Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет43/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

«(Инфақтарыңды) Аллаһ 
жолына берілгендіктен жер жүзін табыс үшін ара-
лай алмаған пақырларға беріңдер! Білмеген адам-
дар оларды ар-намыс сақтағандықтарынан бай деп 


78
Садақа
ойлап қалады. Сен оларды бейнесінен-ақ танисың. 
Өйткені, олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сен-
дер не қайыр істесеңдер Аллаһ оны сөзсіз біледі»
(Бақара сүресі, 273-аят)
.
БайЛЫқ аБзаЛ Ма, ӘЛде кедейЛІк пе?
Дәулетті болудың орта жолының ең ке-
ремет үлгісі Әлемнің мақтанышы Мұхаммед 
(с.а.у.) өмірінде байқалады. Ол жомарттықтың 
мұсылманның негізгі табиғатынан болғандығын 
баяндаған.
Ол (с.а.у.): «Берген қол, алған қолдан абзал» 
(Бұхари, Зекет 18)

«Тек екі кісіге ғана құмартып қарауға 
болады. Олардың бірі – Аллаһ оған дәулет беріп, соны хақ 
жолында жұмсау мүмкіндігіне жеткен кісі; екіншісі – 
Аллаһ оған білім берген және сол білімін жүзеге асырып, 
басқаларына да үйреткен кісі»
(Бұхари, Мүслим)
деген 
үгіттерімен қайырымды болуға қызықтырады да бір 
жақтан да: 
«Уа, Раббым! Мені пақырлықпен өмір сүргіз, ке-
дей қылып тіршілік көрсет, махшар күнінде пақырлармен 
бірге тірілт!»
(Тирмизи, Зүһд 37)
деген секілді дұға ет-
кен және үйінің бір бұрышын ғаріп, пақыр және 
міскіндер тұратын пана халіне дайындаған. Бүкіл 
пақырлар және міскіндерге жақындық көрсетіп 
олардың әр түрлі қиыншылықтарына дәрмен болуға 
тырысқан және өзі қарапайым өмір сүруімен де 
оларға ең күшті жұбату ұсынған.
Хадис шәріпте: 
«Аллаһ алдында дәулет есебін 
бермейтін кедейлер, байлардан қырық жыл бұрын 
жәннатқа кіреді»
(Тирмизи, Зүһд) 
деген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет