Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Аманжан әлі аң-таң: «Сонда қалай? Біз жер астында 
жүрміз бе?» 
Жылқышының қызы: – «Иә, жер астындамыз...» 
Аманжан: – «Сен қашан келдің бұл жаққа?» 
Жылқышының қызы: «Зоотехник алдап, абыройымды 
төккен соң...» 
Аманжан: – «Біліп едім, сезіп еді жүрегім. Есіңде ме?..» 
Жылқышының қызы: – «Иә, бәрі есімде». 
Аманжан: – «Ол кезде жайма-шуақ жаз еді...» 


209
Жылқышының қызы: – «Қыс жер үстінде ғана, жаным. 
мұнда жаз. Жер астына қар жаумайды. мәңгі жылылық». 
аманжан есеңгіреп, қара көйлекті қыздың құшағында 
былқ- сылқ отыр: – «Біз өлікпіз бе?» – деп сұрайды. 
Жылқышының қызы оны аймалап, мұз болып қатып, 
жансыздана бастаған бетінен сүйеді. 
– «Жоқ-жоқ, жаным, біз мәңгі тіріміз. Өйткені біз 
ғашықпыз бір-бірімізге... ғашық жандар өлмейді. ромео мен 
Джульетта, ләйлі-мәжнүн, Қозы мен Баян, бәрі-бәрі – жер 
бетінде арма- нына жете алмағандардың барлығы осында...» 
аманжан қыздың сүйемелдеуімен орнынан тұрады: – «Олай 
болса... соларға барып қосылайықшы». – Екеуі қол ұстасып
киіз үйден шығады. Тәңірім-ау, қайда барады, қайда?! Өңі ме, 
түсі ме?.. 
Киіздің дәл төріне салынған құс төсекте, үлде мен бүлдеге 
оранып, рақаттың алтын бесігінде тербеліп жатқан Бақытжан 
осы жиырмадан асқан жасына дейін осыншалық керемет 
бақытқа кенеліп, осыншалық жұмсақ та жайлы мамық төсекке 
жатпаған шығар-ау... Шалқасынан түсіп, сойған қой терісіне 
оранып, буланғандай балбыраған... Дүниеде ең қимасы ұйқы 
еді, оның да күні туып, құдайы бір жасады. Бас жағында 
тотыдайын таранып, маңдайын алақанымен сипап отырған ару 
– баяғыда қаладағы күзгі паркте жолықтырған қол шатырлы 
қыз – малика екен-ау, қандай рақат... 
– Тұр, басыңды көтер. Бұл менмін ғой. Танымай 
қалғаның ба, қол шатырлы қызбын ғой,– дейді мұздай 
бастаған бетіне ернін тигізіп.– Сені ертіп кетуге әдейі келдім, 
жаным.– аймалап, басын сүйемелдейді. Бақытжан таң-тамаша. 
Бақытжан: – «Тәңірім-ау, өңім бе, түсім бе? мен қайда 
жатырмын. Не деген ыстық дүние... үй ме бұл?» 
Қол шатырлы қыз: – «Бұл – Жер-ананың ыстық құшағы. 
анаң да қара жер, атаң да қара жер... жер...» 
Бақытжан есіне әлдене түскендей: – «Иә, иә, сені жедел 
жәрдем алып кеткен». 
Қол шатырлы қыз: – «Жедел жәрдем мені осында – жер 
асты еліне әкеліп тастаған... мәңгілікке әкеліп тастаған. Ол 
шақта сарғайған күз еді...» 
Бақытжан: – «рас, күз болатын, қазір қыс. Суық. Бірақ 
ыстықтап отырмын». 


210
Қол шатырлы қыз: – «Бұл елде күз болмайды... Өйткені 
біз жер астыңда жүрміз... мәңгі жылы жүрміз. Енді сен 
ешқандай тоңбайсың... Жүр менімен, – адал сүйетінің рас 
болса, ер соңымнан».– Жас ботадай буын-буыны дірілдеп, 
тәлтіректеген Бақытжанды қолтығынан сүйеп жетелейді. 
Бақытжан: – «Қайда, қай жаққа барамыз?!» – Жүрексіне 
тартыншақтайды. 
Қол шатырлы қыз: «Сұрқай күзі, суық қысы, сұмдық 
адамдары жоқ, ғашықтар елі, махаббат патшалық құрған – о 
дүниеге... Жер бетінде бір-біріне қосыла алмаған ромео – 
Джульетта, ләйлі – мәжнүн, Қыз Жібек – Төлеген, барлығы 
сол жақта». 
Бақытжан: «Сонда қалай, біз де өлікке айналамыз ба?»
Қол шатырлы қыз: – «Жоқ, күнім. – Құшақтайды. – Жоқ, 
біздер ол жақта мәңгі жасап өтеміз. Сен бұған дейін өліп 
келген едің, енді бүгіннен бастап тіріміз... тіріміз... жүр 
ғашықтар мекеніне, жүр...» 
Бақытжан жүрексіне ереді: «Тек, асықпайықшы...» – Екеуі 
ақырын-ақырын басып, ақ отаудан шығып бара жатады. 
алыстан... тым-тым шалғайдан сыңсып салған мұңлы әуен 
естіледі. Құдай-ау, қайда жатыр? Қайда барады? Өңі ме, түсі 
ме? Не деген күйіп-жанған дүние... 
айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп тұтаса қатқан суық
дүние. 
Көк тәңірісінде еркін жүзген ай астында аяз сорып, маңқайған 
бітеу таудың ортасында тұтқын болып – қозыдай қарайып 
қауқарсыз трактор тұр. Буланып барып, суық ұрған темірін 
қырау тұтып, түртіп қалсаң қарып түсетін ашу-пошым алып 
адамның қартайып, қайғы ойлағанда ақырғы рет сілтеніп, 
түйіліп қалған дәу жұдырығындай кекті бітім. Ұшқан құс, 
жүгірген аң, қыбыр етер тірлік иесін аяз шалып, үсіп өліп 
қалғандай – өлі тыныштық. Сазарған ақ түннің, әйтеуір, бір 
тұсынан атом ғасырының аш қасқыры ұлыды ма, өлім 
үніндей – қорқынышты ұлу естіледі еміс-еміс. Тек сол ұлу 
ғана бүгінгі зәрлі түннің жаршысы. міне, аш ішекше 
шұбатылып таусылып бітпейтін қыстың ұза-а-қ түнінде 
қардан жасап алған үйшікте бүк түсіп, ой еміп жатқан үш 


211
жігіттің әдемі қиялы қанша сипалап жылытқанымен, 
маужыратып апарып – бірте-бірте үсік үйіне әлдилеп, алдап-
сулап кіргізе берген. аса қаталдықпен тісін қайрап, тілін 
жалақтатқан ажал-арыстан ол да араны ашылып, уыздай жас 
олжасын қызықтауға сақадай-сай еді. Жүректерін ептеп 
жылытпалаған әлгі әсершіл көңілдің тәтті естелігі байырқалап 
барып, жұқалаң тартып, суыған... Сонсоң бүкіл денелері 
қызынып, буын-буындарын ала бастап еді. Буынбуындарын 
ала бастаған суық енді қан тамырларына шауып, қуалап, 
мәпелеп еркелеткендей сайқалдықпен ұйқтатады, 
жабырқаңқы жанын тербеп, уатады... уатады... Нұржан 
серейіп, ағаштанып қата бастаған аяқ-қолының шым-шымдап 
жылығанына таң қалды. Қызық... бейне бір құс төсек, 
мамыққа оранып жатқандай бой-бойы балбырап, бүкіл денесі 
талмау тартты да... қызық... үлкен башпайынан, саусақ-
саусағынан өзгеше бір қытық жүріп, дызылдап қышығандай 
ма-ау; ал өзі бұрынғыдан ары бүрісіп, қол-аяғын бауырына 
жиыра түсті; ол өзін бейне бір қар-үйшікте емес, қозының 
аппақ жүнінен басқан алты қанатты ақ ордада жатқандай 
үлкен рақат күйде сезінген. аманжан да, Бақытжан да жоқ, тек 
жалғыз өзі – бір өзі ғана... табаны тызылдап тағы дуылдады-
ай: жер-ошақтағы лаулап жанған от қыздырғандай ма-ау; екі 
тізесін бауырына алып, әлгі табанын күйдірген оттан қаша 
ма-ау... Не деген ертек сықылды еркін дүние, есеңгіреген хал; 
не деген жас сәбидің ұйқысындай бейбіт дүние, не деген 
аппақ... сүт дүние... Нұржан ақ қозының жүнінен басқан 
отауда рақаттың алтын астауында тыныштық күйін кешіп, 
жұмылған көзін ашуға қимай, жұмылған көзін ашса, енді-енді 
ғана емін-еркін сезіне бастаған бақытқа, рақатқа толы 
ұйқылы-ояу халінен мүлдем айрылып қалам ба деп 
шошынған. Ол тіпті дәл осылай бүктетіле иленіп жата 
бергенше тұрайын деп қаншама талпынса да, жатқан жерінен 
тырп етіп қозғалуға шамасы жетпеді. Әлдекім албастыдай 
кеудесінен басып қозғалтпаған. Сонсоң ол тым құрығанда оң 
жамбасына аунап түспекке әрекет қылып еді, ол ойынан да 


212
дәнеңе шықпады. айқайлап аманжан мен Бақытжанды 
шақырды. Оларда да, өзінде де үн жоқ – тұншыққан 
тыныштық. Осы кезде ақ қозының жүнінен жасалған ақ 
отауға үстінде қыпқызыл кебіні бар Қар қызы кірді. Кірді де 
төр алдында қолаяғын таңып тастағандай қор болып сұлай 
жатқан Нұржанның басын көтеріп: 
– «Тұр, тұр, жігітім, таң атты, күн шықты», – деді 
жалынып. 
Нұржан өз басын көтеруге қанша әрекет жасаса да, тас 
байлап тастағандай, қозғалта алмады: – «Сен кімсің? Әлде 
періште, әлде адам...» – деді ернін зорға қимылдатып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет