«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кошербаева Гульмира Ибадатовнаның шебер сынып жоспары
«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кошербаева Гульмира Ибадатовнаның шебер сынып жоспары
Тақырып
«Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану»
Жалпы мақсаты
Мұғалімдерге оқыту үдерісінде оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруге, оқушыға өз ойын еркін жеткізе білумен қатар, пікірін, көзқарасын білдіруге дағдыландыру жолындағы әдіс-тәсілдермен танысуға, тәжірибе барысында қолдануға әдістемелік көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже
Критерийлер арқылы дұрыс бағалану жүреді, оқушының ынтасы артып, мұғалімге деген сенімі артады, әділ бағалау жүргізіледі
Қайырлы күн әріптестер!
Көңіл -күйімізді тексеріп алайықшы.
Көңіл -күйіміз жақсы десеңіздер бір рет шапалақтайық,ал егер белсенділік танытамын десеңіздер екі рет шапалақтайық,өзіммен бір нәрсе алып кетемін десеңіздер үш рет шапалақтайық!
Рахмет!
Топқа бөлу. Қатысушыларды «Plicker wheel» әдісі арқылы бөлу
Қатысушылар қол шапалақтау арқылы көңіл-күйлерінің жақсы екендіктерін көрсетеді.