Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

79
Садақа
Қатесін біліп, истиғфар (кешірім сұрау) ететін 
жерде, жүрегі қатайып қалғандықтан иләһи 
тағдырды ұмытып «Мен істедім, мен таптым» 
деген оймен кедейлерді қорлағандарға қандай 
обал! Олардың бақытсыз Қарун тәрізді жойылуға 
ұшырайтындары сөзсіз.
Әуелі салиқ кісі болған Қарун Мұса пайғамбар 
(а.с.) үйреткен химия білімінің арқасында орасан 
зор байлыққа ие болған. Бірақ көңілін дүниеге 
деген қызығушылықтан және дүниеге берілуден 
қорғай алмағандықтан бүкіл әдемі және таза 
ерекшеліктерін жоғалтып алды. Асқақтаған 
байлығы себепті мақтанып, тәкаппар болды. 
Аллаһ Тағала былай дейді: «Қарун Мұсаның 
қауымынан еді, оларға қарсы азғындық жаса-
ды. Біз оған кілттерін күшті-қуатты адамдардан 
құралған топ әрең көтеретін қазыналар берген 
едік. Сонда қауымы оған былай деген: 
«Құтырма! 
Біл, Аллаһ құтырғандарды жақсы көрмейді» 
(Қасас 
сүресі, 76-аят)
.
Бірақ Қарун елінің де Мұсаның (а.с.) да 
сөздеріне құлақ аспағаны соншалық Мұса (а.с.) 
оған малының зекетін беруін айтқанда Мұсаның 
(а.с.) арқасында бай болғанына қарамастан: «Ма-
лыма көз салдың ба? Бұл байлықты мен өзім тап-
тым!..» - деді.
Хазірет Пайғамбардың сахабасы болғанымен 
Қарун сияқты дүниеге пенде болып, рухани 


80
Садақа
жоқшылықтың шөліне тап болған Саләбәнің 
жағдайы да ойландыратын ғибратты оқиға:
Ансарлық (Мәдиналық) Саләбә мал-мүлікке 
өте құмарланатын. Ол бай болуды армандай-
тын және бұл үшін Пайғамбардан (с.а.у.) дұғасын 
сұрайды. Оның бұл сұранысына Аллаһ Расулі 
(с.а.у.) былай жауап береді: «Шүкіршілігін істей 
алатын аз малың, шүкіршілігін істей алмайтын көп 
малыңнан қайырлы...».
Бұл сөздерден кейін сұранысынан айныған 
Саләбә біраз уақыттан кейін тағы да құмарланып 
қайтадан Пайғамбарға (с.а.у.) келеді де:
«Уа, Расулаллаһ! Дұға етіңіз, бай болайын!» - 
дейді.
Бұл жолы Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) оған бы-
лай деп жауап береді: «Мен, сен үшін жеткілікті 
үлгі емеспін бе? Аллаһқа ант етемін, егер сұрасам 
осы таулар алтын және күміс болып артымнан 
келетін еді. Бірақ мен көңіл аудармадым».
Саләбә сонда талабынан айныды, бірақ 
көңілінде соғып тұрған әуесқойлық дауылы 
басылмай ішінен: «Егер бай болсам жарлы-
жақыбайларға жәрдем беріп өте көп сауапқа 
жетемін!» - деп ойлап нәпсісінен жеңіліп үшінші 
рет Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) қасына барып:
«Сені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант 
етемін, егер Ол мені байытса кедей-кепшіктерді 
қорғап қолдаймын, әрі хақ иесіне ақысын 
беремін!..» - деді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет