Ұлттық тіл – ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы
қызметін атқаратын тарихи-әлеуметтік категория.
Ұғым – болмыстағы заттар мен құбылыстарды жинақтап білдіретіной;
грамматикалық немесе семантикалық категория.
Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан
ажыратуға көмектесетін тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.
Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін, яғни жасалу жолдары мен естілуін
зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонология – тіл дыбыстарын атқаратын қызметіне қарай зерттейтін тіл
білімінің саласы. Фонологияның фонетикадан ерекшілігі осында. Фонетика
дыбыстық жүйені акустика-артикуляциялық белгілеріне қарай зерттесе,
фонетиканың басты зерттеу нысаны – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметі.
Фоносемантика – көлемдік және мезгілдік тұрғыдан тілдің бейнелеуіштік
жүйесін зерттейтін сала.
Фузия – көрші морфемалардың морфонологиялық жағынан бір-бірімен сіңсіуі,
кірігіп кетуі.
Флексия – жалғау арқылы немесе сөз ішіндегі дыбыстардың өзгеруі арқылы
сөз формаларын түрлендіру тәсілі.
Функционалды-семантикалық өріс – семантикалық категориялар негізінде
әртүрлі деңгейдегі өзара әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының
ортақтығына байланысты қалыптасқан жүйе.
Функционалдық лингвистика – структуралды лингвистиканың бір тарауы
ретінде пайда болған мектеп пен бағыттардың жиынтығы, негізінен тілдің
қарым-қатынастық қызметін қарастырады. Функционалды лингвистиканың
негізгі принципі – тілді сөйлеу құралының мақсатты жүйесі деп тану.