Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан


Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады



бет2/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ЖИНАҚ

Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:

  • Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

  • Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

  • Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.

  • Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.

  • Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.

Оқушыларды бағалауда, бағалау әдіс – тәсілдеріне ерекше назар аударуларына ықпал ете отырып, қалыптастырушы бағалауды жүйелі пайдалануларына дағдыландыру. Оқушылар оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың айырмышылығын біледі, оқу үшін бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үдерісін жасартады, оқушыларды оқытуға жетелейді. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Оқушылардың өзін – өзі бағалауы, мұғалімнің бағалауы, ұсыныс жасауға үйретуі, топтық бағалау, жазбаша кері байланыс, ишара арқылы бағалау оқыту үшін бағалаудың ажырамас бөлігі.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады.
Қалыптастырушы бағалаудың түрлері :

  • Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

  • Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін Б. Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша реттеліп құрастырылады

  • Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау).

  • Оқу үшін бағалау – бұл басым міндеті оқыту мақсатын оқушыларды білім алуға ынталандыратындай етіп құруды көздейтін кез келген бағалау.

Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын қалыптастырушы тестілеу және қолданылып жүрген түрлі әдістер мен формалар ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет