Орфографиялық СӨздік



бет124/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 4. и әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де (әрі қарай «орыс тілінен енген сөздер» дегенде интернационалдық сөздерді де ұғу қажет)
жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі қолданылады. Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, тиын, тиін, қиын, киін, сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Иса, Иманбай, Қали, Әли, Сағира, Қалима, Кәлима, кино, комиссия, идея, иероглиф;
ә) я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. Мысалы: тақия, дария, дүрия, сия, қия, мия, Әсия, Ғалия, қию, жию, тию (тиді, тиген).
Ескерту.Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыю, сыяды, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды.
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды - байиды (байыйды, баиды емес), кейі+й+ді - кейиді (кейійді, кеиді емес), оқы+й+ды - оқиды (оқыйды емес), ірі+й+ді - іриді (ірійді емес), суы+й+ды - суиды (суыйды емес), мойы+й+ды
-мойиды (мойыйды, моиды емес), шірі+й+ді - шіриді (шірійді емес), құры+й+ды - құриды (құрыйды емес);
в) и әріпіне бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы -ю түрінде, көсемшенің -а жұрнағы -я түрінде жалғанады. Мысалы: и - ию (иу емес), ки - кию (киу емес), қи - қию (қиу емес), жи - жию (жиу емес); қи - қияды (қиады емес), жи - жияды (жиады емес).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет