Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


бірнәрсенің өлшемі, шегі»



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

бірнәрсенің өлшемі, шегі» ұғымдық белгісі негізінде бастан асады, бас 
артық, на голову выше, с головой уйти в работу тұрақты тіркестер 
қалыптасқан. Н.Уәли тілдік таңба ретінде сөздің өн бойында тілдік ақпарат 
және мәдени ақпарат тоғысып келуі мүмкін. Мұндай сөздер линвомәдени 
таңба ретінде бір ұғымның аясына бірігіп, тілдік санада бір ғана тілдік бірлік 
күйінде сақталады.Демек, таңбалаушы мен таңбаланушы және объект арқылы 
адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын 
білдіре алады. 
Ғылыми еңбектерде тілдік таңбалар арасындағы қатынастың үш типі 
көрсетіледі: 


22 
 
 
Кесте 3. Тілдік таңбалар арасындағы қатынас түрлері 
Мұндағы семантикалық қатынас таңба мен сол арқылы белгіленетін заттың 
арасындағы семантикалық қатынасқа, таңба мен таңба арасындағы 
синтактикалық қатынасқа негізделеді, ал таңба мен оны пайдаланушылар 
арасындағы қарым-қатынас прагматикалық қатынасты білдіреді. 
5 Тілдің қоғамда атқаратын негізгі және қосымша қызметтері.Тілдің 
қоғамда атқаратын қызметін негізгі және қосымша қызмет түрлеріне жіктеуге 
болады.Тілдің қоғамда атқаратын негізгі қызмет түрлерін төмендегідей жіктеп 
көрсетуге болады: 

коммуникативті, яғни адамзат баласының бір-бірімен тілдік қатынас 
жасау қажеттілігінен туындайтын қызмет;

экспрессивті, жеке тұлғаның өз ойын қалыптастыруы, сол ойды 
жарыққа шығаруы арқылы туындайтын тілдің қызметі; 

кумулятивті 
(танымдық), 
яғни 
атадан 
балаға 
ақпарат 
тасымалдаушылық қызметі. 
Тіл жоғарыда көрсетілген негізгі функцияларымен қатар атқаратын 
қосымша қызметтері де бар. Олар:

номинативті, қоршаған ортадағы зат, құбылыс және іс-әрекетке атау 
беру, оны тілде бейнелеу қызметі; 

ақпараттық, белгілі бір құбылыс, фактілер немесе орын алған 
жағдаяттар туралы ақпарат беру қызметі; 

прагматикалық, сөйлеу үдерісінде тыңдаушы жаққа әсер ету қызметі; 

коннотациялық, (бағалауыштық), сезімді, эмоцияны, белгілі бір 
жағдаятқа, мәселеге қатысты өз көзқарасыңды білдіру қызметі;

эстетикалық, оқырмандарға көріктеуіш құралдары, кейіпкерлер тілі 
немесе образдар арқылы әсер ету қызметі (3,).
Тіл ‒қоғамдық қарым-қатынастың басты құралы болумен қатар, тіл 
ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу қызметін де атқарады. Бұл тілдің 
кумулятивті қызметіне байланысты. Тілдің кумулятивті қызметіне тек соңғы 
ТАҢБА
Семантикалық
Синтактикалық
Прагматикалық


23 
жылдары ғана назар аударыла бастады. Мәселен, гүл лексемасының 
семантикалық құрылымына назар аударайық: 
1 Түрлі-түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің жалпы атауы.
2 Гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі (терм.мағ.). 
3 Жасөспірім, бүлдіршін (ауыс мағ.). 
4 Ажар, әр, көрік, келбет (ауыс мағ.) (ҚТТС, І, 362).
Қазақ мәдениетінде гүлге қатысты этномәдени фон белгілері ретінде 
«сұлулық», «нәзіктік», «қыз», «бүлдіршін», «көктем», «өмір» ұғымдарын алуға 
болады. Гүлдің биологиялық тұрғыдан ғұмырының қысқа болуы, гүлді 
өсімдіктің өзіне тән даму кезеңдерінің болуы (көктеу, гүлдену, солу) образды-
ассоциативті түрде адам өмірінің өткінші, бұл өмірдің қамшының сабындай 
ғана қысқа екенін сипаттауда ауыс мағынада қолданылуына негіз болған. 
Бұған «гүлдің солуы –өмірдің үзілуі» сияқты ассоциаттар дәлел. Демек, гүл 
концептісі «жан, адамның жаны» сынды потенциалды семамен толыға түскен.
Аталған этномәдени фон белгілері негізінде ұлттық антропонимдер жүйесінің 
қалыптасқандығын айта кеткен орынды: Гүлбаршын, Гүлжан, Гүларай, Гүлім, 
Гүлжайна, Жайнагүл, Қызғалдақ, Раушан, Райхан, Гүлден, Гүлнұр, Нұргүл 
және т.б. Берілген ұлттық антропонимдер жүйесі «гүл» концептісінің мәдени-
бағалауыштық сипатын айқындай түседі. Қазақ ұлттық ғалам бейнесінде гүл 
адамзат баласы үшін маңызды деген категорияларымен «сұлулық», 
«махаббат», «өмір», «өлім» байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет