101
жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған.
Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады.
Жазбалар мазмұнынан көне түркілер мен көк түркілер дәуіріндегі тарихи
оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары
мен географиялық
орналасуы, таралу аймағы көрінеді.
Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде
үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай
оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және
жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазулары бізге тасқа қашалған түрде, «баспа әріптері» түрінде
жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Алғаш көрген
адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады.
Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз
таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен
«сырға таңбалардан» құралады.
Достарыңызбен бөлісу: