Қордабаев Т. «Жалпы тіл білімі» Павлодар 2010 XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар. Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі – тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың катарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады.
Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура /жаратылыс/ деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.
Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы Август Шлейхер есімімен байланысты. А. Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл біліміне, тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеологиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсумен бірге А. Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды, Көптеген пайдалы істермен катар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі - тіл білімінде натуралистік көзкарасты қалыптастырды.
Оның натуралистік көзқарасы "Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу", "Неміс тілі", "Дарвин теориясы және тіл білімі" дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Бұл еңбектерінде А. Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым, әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғалымдар тобына қосылады.
Философиялық екінші тұжырымы - тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы - ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз - дыбысты ойлау дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол тілдің негізгі және бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі - коммуникативтік. Бұл жөнінде ол ештеме айтпайды.
A. Шлейхер көтерген тағы бір мәселе - тілдегі болатын өзгеріс-құбылыстарға, тіл тарихына байланысты. Ол тілдегі өзгеріс адам еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша іске асады, сондықтан ол биологиялық организмдер тобына жатуы керек, өйткені биологиялық организмдер де басқаларға тәуелсіз өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп, екеуі де өзгерудің бір ғана заңына бағынатындықтан, екеуіндегі өзгерістің сипаты да бірдей, яғни тілдегі өзгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқты, тілдің дамуымен тарихын көрсетпейді, биологиялық организмдегі сияқты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Тілдік өзгерістерді А. Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі де, тілдің тарихқа дейінгі өзгерісі оның дамуы, тарихи болады да, тарих басталғаннан кейінгі өзгерісі оның дамуы емес, тек өсуі ғана дейді.
A. Шлейхер тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысқан. Ол дүние жүзіндегі тілдерді түбір тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл деп үш түрге бөледі. Шлейхердің пікірінше, тілдер типінің бұл үш түрі, оның дамуының үш түрлі басқышы: ең жоғарғы сатыда қопармалы тіл, ең төменгі сатыда түбір тіл тұр, бұл үш түрлі сатының үшеуі де тіл дамуының тарихқа дейінгі дәуірінің жемісі дейді. Бұл пікірлер, әрине, қате.
Қалиев ары қарай қарастырмаған.
A. Шлейхер үнді-еуропа тілдері тараған ата тілді мүсіндеу мәселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық тұжырымы ғылым тарихында "Тілдің тегі" /родословное древо/ деп аталады. Бұл теория бойынша баста бір тіл болған да, содан келе-келе әр түрлі тілдер бөлінген. Тіл зерттеушілер арасында бұл теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.
A. Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым- қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, тіл ғылымы жаратылыстану ғылымдары құрамына енетіндіктен, ол тарихи ғылым емес, ал филология - тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз - тарих, онда халықтың рухани өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес, халықтың рухани өмірінің тарихын зерттейді.
A. Шлейхердің тіл табиғатына, мәніне, тарихына байланысты айтқан пікірлерінің қате бағытта болғанына қарамастан, оның концепцияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті көпшілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да мол болды. Шлейхердің талантты жазылған фонетикалық, грамматикалық еңбектері де мол. Ғылымда А. Шлейхер еңбектерімен компаративистиканың I дәуірі аяқталды деп есептейді.\
Ары қарай Қалиев еңбегінде: Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі Макс Мюллер. А.Шлейхер сияқты бұл да тіл білімін "жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгерістер тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана", - деп қарайды. Бірақ Мюллер А.Шлейхердің тілді биологиялық организм дегеніне қосылмайды.
Ол: "Тіл биологиялық организм емес, өйткені тілде табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз өзіндік өмір болмайды. Оның өмірі адамда. Ол күнделікті түрмыста қолданылса – өмір сүргені. Ал адам оны қолданбаса - өлгені. Сондықтан тілді биологиялық организм деу қате", - дейді.
Мюллер тілді биологиялық организм емес дей тұра, сол тілді зерттейтін ғылым - тіл білімін табиғаттану ғылымдары тобына қосады. Өйткені ол тілдегі болатын өзгерістерді оның даму тарихы деп есептемейді, табиғаттағы өсімдіктер, жануарлар сияқты жай ғана өсу ғана деп ұғады. Мүнысы, әрине, қате пікір еді.
Ш. Жалмаханов «Тіл білімінің тарихы» Қарағанды 1999 Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың негізін салушы - Август Шлейхер (1821-1868). А.Шлейхердің биологиялық бағытта болуының зерттсушілер 2 түрлі себебін атап көрсетеді: лингвистикамен қатар ботаника жәнс философиямсн айналысуы және сол дәуірде тіл мен ойлауға деген субьсктивті идеалистік көзқарастардың белең алуы. Сонымен қатар А.Шлейхерге Гегель философиясы мен Ч.Дарвин ілімінің қатты әсері болды.
Ботаник ретінде Ч.Дарвиннің іліміне бой ұрған A.Шлейхер тілдің қоғамдық-тарихи ролін сскерместен, тілдің дамуы тірі организм мен өсімдіктер дүниесінің өсіп-өнуімсн салыстырады. В.Гумбольдт тілді диалектикалық механизмде қарастырса, А.Шлейхер тілді метафизикалық механизмде қарастырады.
Философ ретінде Гегельдің "Тарих философиясы" еңбегіндегі өмірдің 2 кезеңі туралы "Феноменология духа" атты еңбегіндегі дамудың себсбі абсолюттік идея мен абсолюттік рухтың табиғатта болуы дамуға негіз, кеніл болды, ол жоғалғанда даму тоқтады деген ойды тілдің дамуы заңдылығына әкеліп таңды. Сөйтіп тілдің дамуының классикалық дәуірі тарихқа дейінгі 1-дәуір, 2- шісі құлдырау, құру дәуірі, яғни тарихтан кейінгі деп бөлді.
Гегельдің философиялық триадасы - тезис, антитезис және синтез - деген үштік қатарын да тілдік құбылыстарға әкеп таңды. Мәселен: 1) тілдердегі морфология лық (инкорпаративті) типті жоққа шығарап, тілдерді түбір, жалғамалы және қопармалы деп болді; 2) сөз 3 құрамдас бөліктен, яғни дыбыс, форма, функциядан түрады; 3) үндігерман ("үндіевропа" дегеннің орнына) тілдердің ата тілінде 3-ақ дауысты дыбыс (а, и, у) болган деп есептеді.
Ч.Дарвиннің тіршілік үшін күрес, тіршілікке бейімделгіштік және күшті түрлердің әлсіз түрлерді жойып омір сүретіпдігі туралы идеясын тілдердің дамуы мен жоғалуына әкеліп салды. Үндігерман тілдерінің басқа тілдерді ыгыстыруын мысалга келтірді. А.Шлейхер тіл білімінде шовинистік идеяның да үрығын септі. Мысалы, үндігерман тілдері басқа тілдерді ығыстыруда деп көтеріңкі леплен баяндап, В.Гумбольдт секілді, аморфты тілдер төменгі, агглютинативті тілдер ортаңгы, флективті тілдер жоғары сатыда дамыған деп есептеді.
"Восстановление" Шлейхсром индоевропейского праязыка при помощи исторически засвидетельствованных языков этого семейства было гениальным пововедением; но составление текста на этом реконструированном языке было грубой ошибкой". "Никакая реконструкция не сможет представить "общий язык" таким, каким он был в живой речи деген әділ бағасын берді салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тарихшысы Антуан Мейе.
A.Шлейхер -- үндіевропа тілдері семьясының туыстық, тенетикалық классификациясын жасауды үсынған алғашқы лингвист. Бұл концепциясында да кемшіліктер болғанмен, кейінгі дәуір лингвистері басшылыққа алған принциптер баршылық. Жоғарыдағы идеялар мен концепцияларды "Компендиум сравнительной грамматики индогерманских языков", "Сравнительно-линтвистические исследовании", "Теория Дарвина и языкознание", ""О значении языка для естественной истории человека" дегсн негізгі сңбектеріңде баяндады.