2 Қазақ тіл білімі: әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы.Кеңестік тіл
білімінде әлеуметтік зерттеулердің негізі ХХ ғасыр 20-30 жылдары қаланған
болатын. Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуына А.Мейе, Е.Поливанов,
Л.Якубинский, В.Виноградов, Б.Ларин, В.Жирмунский, Р.Шор, Н.Чемоданов,
В.Матезиус, Б.Гавранек, Й.Вахек, Т.Фрингс, Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Уорф сынды
ғалымдар өз үлестерін қосты. Сонымен қатар кеңес тіл білімінде әлеуметтік
лингвистиканың қалыптасып дамуына В.Аврорин, Г.Степанов, А.Швейцер,
В.Бондалетов, А.Домашнев, Л.Никольский, Ю.Дешериев; ал қазақ тіл
білімінде Б.Хасанұлы, М.Копыленко, А.Карлинский, М.Исаев, Э.Сүлейменова,
З.Ахметжанова, С.Сайна, Н.Шаймерденова, О.Алтынбекова, А.Абасилов,
Г.Суюнова, С.Асанбаева, Д.Қасымова, Г.Алдабергенова, Г.Әлімжанова
ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Жоғарыда аталған ғалымдардың
еңбектерінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ қоғамында туындаған тілдік
жағдаят, тіл саясаты мен оның өзіндік бағыттары арнайы зерттелді. 1992 жылы
Б.Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра» атты еңбегінде алғаш рет ана тілі
категориясын әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдап
көрсетті. Тілші-ғалым өз еңбегінде ана тіліне мынадай анықтама береді: «Ана
тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын,
белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін
ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс,
сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей және жан-
жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы (1, 25). Б.Хасанұлы
қостілділіктің табиғатына талдау жасай келіп: «Қостілділік – белгілі бір
территория көлеміндегі ұлтаралық қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір
этникалық қауымдастық өкілдеріне, бүкіл қоғамның әр түрлі жағдайда екі тілді
кезек немесе қатар қолдануы», – деген анықтама береді (1,132). Сондай-ақ, қазақ тіл білімінде әлеуметтік тіл білімі мәселесі бойынша
М.М.Копыленко мен С.Т.Саинаның «Функционирование русского языка в
26
различных
слоях
казахского
языка»,
М.М.Копыленко
мен
З.К.Ахметжанованың «Фонетическая интерференция в русской речи казахов»,
«Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов»
ғылыми зерттеу еңбектерін атап өткен жөн. Бұл еңбектерде қазақ халқының
екінші тіл ретінде орыс тілін қолданудағы фонетикалық, лексикалық және
морфологиялық қателіктері зерттелді. Сонымен қатар М.Копыленконың
«Государственный язык и официальный язык (опыт разраничения понятий)»,
«Общее языкознание, социолингвистика, психолингвистика в Республике
Казахстан:
тенденции
и
перспективы
развития
специальности»;
А.Е.Карлинскийдің
«Двуязычие
и
межэтническая
коммуникация»;
Э.Сүлейменованың «Языковая ситуация в Казахстане: к оценке,
эффективности языкового планирование» атты іргелі зерттеу еңбектерін атап
өткен жөн. Мәселен, Э.Сүлейменова мен Н.Шаймерденованың 2002 жылы
шыққан «Словарь социолингвистических терминов» атты сөздігінде
әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелеріне, зерттеу бағыттарына,
әдіс-тәсілдеріне қатысты 400-ге жуық терминнің ғылыми дефинициясы
ашылған.