Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет104/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

«Ер-тоқым» 
ұғымына 
қатысты 
автордың 
жеке 
түсінігіндегі 
индивидуалды ассоциациясын айқындаңыз.
 
 
§ 3.2тарауша бойынша орындалатын практикалықтапсырмалар 
 
Іс-әрекеттің созылыңқылығын, дүркінділігін, кенеттен үзілуін, 
шапшаң орындалуын сипаттайтын тілдік бірліктерді айқындап, талдау 
жасаңыз.
Күн сайын көкжиектен көтеріліп Күн шығады. Бүкіл әлемге шұғыла 
шашады. Таң атады. Біз мұны күнде көреміз. Сондықтан күннің әр жолы қалай 
шығып, қалай батып жатқанына жөнді мән бермейміз. Олай болса, ертеңгі 
шығатын күннің де онша-мұнша көзге шалына қоймайтын өзіндік ерекшелігі 
бар. Сондықтан адамзат сан мыңдаған жылдар бойы бұл киелі құбылысты 
тамашалаудан жалықпай келеді. Күннің шығуын әрбір тарихи ұрпақтың 
суретшілері әр түрлі етіп бейнелеуі де тегін емес. Тіпті бір күнде салынған 
құдіретті Күннің екі суреті де бір-біріне ұқсамайды ғой.
Табиғаты сезімтал жандар қашанда әрбір Күннің, әрбір секунд Уақыттың 
өзіндік ерекшеліктерін мүлт жібермей, жазбай таниды. Мұндай жандар 
басқалардан гөрі көбірек көре біледі, жақсырақ ести біледі, айқынырақ сезе 
біледі. 


152 
Аспан әлемі маған бас көтермей оқи беруге болатын ғажайып қызық 
кітаптай боп көрінуші еді. Сол кітапты оқып жатып, Арман ауылына саяхат 
жасам кетемін. Сонау қиял жетпес жұлдыздарға да талай мәрте барып 
қайттым.
Мен сан қилы қиялға беріліп жатырмын. Қазір жұрттың бәрі қалың 
ұйқыда. Адамның күні ертең істейтін жұмысы да, алдағы мақсаты да, көңіліне 
ұялаған арманы да сұмдық көп қой. Әйтсе де, адамдар соның бәрін ұмытып
тәтті ұйқыға беріледі.
Таң қылаң бере бастады ма, аспандағы бұлт ыдыраңқырады ма, әйтеуір,
түні бойы қап-қара боп тұрған терезе жақ бозамықтануға айналды. Иә, әлемге 
тағы бір жаңа Күн шығып келе жатса керек. Өмірде күн сайын соны көруден 
артық қуаныш жоқ. Жұрттың бәрі одан тек шапағат күтеді. Әрбір таң арай 
шашып атқан сәтте біреулерге қуаныш сыйласа, енді біреулерге реніш ала 
келуі де ықтимал. (Келімбетов Н. Жарлы емеспін, зарлымын). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет