8
Ораза
сыйлығын адамзаттың жігер құлшынысын арт-
тыру мақсатымен жасырып қойған. Жарысқа
қатысушыларды жұмылдыру үшін әзірленіп қойған
үлкен бір жүлде сияқты…
Ораза нығметтердің
қадірін білдіртетін,
шүкіршілік сезімдерін оятатын, кедейлердің хал-
ахуалын
ойландыратын, нәпсіқұмарлықты тізгін-
дейтін, мал-мүлікке табынушылықтан құтқарып,
«сабыр» деген ең керемет мінез-құлыққа жеткізетін
ұлық ғибадат. Рамазан айындағы тарауық намазы,
әсіресе сәресі уақытында
ұйықтамай құлшылық
жасау өте маңызды. Бұл туралы Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай деген:
«Аллаһ Тағала сендерге Рамазан
оразасын парыз қылған. Мен де намазын, яғни Рамазан
түндерінде тарауық оқуды сендерге сүннет деп бекіттім.
Егер кімде-кім шын жүрегімен иланып және сауабына
жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауық
намазын оқитын болса анасынан жаңа туғандай күнәсіз
болады»
(Сүнән, Нәсәй).
Әрине, ораза мен намаздың қабыл болуы үшін
шын ықыласпен беріліп орындауға көңіл бөлу ке-
рек. Намаздар жылдам оқылып,
жеген тамақты
сіңіретін гимнастика, ал тұтқан ораза диета ұстаған
болмауы қажет. Намаз ғибадатындағыдай оразада
да құлды ықыласты болуға бағыттайтын сырлар
бар. Мысалы, хадисте баяндалғандай:
«Ауыз ашарды
асығып, сәресін кешіктіріп бекітіңдер!»
(Шарх, Жамиғус-
Сағир)
деген бұйрық осы сырлардың біреуі ғана.