96
жеткізу құралы. Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалған. Жазу
қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден
кейін пайда болған. Алғашқыда адамдар өз ойын басқаға жеткізу үшін заттың
өзін пайдаланған. Мәселен, өзінің кеткен бағытын көрсету үшін адам жүрген
жолына
бұтақ тастап отырған, кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын
қадап кетіп отырған. Ойды зат, нәрсе арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда
тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған.
Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған.
Елші
оны әкеліп жерге қояды, егер қарсы жақ оны көтерсе ‒ соғысуды
мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат
орнына таңбалар бедерленген
бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған. Алғашқы жазу
құралы
ретінде
сазбалшықтан
жасалған
тақта,
ағаштың
қабығы
пайдаланылған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралатыны белгілі.
Берілген таңбалар тұтас бір хабарды, не
сөзді, не буынды, не
дыбысты
белгілейді. Әр таңбаның өзіндік графикалық формасы мен мағынасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: