Ораза зекет Садақа


дайды. Ал ораза олай емес! Өйткені, оны Мен үшін



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

дайды. Ал ораза олай емес! Өйткені, оны Мен үшін 
ұстайды. Сондықтан ораза ұстағанның сауабын 
есепсіз Өзім беремін»
, - деген.
Құран Кәрімде былай делінген: 
«…Ораза ұстаған 
ерлер мен ораза ұстаған әйелдер ұятты жерлерін 
қорғаған ер кісілер мен ұятты жерлерін қорғаған 
әйелдер, Аллаһты көп зікір еткен ерлер мен Аллаһты 
көп зікір еткен әйелдер бар ғой! Аллаһ Тағала оларға 
үлкен сыйлық дайындады»
(Ахзаб сүресі, 35-аят)
.
Мұндай сыйлықтың мән-мағынасы туралы 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде былайша 
жеткізеді:
«Ораза ұстаған кісінің екі қуанышы бар:
1. Ауыз ашқанда (Хақ Тағаланың нығметтеріне 
қауышқаны үшін) қуанады.
2. Раббысына қауышқанда оразасының кере-
метімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуа-
нады». 
Жоғарыда айтылғандай, Аллаһ Тағала оразаға 
ынталандыруды 
баяндаумен 
бірге 
беретін 


8
Ораза
сыйлығын адамзаттың жігер құлшынысын арт-
тыру мақсатымен жасырып қойған. Жарысқа 
қатысушыларды жұмылдыру үшін әзірленіп қойған 
үлкен бір жүлде сияқты…
Ораза нығметтердің қадірін білдіртетін
шүкіршілік сезімдерін оятатын, кедейлердің хал-
ахуалын ойландыратын, нәпсіқұмарлықты тізгін-
дейтін, мал-мүлікке табынушылықтан құтқарып, 
«сабыр» деген ең керемет мінез-құлыққа жеткізетін 
ұлық ғибадат. Рамазан айындағы тарауық намазы, 
әсіресе сәресі уақытында ұйықтамай құлшылық 
жасау өте маңызды. Бұл туралы Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай деген: 
«Аллаһ Тағала сендерге Рамазан 
оразасын парыз қылған. Мен де намазын, яғни Рамазан 
түндерінде тарауық оқуды сендерге сүннет деп бекіттім. 
Егер кімде-кім шын жүрегімен иланып және сауабына 
жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауық 
намазын оқитын болса анасынан жаңа туғандай күнәсіз 
болады»
(Сүнән, Нәсәй).
Әрине, ораза мен намаздың қабыл болуы үшін 
шын ықыласпен беріліп орындауға көңіл бөлу ке-
рек. Намаздар жылдам оқылып, жеген тамақты 
сіңіретін гимнастика, ал тұтқан ораза диета ұстаған 
болмауы қажет. Намаз ғибадатындағыдай оразада 
да құлды ықыласты болуға бағыттайтын сырлар 
бар. Мысалы, хадисте баяндалғандай: 
«Ауыз ашарды 
асығып, сәресін кешіктіріп бекітіңдер!»
(Шарх, Жамиғус-
Сағир)
деген бұйрық осы сырлардың біреуі ғана.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет