Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептерде тапсырманы орындау алгоритмі
1-тапсырма Магний сумен әрекеттесіп, магний оксиді мен сутек түзілді.Реакцияға 1,5грамм су қатысса, түзілген магний оксидінің массасын есепте. (5)
Дескриптор
Химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазды, коэффициентін дұрыс қойды (2)
Есеп шығару барысында молярлық массаны дұрыс есептеді (1)
Реагенттің белгілі массасы бойынша өнімнің массасын дұрыс есептеді (1)
Есептің жауабын көрсетеді (1)
2-тапсырма Мырыш карбонаты мен тұз қышқылы әрекеттесіп, мырыш хлориді, көмірқышқыл газы және су түзілді.3,6 грамм көмірқышқыл газы түзілген болса, қанша грамм,неше моль тұз қышқылы реакцияға қатысқан?
Дескриптор
Химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазды, коэффициентін дұрыс қойды (2)
Есеп шығару барысында молярлық массаны дұрыс есептеді (1)
Өнімнің массасы бойынша реагент тұз қышқылының массасы мен зат мөлшерін дұрыс eсептеді (1)
Есептің жауабын көрсетеді (1)
Сабақтың тақырыбы: Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
Оқу мақсаттары: 8.3.1.3.-экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретін, ал эндотермия-
лық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
Бағалау критерийі: экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретін, ал эндотермиялық реак-
циялар жылу сіңіре жүретінін біледі
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі:
Теңіз дауылына ұшыраған үш адамды жел қайығымен иесіз аралға әкеп тастайды.Тамақ пісіруге оттық іздейді.Ақ жұмсақ тастарды үгітіп,шұқырға салады.Үгітілген тас сөндірілмеген әк,яғни кальций оксиді.Сосын бұлардың үстінен су құйып жібергенде,тастар быжылдай бастайды,бу шығып,біраздан соң жұмыртқалар да піседі.Өйткені кальций оксиді сумен әрекеттескенде көп мөлшерде жылу бөлінеді.Экзотермиялық реакциядан бөлінген жылу жұ-
мыртқаның пісуіне жеткілікті.Жұмыртқа 54градуста денатурацияланады.
1-тапсырма Бос орынды толықтырып, сөйлемдерді аяқтаңыз:
Жылу бөле жүретін реакцияларды___________________________ деп,ал жылу сіңіре жүретін реакцияларды_____________________________ деп атаймыз.Бөлінетін не сіңірілетін жылу мөл-шері_________________________ деп аталады.Ол____ әрпімен белгіленеді.Өлшем бірлігі_______
Дескриптор
Жылу бөле,жылу сіңіре жүретін реакцияларға анықтама береді (1)
Жылу мөлшері реакциясын атайды (2)
Жылу мөлшерінің белгіленуі мен өлшем бірлігін көрсетеді (2)
2-тапсырма Термохимиялық реакцияларды сәйкестендіріңіз:
HCl + NaOH NaCl + O + Q
+ 2NO - Q Экзотермиялық
CaC CaO + C – Q Эндотермиялық
+ 3 2N +
(2)
Дескриптор
Экзо-эндотермиялық реакцияларға сәйкестендіреді
3-тапсырма: 0,5моль су айырылғанда 2 O = 2 жылу мөлшері -571,6кДж болса, осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырыңыз.
(3)
Дескриптор
Есепті алгоритмі бойынша жазады
Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырады
Достарыңызбен бөлісу: |