Орфографиялық СӨздік


у әрпі мынадай орындарда жазылады: а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у



бет125/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 5. у әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ үу, үу дыбыс тіркесінің және дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дауыссыз дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мысалы: су, гуіл, у, руда, университет, жуа, қуат, уыз, қалаулы, селеу, тіреу, түйреуіш, уақыт, уәде, дәулет, дәуір, шу-шуледі, шулады, гу-гуледі, тулады;
ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы - оқу, тоқы - тоқу, жібі - жібу, ірі - іру, суы - суу;
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы жалған- ғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мысалы: cay - сауу, бу - буу, my - туу, қу - қуу, ау - ауу, жу - жуу.
§ 6. э, ё (йо) әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: экономика, этика, эстетика, дуэт, эволюция, этнография, экспорт, электр, Пётр.
Ескерту. Жазу тәжірибесінде ё (йо) таңбасының орнына көбінесе е әрпі қолданылады, бірақ сөзді ё (йо) дыбысымен айту қажет: актёр (айтылуы - актиор), Петр (айтылуы - Пиотр).
§ 7. ю әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ү+у, й+ү+у дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею;
ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін де жазылады. Мысалы: бюджет, полюс, люкс, адъютант.
Ескерту, Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз
деген сөздер осында таңбаланғандай жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет