77
Садақа
сегіз топ жерді көрсеткен. Егер сен осы топтың
біреуінен болсаң, сонда ғана зекет малынан
үлесіңді ала аласың» - деп айтқан.
Ислам тек қана ерекше қиындық кездерінде
және шарасы болмаған жағдайларда қайыр сұрауға
рұқсат еткен. Өйткені, елге қол жайып жүру
негізінде адамды қорлайтын, абыройын түсіретін іс.
Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) былай деген:
«Ке-
дей бір жапырақ нанды ана есіктен мына есікке барып
тапқан кісі емес»
.
Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Ондай бол-
са кедей дегеніміз кім?» - деп сұрады.
Пайғамбар (с.а.у.):
«Кедей мұқтаждықпен азап
шегіп жүрген халде қажетін айтпаған, ешкімнен бір
нәрсе сұрамаған кісі»
(Мүслим, Зекет, Мискин бабы)
, - деп
жауап берді.
Пайғамбар (с.а.у.) осы сөздерімен мына
жағдайды баяндаған: «Кез келген адамнан сұрай
бергендер қалай да болмасын бір нәрсе та-
бады. Ал өз ахуалдарын жасырып сабырмен,
қанағатшылдықпен пақыр өмір сүргендер туралы
немқұрайды болмай, оларға көңіл аудару қажет.
Өз халдерін жасырып айта алмай жүргендерге
жұмсалатын инфақтың маңыздылығы Құран
Кәрімде де баяндалған:
Достарыңызбен бөлісу: