Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Жасанды тілдер және олардың түзілуі мен қолданысы



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
 
4 Жасанды тілдер және олардың түзілуі мен қолданысы. Жасанды 
тілдер - қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің 
нәтижелері. 
Жасанды 
тілдерді 
түзу 
мәселесі 
ХVІІ 
ғасырда әлем 
халықтарының тілдік қарым-қатынас үдерісін жеңілдету мақсатынан туған 
болатын. Ең алғашқы жасанды тіл ретінде И.Шлейхердің воляпюк тілі 
саналады. Одан кейінгі жасанды тілдер қатарына Луи де Бофронның «идо»,
Ж. де Ваальдың «оксиденталь», О.Эсперсеннің «новиаль», Марк Окрандтың 
«клингонтілін» жатқызуға болады. Жалпы дүние жүзінде жасанды тілдердің 
200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған.
Жасанды тілдердің ішінде кең қолданысқа ие болғаны Л.Заменгофтың 
эсперанто тілі саналады. Эсперанто тілі – дүниежүзі халықтарының арасына 
ең көп тараған халықаралық жасанды тіл, халықаралық қарым-қатынастың 
қосымша 
құралы.
Оның 
негізгі 
сөздік 
қорын үнді-еуропатілдері 
семьясының роман тобындағы тілдер жүйесі құрайды. Эсперантодағы 28 
әріп латынәліпбиімен фонетикалық принцип бойынша жазылған. Сөз екпіні 
сөздің соңғы буынына түседі. Бұл тілді әлемнің әр түкпіріндегі кейбір 
ғалымдар, сондай-ақ эсперантомен әуестенуші жеке адамдар ғана оқып 
үйренеді. Жалпы халықтық қолданыста жоқ тіл болғандықтан, лексикалық, 
фонетикалық және грамматикалық құрылымында ешқандай өзгеріс болмайды.
Клингон тілін тілтанушы Марк Окранд нағыз «жатғаламшарлық» тіл 
болсын деп әдейі құрастырған. Сондықтан бұл тілдің көптеген өзіндік 
ерекшеліктері бар, мысалы сөйлемнің «толықтауыш – баяндауыш ‒ бастауыш» 
ретімен құрылуы. Бірінші рет клингон тілі «Star Trek: The Motion Picture» 
фильмінде қолданылды, ал оған дейін клингондар ағылшын тілінде сөйлеп 
келді. Содан кейінгі уақытта Марк Окранд клингон тілін өз сөздігі, нормативті 
грамматикасы бар толыққанды тілге айналдырды.
Қазіргі уақытта жасанды тілдер қатарына компьютер тілін жатқызуға 
болады. Мысалы, бағдарламалау тілдері: Паскаль, Бейсик, Дельфи, Java, сайт 
ашуда жақсы қолданылатын HTML тілі осының барлығы жасанды тілдер 
саналады. Өйткені олардың қарапайым халық қолданатын тілге қарағанда 
өзіндік ерекшеліктері бар және оның символмен берілген әріптерін 
мамандардан басқа адамдардың түсіне қоюы екі талай. 
Әдебиеттер: 
1 Хасанулы Б. Языки народов Казахстана: от молчания к стратегии развития. 
‒Алматы, 2007. 


29 
2 Ахметжанова З.К. Язык в социальном, культурном и коммуникативном 
контексте. ‒Алматы, 2012.
3 Алтынбекова О.Б. Этноязыковые процессы в Казахстане. ‒Алматы, 2007. 
4 Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Смагулова Ж.С., Аканова Д.Х. 
Словарь социолингвистических терминов. ‒Алматы, 2007.

Абасилов 
А. 
Қазақстандағы 
әлеуметтік 
лингвистика 
// 
www.tilortalyq.kz/kk/p=671сайты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет