Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан



бет28/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ЖИНАҚ

Cабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Оқу мақсаты:

  • 9.2.1.22-фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру

  • 9.2.1.23-фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру

Бағалау критерийі:

  • фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстырады

  • 9.2.1.23-фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсінеді

Ойлау деңгейі: қолдану, жинақтау
1669 жылы неміс химигі Х.Бранд тұңғыш рет таза күйінде фосфорды анықтады. Бастапқыда «суық от» деген атау алған. Атомдардың кристалл торда орналасу типіне қарай фосфордың бірнеше аллотропиялық түрөзгерістері болады. Олар ақ, қара және қызыл деп бөлінеді.
Химиялық активтігі азотқа қарағанда жоғары болғандықтан фосфор табиғатта бос күйде кездеспейді. Ол жер қыртысында 200-ге жуық минералдар тұзеді, солардың ішінде практикалық маңыздыларына кальций фосфаттары— фосфорит Ca3(PО)2, апатит Саз(РО4)2 Са(ҒС1)2 жатады. Фосфор барлық тірі организмдердің — өсімдіктің, жануардың, адамның белогынын, құрамына кіреді., Мысалы, ересек адамның қанқасында 600 г, еттерінде 56 г, миында 5 г фосфор болады. Академик A. E. Ферсман фосфорды «тіршілік және ой элементі» деп атады.
Біздің елімізде фосфор кендерінің бай қоры бар. 1924 ж. академик А. Е. Ферсман Кола түбегінде апатиттың өте көп қорын ашты. Фосфориттың аса көп мөлшері Қаратауда ашылды.. Ақ фосфор қызыл фосфорды тез суытудың нәтижесінде тұзіледі, ол өте улы болады, ауада өздігінен жанады. Ақ фосфорды суда ерімейтін болғандықтан су астында сақтайды, оның молекуласы төрт атомнан тұрады.
Фосфордың көп мөлшері әр түрлі зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын хлорофос, тиофос сияқты пестицидтер дайындауға жұмсалады. 

Түрөзгерістері

физикалық күйі

түсі

иісі

қаттылығы






























































1 – тапсырма. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері. Кестені толтырыңыз

Дескриптор:



  • фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін сипаттайды [3]

2- тапсырма. Фосфордың маңызды табиғи қосылыстарын жазыңыз.


____________________________________________________________
Дескриптор:

  • Фосфордың маңызды табиғи қосылыстарын жазады [2]

3- тапсырма. Төмендегі айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз


С a3(PO4)2 P P2O5 H3PO4 Na3PO4
Дескриптор:


  • фосфор және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін өрнектейтін реакция теңдеулерін жазады [4]

ӘДЕБИЕТТЕР

1. М.Қ. Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.С.Белоусова ХИМИЯ 8 Алматы «Мектеп» 2018


2. М.Қ. Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.С.Белоусова ХИМИЯ 9 Алматы «Мектеп» 2019


3.А.Әшімов Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану Алматы 2015ж


5. Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптар) «Химия оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынылымдар- Астана Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акадамиясы, 2018.


6. Тренды современного образования – Алматы: ТОО «Bilim MediaGroup» , 2017







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет