Қалиев бойынша: А.А.Потебня - славян тіл білімінің көрнекті өкілі. Ол тілді жеке адамдардың психологиясымен байланыстыра қарастырып, халық рухы ең алдымен оның тілінде, содан кейін барып әдет-ғүрпы мен салт-дәстүрінде, мәдениеті мен әдебиетінде көрініс табады деп есептеді.
Психологизм өкілдері сөйлеу психологиясы, оның сөйлеу әрекетімен байланысы, сөйлеу әрекетінін іске асу жолдары деген мәселелерге ерекше мән береді. Психологизм көп жағдайда лингвистикалық талдау орнына психологиялық талдауды қолданады, сәйтіп, тіл білімін өзінің негізгі функциясынан айырады. Психологизм - тілдік категориялардың барлығы да тек тілдік материалдар арқылы керінетін, соны жамылған психологиялық категориялар деп санайды.
Тіл біліміндегі психологиялық бағыт 1950-жылдарынан бастап психологиялык лингвистика /психолингвистика/ деген атпен тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптасты. Ол - психология мен тіл білімінің аралығында, екеуінің түйісуінен туған жаңа бағат. Бұл бағыт алғаш Америка тіл білімінде калыптасты да, көп ұзамай басқа елдерге тарады.
Қазірде психолингвистика - сөйлеу әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп саналады. Мұны сөйлеу әрекеттерінің теориясы туралы ғалым деп те атайды. Кейбір зерттеулерде психолингвистиканың негізі - информация теориясы дегенді де айтады. Олай дейтіні психолингистика сөйлеу әрекетінде болатын хабар беру, хабарды қабылдау процестерінің қалай іске асатындығын зерттейді. Бұл - оның негізгі объектісі. Психолингвистика - өз объектісін, міндеті мен мақсатын жан-жақты және дәл айқындай қоймаған жас ғылым.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. Де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И. Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін "бұлар - жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілер деп кекетіп, тіл ғылымдарын сол "сасық шеберхананы" тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды "жас грамматистер" деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып калыптасты.