Қордабаев Т. «Жалпы тіл білімі» Павлодар 2010 XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар



бет2/6
Дата09.10.2024
өлшемі30,68 Kb.
#147337
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жалпы тіл

Психологиялық көзқарас. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт-психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм XIX ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті тіл ғылымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының объектісі - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Потебня , неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундг , Герман, Пауль, тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету XIX ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.
Лингвистикалық психологизм өз ішінде кайшылықтары, алалықтары жоқ, біртұтас көзқарас емес. Бұлардың басын біріктіретін, ортақ концепция бар: Ол - тіл мәселелерін шешуде психологиялық кағидаларды басшылыққа алу. Тіл психологиялық бақылаудың объектісі - тіл біліміндегі логикалық көзқарастарды сынау, тілдік категориялар мен логикалык категориялар арасында қайшылықтар көп, сондықтан тіл мәселелерін зерттеуде логика заңына сүйенуге болмайды деу. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Индивидуалистік психологизмның ең көрнекті өкілі Герман Пауль. Бұлар тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-кұбылыстарына тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген - жалған сөз. Тіл жеке индивидумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті - индивидумның тілін зерттеу. Индивидумның тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады деп қарайды.
Индивидуалистік психологизм тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Тіл білімін қоғамдық ғылымдар тобынан бөліп алып, оның дербестігін жояды, оны психологияға тәуелді, соның бір саласы деп санайды.
Ал әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің "ақиқат бар нәрсе - индивидумдар тілі ғана" дейтін қағидаларына қарсы, олар тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады.
Әлеуметтік психологизм теориясын негіздеуші, оның ең көрнекті өкілі Г. Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологияның заң-ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары грамматика, логика, "психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-катынастары" /1855/, "Психология мен тіл біліміне кіріспе" /1881/, "Тілдің шығуы" /1851/ деп аталатын т.б. еңбектерінде баяндалған.
Барлық психологистер сияқты бұлар да тілді психологиялық бақылаудың объектісі деп санайды. Индивидуалдық психология халықтық психологияға негіз болады. Халықтық психология - халық рухы жөніндегі ілім. Халык рухы - адамдардың рухани әрекетінің қайнар көзі. Халық рухы, ең алдымен, тілінен, одан кейін әдет-ғұрпынан, дәстүрінен, жалпы әрекетінен көрінеді, Осылардың бәрі, соның ішінде тіл де, халық рухының жемісі, халықтық психологияның көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет