Дескриптор − металдың оттегімен реакция теңдеуін жазады; [2]
− бейметалдың оттегімен реакция теңдеуін жазады; ; [2]
− күрделі заттардың сумен реакция теңдеулерін жазады; ; [3]
− тізбек соңында түзілетін затты анықтайды ; [3]
Сабақтың тақырыбы:Электролиттер мен бейэлектролиттер
Оқу мақсаты: 9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
Бағалау критерийі:
Электролиттердің анықтамасын біледі;
Оларға мысалдар келтіре алады;
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері үшін диссоциациялану үдерісінің реакция теңдеулерін құрастырады;
Ойлау деңгейі: білу, түсіну
Ерітінділері мен балқымаларының электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар мен электролиттер және бейэлектролиттер деп жіктеледі. Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады. Оларға сілті, тұз және қышқыл ерітінділері жатады.
Судағы ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар бейэлектролиттер деп аталады. Бейэлектролиттерге органикалық заттар, газдар, аз еритін заттар жатады. Электролиттердің иондарға ыдырауы электролиттік диссоциациялану деп аталады.
Тапсырма 1. Келесі электролиттердің диссоциациялану теңдеуін жаз.
AƖ(NO3) ↔ _________ + _________
H2SO4 ↔ _________ + _________
FeCl3 ↔ _________ + _________
NaH2PO4 ↔ _________ + _________ [4]