз 
теректің түбінде Бұқтырманың сарынын тыңдап, ауыр ойға 
батады. Терек жалғыз емес еді, көп еді, талайын өзен 
жалмады, ендігі кезек осы Нұрланның өзіне меншіктеген кәрі 
терегіне жеткендей. Ол тым болмағанда биылша құламай тұра 
тұрса екен деп тіледі. Кейде ауылға қарай жан ұшыра 
ентелеген Бұқтырманы ары аунатып ағызатын тылсым күш 
іздейтін.
Жарды жегідей жеген жемір өзен біртіндеп анна апасының 
үйіне жақындап қалғаны қабырғасын тіпті қайыстырушы еді. 
Өкімет орнамай тұрып, көшіп келген жалғыз үй – орыс 
Нұрландардың көршісі, міне, елу жылдан асты шай десіп 
бетіне келіп көрген жоқ. анна апасы Нұрланның кіндігін 
кесіпті. Кейде анасы айтып отыратын: «Дүңк еткізіп турасын 
айтатын орыс мінезді болып барады ұлым. аннаға кіндігін 
бекер кестірген екенмін». Кіндік шешесінің шалы Гриша ағай 
өткен жазда дүние салды, жалғыз қызы маруся болса байға – 
қазаққа тиіп кеткеніне үшінші жыл, кейде келеді, кейде мүлде 
ат ізін салмай қояды. Сол анна апасы айтады: «Көктем биыл 
ерте шықты, ырысты, берекелі жыл болады, бірақ өлімжітім 
мол болады, әсіресе қариялар қирап, қырылады». Оны естіген 
жұрт шамданып «мыстан кемпірдің жағы қарыссын, қара 
басына көрінсін» деп долданып, өз отының басын өзі 
сабалайды. Гриша ағайдың қалай өлгені Нұрланның әлі 
есінде. Шыңғыстай ауылындағы жалғыз ұста шал қайыңнан 
шананың басын иіп отырған жерінде жүріп кетіпті. Оның о 
дүниеге жым-жырт аттанып кеткенін былайғы ел байқамайды, 
өйткені ол өте ұйқышыл шал еді. Соғыс кезінде пішенші 


323
әйелдердің шалғысын шыңдап отырып, не болмаса маяға шөп 
әперіп тұрып, немесе қаз бауыздай беріп қалғып кетеді екен. 
Бір күні Нұрланның үйіне бұлқан-талқан ашуланып анна 
апасы кіреді. Гриша ағайды балаша дедектетіп, қолынан 
жетелеп алған: «Ей, құдай көрші, – деді, – елу жыл отасқан 
шалыммен бөлінейін деп сендерді куәлікке тарта келдім. 
Қырманға астық ұшырайын деп кетсем қара басып жалғыз 
самауырынды бүлдіріп тастапты. Оттығына толтырып тұрып 
шоқ салған да, шай құйып ішем деп шүмегін бұраған күйі 
ұйықтап кетіпті. Содан барлық суы суалып, қаңсыған 
самауырын балқып істен шыққан. Не істеймін, ақылдарыңды 
айтыңдаршы», – деп Гриша ағайға алая қараса, ол кісі пештің 
түбіндегі орындықта қорылдап ұйықтап отыр. Содан 
жұлқылап жүріп, әрең оятып аманында үйіне ертіп кетеді. 
Нұрланның анасы Сандуғаш айтып отырады: «Байғұс анна бір 
үйге қонаққа барса, ұйықтап қалмасын деп шалының 
бүйірінен түрткілеп, санынан шымшылап отырушы еді» деп... 
Сондықтан Гриша ағайдың колхоздың шеберханасында 
қылжиып өліп отырғанын – ұйықтап отырғанға жорып, ешкім 
жоламайды. Тек кешке жақын анна барып: «Тұр, қақбас, тұр» 
деп шалының жағасынан тартып қалғанда сылқ етіп құлап 
түседі. анна апа жанжолдасын қара жамылып, көп жоқтады; 
қазақтың қатындарындай бетін жыртып, шашын жайып 
жырлаған жоқ, үнсіз егілді. Кіндік шешесінің үйінің 
бұрышындағы қасын керіп, көзін бақырайтқан «бөтен 
шалдың» суреті алдына шырақ жағып, шоқынып күбірлеп 
тұрғанын сан рет көрген еді. Көрген сайын анасынан 
сұрайтын, сонда өз шешесі айтатын: «Ол – орыстың құдайы, 
сен ол табынып жатқанда бара берме, кәпір болып кетесің...» 
Сонда Нұрлан айтқан: «мені балалардың барлығы кіндігіңді 
орыс кескен,шоқыншысың, – деп мазақтайды». Өмірге жаңа 
келген кезінде басқа ел құрып қалғандай кіндігін ауылдағы 
жалғыз орыс әйелінің кескеніне өкініп те жүрді. Есейе, ес кіре 
келе тағдырының анау шүйкедей көк көз кемпірге телулі 
екенін, жылбысқы кезінде көп ауырып, шыбын жанын осы 
орыс әйелі аман сақтап қалғанын білді. Осыншалық мол 
мейірімге толы аналық қарыздан қандай жақсылық жасап 
құтыламын деген ұятты сезім де жүрегін шабақтайтын-ды. 
аннаның бұл ауылда емдеп, домдап жазбаған адамы аз. Тіпті, 


324
қыстыгүні ғана келген дәрігер қызға бармай саусағының ұшы 
қанап қалса осы кісіге жүгіреді. Бұл ауылда – Шыңғыстайда 
жеміс егетін жалғыз үй анна мен Григорий ағайдікі еді. Тек, 
ауылдың тамам баласы көктемей жатып таптап, огородты 
ақтаңлақтап кететін. Ондай жорыққа алғашқы кезде Нұрлан да 
қатысып жүрді. Бір күні салқамды жұла берген мұны 
Григорий ағай шап беріп ұстап алды да, ұрмай-соқпай ақылын 
айтты: «Сен біздікі кіндік бала, огородты сен охранят етуің 
керек. Бұдан былай ұрлықты қой. Жеміс жегің келсе, біз өзіміз 
де береміз. Бала жоқ, сен жемегенде – кім жейді», – деді де, 
қойны-қонышын көкөніске толтырып берді. Бұл сол оқиғадан 
былай қайтып огородқа ұрлыққа түскенді қойған. Қазір ойласа 
өз оспадарлығына өзі қиналады. Бірақ, балалыққа бәрі 
жарасымды... Гриша ағай өлген соң бұл кіндік шешесіне тіпті 
үйір бола түскен. Ертеңді кеш отынын жарып, суын әкеліп 
береді. Кейде жеміс-жидек егуге көмектесті. Кей күні орыс 
пешінің үстіне шығып алып, қарала мысықпен ойнап жатып 
ұйықтап қалатын. Ондайда анна ұйқысын бұзбастан үстіне 
шалының қара тонын жауып, күзетер еді. Бірде ол әлдекім 
түртіп жібергендей селк етіп оянып кетті. Көзін уқалап ашып 
қарап еді, анна апасы аяқ машинасымен жүн иіріп, әндетіп 
отыр екен. Нұрлан әннің сөзін ұқпаса да әуеніне тербеліп, 
маужырап ұзақ жатты... Бұрын естімеген ән әлдебір 
қиялдарға, алыс армандарға жетелегендей мұңлы әрі шалқар, 
кең. Сонда ол өзі көрмеген, тек картадан ғана білетін орыс 
жерінің сыңсыған бай орманын, жылып ағар кең өзенін, 
қайыңды шалқар шабындығын көргендей қиял дүниесіне 
шомып, көзін жұмар еді. Көзін жұмса да бәрібір жіп иіріп, көк 
жазықтың ортасында әндетіп отырған анна апасының аяулы 
бейнесі өшпейтін. Өз үйіне қонбаған күні бұны ешкім 
іздемейтін: «Е, орыс шешесінің үйінде шығар» деп кәперсіз 
отыра берер еді. Көрші-қолаң қатындар Нұрланның анасына: 
«Балаңды орыс кемпір дуалап қойғаннан сау ма, үйірсектеп 
сол үйден шықпайды», – деп қыжыртар еді. Ондайда 
Сандуғаш: «Жас кезінде жанын алып қалған сол анна байғұс, 
бала қылып алам десе де қарсылығым жоқ» деп тыйып 
тастаушы еді.



325
май мерекесінің ыстық-суығы басылып, дырдумен екі 
күнді өткізген колхозшылар көктемгі қарбалас жұмысқа 
жұмыла қайта кірісті. Биыл Қарадалаға күнбағыс егіп, бұл 
елде бұрын болмаған жаңа ырым бастамақ. Оны бастайтын 
ауданнан келетін бір қаршадай қыз көрінеді. алғашында 
шаруашылықтың бұл бастамасын түсінбеген жұрт: «Немене, 
сонда шекілдеуік жейтін болдық па», – деп нәумез көңілмен 
күңкілдескен. Күнбағыстың мал азығындық сүрлем үшін 
егілетінін, мұны жеген сиырдың жардай болып семіріп, сүті 
бұлақ болып ағарын білген соң, балаларын жүгіртіп жіберіп, 
тұқымдық дәннен ұрлатып алып әр үй өз огородына сеуіп 
тастап еді. Ұрлықтары күнбағыстары бас жара ашыларын 
ешқайсысы сезген жоқ. Нұрланның ауру әкесі – сол күнбағыс 
егілген даланың қорықшысы. Ол көбіне биыл оныншы класта 
оқитын ұлы Нұрланды сабақтан босаған әредікте өз орнына 
жіберіп, аяқ суытады. Осы қорықшылық жұмыстың тіпті азап 
екенін әкесі зарлап күндіз-түні айтып отырушы еді. малын 
байлауға, немесе қораға қамап ұстауға үйренбеген жұрт кешке 
өрістен қайтқан сиырын қақтап сауып алып, басқа бір салады 
да, егіндікке айдап қоя беретін. Өңкей қу мүйіз қарасан 
келгірлер салып ұрып, Қарадалаға жұмысы бардай мөңіреңдеп 
жетіп баратын. Таң атқанша ары-бері қуып, тырпық 
қалмайды. Әбден тіс қағып, қуланып алған сиырлар бұта-
қарағай, сайсаланы баспалап тығылып тұрып, қорықшының 
көзі тая бере егіндікке қайта түсетін. Әлі көктемеген қап-қара 
даланы тапап, үстіне жусап ластағанға мәз. мұндай 
қаскүнемдік сиыр төлі бұзауға да жастайынан жұққан. Күні 
бойғы ермек – жер тарпып гүжілдеген бұқашыға бар бұзау, 
тайыншаны қуу. Кейде Нұрлан егіндікке түскен малды әкесіне 
айтпай қуып отырып, қойшысы жайлауға көшіп кеткен иен 
қыстаққа қамап тастайтын. Шайпау әйелдер осы ұрт мінезі 
үшін талай рет қарғап-сілеген де. Сонда әкесі айтатын: «Бұл 
өзі соғыстан да қиын болды ғой. майданда қарсы келген 
дұшпанды атып тастай салушы едік. Жаудан бетер қаскөй 
адамдар бар, не ата алмайсың, не аса алмайсың...» Неге? Оның 
себебін Нұрлан білмейді және пәлендей бас қатырып 
ойламайтын да. Ол ойлайтын – тезірек ер жетсем екен, оқуды 
тәмамдап, ауылдан кетсем екен, бәлкім үйленсем... кімге? 
Тағы білмейді. Оның біле- тіні әлдекім мұны самасы сарғайып 


326
күтіп жүр, сандалып іздеп жүр, әйтеуір бір күні екеуі 
жолығады. ал қазір бұғанешкім де ұнамайды. Ойша ауылдағы 
барлық қызды санап, көз алдынан көгендеген қозыдай 
өткізеді. Жоқ! Бұлардың ішінде жоқ ол. Сосын ол таң атқанша 
ұйықтай алмайды. Денесі ысиды, жүрегі жиі-жиі соғады, 
санасына қайдағы-жайдағы оралып атып сыртқа шығып 
кетеді. Табанын топыраққа басып, салқындайды. Басқышқа 
отырып, телміріп жұлдыздан тана тағынған алқаракөкке, сол 
көктегі майда жүзген айға телміреді. ауыл... ал, ауыл сол 
баяғы қалпы, жым-жырт ұйқыда; қаймақшып жатқан 
тыныштықтарды Бұқтырманың сарыны ғана бұзады. Жоқ, 
Бұқтырманың сарыны бұзбайды, қайта сол ауыл үстінде 
ұйыған тыныштықтың күзет- шісіндей мәңгі толастамас 
қуатпен сарқырап ағып жатқаны. Егер Бұқтырманың сарыны 
бір сәтке тоқтап қалса, мынау жылқыдай жусаған дүниенің өлі 
тыныштығы сонда ғана беймазаланатын- дай еді: Осыншалық 
жуас мамырстан тыныштықты қалайда бір нәрсе бұзушы еді 
ғой. Ол не? Е-е, еріншек үрген иттің дауысы ма, ұйқысыраған 
қораз ба, ол емес... Енді не? Е-е, ашқарақ енесі өрістен келмей 
қалып қарны ашып мөңіреген бұзау ма, ол да емес... Енді не? 
Е-е, сыраға тойып алып, сырнайлатып жүрген Қожақтың 
барқыраған әні? Жоқ, жарқанаттың сусылы шығар; судың ар 
жағындағы тоғайда әупілдеген елік шығар, түн қоңызының 
ызылдап ұшып келіп сиырдың мүйізіне сарт соғылып құлап 
түсуі ме; үйірін таба алмаған жылқының кісінеуі ме?.. Кейде 
ауыл іргесіндегі бейіттен жанға жат үн естілгендей болушы 
еді, сол ма?.. Пейіштен жанға жат үн естілгендей болушы еді, 
сол ма?.. Пейіштен ескен самал ма, солар ма тірілерді 
шақырған... Жоқ! Не сонда мынау барқыт түннің тылсымын 
бүлдірген, 
бораздалаған, 
тілгілеген 
не?! 
Тәңірім-ау, 
кеудесіндегі асколка сыздатқанда жанын қоярға жер таппай 
ыңқылдаған әкесінің құлындаған зарлы үні екенау... Осыдан 
он жыл бұрын аяқталған соғыстың, аузын арандай ашқан 
зеңбіректің әлі сембеген үні, әкесінің бойынан сенбей, қайта 
жаңғырығып жан-жаққа тарап мазалап тұрғаны ма екен? Жо-
жоқ, ол да емес... Қазіргі жас сәбидің ұйқысындай таза ұйыған 
тыныштықты бұзған өз жүрегінің махаббат іздеген, тазалықты 
аңсаған, ертеңіне алаңсыз ұлы дүбірлі қуанышты үмітпен 
телмірген құлын көңілдің көп-көп аңсар әндері; әлі 


327
айтылмаған, айта алмай жүрген сағыныш саздары, ешкімге 
сездірмеген, іштей жасқана жасырған ұялшақ сезімнің 
сергелдең үні, жоқтан барды іздеген ұшпа қиял құсының қанат 
сусылы; мүмкін жас ботаның тәй-тәйіндей балаң дененің 
жұмсақ дірілі... жұмсақ дірілі... жасқана ән салуы... тәңірім-ау, 
ұлы тыныштықты бұзған осы үн екен-ау, оны қайдан білген! 
Иә, оның білетіні – тезірек ер жетсе, осы ауылдан ертерек 
кетсе, бәлкім тек қиялында ғана кездесіп жүрген ғашығына 
қосылса, сәбилі болса... Нұрлан өз ойына өзі күліп жіберді. 
«Сол немені бақыртып-шақыртып керегі бар ма өзі. мүмкін 
керегі жоқ шығар. мүмкін ол сәби ертең болар... бәлкім 
болмас та... соғысқа керек солдат шығар... бәрі мүмкін». 
май мерекесі біткенмен, екінші мереке енді-енді ғана 
бастала берген шақ еді. Өлгенде көрген, бес жылдай қан төгіп, 
миллиондаған адамымызды құрбандыққа шалып, әрең дегенде 
қолымыз жеткен Ұлы жеңіс күні ертең дегенде Шыңғыстай 
ауылында үлкен жаңалық болды. Тып-тыныш жатқан жамағат 
алатайдай бүлінді. Елді алатайдай бүлдірген шыбық мініп, 
ауылдың үстінен шаңдатып, шапқылап өткен қара бала болды. 
Ол құйрығын сабалап, құйын-перен жүгірген күйі бар 
даусымен, «неміс келе жатыр, неміс келе жатыр» деп жер 
жаңғырықтыра айғайлады. алғашында тентек ұлдың бұл 
оспадарлығын әркім әр түрлі қабылдады. Үлкендер жағы: 
«Жағыңа жылан жұмыртқаласын, өз басыңа көрінсін, жетпегір 
жаман ырым бастағаны несі?», – деп жер тепкілеп ұрысты. 
Кейбірі шынында да бір жерде тығылып қалған жау 
ағашағаштың арасымен баспалап, алтайдың өр қойнауында 
жатқан момақан ауылды аңдып басып алуға келе жатпасын 
деп жағасын ұстай шошыды. Осы жастарына дейін тірі немісті 
көрмеген тау арасындағы аңқау жұрттың аузын аштырып, 
таңдайын тақылдатқан оқиға осылай оқыстан басталды да, 
өрттей қаулап, гуілдеп етек алды. Баланың сөзі расқа айналды, 
шынында да неміс келе жатыр! Бірақ, жасырынып қалған 
дұшпан емес, осы колхозға агрономдыққа келе жатқан, бұл 
елге күнбағыс егуді үйреткен қарғадай ғана неміс қызы. Оның 
анық сол, осыдан он жыл ғана бұрын жерімізге жеті басты 
айдаһар болып шапқан фашистердің қызы екенін анықтау 
үшін Нұрланның әкесін шақыртты. Бұл ауылда немісті көрген, 
тіпті жалғыз немісті ғана емес, Қиыр Шығыста жапонды, 


328
солтүстікте финдіктерді көрген және жыға танитын есі бүтін 
солдат сол ғана деп білісті. Соғыстан басы аман-есен оралған 
сол – Әкім мен бригадир Иса және бұл ауылдағы ақсақ-тоқсақ 
бірер азамат. Қорықшының денсаулығы нашар, әсіресе бүгін 
ыстығы көтеріліп, орнынан тұра алмастай ауыр сырқаттанып 
жатқан соң қызды қарсы алуға Исаны азғырған. Ол тіпті, 
зәрезеп болып, мүлдем аттонын ала қашты. Әншейінде «гу-
тиморгин», «гутинтак», «гут-гут камара», «хон де хок» деп 
кісінің құлақ етін жейтін бригадир «танымаймын десе 
танымаймын» деп безектеді: Жұрт оған: «Ендеше сенің 
Берлинге барғаның да, тіпті,на то пошло соғысқаның да өтірік, 
қашып жүріп қайтып келген дезертирсің», – деп шабына от 
тастай шамдандырды. ал, ол болса: «Е, немене, мен ол қыздың 
қойнына жатыппын ба», – деп безектейді. Сол бір шақта 
ауданнан ауылға автобус жүрмейтін. аптасына екі-үш рет 
қатынайтын Қожақтың машинасы болмаса, адамдардың көбі 
қара жолда шұбырып жаяу-жалпы кетіп бара жататын. 
агроном қыз да жаяу келеді екен деген хабар дүрліктіріп және 
жетті. Шыңғыстайдан шыға берістегі бір шақырым жырақта 
Күркіреме деген бұлақ бар еді. міне, осы бұлақтан бері өткен 
қыздың алдынан тайлы-таяғы қалмай ауылдың мұқым 
еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қаптап 
шыққанда жолаушы есі қалмай қуанды; өзін қарсы алуға 
шыққан ақ ниетті адамдар екен деп балаша мәз болады. Бірақ, 
жақындай-жақындай келе өңі қуқыл тартып, өзгеріп сала 
берді. Әдемі бір көңілмен «Здравствуйте» деп сәлем беріп еді, 
қабақтарынан қар жауып, оқты көздерімен ата қараған 
қазақтардың тіпті өңдері жылып, еріндері де жыбырламады. 
Барлығы да әзірейіл көргендей екіге жарылып, ығыса жол 
берді... Әркімге бір жаутаңдап, қолға түскен қояндай қорқақ 
халді басынан кешірген неміс қызы: «Колхоздың кеңсесі 
қайда?» – деп сұрады орысша. Жауап болмады. Жауар 
бұлттай түнерген ожар топтың мұзы еріген жоқ, қайта 
бұрынғысынан әрі дүмбілездене түсті. Енді не істерін білмей 
сасқалақтап тұрды да, бетін қолымен басып жылап жіберді. 
Осы шақта сеңдей сірескен суық топтың арасынан Нұрланның 
шешесі жұлқына шықты да: «Жылан көргендей болмаңдаршы 
түге, бұл қыздың жазығы не?» – деп қолынан жетелеген күйі 
колхоз кеңсесіне қарай дедектете жөнелді. Сандуғашқа наразы 


329
болған жұрт нәумез көңілмен күңкілдесіп бет-бетіне тарай 
бастады. 
Бұл оқиға Нұрланға әсер ете қойған жоқ. Оқудан қолы 
босаса болды, әкесінің орнына қорықшылыққа кетеді. Әсіресе 
соңғы күндері бұрынғы желікті көңілі суынғандай, мазасы 
кетіп, бей- жай, ұйқылы-ояу манаурап жүрген. Әжептәуір ән 
айтатын өнері бар-тын. мектеп директоры мен класс жетекшісі 
қаншама қолқа- лап: «Оныншы кластан көшірмейміз, бағаңды 
кемітіп қоямыз» деп ұрысса да, 9 май күні болатын концертте 
ән айтпауға бекінді. Осы мізбақпас қатты мінез кімнен 
жұққанын, қайдан пайда болғанын өзі де түсінбеді. Бері тарт 
десе, ары тартып, құрысып-тырысады да қалады. Ұлы Жеңіс 
күнінде ән айтпауы қуанышқа қарсылық емес, ішін кеулеп, 
санасына ұйықтаған бейжай сезімнің, өзгені қойып өзі де сезе 
бермеген тұңғиықты ойларға, өзі ұға бермейтін бұйығы оңаша 
бір тірлікке қақпайлап алып кетуі еді: мынау аппақ дүниені... 
баз кешіп, әлі ешкімнің аяғы жетіп, табаны тимеген өз аралын 
– өз арманын іздеуі, жер бетіндегі қыбыр-жыбыр тірліктің 
қай-қайсысына да қанағаттанбауы, бөтен, қорқыныштылау 
сапарды сағынуы немесе ешкімге білдірмей ептеп ерлікті 
аңсауы – сөйтіп, бозбалалықтың боз атына мініп, алысқа, 
бозала таңдағы мұнарлы жорыққа аттанып, содан жүз жылдан 
соң, бәлкім мың жылдан соң, маңдайы жарқырап оралса ғой, 
әттең... Қанағатты, табыну мен жалынуды мансұқтап, өр 
серпіп өтер көңілдің көк құсы еркіндік аспанына шырқай 
ұшар дауылпаз шағы – он сегіз жасар Нұрланның өн бойын 
улап, сезім сергелдеңіне салған еді. Егіндікте шошаң етер мал 
болмаса да әкесінің ақкеңсірік қарагер атына бір мініп алса, 
қайтып түскісі келмей ұзақты күн сенделетіні-ай... агроном 
қыз келген күні де көп-көп қызықтан құр қалып, Қарадалада 
жортуылдап жүрген. Кешке жақын оралған ол ақкеңсірікті 
арқандап, отқа қойып үйге келгенде шай үстінде шешесі 
айтты: 
– ауылға агроном қыз келді. анна апаңның үйіне 
квартирге тұрды. – Нұрлан мән бермей аз-кем отырды. 
– Неміс қызы екені рас па? – деп сұрады әкесі. 
– рас дейді. атын айтып еді, қиын екен, есімде қалмады, 
– деді шешесі, – мен болмасам байғұсты өлтіріп қоя 
жаздады. 


330
– Әңгімелесіп көрдің бе, – деді әкесі. 
– Қайдан, – деді шешесі, – қазақша білмейді. анна 
апаңның айтуына қарағанда оңды қыз көрінеді. Е-е, есіме 
енді түсті, аты лиза. 
– лизә емес, луиза шығар, – деп түзету жасады әкесі. 
Әңгімені алғашында зауықсыз тыңдап отырған Нұрланның 
құлағы елең- дей бастады. Керең адамдай меңірейіп, біраз 
отырды да:
– Қашан келді? – деді түйеден түскендей. 
– Түстен кейін, – деді ыдыс-аяқты жуып жүрген 
Сандуғаш. 
– мен барып көріп қайтсам қайтеді? 
– ат соғып, шаршап келдің, тұштаңдамай деміңді ал. Таң 
ата қайта тұрасың, әкеңнің атқа мініп, мал қайырар шамасы 
жоқ, – деді шешесі. 
– Барсын, – деді төсегін қамдап, жатуға ыңғайланған 
әкесі. 
– Бармайды! – деп кесіп айтты шешесі. – Ол қыз 
ешқайда қашпайды. Іргеңде көрерсің. Қарағайдай мүйізі, 
сайтандікін- дей құйрығы жоқ, маруса секілді ақ сары, көк 
көз қыз. Шашы әдемі екен, – деді шын сүйсінгендей, – аппақ 
болып иығына төгіліп жатыр, көздің жауын алады, сенен 
әлдеқайда үлкен, жиырмадан асса керек. 
«Шашы керемет екен, аппақ болып иығына төгіліп 
жатады...», – деп ойлады ішінен Нұрлан. 

Нұрлан 9 май күні әдеттегіден әлдеқайда ерте оянды. Біреу 
бүйіріне біз сұғып алғандай селк етіп атып тұрған. Көзін 
жыпылықтатып жан-жағына үрке қарап еді, төргі бөлмеде әке-
шешесі қаперсіз ұйықтап жатыр екен, басқа бөтен үн жоқ, 
жым-жырт тыныштық. Түні бойы жау салған ескі жараның 
орны сыздап, шыдатпай зарлап көз ілмеген Әкім таң алдында 
ғана байыз тауып, ептеп көз шырымын алған секілді. аяғының 
ұшынан мысықша жұмсақ басып, сыбдырын білдірмей далаға 
шықты. аспан шайдай ашық, тұп-тұнық екен. Сол ашық 
ажармен төбеден төнген тұп-тұнық аспанға аңтарыла қарап 
тұрып, тұнығы шайқалмаған көңілдің көк дөненін желікті 


331
мінезбен ерттеп қайта мінді. алтайдың шығысы ағараң тартып, 
алып таудың ар жағы бірсін-бірсін өртеніп бара жатқанға 
ұқсайды. Шығар күннің алтын жалқыны ұшпа шоқылардың 
сонау... ұшар басына әшекейлі тақия кигізіп, ыңырана кергіп 
баяу көтеріледі. Бұқтырмадан жеңіл бу ұшып, ол да аңғардың 
алқымынан ұзай алмай, қор бола шұбатылып бауырлап жатыр. 
Тынымсыз сайраған бозторғай, алаңсыз ұйқы тұншықтырып 
серейген ауылды оята алмай шырылдайды бейшара. ал, 
ендіенді ғана қылтиып баламұрттана бастаған көкті көктемгі 
шық қабыздап, артыңда басқан ізің батып қалады. ауада 
сарайыңды ашар жұмсақ салқындық бар. Тау ішінің қоңылтақ 
желі, таң алдында сап болып аңғарды ғажап бір тыныштық 
жайлаған. 
Нұрлан 
денесі 
жазғытұрымның 
жібектей 
салқынтым ауасына шомылған соң сергіп салды. ақкеңсірік 
арқандаған қазықтың айналасындағы тісіне әрең ілінетін көкті 
тақырлап жеп, қара топырағын шығарып басқа ұрғандай сұлқ 
тұр екен, Нұрланды көргенде кегжең еткізіп басын оқыс 
көтерді де, аяңдап келіп жүгендегенше қос құлағын тіге 
оқыранды. Бұқтырманың Жалпақөткел деп аталатын бір 
айырығына жетелеп апарды, асықпай суарды, сонсоң жетелеп 
үйіне алып келіп асықпай ерттеді. Бұдан соң, бишігін қолына 
алып,күнбағыс себілген аңызға беттеді. Түні бойы жусаған 
жерінен керенау көтеріліп, керілген сиырлар тұяқтары 
сыртылдап өріске беттеген. Күн шықты. ауыл біртіндеп ояна 
бастады. Ескі клубтың шекесінде Жеңіс күнін айғақтайтын 
Қызыл ту желбірейді. 
Тоғызыншы май күні балалар оқуға барған жок. 
Үлкендерше мерекеледі. Қабырғасын қақыратып жүріп 
азаппен жеткен Жеңіс күнінде ыңырсып ине жұтқан иттей 
үйде жатуды ар санады-ау деймін, Әкім де ілдалдалап 
орнынан тұрып, қорықшылыққа өзі кеткен. Кешке клубта 
өтетін салтанатты жиналысқа шақырып, ауылдық советтің 
председателі сөз сөйлейсің деп тапсырған. «мені қайтушы 
едіңдер мазалап, өзгелер де жетеді ғой, соғысқа барған жалғыз 
мен емес», – деп тартыншақтап еді, предсе- датель: «Немене 
Жеңіс күніне қарсысыз ба, Ұлы Жеңіске қуан- байтын 
шығарсыз», – деп әкіреңдеген соң амалсыз көнген. Көнсе де 
ішіндегісін ақтарып барып, жарайдыға көшіп еді: «Сен маған 
өйтіп қоқаңдама шырағым, – деді Нұрланның әкесі. – Бір 


332
көргенім сен емес, борбайыңда лыпаң жоқ қара сирақ болып 
қаңғып жүргеніңде, мына мен – жапон, фин соғысын 
тәмамдап, сонау ит өлген жер – Берлинге дейін жаяу барған 
адаммын. мен – біле-білсең қазақтан шыққан тұңғыш 
офицермін. Сонау 1936 жылы қазақтарды әскер қатарына 
шақырғанда бірінші болып тіркелген мына мен. Қаныма 
айырбастап алған жеңісті тартып алайын деп көкіп тұрсың ба? 
– Бұл ауылға алдыңғы жылы келген жас сельсовет қып-қызыл 
шиқандай болып қатты ашуланды. Бар қолынан келгені 
«штраптатамын» 
деп 
шатпақтап,қойнындағы 
мөріне 
жармасты. Әкім шал оның быдық-быдық еткен сөзін құлағына 
ілмей, атына мінді де, қасқайып мал қайыруға аттанып кете 
берген. 
– Сен шал өлесің, – деді жас председатель артынан ай- 
ғайлап, – кеудеңдегі қорғасын қоймайды, бүгін болмаса ертең 
мұрттай ұшырады. Сонда сен шалдың сүйегіңе топырақ 
салуға бармаспын». 
– Е, – деді шал оған айғай салып, – төрт жыл оқ пен 
оттың ортасынан сен салатын бір күрек топырақтың дәмі 
айдап келген-ау. 
Нұрлан жаңа келген неміс қызын күні бойы көре алмады. 
Бұрынғыдай емес анна апасының үйіне алқын-жұлқын жетіп 
баруға өз-өзінен қысылды. ал, қыз болса ерегескендей тіпті 
есік алдына да шошаң етіп шықпады-ау. Қарай-қарай көзі 
талған Нұрлан қас қарая, елмен бірге клубқа аяңдады. Клуб 
дегеніміз ертеректе салынған жатаған ескі үй. 
астын тақтайлап, төріне сахна орнатып, әдемілеп әктеген 
соң даңғарадай мәдениет ошағы болып шыға келген. Жаңасын 
салып аламыз деп тепеңдегендеріне бес жыл толды, құрғақ 
уәдемен келеді. Тәуекел деп бастап кетсе,«ынтымақ» 
колхозының байлығы жетер еді. Құнттың жоқтығы ма, әлде 
уақыттың аздығы, жұмыс қолының жетпеуі ме әлі күнге 
жетесіздік жасап отыр. Нұрланның естен кетпейтіні – былтыр 
осы туған ауылына радио орнатқандағы оқиға еді. Қас 
қылғандай сым темір жүргізген жігіттер: «Сендердің үйлерің 
негізгі көшеге кірмей, қаға берісте үркіп тұр. Сонау астыртта 
жатқан анна мен Әкімге жеке діңгек орнатар жайымыз жоқ», – 
деп радио жүйені бұларға жеткізбей бұрып әкеткен. Екі айдай 
басқа үйге барып әбден әлегі шыққан Нұрлан әкесіне таудан 


333
діңгек алдырып, үш күн өзі мықшыңдап шұңқыр қазған. 
Сосын кіндік шешесі мен өз үйі ортасына зәулім бағана 
орнатып, сым тарттырып еді. Сөйтіп, қақсаған қара табақ 
Әкімнің үйінде де ән салатын болған. Ең қызығы, клубтың 
шатырына үлкен ақ шелек – радио орнатып, тұңғыш рет 
дүниені дүрліктіре сарнап қоя бергенде, Шыңғыстайдың 
тігерге тұяғы қалмай, бар малы тауға қашып шығып кетіп еді. 
Сонда талай үйдің малы жоғалды. Иә, сол ақ шелек бүгін 
дамыл таппай сөйлеп тұр. Нұрлан «Жеңіс! Жеңіс!» деген 
сөзден басқа жарытып еш нәрсе ұға алмады. Қатты 
жаңғырыққандікі ме даңғараланып, анық естілмеді. Электр 
шамын уәде еткенімен әлі орнатқан жоқ. Жиналыстың бәрі 
керосин шамының жарығымен өтетін еді. 
Клуб іші әдеттегідей алакөлеңке екен. адамдар көп 
жиналып- ты. Балалар жағы сахнаның алдына қойдай жусап 
бағана, ерте жарықтан жатып алған. Жиналыстың артынан 
кино көрсетіледі деген соң қызыл іңірден келіп, жайғасып 
біржола орын тепкен секілді, кейбірі қалғып-шұлғып әрең 
отыр. Қарағай тақтайдан мықтап жасалған ұзынынан-ұзақ 
орындықтарда қаздай тізілген ауыл адамдары күбір-сыбыр 
көңілді шертіседі. Сахна төріне де тақтайдан істелген биік 
стол қойылып, қызыл матамен жабыл- ған. Нұрлан босағаға 
сүйеніп біраз тұрды да арт жақтағы самаладай болып сап 
түзеп түрегеліп тұрған жастарға барып қосылды. Президиумға 
әуелі колхоз бастығы, сонан соң ауданнан келген өкіл, соңын 
ала ауылдық Советтің председателі келіп ырғала, ыңырана 
жайғасты. Колхоз басқармасының бастығы көпшілікпен бас 
изесіп амандасқан болды да, анадай тұста отырған Әкімді 
төрге шақырды. Ондай құрметті күтпеген қорықшы қорынып 
қалып еді, ауыл басшысы: – Әкім аға, президиумға келіңіз, 
бұл – сіз әперген жеңіс! – деп қолқалап болмаған соң, 
ыңғайсыздана қызыл столға барды. Бұл – Әкім Әкім болғалы 
көрген құрметі еді. Отырғандардың арасынан «жауды жалғыз 
жеңгендей, жаман шалды есірткені несі» деген нәумез күңкіл 
естілді. ауыл ағасы сөз бастады: 
– Немістерді күл-талқан етіп, қорқауларды өз ұясында 
талқандаған Жеңістің ұлы күніне арнаған салтанатты жина- 
лысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. – 
Сатырсұтыр қол соғылды. – Бірінші сөз аудандық партия 


334
комитетінен келген өкіл Бекбау Қарасартовқа беріледі, – деп 
үлкен іс бітіргендей орнына нығыздана қайта отырды. мінбеге 
өкіл шықты. Орта бойлы, қызыл шырайлы, шашын артына 
жылтыратып тараған толық кісі ең әуелі аспай-саспай 
кителінің түймесін ағытып қойнынан қағазын шығарды, бұдан 
соң көзілдірігін алып, оны үрлеп жіберіп қол орамалымен 
сүртті, киді, сонсоң тамағын бір кенеп алып, манаураған күйі 
бір кекіріп оқуға кірісті. 
– Жолдастар! Біздің соғысқанымыз председатель 
жолдас айтқандай тіпті де неміс емес, неміс басқыншылары, 
яғни Гитлер бастаған фашистер, – деп ауыл ағасының кіріспе 
сөзіне саяси өзгерту енгізді. Бұл сөзді ол қағазға қарамай, 
ауызша айтты. Дәл осы кезде клубтың ойбайлап ашылатын 
есігі ән салып, жаңа ғана қаймақши бастаған бүкіл 
тыныштықты бұзды. мінбеде тұрған өкілден бастап түгел – 
бәр-бәрі адамдық әуестікпен есікке жалт қарасқан. Келген 
агроном екен. Нұрлан оны ал дегенде танымады. Басына 
орамал тартқан қыз алакөлеңке үйде ауылдың көп қызының 
біріне тым ұқсаған. Жанындағы шайыр шайнап тұрған шофер 
жігіт Қожақтан сұрап еді, жалмаң қағып, жынын шашқан 
түйедей былш еткізіп еденге түкіріп тастады да: «Немістен 
келген шыбыш, жаудың тұқымы», – деп гүр ете қалды. Жұрт 
енді өкілдің сөзін тыңдаудан гөрі тірі, есіктің көзінде состиып 
тұрған немістің қызын қызықтауға көшкен. ауыл ағасы осыны 
сезді ме қолындағы қарындашымен столды тықылдатып: 
«Қане, жолдастар, тынышталыңыздар», – деп ескерту жасап 
өтті. Сонсоң, әлгі қызға:
– Проходите, пожалуйста, садитесь, әй жігіттер, бірің 
орын берші, – деп еді, ешқайсысы міз бақпады. агроном 
қысылып қалды білем: – Ничего, я могу постоять, – деді 
майда үнмен. Бұл оқыс көрініс, жат қылық өкілге жаққан жоқ 
білем, қыржиып, көзілдірігінің астынан сүзе қарап, 
баяндамасын әрмен қарай жалғастырды. 
– Жолдастар! 
Неміс-фашист 
басқыншыларын 
талқандап, азаттықтың таңы атқанына, міне, он жыл! (отырған 
жұрт тағы да агроном қызға қарады) Жеңіс бізге оңайға 
түскен жоқ, жолдастар! 


335
20 миллионнан астам совет халқы қырылды. мыңдаған 
әйел жесір, мыңдаған бала жетім қалды. Украинаның, 
Белоруссияның қалалары мен селолары талқандалды... 
Осы кезде арт жақтан айғай шықты: «агроном қызды 
тірідей қақтап жемей неғып отырмыз. Қырып-жойып, 
өлтіріпөртеп, қиратып-бүлдіргендері аздай ауылымызға 
тайраңдатып жібердік. Құдайдың қызы болса... да әкеңнің 
аузын...» 
Кеңірдек жырта айғай салған Нұрланның қасында тұрған 
Қожақ. 
Нұрлан әлгі бір ұрда-жық сөзді өзі айтқандай жаман 
қысылды да, шофердің жанынан жылыстап кейін тұрды. 
Есікке енді бір қарағанда неміс қызы жоқ екен... 
Кино қызықты болды. Советтің солдаттары Гитлердің 
әкесін танытып, соққанда сөлін, қаққанда қанын алды. 
Тықсыра қуып, желкелеп, жұдырықтап жеңіп шығады. 
Біздікіндей емес, ол кездегі кинода, неміс солдаттарының 
түрлері де сұқсырайған қорқынышты, адамнан гөрі хайуанға 
көбірек ұқсаушы еді; әлсіз, әлжуаз, мүлдем соғыса алмайтын 
өңкей бейшаралар еді... 
Кинодан соң созалаңдай барып зорға басталған ойынға 
Нұрланның қалғысы келмеді. Үйге кіруге де зауқы жоқ, 
қашаға сүйеніп көп тұрды. аспанға қарап еді, бүгін жұлдыз 
самсап жиі туған екен. ауада көктемнің салқын лебі бар. Клуб 
жақ у да шу араның ұясы секілді. Делдиіп, бостан-бос 
тұрғанша егінжайды болжап келейін деп оқталып еді, әкесі өзі 
кеткен бе ақкеңсірік ат аулада көрінбеді. анна апасының үйіне 
қалай келгенін, неге келгенін өзі де сезбей қалған. Әйтеуір, бір 
ырықтан тыс тылсым күш жетелей жөнелгені рас еді. Кірер-
кірмесін білмей, аңтарылып біраз тұрды. Тайдай тулай 
жөнелген жүрек лүпілін әрең байыздатып, тәуекел деп есік 
ашты. алдыңғы үйде кіндік шешесі көрінбеген соң төргі 
бөлменің есігінен жасқана сығалап еді, анна төсекке етпетінен 
түсіп, солқылдап жылап жатқан агроном қыздың шашынан 
сипап отыр екен, мұны байқаған жоқ. Нұрлан аяғының 
ұшынан басқан күйі лып етіп қайта шығып кетті. Жүрегі 
қысылып, қолқасына кептеле тағы да тарсылдап ала 
жөнелген... Кеудесінен мың-миллион ат дүрсілдете шырқай 
шапқылап өтіп жатқандай. Тіпті, өз жүрегінің соғысын өзі 


336
естіп келеді. Баяғы, жар жағасындағы жалғыз теректің түбіне 
келді. Бұқтырма кешегіден гөрі жақындап қалған, енді аз 
күнде бәйтерекпен мүлде қоштасатынын білді. Бүкіл 
балалығы саясында өтіп еді. Әке-шешесіне өкпелесе осы кәрі 
теректің түбіне қашып келетін. Нұрлан осы бәйтерек пен анна 
апасын өте ұқсататын: мейірімді, кімді болса жатырқамайтын 
кең пейіл... Неге екені белгісіз, оның көз алдына етпетінен 
құлап, жылап жатқан агроном келді. аяды. Жоқ, аяған жоқ, 
«Неміс бізді де аямаған», әншейін бозбала көңілмен әуестене 
еске алды. анна апасы мұны да талай алдына алып, басынан 
сипап уатқан. Енді оның бойын қызғаныш меңдеді. Егер 
немістің қызы болмаса ғой, кіндік шешесінің орыс пешінен 
жаңа ғана алынған борщын ішіп, ыстық нанын жеп, жып-
жылы, шап-шағын үйде масайрап отырар еді. анна апасы 
бұған Волга өзені туралы ұзақ-ұзақ әңгіме шертер, сонсоң ұлы 
өзен жайлы ыңылдап ән айтар, сол әңгіме мен әннің әуені 
жетелеп орыс пешінің үстінде Гриша ағайдың тонын иіскеп, 
тәтті ұйқыға кетер еді. Шалы өлгеннен бері кіндік шешесі 
шешіліп, бұрынғыдай жайраңдап күліп, масайрап, көл-көсір 
көңілмен әңгіме айтпайтын еді. Көп күрсінетін, үнсіз іштей 
егілетін, сырттай жүдейтін. Бұрынғыдай емес белі бүгіліп, 
шөгіп барады; бұрынғыдай емес көзінің нұры қашып, 
жасаурай беретін болып жүр. Нұрланға ине сабақтап бер деп 
сан рет шақырды. анна апасының осы ауыл үшін мүлдем жат 
тұрмысы, ойы, әңгімесі, адамдарға деген қарым-қатынасы 
Нұрланды қайран қалдыратын. Тіпті кіндік шешесінің үйіне 
кіріп келгенде басқаша, мүлдем басқаша иіс сезетін. Жер 
бетіндегі қыбырлап жүрген адамдардың өз мінезі, өз бет-
бейнесі, өз тірлігі бір-біріне қаншалық ұқсамаса, сол 
адамдардың исі де соншалық өзгеше екенін сонда ғана ұққан. 
адам иісі! Нұрлан бұл үйден борщ ішіп шыққан түні «сенен 
орыстың иісі шығады» деп мұны ауыл балалары жандарына 
жолатпаушы еді. Бірақ ол үшін бұл әлемде анна апасынан 
тәтті, кереметтей сұлу, жаны жайсаң кісі жоқ секілді. 
Шүйкедей ғана көк көз, сары кемпірді сәбилік таза көңілмен 
кереметтей сүйетініне өзі де қайран қалатын. Қызылшақа
балапан кезінде астық оруға кеткен шешесі мұны ылғи да 
көршідегі орыс кемпірдің үйіне бесікке бөлеп, қалдырып 
кетеді екен. Сонда қарны ашып, безектеп жылаған баланы 


337
анна сан рет өз омырауын беріп, уатады екен; аналық 
мейірімге бөленіп қарны тойған соң, томпайып ұйықтап 
қалады екен. Бәлкім Нұрланды өз шешесінен гөрі кіндік 
шешесі көбірек емізген шығар; бәлкім жаңа туған жас нәресте 
ана емшегін, ана махаббатын талғамайтын шығар... бәлкім 
жер бетіндегі балалардың және жер бетіндегі аналардың бір-
бірінен айырмашылығы жоқ та шығар... 
Бұлқан-талқаны шығып аласұра аққан Бұқтырманың жаға- 
сында отырған Нұрлан әкесі Әкімнің әңгімесін есіне алды. 
Әкесі айтатын: «Григорий мен анна алтайға тым ертеректе, 
уыздай жас кезінде, 1910 жылы жер ауып келіпті. арқасына 
таңған дорбасы- нан өзге байлығы жоқ, қыз бен жігітті 
қазақтар құшақ жая қарсы алған. Григорий ағай алғашында 
Әбдікәрім болыстың писарі болып қызмет істейді. Кейін қазақ 
тілін үйрене келе, тілмәші болады. Жергілікті қазақтармен 
бірге бұлар да жаңа өкіметті жанын сала қарсы алады. Үй 
салып Шыңғыстайды атамекеніне айналдырады. ауып келген 
орыстарды елдің бәрі бірдей жақсы көрген жоқ, кейбірі: 
«Кірме, қаңғырып келген қайыршылар» деп көзге шұқыды. 
алғашқы жылдарда сан рет қора-қопсысын, не моншасы мен 
маялап қойған шөбін өртеп жібереді екен. Григорий 
Светославич сонда да көшпей осы жерді мәңгі мекендеп 
қалған. Григорий мен аннаның келуі мұқым Шыңғыстайға 
үлкен жаңалық болды. Елді ағаш шеберлігіне, үй салуға, 
былғары илеуге үйретгі. Олар келгенде Шыңғыстайда бірде-
бір монша жоқ еді. Қираған, түбі тесілген заттар бүтінделмей 
күресінде қаңсып қалатын. Ісмерлік Гриша ағайдан басталған-
ды... Қазақтың даласы кең ғой, – дейтін әкесі, – кімге болсын 
қоныс, кімге болсын өріс, қашқанға да, қуғанға да екінші Отан 
болған.Ондай дарқандығынан азап шегіп жүрген жоқ, білімге, 
өнерге ұмтылды. Үйреніп алып, енді өздерін үйрететінді 
шығарды. Дегенмен, – дейтін әкесі, – мен Гриша көршімнен 
сан рет сұрадым: туған жер, өскен еліңді сағынбайсың ба? – 
деп. Ол жер шұқып ойланып отыратын, сосын күрсінетін, 
сонан соң айтатын: Білем, қазақта «Ер туған жеріне, ит тойған 
жеріне» дейтін мәтел бар. «меніңше, – дейтін ол, – адам қай 
жерде өз бақытын, өз қуанышын табады, сол жер – туған 
жері». 


338
Нұрлан сонау жотаның үстіндегі екі шаңыраққа – өз үйі 
мен орыстың үйіне қарап еді, шамдары сөнген жоқ, әлсіз 
жарық шашып тұр екен. Осы тұстан көз салғанда түйілген бір 
кісінің қос жұдырығы секілді, ал терезеден сәулеленген шам – 
саусақтағы гауһар жүзіктей көз қытықтай нұрланады. 
Клубтағы мереке әлі аяқталмаған сыңайлы. Өр жақ іргеде 
шөгіп жатқан тау, ажарын анық танытпай, тұнжырай 
қарауытады. Нұрлан осы сонадайдан жым-жырт нұсқынмен 
беріштенген тауға өрмелей шығып, сонау күлімдеген сансыз 
жұлдыздардың бірін алып түскісі келді-ақ. Қызық, не жылу, 
не жарытып жарық бермейтін жұлдызды адамзат не себепті 
жақсы көреді... Әлде өте тұңғиықта, қол жетпес биікте 
болғандықтан ба... Жақын нәрсенің қадірі болмай жек 
көретініміз сондықтан шығар. адам өзінің қолы жетпейтін, 
армандай алыс дүниеге әуес келмей ме? адам мәңгі 
орындалмайтын мақсат-мұраттарды қуып, үміттің жетегінде 
мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп жүрмей ме... 
Әкесі егіндіктен келді білем, ат тұяғының дүбірі естілді. 
Өзен жақтан сап-салқын жел есті. Түн баласында 
Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты естіледі. Әлгіндегі ат 
дүбірі сап болды да, маңайды тағы да жым-жырт, жұмсақ, 
момақан тыныштық басты. Тек, Бұқтырманың сарыны... тек 
сол ғана жалғыз сәт байырқаламай асығыс ағыспен аласұрып, 
жөңкіле қашып барады. Тек сол ғана... Бұқтырма ғана мәңгі 
өлмейтіндей, мәңгі суалмайтындай езуі көпіршіп менмен 
мінезбен долдана ағады... Тек сол... Бұқтырма ғана түнгі алтай 
арудың күміс теңгелі шолпысындай сыңғырлап, еркелей 
бұлаңдайды... 
Ол бүгін күндегісінен де ерте тұрды. Түнде кеш жатқандікі 
ме, тас болып ұйықтап қалған екен, шешесі оятты. 
– Әкең таң атқанша тыныш ала алмай шықты. Егінге 
мал түсіп кетпесін. Болжап келші, – деді. Тоғай ішінде 
арқандаулы ақкеңсірік айналасын баяғыда тақырлап, 
тықыршып тұр. Нұрлан әлі ұйқысын аша алмай, мең-зең 
болған соң бетін суық сумен шайып жіберейін деп өзен 
жағасына барып еді, бұрынды-соңды көрмеген ғажап 
көрініске қайран қалды. Бұқтырманың жиегінде бар 
байлығымен шағидай судыраған шашын тарқата жайып 
жіберіп, аппақ сазандай қыз отыр. Су перісі болып жүрмегей 


339
деп ал дегенде шошына шегінді. арт жағынан шыққан 
тықырға елеңдеп, қыз да жалт қарап еді, екі көзі тас төбесінен 
шығып, сіресіп тұрған бозбала жігітті көріп, күліп жіберді. 
Нұрлан табаны қара жерге шегеленіп қалғандай орнынан 
қозғала алмады. Су жағасында тотыдайын таранған қызға 
тіктеп, жанар тоқтату мүмкін емес еді. ақ қайың балтыры, 
соншалық таза, мінсіз беті, таңғы шықтай жылт-жылт еткен 
шашы – көз қарықтыратын. Ол тағы да өзгеше бір нәзік 
пішінмен күлді, сонсоң Нұрланды ымдап шақырғандай болды. 
Бірақ ол қозғалуға да, қимылдауға да батылы жетпей, тас 
ескерткіштей мелшиіп тұр. Қыз мұның жанына келіп, әлде не 
айтқандай ма? Ұққан жоқ. Қыз тағы да сөйледі. Сықылықтап 
күлді, тіпті қолынан тартқандай... Нұрлан үнсіз. Сәл қозғалса, 
не болмаса аузын ашса, не болмаса қаттырақ дем алса осынау 
адам айтып жеткізгісіз түс сынды таң-тамаша көріністен, енді 
ғана оюлана бастаған теңдессіз сұлу суреттен айырылып 
қалардай сезінді. Есін ептеп жинағанда әлгі күнмен таласқан 
алтын шашты қыз ұзап бара жатыр екен. ақкеңсірік те қос 
құлағын тігіп солай қарай үрке қарап тұр. Нұрлан тізгінінен 
тартып, шу-шулеп жетелеген соң ғана еріншектене соңынан 
ерді. Әлгі су перісі жүріп емес, жүзіп бара жатқандай, әне... 
жүз метр қашықтықта, бәлкім он метр қашықтықта маңып 
барады. Ендігі сәтте анна апасының үйіне кіріп жоқ болды... 
ғайып болды... Көзден тасаланды. Нұрланның жанарына жас 
үйірілді, көңілі – осы әзірде ғана жауынның астында 
қалғандай, сонсоң аспанды торлаған бұлт ыдырап, күлімдеп 
күн шыққандай шуақты нұрға малынды. Ол өзін осыншалық 
сергек, әрі бақытты сезініп көрген жоқ. Былтырдан бері 
иығынан мың батпан салмақпен басқан жүкті әуп деп аударып 
тастап секіріп билеп, ор текеше ойнақтап шыға келгендей. 
Жүрегінде запыран болып ұйықтаған белгісіз мұң, белгісіз 
арман, белгісіз қасірет – құлан-таза, нөсер жуып-шайып 
кеткендей-ау. Жұмбақ біреуді іздеуші еді ғой, тапқандай... 
Бірақ кім ол, білмейді. Тәңірім-ау, тапты – кім ол?! Білмейді... 
Енді ойлайтын да, қиялдап, көрер таңды көзімен атқызатын да 
ешкім жоқ. Ол өз қиялында кәмелетке толғалы сом болып 
соғылған, өмір бойы іздеп өтем дейтін елес адамын 
жолықтырғанға қуанды, бірақ одан мүлдем айырылатынын 
және бұған дейінгі көңілінде гүл болып енген арман-қызын 


340
мәңгіге өлтіргенін тағы да сезген жоқ. ақкеңсірікті тез ерттеп 
мінді де, сауырынына салып-салып жіберіп, құйын-перен 
шапқылай жөнелді. Ол бұрын тәулік бойы қарны тоймай, 
қапталын көбік қақтап жүретін ақкеңсірікті аяушы еді, қамшы 
жұмсамайтын, орынсыз қыстап, арам тер қылмайтын, жаны 
ашитын... ал, қазір өлген-тірілгеніне қарамай ағызып 
шапқылады, көзінен жас аққанша зулады, бұл зымыраған 
сайын іргеде ғана тұратын көкжиек алыстап, әрмен қарай 
қаша берді. Бозбала үйіне тек қас қарая әндетіп оралған-ды. 
Әке-шешесін қонаққа шақырып кеткен екен, биыл онға 
толған қарындасы қағаз-қарындашын жайып салып, сабақ 
оқып отыр, ағасын көріп қуанып қалды. Елегізеді білем. 
– Сен қайда жүрсің? – деді ағасына, – папам мен мамам 
ат үркіп жығылып қалды ма деп зәресі қалмады. Әне көже, 
аяққа құйып іш, сонсоң сабағыңды оқы, әйтпесе екілік алып, 
оныншыдан көшпей қаласың, ұят емес пе? 
Кәдімгі ересек кісідей, салмақтанып ақыл айтты. 
Тықылдап кілең беске оқитын қарындасының маңдайынан 
иіскеді де, ұн көжені рақаттана ұрттады. 
– анна апа келді, – деді қарындасы. – Сені сұрады. Екі 
күн болды біздің үйге жоламай кетті дейді. Неге бармайсың? 
Білесің бе, анна апаның үйінде сұлу болғанда ой-сұлу... 
немістің қызы тұрады. Бағана мені шақырып алып, кәмпит 
берді. 
Нұрлан күлді. Жауап берген жоқ. Қарындасы бұртиып 
өкпелеп қалды. – Үндемесең қой, – деді, – енді мен де үнде- 
меймін. 
ағаш үйде қоңыр тыныштық орнады. Жұпыны бөлмені 
шамның әлсіз жарығы болмашы ғана сәулеге бөлеген: 
бұрышта тұрған ағаш кебеже, іргедегі ағаш төсек, есік 
жақтағы тандыр – бәрі-бәрі абажадай болып көрінеді. 
Қабырғаға түскен қарындасы Шолпанның көлеңкесі де 
арбайған дәу. Нұрлан енді бір қарағанда Шолпан пысылдап, 
жылап отыр екен. 
– Не болды, Шолпан, не болды саған, – деп жанына 
барып шашынан сипады. Қарындасы бауырына тығылып, 
өксіп қоя берді. 
– менімен ешкім сөйлеспейді, мамам жұмсай береді, 
папам ауырады, ал сен... Сен болсаң үйге жоламайсың. 


341
Жалғыз ұлымыз таң атқанша далада жүреді, ауру болмасын 
дейді мамам. 
– Жылама, – деді көзінің жасын алақанымен сүртіп, – 
мамаң өтірік айтады, менің денім сау, екілігім жоқ, сабақты 
жақсы оқимын. Есейіп, бой жетіп тура менің жасыма келгенде 
әлі сенің де ұйқың қашады. 
– менің қазір де ұйқым келмейді, – деді қарындасы 
еркелей. 
– Енді бұдан былай екеуміз әңгімелесіп тұрамыз. мен 
саған көп-көп ертегі айтып беремін, жарай ма? 
– алдамайсың ғой, пионерлік сөзім деші. 
– Комсомолдық сөзім, мен пионер емеспін. 
– Онда кел, менің қасыма отыр да, сабағыңды оқы.
Нұрлан «жарайды» деді де, оқулықтарын ақтара бастады. 
Кітапты алдына өңгеріп алып, қанша тесіле қараса да химия 
элементтерінің орнына бағана... таңертең өзен жағасында 
жолықтырған қыз кетпеді көз алдынан. Шашы жылтырап, 
күлімсірейді де тұрады... Бетін уқалап жіберіп, қайта үңіледі, 
қайта тұрады... атып далаға шығып кетті... Шолпан аң-таң 
болды. 

Нұрланның өміріне ұлы өзгеріс кірді. Бұрынғы бұйы- 
ғылық жоқ, бүкіл дүние аппақ... бейнебір ән салып тұрғандай 
тамылжиды. мектепке бұрынғыдай емес бір минут кешікпей 
барады, сабағына тиянақты әзірленеді, әкесінің орнына қору- 
шылыққа да жиі шығатын болып жүр. Бір кереметі бәріне 
уақыт тауып үлгереді. Жалғыз ұлының аяқ астынан өзгерген 
мінезі әкесі мен шешесін таңқалдырмай қойған жоқ. Бірақ 
себе- бін ешқайсысы таба алмады. «Ес кірген шығар, ер жетті 
ғой», – деді шешесі. «Ұлымның есі әлдеқашан кірген, ол өте 
ақылды болып өсіп келеді», – дейді әкесі. Қарындасы да риза. 
ағасы әр күн кешке алдына алып отырып, ертегі айтып береді. 
Кейде ұйықтап қалса төсегіне апарып жатқызады, бетінен 
сүйіп, жанжағын қымтап жабады. Кіндік шешесінің үйіне әлі 
аяғын ат- тап басқан жоқ. Исі бұрқыраған ыстық борщты, 
аялы алақан, қамқор сөзді қанша сағынғанымен жүрегі 
дауаламады. Белгісіз бір сезім, буынын алып, аяғын тұсап, 
олай қарай аттап бастырмайды. Жо-жоқ, кеудесінен итерген 


342
тылсым күш емес, қайта солай қарай жетелер күш бар, 
өкінішке орай олай қарай жүргіздірмейтін қуат және бар. Елу 
жылдай жымдасып, айырылмастай, қоныс тепкен екі үйдің 
ортасына адам аса алмас биік асу орнағандай. Нұрланның 
ендігі қолынан бар келері – қос жанарын дүрбі қылып, 
жалықпай телміре қарай беру, агроном қыздың әрбір кірген-
шыққанын қалт жібермей аңду, ойша сөйлесу, қиялмен қол 
ұстасып, тоғай аралап, өзен жағалау... ойша алысқа... тым 
шалғайға таңғы шықты кешіп тентіреп кету, әйтеуір сол 
аспаннан түскендей болған қыздың соңынан қалмай қаңғыру. 
Бұл не өзі? махаббат па? Ол едәуір: мүмкін бес жас, мүмкін 
елу жас... үлкен ғой... Бұл не өзі? ...көзсіз, ессіз сезімнің 
бозбаланы буындырып, мойнына қыл шылбыр болып оралуы 
ма... Бұл не өзі?.. көптен күткен қиял қыздың өліп-тірілуі ме... 
айғайлап алыстан қол бұлғап шақыруы ма... әлде жанында 
баяғыдан жүрген сезім – қыздың әйтеуір бір күні сергелдеңге 
душар қылар сезікті бейнесі ме, бұл не өзі?.. қапияда ғайыптан 
пайда болған аққу-қыздың айдынға келіп қонуы, мамырлап 
жүзуі – бейбіт жүзуі кезінде әлдекімнің тас лақтырып үркітуі 
ме... не істеу керек мұндайда, дәрмен жоқ, расырағы тәжірибе 
жоқ, жалаңтөс сүйіспеншілік бар. Басыңды тауға ұр, тасқа ұр 
қашып құтыла алмас жастықтың ақжелкенді қайығына міндің, 
енді түсе алмайсың... Сезім желі қалай айдаса солай ығасың. 
Нұрланның ешкімге тіс жармай, тіпті өзінен де қызғанған 
жасырын сыры, құпия жұмбақты сүйіспеншілігі күнді күн 
қуған сайын бүршік жарып, гүлдеп, құлпырып сала берді. Енді 
ол тастың жарығын қуалап өскен шынардай жасырын 
қаулаған таза махаббатынан өзі жан ұшыра қорықты да. 
Қолынан түсіріп байқаусызда сындырып алам ба, әлде жанға 
жат, тәнге салқын бөтен біреуге таптатып алам ба деп 
қорықты; ал сындырмақ түгіл, сызат түсірсе қайтіп қалпына 
келтіру, жамап-жасқау мүмкін емесін сезген... әлде сезбеген... 
олай ойлаудың өзінен сескенген, ысынып-суынған жан 
дүниесіндегі жұмыртқаны жарып шыққан балапандай аузын 
аша шиқылдаған сүп-сүйкімді ақ үрпек махаббаты қалықтап 
ұшар зеңгір аспанды,қиялай қонар заңғар шыңды әлі ұялшақ 
тілекпен егіле, есінен айырыла аңсағаны ма? мынау аппақ 
дүние... жер басып тірі жүрген пендесіне көрсетері көп екен-
ай. Нұрлан бүгін кешке ерлік жасағысы келді. Түбі немен 


343
тәмамдаларын бір құдайдың өзі білер ерлік жасағысы келді. 
Неше күннен бері жолай алмай, сарсаңда жүрген анна 
апасының үйіне есігін айқара ашып, кіріп бармақ болып 
бекінді. Ол үшін сылтау керек. Осындайда себеп те құри 
қалады-ай. Тоғайдан шыбық қиып әкеліп огородыңыздың 
кеткен, иә-иә тарқатылған тұсын тоқып берейін десе... жо-жоқ 
мұнысы шарасыздық, тіпті күлкілі жағдай; ә-ә тапты-тапты: 
үй маңайында қарулы қолды қажет ететін, ыбырсып қыстан 
қалған қоқыр-соқырды тазалап берсем дейді... Қой, батырым, 
бұл да жетіскен сылтау емес. Не істеу керек өзі? 
Әңгімелесетін адам табылған соң, анна апасы да бұл үйге 
сирек қатынайтын болды. Әншейінде табалдырықты 
тоздырушы еді. Нұрлан қараптан-қарап отырып, ашулана 
бастады: «Орысы не, немісі не, айырмасы жоқ. Құлынды 
биедей жараса қалуын қарашы», – деді ішінен. міне, қызық, 
есеңгіреген көңілін сап-сап басып, есін жиса, кіндік шешесінің 
ауласында тұр. Ұрлық істегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ 
қарап шегіне берді. маңайда қыбыр еткен жан жоқ. Әкесі 
күнбағыс егілген алқаптан шоқытып келеді екен. Көзіне 
түспейін деп қораға қайта кірді. Кеудесін балғамен әлдекім 
ұрғылап жатқандай немесе бір қарағайды жалғыз өзі турап 
шыққандай алқынып кетті. Өзі үйінен бетер тайраңдап, төрі 
мен төсегін бермейтін анна апасының баспанасына басын сұға 
алмай, қор болғанына жыны келді. Батар күнге жүз беріп, 
қашаға сүйеніп көп тұрды. Енді көңілін жүдеу мұң қабыздай 
бастаған. Дәл осы сәтте есік сыңсып ашылып, апасы шықты. 
Нұрлан тығылып үлгіре алмады. 
– Оу, Нұрланжан, не қылып тұрсың, балам, біздің үйге 
жолағанды қойдың ғой, өкпелеп жүрсің бе? – деп бетінен 
сүйді. – Жүр үйге, бейуақытта далада тұра ма кісі. мен сені 
қызыммен таныстырайын. 
«Қызыммен...» Нұрланның өн бойын қызғаныштың оты 
дуылдата шарпып өтті. «Қызымменіне жол болсын». 
Бұлар бөлмеге кіргенде шам әлі жағылмаған, алакөлеңке- 
леу еді. агроном пеш алдында көлгіреп, емін-еркін картоп 
таза- лап отыр. Үстінде келтелеу гүлді-гүлді шыт көйлегі бар, 
алқамсалқамдау жайғасқан екен, Нұрланды көріп етегін 
тартып, қысылғаны ма, екі тізесінің арасын жымдастырған 
болды. Қыс- тан қалған картоп өсіңкіреп, жарық шалмаған 


344
аппақ сабағы шырмала шуатылып жатыр. Қызға картоптың 
қабығын аршу жараспайды екен. 
– Төрге шық, отыр, – деді апасы. Сонсоң агрономға 
бұры- лып: 
– Познакомься, этому парню я крестная мать. Зовут – 
Нурлан, – деді орысшалап. Не айтқанын жыға ұқпаған Нұрлан 
аты аталған соң сасқалақтап,«а» деп атып тұрды. анна күлді. 
Күлді де: 
– Сендерді таныстырып жатырмын, – деді. Қыз көз 
қиығымен салқындау қарады да: – луиза, – деді. анна көп 
аялдаған жоқ, шелек алып сыртқа шығып кетті. Сиыр 
мөңіреді. Тыныштық қайта орнады. Нұрлан шұбатылған қол-
аяғын қоярға жер таба алмай өзін тым артық сезініп отыр еді, 
агроном қыз тіл қатты: 
– В каком классе учишься? – деп сұрады. Нұрлан бұл 
қара- пайым сұрақты ұқты, бірақ жауап беруге қорынды. Қыз 
күлімсі- реп, алдымен сегіз, содан соң тоғыз саусағын ымдап 
еді, Нұрлан он саусағын тарбайтқанда қыз басын изеп тағы да 
күлді, Нұрлан да күлді. арадағы темір тордың бір шеті ептеп 
сөгілгендей болған. Үнсіздік... Картоп аршып біткен соң, оны 
жуып, ұсақтап турады. Орысша көп сөз айтты, Нұрлан 
кейбірін ұқты, кейбірін ұқпады, жауаптасуға тіл құрғыры 
жетпеді. Ол тұңғыш рет орыс тілі пәнінен сабақ берген аш-
арық, ұзынтұра мұғалімін балағаттады, әрине ішінен. Өзі де 
екі сөздің басын құрай алмай жүріп, бала оқытады. Неміс 
қызы алдында өзін мүгедек сезініп, қатты қорланды. 
Осылайша бұлдыр-салдыр ауыр да қымбат минуттарды кешіп 
отырғанында сиыр сауып болып, анна кірді үйге. 
– Түу, ұлым-ау, шам неге жақпағансың, қараңғы ғой, – 
деді. Нұрлан пеш мойнында тұрған сіріңкені тұтатып, шам 
жақты. Жаңа ғана шойын табаға салған картоп шыжылдап 
қарыла бастаған. Қолын жуып, Нұрланның қарсысына келіп 
отырған луизаның жанары жарықпен бірге қоздап жанады. 
Нұрлан анау-анау маздаған отты көзге қарай алмады, қанша 
тілек етсе де тура қарауға дәті жетпеді. мұның таза көңілмен 
ұялатынын қыз да, анна да сезгендей. 
– Сен бұл қыздан ұялма, – деді стол жасап жүрген 
апасы. – Өзіңнен үш-төрт жас-ақ үлкендігі бар болар. Келсін-


345
келмесін орысшалап, белінен бір басып сөйлей бер, ертең-ақ 
үйреніп кетесің. 
Нұрланға қарап бір нәрсе айтты. ал, анна оған жауап берді. 
– луиза айтады, – деді анна, – атқа мінуді үйретсін деп. 
Күнбағыс егілген даланы аралап көрейін десем, атқа мініп 
жүре алмаймын дейді. 
Нұрлан ес-ақылдан айырыла басын изеді. Көп изектепті, 
өйткені қыз бен кемпір рақаттана күлді. Сосын бүйтіп мазақ 
болғанша кетіп қалайын деп ойлады, еріксіз күш екі иығынан 
басып тастаған, қозғалуға шама жоқ. 
– Сенің шашыңды мақтайды, мына қыз, – деді кіндік 
шешесі. – Қап-қара, әрі бұйра, әрі қалың екен дейді. мен 
айттым: «бұл Шыңғыстайда менің кіндік баламнан сұлу 
ешкім жоқ» деп. рас, Қожақ әдемі-ақ, бірақ ұрда-жық, ішкіш, 
әулекі жігіт – деді. Нұрлан бүгінге дейін шай десіп көрмеген, 
өзінен бес-алты жас үлкен жігітке өлердей өшікті. «Жұрттың 
бәрі сұлу дейді, қай жері жетісіп жүр. Үнемі арақ сасып, 
жуынбай жүреді». 
Көзінің астымен луизаға қарады. Екі жанары жанып, 
жайбарақат картоп жеп отыр. «Беті қандай аппақ, – деп 
ойлады, – бор жағып қойғандай. ал шашы... тек қана түске 
кіретін шығар». Қайдан ғана сап ете түскені белгісіз оның 
есіне Қожақ барқырап айта берер ән оралды: «анаңнан 
айналайын сені тапқан». 
– Тамақ жесеңші, – Нұрлан шырт ұйқыда жатқанында 
әлдекім бүйірінен бір теуіп оятқандай шошынып қалды. 
Қасығына жармасып, табаға ұмтыла беріп еді, орнында жоқ, 
таусылған соң бағана жинап алған секілді. Ұялған тек 
тұрмастың кебімен жолшыбай бір түйір нан сүйрей кетті. 
– И так мы договорились, – деді луиза. – Утром я тебя 
жду. Научишь ездить верхом... анна апасы аударып берген 
соң, Нұрлан тағы да басын изеді. Ол ертеңінде сабаққа бармай 
қалды. 
Неміс қызы расында да атқа мінуді білмейді екен... Нұрлан 
үйрете алмай көп әуреленді. Қолтығынан демеп, сол жағынан 
мінгізсе, сылқ етіп, салмағы басым қоржындай оң жақ қапта- 
лына ауып қалады. Жаңа келген агрономның атқа жүре 


346
алмайтынын ескеріп колхоз ең шабан әрі жуас Байшұбар деп 
атайтын кәрі лақсаны беріпті. Қапталына жармасып, 
қабырғасын тырналай қанша салақтаса да мыңқ етпей тұра 
береді жануар. Қыздың шалбар киген сидам борбайынан 
алып, жалғыз-ақ қолымен көтеріп ерге бір-ақ атып қонғызады 
Нұрлан. Сонсоң ердің қасынан мықшия ұстап алған луизадан 
көз алмай Байшұбарды жетелейді. астыңғы жұп-жұқа ернін 
жымқыра тістеген қыз енді-енді болмаса аспанға ұшардай 
қомданып, зәресі қалмай қорқады. Кейде жан ұшыра 
шыңғырып жібереді. Ебедейсіз отырған агрономның 
тақымынан шандып, ерге таңып тастасам деп бір ойлады. 
Оқыстан ат үріксе үстінде кетер деп және сақтанды. 
Осылайша әуремен жүріп түс ауғанын сезбеді. Бозбаланың 
шыдамы қанша сірне болса да таусылайын деді, луиза шаршар 
да, тіпті жалығар да емес, әрі-беріден соң бойы үйрене келе 
сықылықтай күліп, Байшұбардың далиған арқасында отырып 
тепеңдейтін өнер шығарды. Кешелер ғана жанына 
жақындасуға жасқанып, тек қиялмен ғана жүздесіп, тілдескен 
арман-қыз, міне, дәл жанында: сан рет құшақтап атқа мінгізді, 
сан рет қолтықтап аттан түсірді, денесінің жылуын, демінің 
соққанын сезді. Жұмырлана біткен санына, үрке біткен қос 
анарына қолы тиіп, қолы тиген сайын еті үйреніп, әуелгі 
сартап сағыныш, жиі соққан жүрек саябырсып сабасына 
түскендей болды. Егер осына неміс қызын Байшұбардың 
үстіне мінгізіп алып, тау асып кетсең де, өз бетімен аттың 
үстінен түсе алмасын, иә, секіріп жерге түсе алмасын сезген. 
Не істесе де қыз мұның қолында еді. Ондай ерлік қайда... 
Екеуі тілсіз тілдесті, ыммен сөйлесті, бір-бірін қалтқы- сыз, 
тіпті аудармашысыз-ақ жете түсінгендей болды. Осыншалық 
етене жақындық, қимас серіктік қаншалық ұзақ болса, 
соншалық келте, бір қайырымға келмейтін әдемі ән секілді аса 
қысқа еді. Күн еңкейе, өрістен қайтқан малмен бірге сүлдерін 
сүйретіп үйге оралды. Екеуі де шаршады, қарындары ашты. 
Жота-жотаның астымен суыртпақтала ауылға апарар жолға 
түсіп, ілби басып келе жатқандарында бұларды полуторка 
машинасы қуып жетіп, шаңын бұрқ еткізе тоқтаған еді. 
Кабинадан ала көз, бұйра бас Қожақ шықты да, тісі ақсиып 
өп-өтірік күлді. 


347
– Қатының қайырлы болсын! – деді Нұрланға. – Немене 
мектепті бітірмей жатып үйленбексің бе? Немістің, жаудың 
қызынан әйел алсаң жетісерсің, өй, әкең...
Әбден кетеуі кеткен машинасы селкілдеп барып сөніп 
қалып еді, қолына иір темірін алып қарғып түсті де, тістеніп 
тұрып бұрап-бұрап жіберді. машина тырқылдап барып от 
алды. Сонсоң секіріп қайта мінді. «Өй әкелеріңнің...» деп бір 
балағаттады да, ар-ұр еткізіп машинасын айдай жөнелді. 
– Кто это? – деді луиза ұзай берген машинаның артынан 
көз алмай қарап тұрып. Нұрлан бұл сұрақты ұқты. 
– Қожақ, біздің ауылдағы жалғыз шопыр осы, – қыз 
Нұрланның сөзін ептеп түсінді білем: 
– Красивый парень, – деді әлі көз алмай қараған күйі. 
Нұрлан бұл сөзді ұқты, әмбе ішін бір қара мысық тырнап 
өткендей болған. 
Жайбарақат тұрған Байшұбарды шу деп тізгінінен оқыс 
шау- жайлап қалғанда қаперсіз отырған агроном «ой, мама» 
деп құлап қала жаздады. 
Сол күннің ертеңінде Нұрлан жар жағасындағы жалғыз 
бәйтеректі таба алмады.Орнында екі жағалауын кемірген 
жемір өзен Бұқтырма ғана бұлаңдай ағып жатыр. Тып-типыл. 
Бұл жалғанда жүз жасаған кәрі ағаш тіпті болмағандай. 
Теректі іздеген жалғыз Нұрлан ғана емес еді, шулай ұшып, 
айналсоқтап көп құс жүрді. Жылағысы келді. «Қалайша, 
дүниедегі ең зәулім, ең мықты ағаштың бір-ақ түнде ғайып 
болғанына қайран қалды. Тамырына тырмысып неге тұра 
бермеді? Әлде асау өзенге қарсы күресер дәрмен болмады ма; 
әлде ағаштың киесі болады деуші еді, солар ұрлап әкетті ме; 
әлде... ағаштар да адам секілді – туар, сонан соң азды-көпті 
жасар, сонсоң – өлер. Тәңірім-ау, ағаштар да өлер ме, иә, 
өледі, жаңасы өнеді өмірге». Нұрлан ауру әкесін шошына 
есіне алды. «Жо-жоқ, бұл дүниеде ештеңе де жоғалмайды, 
өлмейді, әйтеуір бір күні... бәлкім жүз жылдан соң... бәлкім 
мың жылдан соң қайтып оралады. Біз, тірі жүргендер сол 
қайтып оралғандарды тек байқай алмаймыз, ал олар болса 
бізге көрінбей, көлеңке сынды қатар, жанымызда қол ұстасып, 
қолтықтасып ғұмыр кешеді. рас, рас, өлгендер қайтып 
оралады. Олар тек оралмайды, өздерімен бірге арғы дүниедегі 
бар жақсылықты – пейіштен ескен саумал самалды ала келеді; 


348
иә, олар тек ән салып оралады! арғы дүниеге ғасырлар бойы 
аттанған адамдар қол ұстасып, құндыздай шұбап ән салып 
келе жатса... тірілер не бетін айтар еді». Нұрлан өз ойынан өзі 
шошынды. 
Бұқтырма тау-тасты басына көтере айбаттанып, сарқырап 
ағып жатыр. 
Тоқтатар күш жоқ! 
Нұрлан алтайдың күре тамыры іспетті ұлы өзен Бұқтыр- 
маны тұңғыш рет жек көрді – қатыгез, бас білмес асаулығы 
үшін жек көрді. Ертектегі көл жұтар секілді күні бітсе, 
жалғызақ ұрттап, бір қасық суға зар болып отырған елге 
апарып ақтара төгер еді, әттең. Ол орталықтан шығатын бір 
газеттен оқып еді: жер бетіндегі судың 97 проценті ішуге 
жарамсыз екен; ал әлемдегі 40 мемлекет ауыз суына зар
американың кейбір аудандары суды Канададан сатып алады, 
тағы тағылар, тағы тағылар... алтайда өзен-бұлақтан аяқ алып 
жүре алмайсың. Әділетсіздіктің өзі табиғаттан басталады 
деген осы... 
Көңілінен ел көшкендей болып жапа шеге үйіне қайтты. 
майданда барлық солдаттарынан айырылып қалып, тек соқа 
басы ғана кері оралған қайғылы офицердей. анна апасы келіп, 
әке-шешесі, бәрі шай ішіп отыр екен. 
– 
Қайда жүрсің, тамағыңды ішпей, – деді 
шешесі. 
– 
Өзен жағасына бардым, Бұқтырма жалғыз 
теректі ағызып әкетіпті. (Көзі боталап, отырғандарға 
қарады – бейнебір мынау дастарқан басында жағалай 
жайғасқан жандар Бұқтырманың көмейінде кеткен жалғыз 
теректі суырып алып, қайта орнына орнататындай 
жалбарынышты түрде жаутаңдай қарады). 
– 
Байғұс, мен туғанда бар еді, – деді әкесі. 
– 
Біз көшіп келгенде, бұл Бұқтырма сол теректен 
300 метрдей ары ағып жатыр еді, – деді анна. 
– 
Бәріміздің жастығымызға куә секілді еді, – деді 
әкесі. 
– 
Осы жердің ақсақалы сол сықылданатын. 
– 
Өзен – ол да бір өмір, – деді анна апасы. 


349
– 
Бәйтеректің түбіне ылғи да үй жасап, 
қуыршақпен ойнаушы едім, – деді қарындасы мұңая. 
Бірақ осы сөздің бәрі амалсыз айтыла салған әңгімедей 
салқын естілді. Жүрегі сазып, мазасы болмады. Енді әңгіме 
жүйесі агроном қызға ауысты. Тұрып кетейін деп бір оқталды 
да, амалсыз қайта отырды. 
Шешесі айтты: – Квартирант қызың пысық па, үйдің ша- 
руасына көмектесе ме? анна апасы айтты: – Шүкір, біртоға 
екен. Әр нәрседен
хабары бар. 
Әкесі айтты: – Өзі қай жақтың немісі, сұрай алдыңдар ма? 
анна апасы айтты: – Волга бойынан көрінеді. ата-бабасы 
сонау Петр Біріншінің тұсында жер ауып келіпті. 
Әкесі айтты: – Тіпті ерте келген екен өздері. ана тілін біле 
ме? 
анна апасы айтты: – Ой-бой, ерні-ерніне жұқпай сарнап
тұр. Бұлар ана тілін өлсе ұмытушы ма еді? 
Шешесі айтты: – Жерсініп кетсе жақсы, атқа да дұрыстап 
міне алмайды, жыл уағына жетпей қашып кете ме, әй, үйрене 
алмайды-ау. Басы жас байға тиіп, бала табу керек. Біздің 
итшіле- ген тұрмысымызға шыдай алмас. анна апасы айтты: – 
Өзінің түпкілікті қоныс теуіп қалар ойы жоқ-ау деймін. 
Срогым бір жылда бітеді, сонсоң ел жаққа қайтамын дейді. 
Шешесі айтты: – Ел көзіне күйік болмай, есі барда елін 
тапқаны ақыл. 
Нұрлан ойлады: «мұның бәрі жалған. Еріккенде айтқан 
қаңқу сөз. Ол ешқайда да бармайды. Кетері бар, неге келеді». 
Бүгін ерте жатып қалды, көпке дейін ұйықтай алмады. 
Бытықы-шытықы ойлар қаумалап, ары аунап, бері аунап 
берекесі қашты. Бір уақ тұрып кетпекке оқталды да, түбінде 
отырып сырласар бәйтеректен айырылған, мәңгіге қоштасқан 
– жалғыздығы есіне түсті.Бағана балалар киноға шақырғанда 
бармағанына өкінді. Шаршап барып, көзі ілініп еді, түс көрді: 
«Дүние аппақ нұрға шомылған... аппақ дүние, сол аппақ 
дүниеде луиза екеуі астарында ақбоз ат бар, қатарласа шауып 
жарысады. Күміс жалды ат не шаппай, не ұшпай беймәлім 
сапар, мақсатсыз бағытқа баяу қалықтап барады-ай. Нұрланға 
алғашында бір орында тұрғандай сезінді. астындағы аттың 
аппақ жалы мен неміс қызының алтын шашы желмен 


350
желбіреп, мынау ақбоз әлемнің жалындаған жалауына 
айналған...Ол енді луизаның ат құлағында ойнайтын ғажап 
өнеріне таң қалды. Өтірік екен ғой, атқа міне алмаймын деуі 
бекершілік екен ғой... Сонсоң, бұлардың алдынан шегірткедей 
қаптап қапқара танкілер шығады. Кімнің, қай елдің танкісі 
екені белгісіз. Тұмсығын сорайтып,оқ бүркеді. Екеуі бірдей 
құлайды... Бірақ өлмейді... тек астарындағы ақбоз ат қып-
қызыл қанға айналып қатып қалады... Екеуі бірдей: «мама!» 
деп жан ұшыра айқайлайды: «мама!» 
Шошып оянды, сүмек болып терлеп жатыр екен. Үйдің іші 
тас қараңғы. Құлаққа Бұқтырманың сарыны естіледі... басқа 
үн өлген... 
Көктем өтіп, жаз келді. Табиғат тамашаға малынып, көзден 
де, көңілден де қашаңдап кеткен көп-көп қызықты, алаңсыз 
күндер қазбен бірге қайта айналып келгендей еді. Ұлан-ғайыр 
шаруаны бітіріп тастап жағасы жайлауда риза көңілмен кеңк-
кеңк күліп, кердеңдей басар ағайын секілді ел де соғыстан 
соңғы бейбіт күн- нің алғашқы шуағына маужыраған қалыпта. 
Енді қайтіп, бұл жалғанда мылтық атылмайтындай бейқам 
тірлік шыңғыс- тайлықтарды да мұңсыз-қамсыз жайлаудың 
шыбынсыз жазындай дүниеге жетелеп кеткен. Кешегі қан 
майданнан қалған жеңіске, ертеңіне – иә, иә, болашаққа, тіпті, 
бір-біріне деген ұлы сенім, қарымта-қарызсыз істелер адал 
еңбек, кең байтақ мемлекетті аяғынан тік тұрғызып, марқайта 
бастағаны рас-ты. Елге, жерге, қала берді бүкіл әлемге деген 
қалтқысыз сенімге ұласа бастаған. Жаз шыға ойдағы мал 
жонға көшіп, ауыл үстінен азан-қазан ұлардай шулап, жүріп 
өткен. Дала... төрт тұяқтың тозаңынан айырылып, тынысын 
кең алғандай еді. Онымен бірге кеше күн күркіреді! Күн ерте 
күркіресе ырысты жыл боларын шалдар бал ашпай біледі. 
Кемпірлер үй айналып, шөміш қағып, отқа ақ құйды. Сонау 
шамандықтан бермен келе жатқан ырым-кәде тағы да 
жақсылық үшін, тынышты өмір, бейбіт қоныс үшін жасалған. 
Себезгілеп алғашқы жаңбыр жауды: міне, міне түлей бастаған 
көк, жауқаздана бастаған гүл, жаңадан жапырақ жайған ағаш – 
нөсердің мөлдір тамшысына алақанын аша ұмтылған, ұяң 
сезіммен сүйсіне жұтқан. Осыншалық мол қызықпен жаздың 
да бір айы – маусымды көзді ашып-жұмғанша шығарып 


351
салған. Колхозшылар шал- ғысын жалаңдатып, шөп шабуға 
аттанды. Шалғын әсіресе биыл ересен. 
Біздің жас кейіпкеріміз Нұрлан болса мемлекеттік емти- 
ханның қамымен әбігер, мұрнына су жетпей жүр. мектеппен 
қоштасу осыншалық қиынға түсер деп ойлаған жоқ еді, 
сәтсіздік ал дегенде қазақтың тілінен басталып, шығарманы 
үштік деген бағаға әрең жазып берді. Қыстай өте жақсы 
оқыған баланы мұғалімдер аяды, бірақ әділеттіліктен аса 
алған жоқ,«бірді айтып бірге көшеді... сақтанбай, салақ 
жазған, тақырыптың ауқымынан шығып кеткен, айталық 
Қамар сұлуды ақбоз атқа мінгізіп, жауға шаптырып қойған, ол 
ол ма, Қамар сұлудың көзі көгілдір, шашы ақсары, шалбар 
киген қыз еді деп көкіген...» Үштіктің өзін бұрынғы 
бағаларын ескеріп, ұялғанынан әрең қойғанын айтты. 
Өміріне өзгеріс енгендей болған Нұрланның болмысында 
балалықпен қоштасып, ертерек ер жету бар еді. Балалықтың 
бал дәуренін ертерек жоғалтқанымен, елуінші жылдан бергі 
уақыт сол орны толмастай болған олқылықты жамап-
жасқаған. Оның ноқта кимеген құлындай алаңсыз кісінеген 
жастығы, жазылмастан жараланған... жарыққа ұмтылған 
көбелекше тағат таппай шыр айналады. Бұл жалғанда 
луизадан өзге қуаныш та, жетімсіреген көңілдің медеті-сынды 
алданыш та жоқ еді. Жан дүниесінде жанартау болып жанып 
жатқан махаббатын білдіре алмай, білдіргенді қойып, әлі 
күнге күлімдеген бетіне тіктеп қарай алмай, сандалған және 
өзін осыншалық қор, жігерсіз, жасық сезінді; және өзін тым 
кеш туған, не тым ерте туған бұл дүниеге бөтен адам ретінде 
жек көрді, жиіркенді, тіпті өлгісі де келді; неге екені белгісіз 
дүние жүзінде ешкімнің батылы бармаған ұлы сойқан ерлік 
жасағысы келді; бірақ мынау қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған заманда емес, басқа... ердің бағы сыналар қан 
майданда қаза тапқысы келді... Өзінің Отан соғысына қатыса 
алмағанына өлердей өкінді де... Ол сол соғыста өлмеген 
күннің өзінде қатты жараланып, ал қатты жараланып жатқан 
шағында неміс қызының тауып алып, үйіне апарып, 
ағайындарына білдірмей жасырын емдегенін, аузына су 
тамызғанын, жұп-жұмсақ, жып-жылы алақанымен қап-қара 
бұйра шашын сипағанын көкседі... Сонда Нұрланның бетіне 
луизаның жанарынан бір тамшы жас ағып түссе, сосын 


352
ақырын мұның ерніне ернін тигізіп сүйсе... (көзі ашыды, бірақ 
жылай алмады, жүрегі тоқтап қалған секілді шалғынға 
шалқалай құлады, сырлы тегенедей төңкеріле аспанға қарады, 
шегіртке ыршып шекесіне қонды – елемеді, құс сайрады, 
естіген жоқ, дүние: анау көк, анау жер – жым-жырт...) 
сырқатының беті бері қараған кезде луиза екеуі екі ақбоз атқа 
мініп, 
Германияның 
жап-жасыл 
орманын 
араласа, 
Германияның жап-жазық даласын армансыз кезсе, суретке 
түссе қандай әдемі болар еді. Бұл – қап-қара, ол – аппақ... (ат 
тұяғының дүбірі естілгендей болды) Ол ойлады – луиза 
екеуміз ақбозбен жарысып келеміз деп, көзін ашты, көзін ашса 
мың салса бір баспайтын Байшұбардың үстінде агроном қыз 
отыр. 
Жатқан жерінен атып тұрды. Егер қыздың тақымындағы 
Байшұбар емес, одан басқа жастау жылқы болса қорс етіп 
үркіп, үстінде ербиіп отырған иесін тастап-ақ кетер еді. 
– Я тебя испугала? – деді ол орысшалап. Нұрлан бұл сөзді 
ұққанына есі қалмай басын изеді. луиза лып етіп аттан түсті, 
бұрынғыдай емес үйреніп қалған екен, қимылы ширақ. 
Сонсоң әлгінде ғана Нұрлан аунаған жерден қып-қызыл 
болып езіле піскен жидекті көріп, қолын шапалақтай 
айқайлап жіберді: «Ой, как много ягод, какая прелесть-
прелесть». Тізерлей отырып, теріп жей бастады. Таңдайына 
әр бүлдіргенді салған сайын тамсанып, басын шайқады: – Вот 
богатство, матушкиприроды. 
Нұрлан да еңкейіп, бір-екеуін аузына салды. Шынында да 
тәтті екен. Ес білгеннен бері теріп жеген бүлдіргеннің 
осыншалық дәмділігін енді-енді, қазір ғана анық сезінгендей. 
Екеуі аттарын ағаш түбіне байлады да, жарыса жидек теруге 
кірісті. Қыз алтайдың сұлу табиғаты, таза ауа, кәусар суына 
еті мүлдем үйреніп, қайран қала көп айтатын болды. Ол бірде 
аннаға осы ауылға сіз секілді біржола қалып қойсам қайтеді 
деп ақыл сұраған. Сонда жарты ғасырға таяу осы жерде тірлік 
кешкен кемпір ұзақ ойланып барып: «Өзің білесің, қызым, 
жаман айтпай жақсы жоқ, бүгін болмаса ертең басыңа 
істүскендей болса, маған өкпелер едің. адам теңін таппай, 
тегін таба алар ма. Жас кісі үшін табиғаттан өзге де қазықша 
байланар семья қызығы керек. Сен ондай ұяны осы жерден 


353
құра алар ма едің?» – Қыз мұңайып қалған. Бүлкілдей соққан 
жүрегіндегі мазасыздықтың сарынын сездіргісі келмеді ме, 
атқа мініп егін аралап кетіп еді. 
Бүлдіргенді үзіп алуға еңкейген сайын луизаның ақ толқын 
шашы иығынан құлап бетін жауып қалады. Оның өзі 
бозбалаға теңдессіз сұлу әрі еріксіз тебірендіретін телегей 
тентек көріністей, сезімін қытықтаған. Жалтақ-жалтақ қарап, 
бүлдіргенді жегенінен гөрі таптап бүлдіргені көп. Ол осы 
бейнебір түстей болып елестеген суретті жоғалтып немесе 
былғап аламын деп қорықты. Жанында, иықтас қана жүрген 
адамның соншалық шалғай қол жетпес қиялдағы – алыстағы, 
әрі танымастай тым жат суықтығы қинады. Егер бұдан басқа 
өжеттеу біреу болса шыншыл жүрекпен сүйген, мөп-мөлдір 
сезімін дәл қазір ағыл-тегіл ақтарар еді; егер бұдан өзге 
өркөкіректеу біреу болса анау алақанат көбелектей 
ұшыпқонып табиғатқа еркелеген қызды бас салып құшып, 
сүйер еді, иә басқа біреу... Нұрлан өз ойынан өзі шошынды... 
«Жо-жоқ, луизаны ешкім, тірі жан құшақтауға тиіс емес. 
Ондай асыл жігіт туған жоқ!» 
агроном жидекке әбден тойғанын айтты, қайтайық деді. 
Шыбындап, мазасы кетіп, тал түбінде тықыршып тұрған 
аттарына мінді де, ауылға қайтты. Жол-жөнекей жаңадан бас 
жара бастаған күнбағардың арасымен қақ жарып жүрді; қалың 
білекті өскен шекілдеуік аспанға қарап енді-енді ғана аузын 
ашып келеді екен. луиза осына теңіздей толқыған күнбағыс 
алқабына сүйсіне қарап, әлдебір түсініксіз әнді ыңылдайды. 
Нұрлан бұл әуенді ертеректе естігендей құлай тыңдаған және 
қосыла ыңылдауға батылы жетпей, тек ішінен иманын айта 
ерген болады. Ол, мынау аппақ дүниеде... барлығына – жер 
басып жүрген тірлігіне қуанды; ол мынау аппақ дүниеге... 
үзеңгілес келе жатқан неміс қызының жаралғанына мың 
мәртебе тәубе қылды. Осылай ұзақ-ұзақ маңып, жап-жасыл 
дарияны кешіп, алматыға, москваға, тіпті одан әрі Берлинге 
дейін жүре бергісі, жүре бергісі келді. Оған мынау 
астарындағы тырақы ат шаршамайтындай, ал мынау ал жасыл, 
ал қызыл, ал сары күнбағыс алқабы шексіз-шетсіз сонау 
Берлинге 
дейін 
созылып, 
жайнай-жасарып 
шалқып 
жататындай сезілді. Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ, 
мәңгілік деп білді. алтай өңіріне күнбағыс деген сүп-


354
сүйкімді(әсіресе Нұрлан үшін) өсімдікті қатар жортқан 
қаршадай ғана луизаның ала келгенін, осы сапарлас, 
үзеңгісіне үзеңгісі тиіп қатар жортқан ақсары қыздың 
бастамасы, маңдай тері, ауданмен айтысып жүріп еккен 
дақылы екенін білмеген... бәлкім білген; оның анық ұғынғаны 
Күнді сүйіп, айналайын сол Күнге талпынып өсетін күнәсіз 
сәби іспетті өсімдік былтырлар ғана шаң басып, ақтаңлақ 
болып жатқан колхоз даласын – Қарадаланы сәнге бөлегені. 
Тіпті, көктемде ұрлап огородтарына, үйінің маңайына шашып 
жіберген әлгі күнбағардың жаз шыға қаулап, бүкіл ауылдың 
ұзатылар қыздай жасанып, қырмызыдай құлпырғаны еді... 
луизаның «Күнбағыс-қыз» аталуы да осыдан. анна Ивановна 
бір 
күні 
агрономға: 
«Сені 
ауыл 
адамдары 
«Девушкаподсолнушка» деп атайды» дегенде күнәдан пәк 
сәбидей уыз тазалықпен күлген, есі қалмай балаша мәз болып 
қуанған; кеше ғана атажауы ретінде қабылдаған ауылдың 
ішіндегі тоңы жіби бастағанын сезіп көзіне жас ала рақмет 
айтқан. міне, сол екі ұлттың арасын дәнекерлеген күнбағыс 
дариясында жұмыр жердегі жамандық, сұмдық атаулыдан 
бейхабар қазақтың уыздай өскінімен қатар жүзіп келеді-ай. 
луиза Нұрланның мұңдылау, бірақ қайратты дидарына қарап, 
өзінен кешірек туғанына өкінгендей, бәлкім қуанғандай 
күрсінді... 
Нұрлан қалт-құлт етіп мектепті де тәмамдады-ау. Кәме- 
леттік куәлік қолына тиген соң, басқа оқушылар секілді қай 
оқу орнына барамын деп, басын қатырып жатпады. алыс, тым 
жырақтағы көрмеген қалаға білім қуып кетуге, біріншіден – 
қаражат жағы тапшы, екіншіден – мінекей, соғыстан бергі он 
жылдың ішінде әкесінің сырқаты бері қарар емес. Қайта күн 
өткен сайын денесіндегі жау салған темір жара сыздатып, 
асқына түскен. Қара шаңырақтағы ендігі қолқанат – жалғыз 
ұлдарынан айырылып қалғысы келмеді. Шешесі болса, 
әкесінің денесіндегі жара түбі алып жемей қоймайтынын 
айтып, күн-күн сайын уайым қыла зарлайтын. Бозбала 
мектепті бітірген соң да, қорықшылық қарекетін қойған жоқ, 
күнбағыс қаулап жетілген сайын күндіз-түні ат үстінен 
түспейді. ауылдың ешкі-лағы қандай мазасыз дейсің, көзің 
тайса болды аңдып тұрып егістікке бет алады. Бойлап, бас 
жарып бітік өскен күнбағардың арасынан ешкі түгіл ірі 


355
қараның өзі әрең көрінетін. Оны былай қойғанда 
Шыңғыстайдың соғыстан соң туған тамам қара сирақ 
балалары әлі дәні қатпай балаң өскен шекілдеуікті көктей 
жұлып, араарасына тығылмақ ойнап, жапырып тастайтын. 
Күндіз баланы, түн мезгілінде төрт түлік малды қорып, қашан 
орып сүрлемге салғанша берекесі қашты. Бірақ осыншалық 
жанды жер итырық жұмыстан жалықтырмас бір ұлы қуат 
алғандай еді. Ол Күнбағыс-қыз – луиза. аудан мен ауылдағы 
жиналыстан сәл қолы босай қалса, Байшұбарға мініп, 
тепеңдеп алқаптың о шеті мен бұ шетін жалықпай, шолып 
жүрер еді. атқа әлдеқашан үйреніп алған, кейінгі кезде 
шоқырақтап шапқылайтын қылық тауып жүр. Байшұбар ол 
үшін ұшқан құсты аузымен тістер ертектегідей бір төбенің 
шаңын бір төбеге қосар, айдарынан жел ескен арғымақ. Екі 
күннің бірінде жалын, кекілін тарап, күн құрғатпай 
Бұқтырмаға апарып, сабындап тұрып, жуады. Өмір бақи 
колхоздың қара жұмысына жегіліп, әбден көнтулақ болып 
қалған тырақы агроном келгелі түлеп, жұп-жұмыр боп семіріп 
алған. Бұта-қарағанның түбінен оқыс ұшқан бөденеден қорс 
етіп үркетін мінез шығарды. Жануардың туғалы көрген 
рақаты осы шығар-ау. ал Шыңғыстай ауылында айтарлықтай 
өзгеріс жоқ. Баяғы ұшы-қиырсыз таусылмайтын шаруаның 
қамы: шөп шабу, егін суару, біреу өледі, біреу туады – осылай 
өмір жалғасады. Бұқтырма өзені де теріс аққан жоқ, көктемгі 
көкперілігі басылып, мөлдір тартқан,жынын алған бақсыдай 
жуас, жағалауын әлдеқашан талақ тастап баяғы арнасымен 
қорлана ағады. Су таяздағалы ауыл балалары арғы беттегі 
аралға өтіп сиыр бүлдірген, мойыл теріп жеп, тыныш тірліктің 
қамсыз күндерін балалық мінезбен мәз бола қызықтайды. ал, 
Қожақ бұрынғы жұмысында – шофер. Бригадир колхозшылар- 
ға пішен дайындатып, мұрнына су жетпей жүр. Өтірігі, ол да 
бір індет екен, әлі қалған жоқ. Екі кісінің басы қосылса: 
«Немістерді тырқыратып қуып барамыз, алды-артымызға 
қарамаймыз; менің қолымда снайперский мылтық; окопта 
аңдып жатырмын, қылт еткен немісті жібермей басып қалып 
жалп еткізіп, тымақтай ұшырып түсіремін... Бір күні қарсы 
окопта жатқан неміс солдаты: «Ей, Иса, мерген екеніңді 
білейін, қазір қылышымды көтерем соның жүзін атып 
түсірші», – дейді айғайлап. – Бәстесемін, – дедім, ал ол бәсіне 


356
Гитлерский сырнай, бір дорба махорка, колбаса беретін 
болды... Сонымен, жолдастар, жау солдаты қылышының жүзін 
маған қаратып шошайтты. Сендерге өтірік, маған шын, құдай-
ау 
ұмытпасам 
қашықтық 
екі-үш 
шақырым 
болар, 
мылтығымның қарауылына алып, шүріппені аңшы атам 
Ербаланың аруағын шақыра ақырып, бәлемді басып қалдым, 
дыз ете қалды. Іле, ойбайлаған дауыс шықты, сөйтсем 
қылыштың жүзі ұшып, әлгі менімен бәстескен солдаттың 
көзіне тиіпті, бірақ обалы кәне, азамат екен, уәдесінде тұрды. 
Колбасасы шошқанікі болған соң жегемін жоқ, орыс 
солдаттарына үлестіріп бердім... «ал, не отырыс шаруаға 
кірісейік» деп әлдекім сұрақ беріп қала ма деген қауіппен 
қуыстана орнынан қарғып тұрып кететін. Бригадирдің қашан- 
ғы әдеті – осы. 
Нұрлан егінге түскен малды қайырып, сай-сайды қуалай, 
ауыл шетіне тақала беріп еді, қара жолдың шетінде қаңтарулы 
тұрған Қожақтың полуторкасын көрді. Иесі жоқ. атымен шыр 
айналып шықты. Жоқ. Күнге қызған машина қаңсып, 
жанармай иісі сасып тұр екен, мұрынға жағымсыз қоңыс 
келеді. Ол бензиннің иісін құсардай жақтырмаушы еді, 
кейіндеп кетті де, жан-жағын болжай бастады. Қожақ анадай 
жердегі арғы ауылға телефон сымы тартылған бағананы 
құшақтап, бүк түсіп жылап отыр. Нұрлан алғашында өз көзіне 
өзі сенбеді, алпамсадай ожар мінезді, намысқой, тәкаппар 
жігітке осыншалық егіліп, еңкілдеп жылау оғаш сықылданды. 
Шу-шулей тебініп, жақындады да: «Қожақ аға, неге жылап 
отырсыз?» – деді. Ол басын көтерген жоқ. аттан түсіп, 
біртіндеп жанына барып, иығынан тартты.
Қожақ ала көзімен атып қарады да: 
– Кет! – деп әмір етті. – Кет өзің, мазамды алмай. мен 
әкеммен сөйлесіп отырмын. 
Удай мас екен, тілі күрмеліп, сөйлеуге әрең келеді. Нұрлан 
шегініңкіреп тұрды. Қожақ есін жиғандай болды да, қолына 
кеспелдектей тас алды. Бұдан соң телефон діңгегін бар 
пәрменімен ұрып-ұрып қалды да: 
– алло, алло! Бұл қай жер, москва! (тағы да бар 
пәрменімен ұрғылап еді, сымдары дірілдеген діңгек, уілдей 
шулап қоя берді) менің әкем қайда? Панфилов дивизиясында 
танкист болатын. Не дейсіздер, естілмейді? Қаттырақ 


357
сөйлеңдер, естілмейді. Құдай болсаңдар да қаттырақ 
сөйлеңдер. Отанды қорғау жолында қаза тапты... ал, үлкен 
ағайым мен кіші ағайым, әкемнің екі інісі, шешемнің бауыры 
қайда? Тауып беріңдер, чорту? «Олар да неміс фашист 
басқыншыларынан 
Отанды 
қорғау 
жолында 
қаза 
тапқан...»Почему, именно солар қаза табады... өтірікші! Иса 
тірі оралады, а?.. Почему?.. алло! мен енді біраз күнде 
полуторкамен барып, әкемнің сүйегін алып қайтамын, 
даярлап қойыңдар!..» 
Қолындағы таспен бағананы қойып-қойып қалды да, бар 
пәрменімен тістеніп лақтырып жіберді. Сымдары зуылдаған 
діңгек біразға дейін әлдекімдермен шынында да тілдескендей 
гуілдеп, белгісіздеу бір мұңнан, белгісіздеу бір қайғыдан 
хабар таратқандай дірілдеп, қалшылдайды... Қожақ басы 
салбыраған күйі үш ұмтылып,орнынан әрең тұрды да, 
тәлтіректей басып, анадай жерде тұрған салабай-салқам 
машинасына қарай қиралаңдай жүрді. Бұған дейін өлмей 
келген болмашы үміті мүлдем үзілгендей... рукояткасын 
кабинадан алып шығып, бұрап еді от алмады, бұдан соң 
сонадай тұста секиіп тұрған Нұрланға айғай салды: 
– Әй, Әкімнің баласы, кел бұра, мен газды басайын, – 
деді тілін шайнап. 
Нұрлан тізгінді бұтаға іле салды да, жүгіріп келіп 
бұрапбұрап жіберіп еді, полуторка бақсысы ұстағандай 
селкілдеп, гүрілдей жөнелді. 
– Кет былай! – деді Қожақ көзі алайып. – рукоятканы 
әпер де, тайып тұр жолымнан. мен москваға әкемнің сүйегін 
алып келуге аттандым! – Қисалаңдап, зымыраған машинаның 
артында будақ-будақ шаң ғана қалды. 
Нұрлан қаншалықты Қожақты жек көрсе де дәл осы жолы 
аяды. Ол шынында да тұл жетім еді. Туыстарының бірде-бірі 
соғыстан қайтпады. ал шешесі 1943 жылы Бұқтырманың ар 
жағынан ат шанамен шөп тасып жүріп, мұз ойылып кетіп, суға 
ағып өлген. Өзі алыстан қосылар аталас ағайынының қолында 
тұрады, мінеки жиырманың бесеуіне шықты, әлі үйленген 
жоқ. Соңынан шырақ алып түскен талай қыз болған кезінде, 
бірақ қай-қайсысына да қарамады ғой. Ешкіммен ашылып 
сөйлеспейді, тіпті жігіттік жасап қыдыруды да білмейді, 
ойынсауыққа да зауықсыз. Клубта кино немесе ойын болып 


358
жатса, есікті шалқасынан ашып кіреді де, бұйра шашының 
астынан аласы үлкен қара көзімен сүзе қарап тұрады. Сонсоң 
есікті бір теуіп ашады да, қайтып жаппастан тарс-тұрс шығып 
жүре береді. Жым-жырт жер жұтқандай жоғалып кетіп, іздетіп 
барып табылған кездері де көп. мінезіндегі осындай тағылығы 
мен жұмбақтығы оны бірте-бірте адамдардан алыстата берген. 
Үлкендер бала кезінен оспадар, тентек еді деседі. Соғыс 
кезінде осы ауылдағы тамам баланың асығын жинап алып, 
«майданға көмек» деп Бұқтырмаға ағызып жіберіпті. Шешесі 
мұздың астына кіріп кетіп, мұқым ел-жұрт таба алмағанда, 
қозы-көш жердің мұзын балтамен өзі ойып шығыпты. ал 
анасының көк сіреу мұз болып қатқан денесін тауып, қол 
шанаға салып үйіне сүйреп келген тағы өзі екен... «Содан бері 
қаны бұзылды, – дейді шыңғыстайлықтар. – Көп әуестеніп, 
ыза қыла бермеңдер, қанына қарайған неме төбеден бір салып 
өлтіріп тастайды». 
Бірақ, Қожақ күні бүгінге дейін жалғыз адамның жағасына 
жармасып көрген емес Өзі ойлап тапқан жұмбақтың шешуін 
өзі таба алмағандай мәңгіреді-ай... анау күні анна апасы 
айтқан: «Осы жігіттің ақыл-есі дұрыс па?» деп сұраған соң, 
тағдырын сыр ғып әңгімелеп беріп едім, луиза көзіне жас ала 
күрсініп, қатты аяды. – Оған қайткен күнде де көмектесу 
керек. маңайын түнек болып басқан жалғыздықтан арашалау 
керек, тек оған тілін таба білетін жанашыр адам керек, – дейді. 
Шешесі айтқан: – Ортекедей орғып тұрған асауға кім 
жолайды? 
Әкесі айтқан: – агроном қыз дұрыс байқаған, онымен 
ақылмен сөйлескен адам бар ма бұл ауылда. 
Шешесі кейіген: – Соғыста кім жетім қалмаған, кім жесір 
қалмаған. Жалғыз Қожақтың басына келген зауал емес бұл. 
Қиғаштамай, өз-өзінен долданбай, қатын алып қатарға 
қосылмай ма, тәйірі-ай. анна апасы айтқан: – расында да 
біреуді құлай сүйсе жан дертінен айығар ма еді... 
Шешесі айтқан: – анна апасы-ау, неміс қызыңды 
ыңғайласаң қайтеді... 
Осы сөзден соң Нұрлан жанын қоярға жер таба алмай, 
үйден атып шығып кетіп еді. Түн ортасы ауғанша үйге 
жоламаған. Бұқтырманың жағасында судың сарынын тыңдап 
отырып, ана- сының ойламай сөйлейтін аңқаулығы үшін 


359
кейіген... Әмбе, Қожақ екеуміздің басымыз Шыңғыстайға 
сыймас деген тұжырымға тірелген, осы ауылдан кетуін, тіпті 
сол жігіттің көп ұзамай өліп қалуын тілеген. 
– Нурлан! Нур-л-а-н... 
Жалт қарады. луиза екен. Үстінде кеудесі мен иығы ашық, 
жеңіл ақ көйлегі бар, осы қалпында бейне бір алтайдың ақ 
көбелегіне ұқсайды. Бұқтырманың жиегінде етпетінен түсіп, 
кітап оқып жатыр еді, дәл жанында күлімсіреп тұрған қызды 
көріп, ұшып түрегелді. агроном оның қолындағы кітапты 
ептеп алып, ары-бері аударыстырып қарады да, басын шайқап 
ұқпаймын дегендей қайтарып берді өзіне. Көгілдір көзі 
күлімдеген қыз: 
– Пойдем купаться, – деді. Нұрлан басқаны білмесе де, 
дәл осы «купатьсяны» түсінуші еді. Өз-өзінен қысылып 
қалды. Ересек қыздар мен ер балалардың суға бірге шомылуы 
бұл ауылдың салтында бұрын-соңды болып көрген жоқ-ты, не 
дерін білмей мелшиіп тұрып қалған. луиза енді оның қолынан 
ұстап: – Купаться не хочешь? – деді қиыла қарап. Базарға 
біреу сатуға жетелегендей орнынан зорға қозғалып, соңынан 
ерді. 
Енді екеуі ағашы қалың, ел-жұрттан далдалау өзен 
айырығы – Жалпақөткелге барды. Күн ыстық. Ернеуін тал, 
қайың көмкеріп тып-тыныш жатқан судың бетін оқта-текте 
шыбын-шіркей іздеген ақшабақ әжімдейді. Тоғай ішінің ептеп 
ызыңдаған масасы да бар еді. луиза гүлді-гүлді шыт көйлегін 
сыпыра бергенде, бозбаланың жүзі шыдамады білем, теріс 
қарай бұрылып кетті. 
– Нұр-л-ан-чик, – деген әдемі дауыс тағы естілді. Бұл 
шақта қыз аппақ денесі күн көзіне қақтаған күмістей болып 
шағылысып, тек суға түсетін іш киімімен тұрған. Нұрланның 
өн бойын токпен ұрғандай болды. Көзі қарауытып басы 
айналды. Денесі әп-сәтте қызып сала берді, жұтқынып еді, 
ыстығы бірден көтерілгенде тамағы құрғап кеткен екен, 
кебірленіп түкірігі жүрмеді. Су шалп ете түскенде барып, есін 
әрең жиған. луиза басы ғана қылтыңдап, жүзіп барады... 
Құлаштай көтерілген білегінен мыңсан мөлдір тамшы 
сорғалайды. Нұрлан дымы құрып, жағаға отыра кетті. Бір 
гектар жердің шөбін жалғыз шауып шыққандай шаршаңқы 
сезінді өзін. амалы таусылды. Не болса да шешініп, суға 


360
қойып кетейін деп ойлады, бірақ шешесі бөзден тігіп берген 
балағы тізесін ұратын сала-құлаш ызған бауы бар ішкиімінен 
ұялды. Біреу-міреу көріп қоймады ма деп, ауылы жаққа қарап 
еді, ешкім байқалмады.. агроном арғы жағаға жүзіп шықты, 
сонсоң өзен шетіндегі қиыршық тас араласқан майда 
құмдаққа жата кетті. Бозбала ес-ақылынан ауысты,тіпті луиза 
арақ ішіп алған қызу шығар деген күмәнді ой келген. Қыз ақ 
шағаладай болып, ақтарыла құлап әлі жатыр. Жазған-ау, 
неткен сұлулық?! Енді ол оң тізесін әнтек көтеріп, білегін 
басына жастап, маужыраған еді. мынау аппақ дүниеде... не 
болып жатқанымен ісі жоқ, бәр-бәрін, тіпті бергі жағалауда 
отырған Нұрланның да өмірде бар-жоғын ұмытқандай, бейбіт 
те мамыр күннің ауыр жылдардан соңғы көз шырымын алған 
момақан ұйқысы сықылданған. алқоңыр тірлігіне еркелеу бар 
еді, бәлкім сонау алыста... алтайдан тым жырақта қалған 
мамасын сағына ма, әлде Германияны... бәлкім Волга өзенін 
көксей ме екен? луиза анна апаға айтыпты: 
– «Әкем Ұлы Отан соғысында фашистердің қолынан 
қаза тапқан, тілмәш еді... мамам және екі ағайым Волга 
бойындағы бір қалада тұрады. Техникумды бітірген соң 
направлениені Қазақстанға берген, содан осы алтайды өзім 
қалап алдым. мен бұл жақты рерих деген суретшінің 
салғанынан білуші едім. мұнда жөнді ешкімді танымаймын, 
әйтпесе тау-тасты, анау Белуханы, Хатын өзені мен 
маралкөлді, одан әрі сонау Телеске (алтын көл)дейін барып 
қайтқым келеді. Германияны да сағынамын. мен россияда 
тудым ғой. Ол жақтан хабарым жоқ...» 
– Нур-л-а-н-чи-и-к! Почему не купаешься, иди сюда, 
боишься да, ах, как тебе не стыдно... – Қыз орнынан тұрды да, 
тәніне жабысып қалған құмды сипап түсірді. Бозбалаға 
«луизаның денесіндегі құмды сипап мен түсірер ме едім» 
деген азғырынды арман келген. Қыз бергі жағаға жүзіп өтті. 
Суы сорғалап, Нұрланның жанына келіп тұрғанда, оның ептеп 
құс еттенген ақ сазандай жұмыр саны мен аққу төсінде 
мыңмиллион моншақ күн нұрымен ойнап, мөлдірейді. 
Төбесіне түйген шашын жазып жіберіп еді, бүкіл өн бойын 
жауып қалды. 
– Я знаю, ты от меня стеснялся, – деді жымиып, – а у вас 
парень с девушками вместе не купаются. Ты на меня не 


361
смотри, хорошо, – деп көйлегін қолына ұстаған күйі талдың 
арасына сүңгіп кетті. 
Нұрлан тек қиялында, не түсінде ғана жалқы сәт көрер 
көріністен мүлдем айырылғанын білді. алқынған жүрек, 
ысынған дене салқын тарта бастаған. Көңілін беймәлім жуас 
мұң басты, «сүйемін» деген жалғыз сөзді айта алмай, өстіп 
сүйретілген күйі жан тапсырармын деп ойлады. Осы сөзді 
айтса көктемнен бері қинаған, бүкіл денесіне у болып тараған 
аурудан құлан-таза айығатындай көрінді. луиза тек осы сөзді 
өз құлағымен естісе болды, «Нұрлан, я тебя тоже люблю» деп 
мойнына асылатындай. Таң атқанша көрер таңды көзімен 
атқызып, аунақшытып, ұйқы бермес дерттің емі өзі екенін 
сезінер ме көгілдір көзді көктем қыз! Ол келгелі бозбаланың 
мынау жалпақ дүниеге деген көзқарасы мүлдем өзгеріп, 
өмірге қайтып келгендей тіршілік атаулының бәр-бәріне 
бейкүнә, шексіз іңкәрлікпен сүйсіне қараған. алтай өңіріне 
нағыз жеңіс, жылқының жусағанындай бейбіт заман, бар 
бақыт пен байлықты осы неміс қызы ала келгендей еді. 
Нұрлан үшін агроном қыз дегеніміз – аппақ дүние: ашық 
аспан, алтын масақты күн, жайқалған егін, сайраған құс, 
толқыған теңіз, аяғын жаңа ғана тәлтіректей басқан үкілі 
ботаның телпегіңді ала қашып ойнайтын әдемі ойыны еді; 
Нұрлан үшін осына ақсары шашты неміс қызы: қабығы әнтек 
ашылған қайыңның желмен дірілі – мұңлылау, бірақ 
қуаныштың, егер бар болса бақыт дегеннің хабаршысындай ән 
салуы еді: ол ән біртіндеп бойға тарап, буын-буыныныңды 
алатын, ептеп масайтатын, белгісіз сапарға шақырып, жүр-
жүрлеп құлағына сыбырлайтын, жыпжылы демі келетін, жып-
жылы... ал тұп-тұнық жанары ше... Нұрлан сол жанар-мұхитта 
желкенсіз, ескексіз қалқып жүрген қаңғыған қайық қана... 
кейде тереңнен, тым тереңнен жұмбақ үні естілетін. 
Сұлулықтың шын мәнін Нұрлан тек луиза арқылы ғана 
ұғып, мынау қара жердің асты мен үстіндегі өлісі бар, тірісі 
бар адамдар жасаған, адамдардың құдіретті қолы тудырған 
жақсылық атаулыға тәнті болып еді. агроном қызды аудан 
орталығына шақырып кеткен. Енді біраз күннен кейін 
күнбағысты орып, сүрлемге салу науқаны басталмақ. анна 
апасының жалғыз отырғанын білген Нұрлан аттың басын 
бүгін сол үйге бұрды. Неміс қызы келгелі қашқақтап, көп 


362
жоламайтын. Кіндік шешесі ықыласты қарсы алды, алдына 
барын тосты. Өзі мұрнынан сығып алып, көз алдында өскен 
баланың 
көңіл-күйін 
қас-қабағынан 
танитын 
кемпір 
Нұрланнан соңғы кезде өзгеше бөтен мінез байқап, соның 
түпкі бір себебін іздейтін. Оңаша қалып сырласып, еркін 
әңгімелескісі келетін. Нұрлан болса сүйекті сойталдай жігіт 
болып өсті. Осыдан 18 жыл бұрын жөргекте қып-қызыл шақа 
бажылдап жатқан баланың енді, міне, аяғымен жер, төбесімен 
көк тіреген азамат болғаны осы. Құдай-ау, кеше ғана еді ғой, 
өмірі өз пұшпағы қанамаған анна Ивановна бала десе ішкен 
асын жерге қоятын. Тумаса да туғанынан бетер болған 
марусясына «көп балаңның бірін бер, қанаттыға қақтырмай, 
тұмсықтыға шоқтырмай тәрбиелеймін», – деп қанша рет 
құдайдың зарын қылды. Енесі алдына келсе тістеп, артына 
келсе теуіп жолатпайды. Және «орыс болып кетеді» деп, 
немерелерін аннаның үйіне үйір қылмайтын. Құдағиының 
қытымырлығы анна апаны сопайтып жалғыз қалдырды. анда-
санда қашып келетін немерелерін сол марусяның енесі ұрып-
соғып: «Енді осы үйге аттап бассаңдар, аяқтарыңды 
сындырамын», – деп алып кетуші еді. ана үшін дүние 
жүзіндегі бала атаулының жаттығы жоқ деп ойлаушы еді анна 
Ивановна. Қыл аяғы сонау ит арқасы қияннан келген, үш 
қайнаса сорпасы қосылмайтын неміс қызын қандай мәпелеп, 
асты-үстіне түсіп күтеді. Бүгін болмаса ертең, оның да бұл 
шаңырақтан пыр етіп ұшып кететінін сезіп, қиналатын. Өзегін 
жалғыздықтың желі кеулеген анна кіндік баласы кіріп 
келгенде құрақ ұша қуанғаны осыдан еді. 
– Нұрлан, – деді майда үнмен. – Сен өзгеріп барасың? 
– Өйткені өсіп барамын ғой, апа, – деді күліп. 
– мүмкін солай шығар, қайдам, әйтеуір бұрынғыдай 
емес тұйық, ауыр тарта бастадың. Бір үлкен жаңалық ашқалы 
жүрген секілдісің. Біздің үйге де сирек келетін болдың. 
– мен сол үлкен жаңалықты әлдеқашан ашып 
қойғанмын, апа, – деді. – Бірақ өзіме емес, басқаға 
бұйыратындай. 
– Жұмбақтай сөйлейтін болыпсың, ақылдың толысқаны-
ау.
– ақылым толысқан жоқ, ауысқан секілді... 
– Неге? – Шошына сұрады. 


363
– айта алмаймын, апа. Бұл дүниеге кеш келгеніме 
өкінемін. 
– Енді бір он-жиырма жылдан соң ерте келгеніңе 
өкінесің, балам. 
– Бірақ маған енді жиырма жылдан кейін емес, дәл 
қазіргі өмірім, қазіргі жасым керек болып тұр да. 
– мен ептеп сезем, – деді анна Ивановна Нұрланның 
ұйысқан шашынан сипалап. – Сен біреуге ғашықсың. рас па, 
еш сырыңды жасырмаушы едің ғой, шыныңды айтшы, 
агроном қызды сүйіп жүрген жоқсың ба? 
Нұрлан ұяла басын изеді. Кіндік шешесі бетінен сүйді: 
– Біліп едім, құлыным, біліп едім. айналайын, маған 
сенің осы балапан тазалығың, өтірік айтпайтын, өтірік 
күлмейтін, өтірік жыламайтын пәктігің ұнайды. Еңдеше сен 
өтірік сүйе де алмайсың... Ой, ауыр болады, қиын-қиын... Бұл 
жалғанға азмаз өтірік керек-ақ. 
– Оған сіз кінәлісіз, апа, – деді Нұрлан. Кемпір таң 
қалды. «Әкім мен Сандуғаштың ұлы ерте ер жеткен екен» деп 
ойлады. Әрі қуанды, әрі... 
анна апасы айтты: – Әлі есімде «кіндік апа, шоландағы 
варениеңді жеп келдім» деп, жағал-жағал аузыңды 
көйлегімнің етегіне сүртуші едің. Енді міне... менен де 
алыстап бара жатқан секілдісің. Жақсы көретін адамың 
өзгерді... Жігіт болдың... маған сол өспеген балалық шағың 
керек еді. Сондықтан да мен үшін мәңгі сәби болып қаласың. 
Нұрлан айтты: – ал сіз маған мәңгі апа боласыз. 
Шағындау терезеге күн түспесін деп тұтылған көк перде 
бөлмені көгілдір нұрға бөлеп тұр. Далада тамыздың ыстығы 
болғанымен ағаш үйдің іші қоңырсалқын. Пеш үстінде 
пырылдап ұйықтап жатқан жүндес қара мысық есіней керілді 
де, бірдемеден құр қалғандай, стол басына жетті мияулай. 
Бұрышта бойлай өскен лавр, оның жоғарғы жағында үш 
бұрыштап қиюластыра қағылған тақтай, оның бетін 
шілтерілеген матамен жапқан, оның үстіне сүйеп қойған 
Христиан құдайы отырғандарға бажырая қарап, таң қалғандай 
телміріп тұр. Әлгі сурет – құдайдың екі жағында шырақ. 
Бұрыштағы Иконға оқыстан көзі түскен Нұрлан бір сәт 
арбасып қалғандай болды да, жанарын тайдырып әкетті. 


364
Сонсоң мұсылман құдайының түр-келбетін көз алдына 
елестеткісі келді, бірақ ол мүмкін емес еді. 
Нұрлан күні бүгінге дейін анна апасының осы бұрыштағы 
суретке не себептен табынып, шоқынатынын білмейді. адам- 
дарға жақсылықтан өзге тілері жоқ орыс кемпірі құдайға шын 
сене ме, жоқ ырымын ғана жасай ма – ол жағы Нұрлан үшін 
жұмбақ. мысығына сүт құйып жүрген анна Ивановнаға: «Сіз 
құдайға сенесіз бе?» деген оқыс сұрақ қойды. анна апасының 
жауабы қысқа болды: – Оны сен сұрама, мен айтпайын... 
Дегенмен адам болып жаралған соң әйтеуір бір нәрсеге сенген 
жақсы. 
«Әркімнің өз құдайы бар шығар, менің ендігі табынар 
тәңірім – луиза. Бұрышқа соның суретін қоямын», – деп 
ойлады Нұрлан. 
Бөлмені тағы да сәл үнсіздік басты. Нұрлан қайтайын деп 
жинала беріп еді: – Қайда асықтың? – деді. – айтып жүрегіңді 
жараламай-ақ қояйын деп едім, бірақ айтпасам алдағандай 
боламын. луиза сенен төрт-бес жас үлкен. Және ол Қожақты 
ұнататын секілді. «Сол жігітті қайткен күнде де өмірге қайта 
алып келу керек» дейді. 
– Ол өлген жоқ, тірі секілді еді ғой – Нұрланның дауысы 
шаңқ етіп, оғаш естілді. Есіктен қалай атқып шығып, атқа 
қашан қарғып мінгенін білмейді, әйтеуір Қарадалаға қарай 
ағыза шауып келе жатыр екен. Көзіне қан құйылғандай болды. 
Бетін айғыз-айғыз жас жуған. аспан, тау-тас, ормантоғай шыр 
көбелек айналған, ал астындағы ақкеңсірікті бас-көзіне 
сабалап, оңбай сүрінсе-ау деп тілейді. Құласа, жер сүзе 
жығылса, содан қайтып тұра алмаса, қара жер қарс айырылып, 
астына түсіп-ақ кетсе, сонсоң мың жылдан кейін оралса, тіпті 
бүйтіп, тағы да күйікке қалар болса, күйіп өртенер болса 
оралмай-ақ қойса... «мүмкін емес, – деді күбірлеп, – ол мүмкін 
емес, луизаның шофер жігітті сүйетіні жалған! анна апасы 
мұның көңілі мүлдем қалсын деп әдейі өтірік айтты. Сол 
орыстың жаман кемпіріне жолап нем бар еді... аузынан арақ 
пен шылым арылмайтын май сасыған кір-кір Қожақ, орта 
білімі де жоқ Қожақ луизаның теңі ме?! Оған пысқырып та 
қарамайды, көресің әлі. Ол мені жақсы көреді. маған әнеугүні 
күліп қараған, менімен бірге жидек терген, мен оған атқа 
мінуді үйреттім, менімен бірге қысылмай, бөтен санамай, 


365
құдай-ау, ұялмай суға түсті, менімен киноға барды, мен оған 
сан рет кепеш-кепеш бүлдірген теріп, Бозталдың түбіне қойып 
кеттім. Ол мен жоқта келіп жеді. Тіпті, күні кеше ғана 
қолымнан ұстап «ән айтшы, сендердің әндерің маған ұнайды» 
деп тесіле қарамады ма. Бірақ... «сенің түрің Қожаққа өте 
ұқсайды» деп күрсініп еді-ау. Ә-ә, енді білдім, қалайғана 
сезбегенмін, солай деген, ол мен арқылы Қожақты көрген екен 
ғой». 
астындағы ат көбігі шыға болдырды. Есін енді бір 
жиғанда, басын тағзым еткен сап-сары ала күнбағыстың 
ішімен қақ жарып келеді екен. Оған сол сәтте мынау 
жайқалған сайсыз күнбағыстың бәрі агроном қыз болып 
жымия қарап тұрғандай елестеді. «Жоқ, – деді дауыстап, – 
жоқ! луиза мені ғана сүйеді!» Сонсоң: «Әттең, дүниедегі асыл 
адамдарды жерге дән қылып сеуіп, мынау күнба- ғыс секілді 
көбейтіп алса ғой, шіркін. Бәрімізге де жетер еді...», – деп 
ойлады. 
Қарадаланың беті қаптаған күнбағыс, ұлы махаббаттың, 
ұлы жеңіс пен мамырстан бейбіт күннің айғағындай ырғатыла 
ән салады. Өйткені ол күнге, айналайын күнге мәңгі бақи 
ғашық еді. 
Толассыз қозғалыстағы өмір жер шарының соншалықты 
үлкен картасында жоқ Шыңғыстай ауылын да ұмытпай 
тіршіліктің арбасына сала кеткен. Жер бетінде осындай 
қарапайым тірлікті қанша ауыл бар, соншасында – қарбалас 
өмір: біреу туып, біреу өліп жатыр. Көрмейтін, білмейтін 
адамдардың суішкілігінде бұлтартпайтын ұқсастық тіршілігі 
үшін жанталасқан күрес болса, ол ақиқат шыңғыстайлықтар 
үшін де жат емес еді. Осыдан он жыл бұрын бұршақтай соғып, 
қара шегірткедей қаптап өте шыққан соғыстың, тіпті 
соғысқанның куәсі анау ақсақ Құсбек пен Шәкен, анау қолы 
иығынан жоқ Солтай мен сол қолы шынтағынан жоқ Жантай, 
анау құлағын мерген оғы тесіп өткен Хайдар немесе контузия 
алып, басы ауыратын Хамит, денесіндегі темірі әлі күнге 
алынбаған Нұрланның әкесі Әкім секілді еді. Бұл ауылда 
майданнан дені-қарны сау оралған бригадир ғана еді. Оның 
өзі суайтөтірікші, қай майданда болғанын жан білмейді. Ол 


366
айтатын көрінеді: «мен агроном қыз луизаның әкесінің үйінде 
болдым. Франкфурт деген қалаға кіре берісте бір хуторда түйе 
бағады екен. Түйелері біздікі секілді қос өркешті емес, үш 
өркешті, лақтыкіндей ғана мүйізі болады екен. Немістер етін 
жемейді, сүтін сауып, самогон ашытып сатады. агроном 
қыздың әкесі байғұс совет солдаттарын жаны қалмай құшақ 
жая қарсы алды. Сырты герман болғанымен іші совет екен. 
Бұдан соң екеуміз бәстестік, ол айтты: «Самогоннан150 стақан 
ішемін дейді, ал мен – 200, – дедім: біздің батальон ауыр 
ұрыстан соң демалып жатқан. 200 емес 588 стакан самогон 
ішіп, үш күн, үш түн мас болғаным әлі есімде. Қоштасарда 
айттым: «Әй, Шнайдер, сен мына луизаң бой жеткен соң 
Қазақстанға жібер», – дедім. Обалы қане, уәдесінде тұрды. ал, 
қане, жұмысқа кіріселік, жолдастар не отырыс» деп қарсы 
сұрақ берілгенше, орнынан атып тұрып кетіпті. Күлкіден 
ішектері түйілген колхозшының бірі сонда да етегіне 
жармасып: – ағасы, агроном қыздың әкесі Гитлерге қарсы 
соғыста қаза тапқан, Волга бойының немісі деп естідік қой, – 
деп сұрақ беріп үлгерді. – Былжырайды!– деді саспай. – 
Былжырайды, мына көкең ешқашан өтірік айтпайды. – 
Шімірікпестен кеудесін қағады. ал дауласып көр, ал дәлелдеп 
көр... 
Колхоздың қазіргі қарқыны жаман емес, жоспарын 
артығымен орындай бастаған. аудан, сонау облыстан аппақ 
шағаладай бастықтар да көп келіп жүр. Бәрінің бас шұл- ғып, 
көз 
жұмып 
мақтайтыны 
луизаныңҚарадалаға 
еккен 
күнбағысы. «Егер төкпей-шашпай, уақтылы сүрлемге салып 
алса, шыңғыстайлықтар қыстан ыңқ етпей шығады» деседі. 
Ол сөздің жаны бар-ды. Қарадала сыңсыған күнбағыс, көздің 
жауын алады. 
Соншалық бітік өскен майсада Нұрланның да азапты 
күндері мен түндері бар, бірақ ол оны сезінген жоқ. анна 
апасы мықтап өкпелеткен соң санасында салына бастаған 
әдемілік, сұлулық мұнарасын жарықшақ шалғандай еді. Сол 
көгілдір мұнарасының іргетасын қаласқан кіндік шешесінің 
өзі еді ғой, луизаны қалай ғана аузы барып, жамандыққа қиды. 
«Жо-жоқ, ол Нұрланды ғана сүюге тиісті». «Неге тиісті» – өзі 
де білмейді. Бұл оның менмендігі емес, көзсіз сезімнің иемшіл 
қызғанышы-тын. луизаның басқа біреуге жар болу 


367
мүмкіндігін Нұрланға бұл жалғанда дәлелдеп түсіндіріп, 
сендіре алмас еді. Өзінен төрт-бес жас үлкен қыздың өз 
меншігіне қашан, қалай айналғанынан бозбаланың хабары 
жоқ. Келін ғып түсірем десе, әке-шешесі қалай қарар еді. 
Шешесі не дерін кім білсін, әйтеуір әкесі қарсы болмас. Әттең, 
сырқаты асқынып барады. Тағдыр қатыгез екен, былай 
тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады, әйтеуір бірі 
құрау, бірі жамау сандалбай өмір. 
Кеше Әкімнің көңілін сұраймын деп луиза келді. Нұрлан 
жүзі шыдай алмай төргі бөлмеге кіріп кеткен. Әкесі мен неміс 
қызы әңгімелесіп көп отырды. Олар орысша сөйлескендіктен 
кейбір сөзді түсінді, кейбірін ойша топшылады. 
Оның ұққаны, соғыста әкесі де луизадан аумайтын неміс 
қызымен танысқаны, одан арғысы ертегі-жыр, күңгір-күңгір, 
күбір-күбір... Әкімнің әңгімесін ықылас қойып тыңдап 
отырған луиза кейде мәз болып күледі, кейде дидарына 
кіреуке ұялап, мұңая қалады. Сол күні әкесі көңілді болды, 
түнде де жақсы ұйықтап шықты. 
Шешесі айтқан: – Осы неміс қызының сиқыры бар-ау 
деймін. Бір сағаттай сөйлесіп еді, Әкім сергіп қалды. ал әкесі 
айтқан: – Әттең, ұлымыздың жасы кіші, әйтпесе
келін қылып түсіретін әйбәт қыз. 
Шешесі айтқан: – Қой әрі, біріміздің тілімізді біріміз 
түсінбей, «орамал дегеніміз – опка, сабын дегеніміз – сапка» 
деп шүлдірлесеміз бе, ымдасамыз ба, тәйірі. 
Әкесі күліп айтқан: – араларыңда анна, әйтпесе мен 
аудармашы болар едім. мәселе тілде де, дінде де тұрған жоқ. 
Түсінісудің кілті – жүректе. Әншейін қалжыңдаймын, әйтпесе 
біздің Нұрлан әлі бала ғой. 
Шешесі айтқан: – Дегенмен сенің сол ұлың әлгі қызға 
қырындап жүр. апа қыла ма жазған-ау. 
Нұрлан луизаға хат жазайын деп сан рет оқталды. амал не 
орысша білмейді. Колхоз бастықтың ортаншы ұлы аудан 
орталығындағы орыс мектебінде оқушы еді, соған өтініп жаз- 
дырайын деп те тәуекел жасаған. Бірақ балаларға айтып 
қойып, мазаққа ұшыраудан қорықты. Оның мынау аппақ 
дүниедегі... ендігі жауы – жалғыз дұшпаны, шопыр жігіт 
Қожақ еді. Ол қазір ауылда жоқ, ауданда машинасын жөндетіп 
жатыр. Нұрлан егер күндердің күнінде Қожақпен төбелесе 


368
қалсам таяқ жемейін дей ме, күнде су жағасына барып, дәу-
дәу тасты көтеріп, арыбері жүгіріп, бұлшық етін бұлтыңдатып 
денесін шынықтырып жүр. алыса кетсе одан таяқ жемейтін 
қаруы барын біледі. Шеберлігім, тәжірибем аз деп сескене 
беретін. Ол осының бәрін адал көңіл, шын ықыласымен 
бүтіндей беріле жасады-ай. Қызығы сол, луизаны Нұрлан 
ептеп әнеугүнгі әңгімеден соң әкесінен де қызғанды. 
Нұрлан жер-көкті сел боп қаптар нөсер жауса екен деп 
тіледі. Қырсыққанда биыл, әсіресе жаз айында бір тамшы 
тамбай, аспанның желіні суалып қалған. Бұл жаңбырды 
Нұрлан ғана емес, сыңсып өскен күнбағыс та көксеп еді. 
Күнбағыс ғана емес, барша табиғат: орман мен көк майса 
шалғын да көксеп еді. Бағана әкесі айтқан: 
– Ұлым, қолдағы жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге 
қыстық азық керегін білесің, менің халім болса мынау, далаға 
кіріп-шығудан қалдым. Жан торсыққа сусын құйып алып, 
Бозталдан шөп шап. ақкеңсіріктің ер-тоқымын алып отқа 
қойды, шалғысын шыңдады. Байдамталдың көлеңкесі салқын, 
әсіресе іргеде сылқ-сылқ күліп ағып жатқан бұлақтан жанға 
рақат леп келеді. алтайдың мәңгі қар жатар ұшар басынан 
бастау алған мұндай балбұлақ әр жүз метр сайын бұраңбел 
ирек жасап, жөңкіліп түсуші, еркелей ағушы еді. Еркелей 
аққан бұлақтан уысыңды толтыра бір ұрттасаң жүз жылға 
жасарғандай сергіп, серпіліп сала берер едің. Қазір жаз 
айының соңғы күндері бар дүние ауырлағандай болып, еңсені 
басыңқырайтын. мұрынға піскен қарақат пен таңқурайдың иісі 
келіп, жаздай айтылған тамаша әннің қайырмасындай әрі 
келте, әрі әсем дауыспен құстар сайрайды. айналадағы қайың, 
терек, мойылдың көктемде ғана бүршік атып, өмірге алақанын 
жая келген жапырақтары қадау-қадау сарғайып, жап-жасыл 
бояуы оңа бастаған. Бояуы оңа бастаған ағаш қана ма, буыны 
қатқан шалғын, ол да әбден пісіп, танауды жыбырлатып 
түшкіртер 
тозаң 
шашады. 
Нұрлан 
шалғысын 
жан 
қалтасындағы қайрағымен жанып-жанып алды да, қолына бір 
түкіріп, шөп шабуға кірісті. ысылдап барып тартпаның болат 
орағы тиген шалғын жапырыла құлап, сол жақ жамбасқа 
құлдықұра үйіледі. Нұрланның соңынан таптақыр жол, түп-
түзу болып жал қалды. Бұлаққа беті-қолын жуып, шешесі 
құйып берген ашымалдан жұтып алады да, құлаштай тартып 


369
сыза жөнеледі. Күн екіндіге таянғанша едәуір жердің шөбін 
шауып тастады. Қолы шалғының құлағында болғанмен санасы 
сандал көгіне мініп, баяғыда қаңғып кеткен. Көңілінде 
орнатқан сұлулықтың көк күмбезін сонау күні сызат 
шалғандайтын, қазір сол сызат біртіндеп қалпына қайтып 
келгендей еді. анна апасына деген реніші де ұмытыла 
бастаған. ал, жүрегі бұрынғыдай болар-болмасқа алқына 
соқпайды, өз-өзінен елірмейді, неге болсын салмақты, 
ақылмен 
пайым 
жасайды. 
Күзде 
әскер 
қатарына 
шақырылатынын естіген соң, алғашында қатты қиналған, 
әсіресе өзімшіл көңіл луизаны кімге қиып тастап кетем деп, 
іштей жүдеткен, енді ойласа оның бәрі бекершілік, 
балалықтың базарынан қалған жеңіл мінезділік екен. Ол күні 
бүгінге дейін сол қыздың өзі туралы не ойлайтынын білмесе 
де көзқарасынан, қамқор-ықыласынан «кет ары, аулақ жүрді» 
аңғара алған жоқ, жақсы көретін секілді ме?.. Жоқ! Өзі анна 
апасын қалай шын ниетімен құлай жақсы көрсе, луиза да 
сондай алаңсыз сезіммен ғана, адамдық үлкен жүрекпен 
ұнатарын білді ме? Жоқ! Жалпақ жаһанда болып өткен 
соғысты тек естіді, ешкімнің атқанын, асқанын, өлтіргенін, 
судай аққан қанды, тіпті бақан алып төбелескен адамдарды да 
бұл жасына дейін көрген жоқ. Тек, сонау бір сұрапыл 
жылдарда бригадирдің қамшысы басына тиіп анасының 
маңдайынан жылып аққан жылымшы қан ғана күні бүгінге 
дейін көз алдында. Нұрлан үшін соғыс дегеніміз сол 
шешесінің самайын қуалай аққан қып-қызыл қан боп 
елестейтін. ал, соғыстан соңғы он жылда бірде-бір кісі тек 
айғайласып – кесепат-кексіз айғайласып, ұрысқаны болмаса, 
жағаға жармасып төбелескенін де көрмеп еді. Шайқастан 
әбден шаршаған ел қой торы қоңыр тірлікпен ертеңіне – 
әзірше жұмбақ, бірақ соншалықты сенімді ертеңіне жан 
ұшыра ұмтылған. Сол ертеңнің ертеңі боларын ойлап, 
бастарын ауыртпады; асықты, аянбай еңбек етті, көтерме ақы, 
көл-көсір сый, сылдырлаған орден-медаль дәметкен жоқ 
қоғамнан. Бұл өмірге олар тек беріп кетуге жаралғандай 
жанталасты жазғандар. Тұнығы лайланбаған өмірдің аңқау 
адамдарында жалғыз-ақ тілек бар еді. Ол тілек: жоқшылық, 
ашаршылық қайтып болмаса екен, тәңірім; тағы да соғыс 
басталып жетім-жесір қалмасақ екен, тәңірім; сумаңдап ұшқан 


370
оқты, су болып аққан қанның беті аулақ етсін, тәңірім. Иә, 
қып-қызыл қаннан Нұрлан да өлердей қорқушы еді. Егер мал 
немесе құс бауыздап жатса, бетін басып азар да безер тура 
қашып кететін еді, піскен етті жерде бірақ қайтып оралатын. 
Қасапшы- лар мал сойып тұрып, буы бұрқыраған жып-жылы 
қанды уыстап ұрттап жібереді дегенді естігенде жүрегі 
лоблып күні бойы құсқан. 
Бейбіт өмірдің берекелі тірлігінде шөп шауып жүрген 
бозбала тағы да жаңбырды сағынды. Жер бетіне кілем болып 
төселген сұлулық пен тыныштықтың кенезесін кептірмей, 
шөліркеген таңдайын жібітер, уағына жетпей сарғайтып, 
солдырмайтын, қайта түлетіп дүр сілкінтер тәңірлі көк 
кешікпей ізгі жауынын себелер... сонда Нұрлан луизаның 
қолынан тас қылып ұстап жалғыз аяқ соқпақпен ұзақ 
жүгірер... аспаннан тамған нөсерге шомылып, рақаттана 
алақанын тосар; сосын Бозталдың түбіне келіп қорғалар; үсті-
басы сүңгілескен су дірдір еткен луизаны бауырына қысып 
жылытар; сонда Нұрлан- ның танауына бұрын ешқашан 
сезілмеген хош иіс келер; ол – неміс қызының, бидайдың жез 
масағы секілді – алтын шашынан аңқыған нан иісі! Етіне ет 
болып жабысқан жұқа ақ көйлегін, баяғыда суға түскендегідей 
именбестен шешеді де, суын сығып талдың бұтағына жайып 
кептірер, Нұрлан да шешінер... екеуі құшақтасып (сүйісіп), қас 
қарайғанша отырады; сонсоң құрғақ екі тас тауып алып, 
шақпақ қылып бір-біріне шағып от тамызар; қу бұтақ жинап 
әкеліп, лаулатып от жағар; лаулаған түнгі оттың басында 
отырып, бір-біріне тесіле қарайды, жалынмен қоса жанып, 
алаулаған луиза Нұрланның ептеп дегди бастаған дымқыл 
бұйра шашын сипап отырып: «Нурланчик, я тебя люблю» 
дер... Бозталдың түбінде, балбұлақтың жағасында ішкиімімен 
ғана түнгі отты көсей түсіп қауышып отырған Қыз бен Жігіт 
мәңгі айырылмастай болып табысар: адамата мен Хауаана 
секілді жаңа бір өмірді, жаңа бір халықтың, жаңа бір ұлттың 
қайнар бастауына айналып, бәлкім әлемдегі ақ пен Қара, 
Батыс пен Шығыс деген ұғымды мүлдем жояр немесе сол екі 
ұғымды мәңгілікке теңестірер... 
Шабылған шөптің үстіне езуінде бидайықты тістелеп, 
тегенедей төңкерілген көк тұнық аспанға тесіле қарап жатқан 
бозбала жұмыр жердегі ең бақытты жанмын деп есептеді өзін. 


371
Оның көз алдындағы анау ертеңге ауып бара жатқан Күн – 
сонау күлтелене жайқалған күнбағыстың бірін жұлып алып, 
аспанға шырқата лақтырып жібергендей, сосын ол көк 
жүзінде бақилыққа қатып қалып қойғандай елестеді.Не 
болмаса, сонау жайқалған күнбағыс, сол үлкен Күннің 
бойынан, нұрынан тараған сары үрпек кішкентай балапан 
күндері іспетті еді. Енді біраздан кейін сол балапандардың 
басы қырқылады... 
Оның есіне ендігі сәтте анасы түсіп еді. Әкесін соғысқа 
алып кеткен соң, Нұрланын құшақтап, жылай-жылай қала 
берді. Көп ұзамай іште қалған қарындасы дүниеге келді. 
Бесікке бөлеп, өзі наубайханаға жұмысқа кеткенде қырқынан 
жаңа шыққан қарындасы Шолпан қарны аша ма, шырқырап 
маза бермей жылайтын-ай. Бесікті тербете-тербете қолы 
талған Нұрлан сәби- мен қосылып өзі де еңірейтін. Сонсоң 
бақыра-бақыра ішегі үзілердей болған қарындасы көгеріп-
сазарып, ықылықтап, қайта- дан ұйықтап қалар еді. Өліп 
қалды ма деп шошынған ағасы жалаң аяқ, жалаң бас безектеп 
қыс ішінде талай рет шешесіне жүгірген. Күндіз-түні 
колхозшыларға нан пісіріп, пештің отымен алысқан анасы 
толғақ қысқанша елемей жүре беріпті. Содан болар Шолпан 
сап-сары жалқын болып туған екен. Нұрланның әлі есінде, 
шешесін көп ұзамай наубайханадан шығарып тастады. Етек-
жеңіне тыққыштап әкелер бір үзім наннан қағылған соң, 
Нұрлан да мойны ырғайдай болып, жүдей бастаған. Үсіңкіреп 
кеткен картоп пен қара суға қарап қалған соң ба, масақ оруда 
жүрген Сандуғаш бір күні бір уыс бидай салып әкеліпті 
етігінің қонышына. Табаның түбіне қуырып, тостағанға салып 
Нұрланға енді бере бергенде сырттан бригадир Қажының 
айғайы естіледі. Күйеуінің ескі күпісін Нұрланның үстіне 
жауып үлгіргенше Қажы қамшысын білемдей ұстап кіріп 
келген. Талтая тұрып айғайлап,көзі ежірейіп, масақ ұрладың 
деп зекіген. Шешесі айтқан: – Ұрласам тауып ал. 
Бригадир бұлардың жаман үйін асты-үстіне шығарып, 
тіміскілеп тінткен. Бірақ ештеңе таба алмаған. Көзі қанталап 
тағы да ақырған: – ық жақтан желе жортып келе жатқанымда 
жел- мен бірге сенің үйіңнен қуырылған бидайдың иісі келді 
мұрныма. Будақтап түтін көтерілген, бидай қуырмағанда 
неңді... сен қатыннан шығады, сумақайлығың бүгін болмаса 


372
ертең ашылады! – деп амалы таусылғандай үйден енді шыға 
бергенде күпінің астында бүлкілдеп жатқан Нұрлан: – Тәте, 
бидайды жеп болдым! – деп шыға келіп еді. Не істерін білмей 
сілейіп тұрған Сандуғашты бригадир қақ бастан ала 
қамшысымен салып жіберген. Содан соң: «Салдақы, көзің 
көгеріп, түрмеде шірисің!» – деп есікті бір теуіп ашып, шыға 
жөнелген. маңдайынан төмен жылып аққан қанды Нұрлан өз 
қолымен сүрткен. Шешесі жылаған: «Құлыным, тірі жүрсең, 
осы кәрі иттен кегімді ал», – деген. Нұрлан ол кекті әлі алған 
жоқ. Ол сонда анасының маңдайынан жылып аққан қанды... 
иә, қанды мәңгіге өз қолымен сүрткендей еді және содан бері 
қан атаулыдан өлердей қорқушы еді. Қажыдан сол себептен де 
шешесінің кегін алмаған. аққан қанды мынау аппақ дүниенің... 
бетінен мүлдем сүртіп, кетірдім деп ойлаған... 
Байғұс шешесі енді міне, сол оқиғаны ұмытқандай, бір 
күнгі тоқтығына мәз. ауыртпалықты өте тез ұмытатын, бәлкім 
тек адамдар ғана шығар. Бір үріккен жағынан жылқы екеш 
жылқы да белең ала бермей ме?.. 
Шалғынның үстінде шалқасынан жатқан бозбала көк- 
жиектегі күнді анау жайқалған күнбағыстармен бірге қимай, 
көкжиектен асырып шығарып салды. 

Колхоз Қарадаладағы күнбағысты орып, сүрлемге салатын 
болды. Ол шақта арнаулы комбайн дегенді біл- мейтін 
шаруашылық алдымен пішен шабатын машинамен құлатып, 
содан кейін ат жеккен тырмамен жинауды ниет қылған. Қожақ 
кеше полуторкасын жөндеуден өткізіп әкелген, ойлы-қырды 
боздақтатып, ауылдың шаңын аспанға көтеріп жүр. Бір жерде 
дестелене жиналған күнбағысты сүрлем сақтайтын орға 
тасымалдайтын осы Қожақтың машинасы-тын. Жаңбыр әлі 
жаумай жер көк тозаңға айналып, қаңсып тұр еді. Жаздың 
жайраңдаған 
мол-молқызықтары 
ұзақ 
сонар 
тойдан 
шаршағандай талмаурап барып маужыраған күйі бірсін-бірсін 
тарқауға айналған. Табиғат та, адам да ертең келер күздің 
салқындау лебін уағынан бұрын сағынғандай еді. Бұқтырма 
болса әбден мөлдірленіп, жуаси ағады. айнала: орман-тоғай, 
тау-тас – бәрі-бәрі ересек тартқандай. алтай қойнауында- ғы ат 
төбеліндей аз ауылдың ерте көктемде басталған қарбаласы 
қусырыла келіп дөңгеленіп, саябырси бастаған. Биыл мал 


373
азығын артығымен дайындап алды, күннің ай бойы ашық 
болуы шаруашылықтың етек-жеңін жинауға мүмкіндік 
туғызып еді. Ендігі міндеттері – Қарадаладағы күнбағысты 
ысырапсыз жинап, сүрлемге салу. 
Нұрлан аттан әлі түсе қойған жоқ. Ол да күнбағыстың 
орылуын күтіп жүрген. Қоңыр күзде әскер қатарына 
шақырылатын болған соң ба, желдей ескен көңіл су сепкендей 
басылып бұйығы халде мең-зең күй кешкен. Оның көңіл 
күйінде жаз мінезіне жақындық, ұқсастық бар еді. Кейінгі 
кезде «егер үш жыл әскерде жүрсем, ауру әкемнің жағдайы не 
күйде болады» деген ой мазалай берген. Жалындап басталып, 
бүгінде әрі-сәрі қалтқыдай дірілдеген махаббаты бейне бір 
тұтылған күнше болымсыз сәуле шашатын. Бірақ, бойындағы 
қызуы, нұры баяғы қалпы, уақыттың отты көрігінде 
шыңдалып, әбден суарылған. Бұл дүниеден көшіп кетіп, мың 
жылдан соң қайтып оралса да бар ділімен ең әуелі зар еңіреп, 
зар жұтып іздері – мәңгілікке сүйері луиза екені рас. артқа 
қайырылуды, жанжағына жалтақтап қарауды білмейтін 
жастық өз дегенін істеді білем, Нұрланның ендігі ұққаны: жер 
бетіндегі адамдар тек бірбірі үшін туады екен, жөргектен 
құтылып, тәй-тәй басып жүре бастағаннан сыңарын іздейді 
екен; өз теңін таба алмай, тапқан күннің өзінде қолы жетпей 
қор болады екен. Бұрынғылар айтушы еді: «Шын ғашық бұл 
дүниеде қосылмайды» деп, мүмкін сол рас шығар. Баяғы зар 
заманда қосыла алмағаны түсінікті, ал қазір ше, қазіргі 
жастарға не жетпейді? Нұрлан көңілінің жасыл жайлауына 
орнатқан сұлулықтың көгілдір күмбезін сезімімен күн өткен 
сайын тазарта сүртіп, жарқыратып қоятын. Сол айлар аялап 
салған күн сәулелі күмбезіне немістің ақсары шаш, көгілдір 
көзді қызымен қол ұстасып кіргенше өзін-өзі рухани тұтқында 
ұстады. луизаны ғана емес, өзін де қайта тауып, қайта туып 
жақсы көре бастаған. мейлі алыста, не жақында жүрсін; мейлі 
оны көрсін, не көрмесін; мейлі ол сөйлессін, не сөйлеспесін – 
ынтызар тілек суыған жоқ. Ол үміт атты арғымақты 
құйысқандап тұрып, қайтып түспестей ерттеп мінер еді. 
Қазіргі көңілсіздік, бей-жай жүрісі уақытша, үлкен қуаныш 
алдындағы мамыра тыныштық деп білді. Ол ойлады: 
луизаның шаруадан қолы босамай жүр, күнбағысты орып 
болған соң... Нұрланның әскерге шақырылатынын естігенде 


374
мұңайып: «Без тебя мне очень-очень скучно будет», – деген. 
Ол қыздың аузынан шыққан осына сөзді әдемілеп тұрып 
жүрегіне жазып алған. 
Сонымен бүгін Қарадаладағы күнбағысты оруға кіріседі. 
Құрал-саймандарын сайлаған колхозшылар күн көтеріле танап 
басына жиналып қалған. Қос аттап жеккен машинистер 
платформаларын солқылдатып, таңғы салқынмен едәуір жерді 
орып тастапты. Тырмашылар да сабағынан қиылған күнба- 
ғысты 
дестелеп, 
енді-енді 
келіп 
қалар 
Қожақтың 
полуторкасын күтісіп жүр. ал, агрономда маза жоқ. 
Байшұбарды шоқырақта- тып, Қарадаланың о жағына бір, бұ 
жағына бір шығады. Бетін күн қағып, жүзі қара күреңдене 
тотыққан қыз өз қолымен баптап өсірген өсімдікті өлімге 
қимайтындай жапырыла сұлап жатқан күнбағысқа қинала 
қарайды. Әлпетінде Шыңғыстай ауылына келгелі болмаған 
жұқалаң мұң бар, әлденеге асығыс, әлденеге мазасыз. Көгілдір 
көзі кіртиіп, шаршаған сыңайлы. ауыл адамдары қызға, қыз 
оларға әбден үйреніп, үкілеп ұстар ардақтысына айналған. 
аудан, колхоз басшылары да риза. риза болмағанда қайтсін, 
луиза күнбағыс егуді тек Шыңғыстайда ғана емес, қатарынан 
үш-төрт шаруашылыққа бірден ұйымдастырған. Бәрінің егіні 
де бітік өсіпті. Бұдан төрт-бес күн бұрын сол көрші 
колхоздардың күнбағысын орып, сүрлемге салуды жүргізіп 
келген. ат үстінен түспеген аптаның ішінде аяқ-қолы 
салдырап, екі қара саны талып, сыр берген. Қанына сіңген 
ықтияттылық пен тиянақтылық мұнда да игілігін көрсетті. 
Колхозшылардың қазіргі қарқыны жақсы. Тек қазылған орға 
сүрлем тасымалдайтын машина кешігіп жатыр. айдарынан 
жел есіп бригадир келді, салдырлап сөйлей келді. 
– атаңның аузын ұрайын,Қожақты жер-көктен іздеп таппа- 
дым, жер жұтқандай жоқ. Кеше кешке бір жаққа кеткен, содан 
қайтып оралмаған. 
Бірінші колхозшы айтты: – мен білсем, ол арғы ауылға 
өтіп кетті, Фадихада туыстары бар. 
Екінші колхозшы айтты: – мен білсем, ол ішіп-ішіп бір 
ағаштың түбінде ұйықтап қалды. 
Үшінші колхозшы айтты: – мен білсем, соғыста өлген 
әкесінің қабірін іздеймін деп ақша жинап жүрген, москваға 
тартып кетпесін. Ондай ерлік шығады одан. 


375
агроном да сасайын деді, қайырлы басталған жұмыстың 
тоқтап қалуынан қорықты. ақ жаулығы желбіреп ауыл жаққа 
қайта-қайта қарай береді. Нұрланның төбесі көрінді. 
Ол кеше ғана басына бір-бір кішкентай күнді қадап алып 
күлімдеп тұрған күнбағыстың қара жерге сұлап-сұлап жатқан 
бейшара халін көргісі келмегендей. Бірақ, орақ басында 
луизаның өзі жүрген соң, еріксіз атқа қонып еді. агроном қыз 
салған жерден: – Нурланчик, Кажака не видел? – деп сұрады.
Нұрлан басын шайқады. 
луиза енді керегің жоқ дегендей Байшұбарды бауырлап- 
бауырлап жіберіп, ауыл жаққа желе жөнелді. Қызды 
осыншалық күйзеліс ашу үстінде алғаш көруі еді, жүрегі 
әлденеге мұздағандай болды. 
Күнбағыс жаппай құлап жатыр. Қалпағына қонған аралар 
бал сорғызбай мазасын алған орақшыларға өкпелегендей 
соңдарынан еріп ызыңдап қалмайды. Жалпылдап қарғалар 
ұшып-қонады. Дорбасын арқалап, ауыл балалары да жеткен. 
Бригадир оларды атпен қуып, быж-тыж болып жүр. Қожақ 
кешіккен соң жұмыссыз қаңтарылып жатқан айыршылар 
езулері көпіршіп, бір-бір шекілдеуікті өңгеріп алып, шағып 
жайрап жатыр. агроном көп кешікпей қайта айналып келді. 
Жүзі онан әрі күреңітіп, түтігіп кеткен. ашулы жанары 
жалтжұлт етеді. Нұрлан қызды бұл кейіпте көргісі 
келмегендей бұрыла берді. 
– Боже, куда он мог деваться, что за халатность... Где 
совесть? – деп орысшалап ұрсады. Нұрлан кәдімгідей қуанып 
қалды. Ұрса түссе екен, жек көре түссе екен деп тілейді. 
– Әттең, орнына кісі табылмай жүр, әйтпесе 
шопырлықтан баяғыда түсіріп тастау керек еді, – деді 
самбырлап бригадир. – Әй, – деді содан соң Нұрланға 
айғайлап, – әй, Әкімнің ұлы, әскерге барсаң обизательно 
шопырдың оқуын оқы, білдің бе? 
Нұрлан үндеген жоқ. Ішінен ол да жөн екен деді. Осы 
кезде ауылдан шаң көрінді. 
– Дәу де болса, Қожақ. 
– мас қой деймін. 
– Пәтшағардың айдауын-ай, әкесі тіріліп келгендей, – 
десіп отырғандар дабырласа орнынан өре түрегелді. агроном 
кірпік қақпастан қадала қараған. Жүзінен майда қан 


376
толқындары жүзіп өткендей әрі ренжулі, әрі қуанулы. Осы 
сойқан жігітті не себептен ұнататынын өзі де білмейді. 
алғашында аяушылық сезімнен шығар деп жүрді, кейін ақыл 
таразысына салып көрсе, мүлдем олай емес, шын сүйеді екен. 
Әттең, қыз намысы жібермейді, әйтпесе баяғыда... баяғыда... 
ал, ол біле ме? 
Қарадаланың шаңын аспанға көтере дар-дұр етіп тоқтаған 
Қожақ кабинадан шыға алмай, шұлғып отырып алды. 
Шынында да удай мас еді. Шаң-шаң шашы дудырап, көзі 
алайып кеткен. луиза аттан түсіп, жаяулай жетелеген күйі 
оның қасына тақалғанда, Нұрланның жүрегі тоқтап қалғандай 
тынысы тарылды. 
– Кожак, – деді луиза соншалық майда қамқор үнмен. – 
Как это так, мы тебя с нетерпением ждем, а ты... разве так 
можно. 
Шофер сүзеген бұқадай түксие қарады да: – Кет! Кет! – 
деп айғай салды қазақша. Сосын: – Я тебя ненавижу, – деп 
жаман орысшасымен былдырлады. луиза «ах-ах» деп бетін 
басқан күйі өңі құп-қу болып шегіне берді: Қожақ тағы 
айғайлады. 
– Ты, именно ты, во всем виновата. а ну-ка скажи, не 
добитый фашист, кто убил моего отца?! – Кабинадан қарғып 
түсті де, көзі жасқа толып, сілейіп тұрған қызды қолындағы 
«22-ші» номерлі кілтпен қақ маңдайдан салып қалды. 
машинасына қайта қарғып мінді де, әлі орылып үлгірмеген 
күнбағысты жапыра, қос сызық тастап құйындата жөнелді 
батысқа... Колхозшылар күркетауықтай шуласып барып, 
үзілді... Нұрланның көңіліндегі сұлулықтың көк күмбезі быт-
шыт болып сынған еді! аттан домалап түсіп, күнбағыстың 
үстінде құлап жатқан қызға жүгірді: өңі аппақ екен... 
талықсып ұйықтап кеткендей... ал, маңдайынан, аппақ 
маңдайынан жылып қан аққан... қан... қыпқызыл қан аққан 
аппақ маңдайынан... Нұрлан луизаны емес, сонау 1943 жылы 
қамшы тиіп жараланған шешесін көргендей өкіріп барып бас 
салды. Одан арғысын білмейді, есінде жоқ. ақкеңсіріккке 
қарғып мініп, Қожақтың машинасын ұзақ қуыпты, бірақ қуып 
жете алмаған екен, ата-бабасынан түсіп балағаттаған екен... 
жылаған, өксіп көп жылаған... әскерден тірі оралсам Қожақтан 
кек алам деп ант еткен, жүрегіне еріместей болып, 


377
жұдырықтай мұз қатқан... ерімейтін болып... сұлулап соққан 
күмбезі мәңгіге сынған, күл болып уатыла сынған... быт-
шыт... быт-шыт... быт-шыт... 
Ертеңінде анна апасының үйіне барды. луиза төсек үстінде 
басы таңулы жатыр екен. Нұрланды көріп, күшпен жымиған 
болды. Өзін-өзі ұстай алмады, бұған дейін бұғып келген 
ынжық мінездің басына бір тепті де, ғашығын құшақтап 
солқылдап жылады. 
Неміс қызы жас жігіттің шашынан сипап уатты. 
Қыздың көзінде де күнәсіз мөп-мөлдір жас бар еді. Осы 
кезде үйге колхоздың бастығы және ауылсовет ауданнан ертіп 
келген бір милициясы бар кіріп келді. 
– Как здоровье дочка, голова не болит? – деді бастық. 
агроном қыз көзін жұмып, басын изеді. 
– Қожақ итті ұстап түрмеге қаматтық. Ол енді ешкімге 
де қол көтере алмайды, – деді ауыл советтің бастығы. луиза 
таңулы басын оқыс көтеріп алды да, ауырсынып қайта 
құлады. Содан соң аналарға естірте: 
– Сейчас же отпустите его! Немедленно отпустите его!.. 
Он, он не виноват, он ни в чем не виноват..., – деді. 
милиционер жігіт аң-таң. Бұдан соң неміс қызы ұзын 
кірпігін қайта көтеріп, төбеге тесіле қарап жатты. Тағы да: – 
Отпустите его, пожалуйста, прошу вас, верните ему свободу... 
он ни в чем не виноват! – деді. 
Келгендер «мына қыз жынданған шығар» деп сарт-сұрт 
шыға жөнелді. Олар кеткен соң луиза Нұрланды ымдап 
қасына шақырды, бетінен сипап, қолын қысты. алақаны ып-
ыстық екен. 
– Нурланчик, поцелуй меня, не стесняйся, прошу тебя, 
поцелуй, – деді көзін жұмып. Не істерін білмей толқып қалған 
Нұрланға анна апасы: – Ұялма, сүйе ғой ұлым, сүйе ғой, – деді 
жанарына ұялаған жасты жаулығының ұшымен сүртіп. 
Нұрлан неміс қызын алғаш та, ақырғы рет сүйді. луиза: – 
Спасибо! – деді. Сонсоң бұларға түсініксіз тілде: 
– Их лиепте зи... – деді. Неміс қызының осы ауылға 
келгелі тұңғыш рет өз тілінде сөйлеген сөзі еді бұл. 


378
міне, осымен 1955 жылдың жазында болған оқиғаны 
аяқтаймын. Бұдан соң не болды дейсіздер ғой, бұдан соң бұл 
ауылда пәлендей өзгеріс, не жаңалық болған жоқ. 
Қарадаланың бетіне сары ала кілем болып төселген күнбағыс 
орылып, орнында дән терген қарғалар ғана қалған... Неміс 
қызы тәуірленіп, әл жинаған соң Шыңғыстайдан мәңгілікке 
кеткен – мүлдем кеткен. Колхозшылар: әйтеуір бір күні, бір 
жылы қайтып оралатын шығар деп дәмеленіп жүр. Соғыстан 
қалған жарақаты жазылмаған қорықшы Әкім дүние салды. 
Оның ұлы Нұрлан әскерлік үш жылын өтеп бүгін қайтып 
оралды туған ауылына. Жаз шыға қайтып оралған Нұрлан 
туған жерінің бір пұшпағына табаны тие бере мұқым 
Қарадалада,қала берді әр қазақ үйінің бақшасында, ауласында 
Күнге қол созған сансыз күнбағысты көрді... ал, ашық аспанда 
неміс қызы аманатқа қалдырып кеткен алып күнбағыс- тай, 
айналайын Күн тұр... күлімдеп! 
Бірақ, Нұрланның мынау аппақ дүниеге... орната бастаған 
сұлулық күмбезі құлаған қалпында қалды... быт-шыт. мынау 
аппақ дүние... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет