Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет45/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

81
Садақа
Ақыры оның қайтпас табандылығына қараған 
Аллаһ Расулі (с.а.у.): «Уа, Раббым! Саләбәға 
сұраған дүниесін бер!» - деп дұға етті.
Көп ұзамай осы дұғаның арқасында Аллаһ 
Тағала Саләбәға орасан зор байлық береді. Отар-
лары жайлауларға сыймайтын болады. Бірақ сол 
кезге дейін мешіттің құсы лақабымен танылатын 
Саләбә мал-мүлікпен айналысқандықтан бірте-
бірте жамағаттан алыстай бастады. Біраз уақыттан 
кейін тек Жұма намаздарына ғана келетін болады. 
Тағы біраз уақыттан кейін Жұма намаздарын да 
ұмытып кетеді.
Бір күні оның жағдайын басқаларынан сұрап 
білген Аллаһтың Пайғамбары (с.а.у.): «Саләбәға 
обал болды!..» - деді.
Саләбәнің дүниеқоңыздығы мен надандығы 
осы істегендерімен шектелмейді. Зекет жинаушы 
қызметкерлер өзіне келгенде оларға: «Сендердің 
осы істегендерің хараж жинау ғой!» - деп, бұрын 
беремін деп айтқандарын бермей қойды әрі ке-
дейлерге аятпен белгіленіп берілуге тиісті болған 
азғантай төлемді де берместен, азғындық жасап 
кетеді. Сөйтіп, ақыры мұнафиқтардан болады.
Осы жағдай Құранда былай баяндалады: 
«Олардың (мұнафиқтардың) кейбірі: 
«Егер Аллаһ, 
бізге өз кеңшілігінен мал берсе, сөзсіз садақа та-
ратамыз және әлбетте салиқ кісілерден боламыз» 
- деп Аллаһқа ант береді. Бірақ Аллаһ оларға өз 


82
Садақа
ілтипатымен байлық бергенде олар Аллаһ берген 
игіліктерде сараңдық көрсетіп, Аллаһтың әмірінен 
бет бұрып, берген сөздерінен айныды»
(Тәуба сүресі, 
75-76 аяттар)
.
Ақымақтығынан Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) 
ескертулерін тыңдамай, рухани жоқшылықта 
масқара болып өлген Саләбә дүниенің жалған 
байлығына алданып мәңгілік кедейлерден болды. 
Өкінішті халде, өлерде Хазірет Пайғамбардың 
(с.а.у.) әуелде айтқан сөздері құлағында жаңғырып 
тұрғандай еді: 
«Шүкіршілігін істей алатын аз малың, 
шүкіршілігін істей алмайтын көп малыңнан қайырлы...»
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет