бет 4/7 Дата 06.01.2022 өлшемі 118,48 Kb. #15660
Байланысты:
Перспективалық жоспар Жасулановна Міндеттер і:
ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып , мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру Білім мазмұны саласында: Білім мазмұнын іріктеу және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқитын сыныптар мен бейіндік сыныптар үшін бағдарламалар әзірлеу; Әлеуметтік және педагогикалық талаптарға барынша сай келетін инновациялық технологияларды меңгеру; Мұғалімнің өз бетімен білім алу үдерісін одан әрі жетілдіру ; Оқу практикасын дамыту; Жаратылыстану пәндеріндегі үштілділік; Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; Оқыту мен тәрбиелеу сабақтастығын қамтамасыз ету ; Білім алушылардың білімге және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыру жағдайларын жасау; Тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру; Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту; Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу; Білім алушылардың танымдық белсенділігін , зияткерлік қабілеттіліктерін, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту, оқушының өзін барынша толық іс жүзінде танытуына жағдай жасау ; Жетістікке жету ынтасын арттыру, әлеуметтік бейімделу деңгейі мен өзара қарым-қатынас мәдениеті деңгейін көтеру; Білім алушылардың әлеуметтік мәселелерді шешуге деген қабілеттіліктерін қалыптастыру ; "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру; Кадрлық саясат саласында: Педагогикалық ұжымның инновациялық қызметті жалғастыруға деген ынтасын қалыптастыру; Педагогтардың кәсіптік шеберлігін арттырудың жаңа нысандары мен тәсілдерін іздеу және енгізу ; Этикалық, моральдық құндылықтарды нығайту; Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау, рефлексия , жүргізуге дағдыландыру; Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу; Педагог кадрлардың кәсіптік өсуі мен өз бетімен білім алуына барынша жағдай жасау ; Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу; Жас мамандардың мұғалімдік қызметте тұрақтануына ықпал ету, менторингті (тәлімгерлік үдерісті) жүйелі жүргізу; Мектеп қызметкерлерінің барлық санаттарының ақпараттық-сандық технологиялар саласындағы біліктілігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: