Қордабаев Т. «Жалпы тіл білімі» Павлодар 2010 XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар



бет5/6
Дата09.10.2024
өлшемі30,68 Kb.
#147337
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жалпы тіл

Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін XIX ғасырдың 70-80 жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тіл білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов /1848-1914/. Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты куаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үнді-Еуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл саладан біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Шахматов, Пешковский т.б. болды.
Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психологизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілді фонетикалық заңын өз зерттеулерінде әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп жағдайда, психологизм принципіне негізделді.
Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарына дейін, Н.Я. Маррдың "Тіл туралы жаңа ілім" деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.
Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте XIX ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші - поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ. Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.
Бодуэн де Куртенэ жас грамматикалық бағытпен тығыз байланыста болды, көп жағдайда олардың концепциясын жақтады. Солардың ізімен бұл да индивидуалдық психологизмді қолдады, ақиқат бар тіл - индивидумдар тілі, біртұтас ұлттық тіл деген тек қиялда ғана болатын жалған нәрсе, сондықтан зерттеудің негізгі объектісі индивидумдар тілі, индивидумдар психологиясы дейді. Солай дей тұра ол, екінші жағынан, тілде даралықпен бірге жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте. Индивидумдағы бар нәрсе, екінші жағынан, жалпынікі, жалпы адамдық болып табылады. Олай болатыны барлық индивидумдар психикасы біркелкі болады. Бұл біркелкілік-жалпылықтың, әлеуметтіктің негізі дегенді айтады. Сөйтіп, Бодуэн де Куртенэнің психологизмі индивидуалдық қана емес, әлеуметтік те психологизм болып шығады. Бұл – бүкіл Қазан лингвистикалық мектебіне тән тұжырым. Бұлардың көтерген тағы бір мәселесі -

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет