Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан



бет1/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ЖИНАҚ




ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ
ХИМИЯ ПӘНІНЕН 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

Темірлан
2021



КБЖ 74.262.4
Х45
Жинақ Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің сараптамалық кеңесінде баспаға ұсынылған, № 3 хаттама 19.08 2021ж.
Құрастырушылар:
Мергенбай Н.Т М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Ауелбеков Д.С– М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Самартқанова А.К – «Ұлағат» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Пікір айтушылар:



«Химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау
Х 45 тапсырмалар жинағы» Н. Мергенбай, Д Ауелбеков, А. Самартқанова -
Темірлан: Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, 2021. – 44б

Тапсырмалар жинағы мұғалімге 8-9 сынып білім алушыларына «Химия» пәні қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларының негізінде дайындалған. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.


Жалпы химия пәні мұғалімдеріне, мектеп оқушыларына арналған.


КБЖ 74.262.4
© Ордабасы ауданының адами
әлеуетті дамыту бөлімі, 2021

МАЗМҰНЫ


Кіріспе ...............................................................................................

4

1.

І тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы .....................................

6

2.

ІІ тарау. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері...............................................

8

3.

.ІІІ тарау. Металдар белсенділік қатары...............................................

9

4.

ІV тарау. Зат мөлшері .......................................

10

5.

V тарау. Стехиометриялық есептеулер.............................................................

11

6.

VІ тарау. Химиялық реакциядағы энергиямен танысу .......................................

12

7.

VІІ тарау. Сутек. Оттек және озон ..........................................................ь

13

8.

VІІІ тарау. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі .............................

14

9.

ХІ тарау. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс ........................................................................................................

16

10.

9 сынып. І тарау. Электролиттік диссоциация ................................................

17

11.

ІІ тарау. Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы ......................

19

12.

ІІІ тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы .......................................

28

13.

V тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары ...................................................

29

14.

VІ тарау. Металдар мен құймалар ................................................................

30

15.

VІІтарау. І (ІА), 2 (ІІА) және 13 (ІІІА) топ элементтері және олардың
қосылыстары ................................................................................................

35

16

VІІІ тарау.17 (VІІА), 16 (VІА), 15(VА), 14 (ІVА) топ элементтері және олардың қосылыстары ..................................................................................

40



КІРІСПЕ
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалай білу, бағалаудың түрлері өзін – өзі, өзара, топтық, қалыптастырушы бағалау туралы мағлұмат беру, өз пәндеріне бағалау критерийін жасау арқылы оқушының білімін шынайы бағалаудағы тәжірибені дамыту болып табылады. «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік.
«Критериалды бағалау» – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
«Баға» – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.
Ізденіс жұмыстары арқылы қатысушылардың критериалды бағалауға қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды.
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет