16
Ораза
Өйткені, біріншіден, ол таңнан күн батқанға дейін
шөлге, аштыққа шыдап, басқа да қызықтардан
өзін
тыйып ұстап, Аллаһ Тағаланың ризалығына
бөленді. Шексіз ұлық Аллаһ оған күндіз күш берді,
қуат берді. Ақшам намазына азан айтылуымен,
басқа ешкім емес, тек Аллаһ қана оның мойнынан
тыйым салған нәрселерін алып тастады. Ораза
тұтушы тек бір Аллаһтың
әмірімен ғана ауыз
бекітеді және Оның әмірімен ғана аузын ашады.
Екінші қуаныш, сөзбен айтып жеткізе ал-
майтын, ақылмен ұғынып болмайтын орасан зор
қуаныш! Ораза тұтушының ол қуанышы Қиямет
күнінде Аллаһ Тағаланың
құзырына барғанда бо-
лады, ол өзін күткен ғажап сыйлыққа тап болады.
Аллаһтың елшісі:
«Адам баласының жасаған барлық
амалдарының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін ар-
тып отырады
. Аллаһ Тағала:
Достарыңызбен бөлісу: