Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Архаизмдер (грек.archaios «көнерген») –



Pdf көрінісі
бет107/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Архаизмдер (грек.archaios «көнерген») – белгілі бір дәуір үшін ескірген, өзге 
сөздермен ауыстырылған немесе қолданыстан біржола шығып қалған сөздер.  
Архилексема – лексикалық бірліктерді ортақ семантикалық белгілері 
бойынша топтастырушы, жалпылаушы мағынасы бар лексема.


155 
Арнаулы лексика - ғылым мен техниканың әр алуан салаларына қатысты 
ғылыми ұғым атаулары. Арнаулы лексикаға терминдер мен кәсіби сөздер 
енеді.
Архисема (өзексема) – белгілі топтың барлық единицаларына тән және 
олардың жалпы категориялық қасиеттері мен белгілерін бейнелейтін сема.
Әдеби тіл – белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты 
анықталған, стиль жағынан сараланған, жалпыхалықтық сипат алған ұлттық 
тілдің жоғары формасы.
Бейнелі мағына – адамның сезімі мен көңіл-күйіне байланысты айтылатын 
эмоционалды сөздер мағынасы.
Бихевиоризм – тілдің мәні мен қызметін адам организміндегі вербалдық және 
эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. 
Буын жазуы – буынға негізделген жазу. Онда дыбыстық таңба буынды 
білдіреді. Идеографиялық жазу. Пиктографиялық жазу. 
Бастауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде айтылатын 
ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың иесі. 
Басыңқы сөз – тірек сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы ұйытқы сөз, 
басқа бір сөзді өзіне бағындырып тұратын сөз. 
Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі, сөйлемде грамматикалық 
жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі 
заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше. 
Глоссематика – Батыс Еуропа тіл біліміндегі структурализм бағытының 
неғұрлым дәйекті сипатын білдіретін тіл теориясы.
Глоттогенез теориясы – адамзаттың табиғи дыбыстық тілінің қалыптасу 
процесі. Бұл теория тілдің пайда болуының философиялық, әлеуметтік және 
психологиялық мәнін ұғынумен байланысты туған жалпы мәселелердің 
жалғасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет